Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз.

Номенклатура полимерлердің аталу ережесін және түзілу принциптерін қамтамсыз етеді. Тривиалды номенклатура.Мысал ретінде көпшілікке белгілі тефлонды келтірейік,бұлай деп политетрафторэтиленді атайды. Фенопласт,аминопласт,поликарбонат сияқты белгілі атаулар. Рационалды номенклатура полимерлену әдісімен алынған полимерлерде жиі қолданылады. (стирол-полистирол), (винилхлорид-поливинилхлорид):

Мысалы, поливинил спирті винил спирті бойынша аталады. Винил спирті тұрақсыз,сондықтан ол ацетальдегид түрінде болады. Поливинил спиртін поливинилацетатты гидролиздеу арқылы алады:

Егер бір полимер әр түрлі мономерлерден алынса, олардың атауларында екіжақтылық болады. Бұл әсіресе, полиэфирлер мен полиамидтерге тән. Мысалы,6-аминкапрон қышқылынан алынған полимер поли(6-аминкапрон қышқылы) деп аталса, ал ɛ-капролактамнан алынған полимерлер поли(ɛ-капролактам) деп аталады:

Бұл аталған номенклатураны белгілі полимерлер үшін қолданған жөн.Егер полимер поликонденсация әдісімен екі мономерден алынса,поли сөзінен кейін жақша ішінде мономер аттары көрсетіледі.Белгілі класқа жататын сол полимерге тән атау соңына жазылады.Мыс:

ИЮПАКұсынған жүйелі номенклатура. Бұл жүйе полимер тізбегіндегі қайталанып келетін бөлікті құрайтын құрылымға негізделген.Қайталанатын буын құрылымы (ҚБҚ) дегеніміз ең кіші атом топтарының қайталанып келуінен полимер тізбегінің түзілуі. Мыс:полиэтилен осы номенклатура бойынша полиметилен деп аталады,ал қайталанып келетін топ –CH2- болып табылады.

Бейорганикалық және элементорганикалық полимерлердің номенклатурасы.Бұл полимердің номенклатурасы рационалдық және жүйелік болады.Екі жағдайда да элементтердің үлкендігі органикалық қосылыстар үшін алынған қатарға қарама қарсы келеді.

Сополимер номенклатурасы.Сополимерлердің құрамы және буындардың тізбекте орналасуы сан алуан болады,дегенмен барлық сополимерлерді мынадай жеті типке болады:
1.Құрылысы белгісіз сополимерлер.Егер сополимер А және В мономерлерінен тұрса,жүйелік номенклатура бойынша поли(А-со-В)деп аталады.Мыс:стирол мен метилметакрилат сополимерлерінің атауы поли(стирол-со-метилметакрилат)болады.
2. Статистикалық сополимерлер. Мономерлік буындар тізбекте статистика заңдарына сүйене орналасады. Мыс:Бернулли статистикасына. Сополиер атауы поли (А-стат-В).
3. Кездейсоқ сополимерлер. Мономерлердің тізбекке қосылуы олардың реакциялық қабілетіне байланысты емес,кездейсоқтық заңымен анықталады.А және В мономерінен тұратын кездейсоқ сополимер поли (А-кез-В)деп аталады.
4. Алмасушы сополимерлер. Бұл сополимерлердің құрылымы ретті болып келеді, сондықтан А және В мономерлерінен тұратын осындай сополимерлер поли(А-ал-В) деп аталады.
5. Периодтық сополимерлер.А,В және С мономерлерінен түзілген сополимерлердің құрамы төмендегідей болуы мүмкін: -АВВАВВАВВ- немесе –АВВ-

-ABCABCABC- немесе -ABC- және т.б. Осы екі сополимерлер былай аталады: поли(А-период-В-период-В), поли(А-период-В-период-С).
6. Блок сополимерлер. А және В мономерлерінен түзілген мұндай сополимерлер –ААААА-ВВВВВ-поли А-блок-полиВ деп аталады.

 

 

5. Полимердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз. Полимер мен төмен молекулалық қосылыс үшін молекулалық масса деген ұғым бірдей емес. Кез келген таза төмен молекулалық қосылыстың құрамына сәйкес нақты молекулалық массасы болады,ол алу жолына байланысты емес. Ал полимер ұзындығы әр түрлі макромолекулалардан тұрады. Алу жағдайына қарай макромолекула тізбегіндегі буындар саны,яғни оның молекулалық массасы әр түрлі болады. Сондықтан полимер полидисперсті келеді,оның молекулалық массасы біркелкі болмайды.Ұзындықтары әр түрлі,бірақ бірдей химиялық буындардан тұратын макромолекулалар полимергомологтар деп аталады. Молекулалық массалары өскен сайын полимергомологтар қасиеттерінің айырмашылығы жоғала бастайды. Жоғары молекулалық полимергомологтардың қоспаларын бір бірінен бөліп,белгілі біл молекулалық массасы бар дербес зат алу мүмкін емес. Мұндай полимерлер орташа молекулалық массамен өрнектеледі. Орташалау әдісіне байланысты молекулалық масса орташасандық, орташамассалық және орташатұтқырлық болып бөлінеді.Орташа молекулалық массаны М табу үшін полимердегі молекулар санын және әр молекуланың молекулалық массасын М білу қажет. Мыс: молекулалық массасы М1N1, молекула, молекулалық массасы М2, N2 молекула, молекулалық массасы М3, N3молекула және т.б. деп қарастырылады.

