Ылмыстық құрамының түсінігі және «қылмыс» ұғымымен арақатынасы

Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық құқықтық түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағыты да әртүрлі.

қылмыс дегеніміз адамның әлеуметтік құқықтық, қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.

Қылмыстың жалпы түсінігі сол қылмыстың заңдық сипаттамасын беріп қана қоймай, оның әлеуметтік саяси сипатын да ашып көрсетеді. өмірде қылмыстық құбылыстар әртүрлі нысандарда көрініс тауып немесе түрлі түрде болатындықтан, қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігмен бірге нақты қылмыстардың да түсінігін қарастырған. Қылмыстың жалпы түсінігі – барлық қылмыстарға тән, оның белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көрсетілген жеке қылмыстар түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады.

Кылмыстың құрамы түсінігі ортағасырлық қылмыстың құқық ғылымында пайда болды және сол кезде тек процессуалдық мағынасы болды. Қылмыстың құрамы түсінігі материалдық қылмыстық құқық тек 18 ғасырдың аяғы 19 ғасырдың басында аударылды.

Қылмыстық заңда сипатталған әрбір қылмыс, яғни, қылмыс құрамы өзінің ерекше белгілерімен сипатталады. Қылмыстың құрамы – бұл қылмысты іс-әрекет емес, тек соның нысанын сипаттайтын түрі ғана. Ол нақты қылмыстың заңдық сипаттамасы, жеке нақты қылмыстың заңдық нысаны. Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер – қоғамға қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлілік және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілерінің жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауіптілік қылмыс құрамының емес, қылмыстың белгісі болып табылады. Осы екі қылмыстық құқықтық түсініктерінің бағыты да әртүрлі. Нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыс құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстық құқықта оның құқықтық, әлеуметтік саяси табиғатын түсіндіру қажеттілігінен туындайды. Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыс құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар. Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың объектісін, объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін атап көрсетеді. Осы белгілерге орай кез келген қылмыс құрамы осындай төрт түрлі топтағы элементтерге бөлінеді. әрбір қылмыс құрамында оның объектісін, объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін бейнелейтін белгілері міндетті түрде болады. Осы элементтердің әрқайсысы қылмыстың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан осы элементтердің біреуінің жоқ болуы қылмыс құрамының мүлде және қылмыстық жауаптылыққа негіздің де жоқ екендігін көрсетеді. Қылмыс құрамының жалпы түсінігі барлық қылмыс құрамына тән осы төрт түрлі элементтермен сипатталады. Қылмыстың осы немесе басқа элементтерін сипаттау тиісінше қылмыс құрамының элементтерін сипаттау деп аталады. Мысалы қылмыстың субъективтік жағының белгілерін сипаттау қылмыс құрамының субъективтік жағы деп аталады.

Қылмыстың объектісі деп, сол қылмыстық қиянаттың неге бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз. Қылмыстың объектісі заң қорғайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.

Қылмыстың сыртқы пішінін, көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын сипаттайды. Объективтік жағының белгісіне, ең алдымен, қоғамға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі – адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің нысандары мен түрлері қылмыстық заң тұжырымдарында әртүрлі және жан-жақты (мүлікті жою немесе бүлдіру, қаза келтіру, қауіпті жағдайда қалдыру және т.б.). Қылмыстың субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ішкі жағын құрайтын белгілері, яғни адам істеген қоғамға қауіпті іс-әрекет не психикалық қатынас сипатталады. Субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет, мақсат жатады. Кінә екі түрлі нысанда: қасақаналылық және абайсыздық түрінде көрініс табады. Субъективтік жағынан бір қылмыстар қасақаналылықпен (ұрлық), екінші біреулер абайсыздықпен (абайсызда кісіге қаза келтіру), үшіншілері қасақаналықпен де, абайсызда да жасалуы мүмкін. Қылмыстық заң бойынша қылмыстың субъектісі болып қылмыстық жауаптылыққа тартылуда кез келген адам жатады. Қылмыстық жауаптылыққа есі дұрыс. Қылмыс жасаған уақытта 16-ға, кейбір қылмыстар үшін 14, 18-ге толған жеке адамдар жатады.

