Аморфты полимерлердің тұтқыраққыш күйіндегі деформациясын түсіндіріңіз.

Полимерлердің аққыш күйдегі қасиеттерін реология зерттейді. Полимерлерді өңдеудің теориялық негізі олардың реологиялық қасиеттері болып табылады, себебі полимерлердің табиғаты мен молекулалық массасына байланысты әр түрлі температура мен деформациялану режимінде алынған мәліметтер олардың қасиеттері, құрылысы және құрылымы жөнінде маңызды ақпарат береді. Реологияның негізіне сүйеніп жоғары сапалы бұйымдар алуды қамтамасыз етуге болады. Ағу – берілген сыртқы күштің әсерінен макромолекулалардың бір біріне қатысты қайтымсыз ауысуы. Полимер аққанда сырттан түсірілген күшке F қарсы үйкеліс күші Fγ пайда болады, яғни F=Fγ. Полимердегі жалпы деформация ε жоғары эластикалық деформация εэ мен қайтымсыз деформацияның εақосындысынан тұрады. Аққыш күйдегі полимерлі жүйелер бір мезгілде серпімділік және аққыштық көрсете алатындықтан, оларды тұтқыраққыш денелер дейді.
Полимер ағу кезіндегі деформация.Полимер балқымасы ағу үшін қажет механикалық жүктемемен әсер еткенде деформацияның қарапайым үш түрі байқалады:ығысу,бойлық созылу,барлық жаққа сығылу.А жазықтығы Б жылжымайтын жазықтықпен салыстырғанда, полимер қабатымен ығысқан жағдайда болатын ығысу деформациясының мәні

ε=dl/l=γтең.Егер екі жазықтық арасындағы полимерді ойша элементар горизонталь жазықтық қабаттарға ұсақтап бөлсек,онда әрбір қабат өзінің көрші қабатымен салыстырғанда ығысқан болып шығады.Осы себептен деформацияның мұндай түрін

ығысу деформациясы деп атайды.Γ-ығысу деформациясы өлшемсіз шама.Ығысу деформациясының жылдамдығы мынаған тең:d γ/dt= γ’,яғни деформацияның өзгеруінің уақытқа қатынасымен анықталады,өлшем бірлігі .А және Б жазықтықтарының арасында полимер көлемінің элементтеріне созу кернеулері сонымен қатар жанама кернеулер әсер етеді.

Ығысу деформациясының сызбанұсқасы және аққан полимер көлеміне әсер ететін күштер

Аққан полимерге түсірілген кернеудің нәтижесінде қайтымсыз және жоғары эластикалық қайтымды деформация бір уақытты болады,жалпы деформация

= + тең.ЖЭ деф-я уақытқа байланысты тұрақты мәнге жетеді,ол қайтымсыз деформация уақытқа байланысты бірқалыпты өсіп,ағу жылдамдығы тұрақталады.Оны тұрақты ағу деп атайды.Аққан полимер жүйесінің құрылымын функциялық тор деп қарайды,яғни тор макромолекулалардың және олардың ассоциаттарының бір-біріне жанасуынан пайда болады.

Егер жүктеме болмаса және тұрақты темп-да флуктуация торларының түйіндерінің тығыздығы тұрақты,ал ағуға қажетті жүктеме берілгенде,ол деформацияны тежеп тұрған түйіндердің бір бөлігін ыдыратады.Бұл ағу кедергісін күрт төмендетіп,релаксациялық құрылымға әкеледі.Осыдан жүйеде тұрақталған ағу болады.

Тұтқыраққыш полимердің уақытқа байланысты деформациясының өзгеруі:а-тұрақты кернеу ығысуы төмен, б-тұрақты кернеу ығысуы жоғары.