Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуін атап және мысалдармен түсіндіріңіз.

Полимер туралы негізгі ұғымдар, мономер, буын, тізбек, макромолекуланың анықтамаларын атап көрсетіңіз.

Үлкен молекулалық массасы ж\е өзіне тән қасиеттері бар қосылыстарды ЖМҚ н\се полимер д\а. Олар табиғи н\се синтетикалық болады. Табиғи түріне: ақуыз, полисахарид, каучук, табиғи шайырлар т.б, синтетикалыққа: полиэтилен, полиамид, полистирол, фенолды шайырлар т.б. Ең қарапайым органикалық полимер полиэтилен, оны этиленді полимерлеп алады. Формуласы:
nCH2=CH2à[-CH2-CH2-]n
мономер буын
Алғашқы зат этилен мономер деп аталады. Көп рет қайталанатын мономерден немесе мономерлердің негізгі бөлігінен тұратын топтарды буындар деп, буындардан құралған үлкен молекула макромолекула д\а. Макромолекуланың құрамына кіретін буындар саны ЖМҚның полимерлену дәрежесін көрсетеді. Оның белгісі Р.Р=Mn/m, мұндағы m буынның мол\қ массасы. Мол\қ массасы 500-5000 аралығындағы қосылысты олигомерлер д\а. Бірдей мономерден құралған полимерді гомополимер

(-A-A-A-) деп, ал тізбегінде әртүрлі мономері бар полимерді сополимер (-A-B-A-B-) д\а. Полимер тізбектері блок деп аталатын әр түрлі полимерлердің қысқы тізбектерінен құралуы мүмкін.Мысалы:егер мономер молекуласының біреуін А әрпімен,ал екіншісін В әрпімен белгілесек:

-А-А-А-А-А-В-В-В-В-В-

Мұндай полимерлерді блок-сополимерлердеп атайды.

Мұндай полимерлерді жалғанған сополимерлер немесе графт сополимерлер деп атайды.Негізгі тізбектің құрамына қарай полимерлік молекулалар екігебөлінеді: гомотізбекті, гетеротізбекті. Гомотізбекті деп макромолекуласының негізгі тізбегі бірдей атомдардан құралған полимерлерді айтады. Егер ол С атомдарынан тұрса, онда мұндай полимерлер карботізбекті д\а. Мысалы полиэтилен. Ал егер негізгі тізбекте кремний атомы тұрса,онда полимеркремнийтізбекті болады .Нег.тізбегі әр түрлі атомдардан құралған полимер гетеротізбекті д\а. Мысалы, жай полиэфирлер, яғни, полиамид пен полиэтиленгликольді жатқызуға болады. Макромолекула тізбектерінің құрылымы бойыншы жіктелуі:сызықтық, тармақталған, торлы. Нег. тізбектен жан жағына таралған тармақтары бар макромолекула тармақталған полимер д\а. Олардың тармақтарының саны мен ұзындығы өте кең аралықта өзгеруі мүмкін.Тармақталған бөлікті қосалқы тізбек деп те атайды.Ассиметрия дәрежесі өте жоғары ұзын тізбекті макромол.сызықтыполимер д\а. Мысал ретінде поливинил спиртін келтіруге б\ды.
-CH2-CH-CH2-CH-CH2-CH-
OH OH OH
Ұзын тізбекті макромолекула бір бірімен көлденең байланыспен қосылса, торланған немесе кеңістіктік полимер түзіледі. Мысалы, алмаз, фенолформальдегид шайыры, натрий бутадиенді каучук ж\е резеңке.
Хим-қ табиғатына бай-ты полимер орг-қ, бейорг-қ, элементоорг-қ болып бөлінеді. Органикалық полимерлерге көміртектен, сутектен, оттек және азоттан тұратын көптеген қосылыстар кіреді. Бейорганикалық полимерлердің молекуласы кремний,алюминий және т.б.элементтердің атомынан құралған. Элементорганикалық полимерлер екі түрлі бола алады. негізгі полимерлік тізбектің табиғаты бейорганикалық болады да, ал қосалқы тармақтары органикалық болады немесе керісінше.

Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуін атап және мысалдармен түсіндіріңіз.

Шығу тегіне байланысты полимер табиғи, синтетикалық және жасанды болып бөлінеді. Синтетикалық полимерді, төмен молекулалық заттарды, мономерлерді синтездеу арқылы алады. Жасанды полимерді табиғи полимерді химиялық өңдеу арқылы алады. Негізгі тізбектің құрамына қарай полимерлік молекулалар екіге бөлінеді:

гомотізбекті және гетеротізбекті.

Гомотізбекті деп макромолекуласының негізі\гі тізбегі бірдей атомдардан құралған полимерді атайды. Егер ол көміртек атомдарынан тұрса, онда мұндай полимерлерлер карботізбекті деп аталады. Мысалы:

Полиэтилен

Егер молекуланың негізгі тізбегі кремний атомдарынан тұрса, онда полимер кремнийтізбекті болады:

Негізгі тізбегі әр түрлі атомдардан құралған полимерлер гетеротізбекті деп аталады. Гетеротізбекті полимерлерге жай полиэфирлер, мысалы полиэтиленгликоль жатады:

Макромолекула тізбектерінің құрылымына байланысты полимерлер:

1)сызықты

2)тармақталған

3)торланған(үш өлшемді).

Ассиметрия дәрежесі өте жоғары ұзын тізбекті макромолекулалар сызықты полимерлер деп аталады:

Негізгі тізбектен жан жағына таралған тармақтары бар макромолекулалар тармақталған полимерлер деп аталады.Олардың тармақтарынынң саны мен ұзындығы өте кең аралықта өзгеруі мүмкін. Тармақталған бөлікті қосалқы тізбек деп те атайды. Мысалы,жоғары қысымдық полиэтилен молекуласын мына сызба нұсқа түрінде көрсетуге болады:

Ұзын тізбекті макромолекулалар бір бірімен көлденең байланыстармен қосылса, торланған немесе кеңістіктік полимер түзіледі. Мұндай полимерлік метериалдарға, мысал ретінде алмазды, фенолформальдегид шайырын, резеңкені, төменде көрсетілген формулаға сәйкес Na – бутадиенді каучукты атауға болады:

Қыздырғанда байқалатын өзгерістеріне байланысты полимерлік материалдар термопластар және термореактивті немесе реактопласты болып бөлінеді.Термопласты полимердің қасиеттері қыздырғанда ақырындап өзгеріп, белгілі бір температураға жеткенде тұтқыраққыш күйге ауысады. Олардың балқу негізінен молекулааралық күштер әрекетінің азаюынан және молекуланың кинетикалық энергияның артуынан болады.Сұйық термопласты полимерлерді суытқанда кері өзгеріс байқалады, полимер сұйық қалпынан қатты зат күйіне ауысады.Осындай өзгерістер кезінде полимердің химиялық табиғаты өзгермейтін болғандықтан, балқыту және салқындату процестерін бірнеше рет қайталауға болады.Термопласты полимерлерге полиэтилен, полистирол, поликапролактам және т.б. жатады.Фенолформальдегид,Карбамидальдегид және т.б. шайырлар өзгеше қасиет көрсетеді. Бос функционалды топтары немесе қанықпаған байланыстары болғандықтан оларды қыздырғанда сызықты макромолекулалар арасында химиялық байланыстар пайда болып, торланған құрылымды полимерлер түзіледі. Мұндай полимерлер қыздырғанда да, артынша суытқанда да өздерінің қасиеттерін бастапқы қалпына келтіре алмайды. Сондықтан оларды термореактивті полимерлер деп атайды.Химиялық табиғатына байланысты полимерлер органикалық,бейорганикалық ж-е элементорганикалық болып бөлінеді.Органикалық полимерлерге көміртектен, сутектен, оттектен және азоттан тұратын көптеген қосылыстар кіреді.Бейорганикалық полимерлердің молекуласы кремний, алюминий, стронций және басқа элементтердің атомдарынан құралған.Элементорганикалық полимерлер екі түрлі болады: негізгі полимерлік тізбектің табиғаты бейорганикалық болады да, ал қосалқы тармақтары органикалық болады немесе керісінше.