Бетон және темір бетон жұмыстары.

Рылыс мекемесінің құрылымы және өндірістік базасымен танысу. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау беру.

 

Темир- Строй Сервис и Ко» ЖШС- ның қызметінің сипаты

«Темир- Строй Сервис и Ко» Заңды тұлғаның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Қордай ауданы

«Темир- Строй Сервис и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10.09.2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, 22.04.2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Темир- Строй Сервис и Ко» жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік туралы Заңына сәйкес тіркелінеді және заңды тұлға болып табылады және 18.05.2009 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Шығыс кәсіпкершілікті мемлекеттік қолдану туралы» заңына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызмет атқарады.

Серіктестіктің тұрақты жұмысшылар саны – 25. Жұмыстың көлеміне байланысты құрылыс жұмыстарын атқару үшін қосымша жұмысшыларды келісім шарт бойынша қабылдайды. «Темир- Строй Сервис и Ко» жұмыс барысында «Проектный институт Алматыгипрогор – 1 »ЖШС, «Казатомпром» АҚ, «Компания Рауан и К»ЖШС, «Мөлдір – құрлыс и К»ЖШС, «Мик» ЖШС, «Сунқар»ЖШС сиақты ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді.

«Темир- Строй Сервис и Ко» ЖШС-нің негізгі мақсаты – мекемелер мен азаматтардың өнімдегі қажеттіліктерін барынша сапалы өтеу, келесі әрекет түрлерін жүзеге асыру барысында барынша жоғары табыс табу болып табылады.

 

Техника кауіпсіздігі

Әрбір мекемеде техника кауіпсіздігі ережелері міндетті түрде болуы кажет.

«Темир- Строй Сервис и Ко» мекемесіде өз техника кауіпсіздігі ережелерін бекіткен және оны қатаң түрде жұмысшылардан талап етеді.

Құрылыс мекемесінде ең алдымен жұмысқа кіріспей тұрып техника қауіпсіздігіне жауапты инженер, қауіпсіздік техникасы ережелерімен жұмысшының таныстырып және онымен танысқандығы, сол құрылыс нысандағы жұмыс орындарына қатысты техника қауіпсіздігі ережесі сақтаймын деп қол қояды, арнайы техника қауіпсіздік ережесін сақтауға арналған тіркеу журналдары болды.

Қандай да апатты жағдай болғанда немесе жұмысшы танысқан ережелерді сақтамаса өзі жауапты болады.

Сондай-ақ техника қауіпсіздігі ережесі климат жағдайда да ескере отырып жасалу тиіс.

Жауапкершілік шектеулі серіктестігі «Шахзада» мекемесінде бас инженер техника қауіпсіздігі ережелерін жұмысшылардың сақтауын қадағалап, есеп беріп, ескеріп жүреді және мен жұмысқа шықан күні инженер құрылысшы Қалдашбев Д менімен тағы да түсінік жүргізді.

 

Құрылыс алаңындағы негізгі техника қауіпсіздігі ережелері:

Міндетті түрде нысанында арнайы кимін киіп жүруі керек, «Темир- Строй Сервис и Ко» мекемесіндегі жұмыстарда арнайы бетперде, қолға арналған қолбақтар, резенке етік киіп жұмыс жасау керек.

 

Рт қауіпсіздігі

Кұрылыс алаңында өрт қауіпті болмау үшін олардын, алдын алу шаралары жасалады, электр тоғын күнделікті жиі қолданғаннан кейін өрт болуы мүмкін. Жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде өрттен сактану шараларын қолдану кажет. Ашық отпен әлде пісіріп қосу жұмыстарын колдану кезінде өрт сөндірушілердің рұқсаты болуы кажет.

Жер жұмыстары.

Кез келген мақсатқа арналған ғимарат құрылысы жер, тас дайындау, монтаждау әрлеу, монтаждау, электр монтаждау тағы басқа да көптеген жұмыс түрлерін орындауды талап етеді. Бұл жұмыстардың әрбір түрін белгілі мамандықтағы жұмысшылар атқарады. Құрылыс жұмыстары белгілі жүйе бойынша орындалады. Жұмысты жүргізу тәртібі мен әдісі ғимарат жобасына қосымша жасалған жұмыс жүргізу жобасымен анықталады.