 

13. Қылмыс құрамының түрлері.Қылмыстық құқық теориясында әр қылмыс құрамдары бір белгілермен біріктірілетін белгілі бір топтарға бөлінеді. Құрамның жіктелуі соңында әр қылмыстың мазмұнын білу үшін олардың құрылуының жалпы заңдылықтарын білуді міндеттейді. Қылмыс құрамдарын жіктеуді келесі критерилерді қолдана отырып жүзеге асырылады:қоғамға қауіптіліктің дәрежесі,құрамның белгілерін сипаттау тәсілі,құрылыс ерекешліктері.. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай құрамдар негізгі құрам, 1) жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамы 2) жыуаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы болып бөлінеді.Бұндай бөліну қажеттілігі біріншіден қылмыстық жауапкершілік пен жазаны заңды бөлуді мақсаттайды. Қылмыс құрамы әрқашанда әрекеттің жазалау шектерін көрсететін санкциялармен байланысты тұрады. Бірақ бір түрлі іс-әрекеттер тек қана қоғамға қауіпті дәрежесімен ғана емес мінезімен де ерекшеленуі мүмкін.Осыны ескере отырып заңшығарушы кейбір жағдайларды бір қылмыс бойынша бірнеше құрам бөліп шығарады және осыларды әртүрлі жазалау арқылы байланыстырады. Бұл жазалау саясатының бірлігін қамтамасыз етеді және жазалауды жекелеуге, заңдылық сақтауға жол ашады. Негізгі құрамда бндай іс-әрекеттің өзіне тән ерекше белгілері сипатталады, іс-әрекет ауырлататын немесе жеңілдететін жайларсыз жасалса заңда ол қылмыстық кодекстің өзіндік бабында (мысалы 106 бап) немесе қылмыстық кодекстің бабының бөлігінде (мысалы (107 бап 1 бөлігі).Квалифицированный состав (сараланатын) - бұл ауырлататын мән-жайлар бар құрам және бұл мән жайлардың болуы негізгі құрамға қарағанда ауыр жазалауға әкеледі.(мысалы 96 б 2 б, 178 б 2 б). кейбір жағдайда жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты заңшығарушы сараланатын құрамның түрлерін бөліп көрсеткен. Олар аса ауырлалататын жағдайлардағы қылмыс құрамы ( ҚК 175 б 1 б, 289 б 3,4 б).Жеңілдететін мән-жағдайдағы қылмыс құрамы - бұл заңшығарушыны жазаның мөлшерін негізгі құрамды құратын қылмысты жасағаны үшін көрсетілген мөлшерден көрі азайтуға әкеп соқтыратын мән жайлары бар құрам. Мысалы: ауырлататын мән-жайларсыз адам өлтірген жағдайда ҚК 96 б 1б байланысты жаза 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады. Ал қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде кісі өлтіру (ҚК 96 б) жаза кішірейтілген - 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру. Бұл қылмысиың құрамы кісі өлтірудің жеңілдететін мән-жайлары бар құрам.Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамы жай қылмыс құрамы және күрделі қылмыс құрамына бөлінеді.Жай қылмыс құрамы - қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни бір ғана объектісі, бір ғана объективтік жағы және т.б.Күрделі құрамда мыналар болады:элементтердің екеуі (ҚК 179 б)іс-әрекет жасау процесінің немесе қылмыс зардаптарының (созылмалы және жалғасатын қылмыстар) созылуы (ҚК 373 б, 176 б)альтернативтік элементтер (96 б 2 б)бірнеше жай құрамдардан қосылған (237 б, 257 б 2,3 б)Қылмыс құрамы құрылысына қарай материалды, формалдық және келте болып бөлінеді. Өйткені тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеті бірнеше этаптарға бөлінеді: әрекетке дайындалу; әрекет жасау; нәтижеге жету.Егер заңшығарушы қылмыс құрамында тек іс-әрекетті емес іс-әрекеттің нәтижесінен болған зардапты көрсетсе онда бұл материалды құрам (адам өлтіру). Егер заңшығарушы қылмыс құрамында іс-әрекеттің белгілерін көрсетіп қалған зардапты иыс шығарса, онда бұл формалдық құрам болады. Бұл жағдайда құрамның толық болуы үшін көрсетілген әрекетті жасағаны жеткілікті (пара беру және алу, жала жабу, қащқындық және т.б.)Егер заңшығарушы қылмыс құрамындағы қылмыстық іс-әрекеттің жалпы бейнесін азайтса, яғни қылмыс құрамы қылмысқа дайындалу әрекеттері немесе бір іс-әрекет жасау процесін қамтыса, онда бұл келте қылмыс құрамы болады. Яғни қылмыстың аяқталуы үшін қоғамға қауіпті зардабы. Қоғамға қауіпті әрекетке жеткізетін іс-әрекеттерін аяғына дейін жеткізу қажет емес (қарақшылық, бандитизм).