Орташасандық молекулалық масса- M̅n барлық молекулалардың молекулалық массаларының қосындысының,яғни полимердің жалпы массасының барлық молекула санына қатынасы.Сонда есептеу үшін әрбір молекулалық массаның мәнін осындай молекулалық массасы бар молекула санына көбейтіп,алынған көбейтінділерді қосады да,барлық молекулалардың санына бөледі:

Орташамассалық молекулалық массаны M̅w әр молекуланың молекулалық массасын Mi осындай молекулалық массаның барлық молекулалық массадағы үлесіне̅ Xi көбейтіп,нәтижелерін бір біріне қосу арқылы табады:

Жалпы молекулалық массаны ∑NiMi десек,әр молекулалық массаның үлесі:

Полимерлердің молекулалық массасын орташатұтқырлық молекулалықмассамен де сипаттауға болады.

Әдетте орташасандық молекулалық масса орташамассалық молекулалық массаға тең бола бермейді.Көпшілік тура тізбекті полимерлер үшін M̅Ƞмәні M̅w -ға жақын.Молекулалық массасы біркелкі монодисперсті полимерлер үшін M̅w = M̅Ƞ= M̅n;ал полидисперсті полимерлер үшін M̅w > M̅Ƞ> M̅n.

Орташасандық молекулалық масса полимер ерітіндісінің қату температурасының төмендеуі (криоскопия),қайнау температурасының өсуі(эбулиоскопия),осмос қысымы мен бу қысымының төмендеуі сияқты концентрацияға не молекула санына тәуелді қасиеттерді өлшеу арқылы анықталады.

Орташамассалық молекулалық масса жарық шашырауының таралуын өлшеу арқылы,ультрацентрифуга және диффузия әдістерімен анықталады.Орташатұтқырлық молекулалық массаны анықтауға вискозиметриялық әдіс қолданылады.Полимерлерге толық молекулалық сипаттама беру үшін оладың молекулалық массаларымен қатар,макромолекулаларының қаншалықты біртекті екендігін,яғни полидисперстігін білу қажет.Полимердің полидисперстігі интегралдық және дифференциалдық молекулалық массалық таралу(MMT) қисықтарымен сипатталады.ММТ қисықтарын алу үшін полимерді белгілі бір әдіспен бірнеше фракцияларға бөліп,әр фракцияның молекулалық массасын анықтайды.Интегралдық таралу қисығын тұрғызғанда,абсцисса осіне фракцияның молекулалық массасының Mx мәндерін,ал ордината осіне фракцияның интегралдық массалық үлесін (Wx )салады

Молекулалық массалық таралудың интегралдық функциясы алынған функциялардың массалық үлестерінің Wi қосындысымен өрнектеледі:

Ал wi әр фракцияның массасының Pi барлық фракциялардың массаларының қосындысының қатынасына тең:

 

Молекулалық массаның дифференциалдық функциясы yx интегралдық функцияны дифференциалдау арқылы алынады:

Дифференциалдық қисық интегралдық қисықты дифферециалдау арқылы графиктік жолмен алынады(2.1-сурет).Ол үшін интегралдық қисықтың бойынан молекулалық массаның белгілі бір аралығында нүктелер таңдап алады,яғни үлгіні шартты түрде бірнеше фракцияларға бөледі,қатар жатқан нүктенің ординаталарының айырымы ∆Wxтабады.Әрбір алынған ∆Wxшамасын абсцисса осінен алынатын сол екі нүктеге сәйкес∆M шамасына бөледі.Табылған ∆Wx/∆M қатынасының мәні молекулалық массаға тәуелділігінің графигі дифференциалдық таралу қисығын береді.Дифференциалдық қисықтың максимумы неғұрлым енді болса,полимер соғұрлым полидисперсті келеді.Әдетте интегралдық және дифференциалдық қисықтар екі ординатамен келтірілетін бір графикке сызылады.Бұл кезде интегралдық қисықтың майысу нүктесі дифференциалдық қисықтың максимумына сәйкес келеді.