Объект құрылысы екі: дайындау және негізгі жұмыс кезеңдеріне бөлінеді.

Дайындау кезеңінде- объект құрылысын дайындауға байланысты жұмыстар істеледі. Ең алдымен болашақ құрылыс салынатын жерге жалпы мемлекеттік геодезиялық кестеге негізделген геодезиялық тірек торын жасап алады. Бұл тор көбінесе объектінің негізгі осінің орналасу қалпын белгілейтін жерге көмілген бетон діңгектерден реперлерден, сондай-ақ теңіз бетінің деңгейінен биіктігі мүлтіксіз жазып қойылған жеке реперлерден құралады.

Жұмыс құрылыс алаңдарын тазартудан басталады; алаңды бұзуға жататын құрылыстардан босатып. Бөгет жасайтын ағаштарды басқа да жерге отырғызады да сақталып қалатындарын қоршайды.

Алаңды тазартып, өрлете жоспарлауға кіріседі. Жердің өсімдік қабатын кесіп алып оны құрылыс объектісі біткеннен кейін өңдеу тегістеуге үйіп қояды. Өрлете жоспарлауды алдын ала жасалған жоспар бойынша жүргізеді. Көтеріңкі жерлердің топырағын қырнап, артық топырақты ойыс жерлерді тегістеуге жұмсайды немесе тасып әкетеді. Жер жұмыстарын орындайтын машиналарды таңдау топырақтың түріне, жердің бедеріне, жер жұмыстарының көлемімен тереңдігіне жұмысты орындау жағдайына көлік құралына және топырақты ауыстыру қашықтығына байланысты.

Жұмыстың көпшілігі скреперлер мен бульздозерлер көмегімен атқарылады, топырақ төселген жерлер нығыздалады.

Құрылыста өзінің қопсыту қабілетінің және жоғарғы өнімділігі арқасында өте кең тарағаны бір шөмішті экскаваторлар. Жұмыс жағдайына байланысты олар тік, кері күректі болады. Бұл экскаваторлар арнайы жабдықтармен көтергіш кран ретінде және топырақты нығыздауға қадаларды қағуға қолдануға болады.

Негізгі жұмыс кезеңдеріне -жалпы алаңдық құрылыс жұмыстармен қатар осы кезде, құрылыс кезіндегі пайдаланылмайтын жер асты коммуникацияларында тиімді етіп жасайды. Егер бұл жұмыстар негізгі кезең басталғанға дейін бітсе, толығымен тұрақты жолдар салынып, оларды үйді тұрғызып біткенше пайдалануға болады.

Қазаншұңқыр мен қажетті орларды экскаватормен қазады. Қазылып алынған топырақтың жарамды бөлігін қазаншұңқыр мен құрылыс алаңының сол салынып жатқан немесе басқа құрылыс алаңдарының тегістелуіне жұмсалады.

Құрылыста біз скрепер мен бульдозердің жер жұмыстарын орындауын бақыладық.

Скреперлер жер жұмыстарын орындау үшін пайдаланылады. Олар келесі операцияларды орындайды:

1. Топырақты қабаттап өңдеу.

2. Алған топырақты тасымалдау

3. Топырақты қабатпен үйіндіге үю

4. Оларды қазаншұңұыр және топырақтарын өңдеуге, қор топырағынан үйінді жасағанда пайдаланылады және топырақты таптау үшін тығыздағыш машиналар пайдаланылады.

 

 

Жер жұмыстарын орындауға қолданылатын жабдықтар мен машиналар, олардың маркалары, техникалық параметрлері, өнімділігі. Қауіпсіздік техникасы

Жер жұмыстарын жүргізу барысында тырма, орақ, тік күрек, қалақша күрек, темір арба (топырақ тасуға арналған) қолданамыз. Көп көлемді жұмысы бар тоғандарды су қайырымынан тазалау жұмыстарына шөміш көлемі 0,65 т\м 3 эксковатор «Драглайн» техникасы қолданылады.

Ойпаң учаскелердегі алаңдарды тегістеу жұмыстарын коммуникациялар және ірге тастарды орнатқанша, ал үйінді учаскелерде –осы ғимараттарды орнатқаннан кейін жүргізеді.

Жер жұмыстарының барлық процестері кешенді механикаландырылған әдісін және жұмыс өндірісінің тиімді тәсілдерін қолдана отырып іске асыру керек.

Жер жұмыстарын орындайтын машиналарды таңдау топырақтың түріне, жердің бедеріне, жер жұмыстарының көлемі мен тереңдігіне, жұмысты орындау жағдайына (үйіндіге, көлікке), көлік құралына және топырақты ауыстыру қашықтығына байланысты.

Негізгі жер қазатын машиналарға жоғарыда айтып өткеніміздей бір және көп шөмішті экскаваторлар, ал жерді қазып тасымалдаушыларға-бульдозерлер мен скреперлер пайдаланады.

Құрылыста өзінің қопсыту қабілетінің және жоғарғы өнімділігі арқасында кең тарағаны біршөмішті эксковаторлар. Жұмыс жағдайына байланысты олар тік, кері күректі болады және грейферлермен де жабдықталады.( жоғарыда қысқаша айтылып өткен). Бұл экскаваторлар арнайы жабдықтармен көтергіш кран ретінде және топырақты нығыздауға, қадаларды қағуға қолдануға болады.

Экскаватордың жұмыс істейтін алаңы көлік құралдары тұратын және топырақты үйілетін жерлерді қоса есептегенде «қазым», ал оның жылжып отырып алған топырақ учаскесі «өтіс» (өту) деп аталады.

Бір шөмішті эксковаторлар үзіліспен қозғалатын өзі жүретін жер қазатын машина болып табылады, олар топырақты өңдеуге және төгуге немесе тасымалдауға қолданылады.

Тік қалақшалар эксковатор тұрған жерден жоғары топырақты өңдеуге арналған. Тік қалақшамен жабдықталған бір шөмішті эксковатордың циклдік жұмысы келесі операциялардан тұрады:

-Топырақты қазу (жылжыту және рукоятканы шөмішпен көтеру)

-Төгуге бұрылу (тік бөлігіне байланысты платформа бағыты, рукоятка және шөміш бұрылады)

-ойысқа бұрылу

-рукоятканың оралуы

-шөміштің ойыс түбіне түсірілуі.

Шөмішінің 0,3м3 дейін сиымдылығы бар эксковаторлардың күш механизімі болмайды. Рукоятка күш қозғалысын бір уақытта шөміштің көтерілуі мен бағыттың түсуінен алады.

 

1- Сурет. Эксковатор

 

Тік күрекпен жабдықталған экскаваторлар өзінің тұрақты орнының деңгейінен жоғары топырақты қазуға пайдаланады. Оларды көбінше топырағын көлікке артып (кейде үйіндіге) қазаншұқыр және ұзын орды қазуға қолданады.

Тік күректі экскаваторлар өзінің тұрақты орнының деңгейінен төмен (өте төмен емес) топырақты да қаза алады. Бұл жағдайды тек қазаншұңқырға түсу-шығу құламасын жасағанда ғана пайдаланады.

Тік күрекпен жабдықталған экскаваторлардың қазымдарының негізгі түрі болып маңдайша ( бойлай) және бүйірлі (көлденеңінен)қазу саналады. Маңдайша қазымдар өтістің еніне байланысты тар (өтіс ені кесу радиусының R ең үлкен шамасының 0,8-1,5 тең), орташа (ені 1,5-1,8R ) және кеңге (ені 2R-дан артық) бөлінеді.

Тік маңдайша қазымды қолданғанда көлік құралдарының жұмыстарын өте қиындатылады, сондықтан бұл тәсіл ені кіші және бастапқы қазымдарда қолданылады.

Мөлшері едәуір шұңқырларды қазғанда бүйірлі өтісті қолданған тиімді. Топырақты көлік құралдарына арта отырып өңдеуді бүйірлі өтіспен ұйымдастыру экскаватордың жұмыс параметрлерін өте толық пайдалануға және жебенің төгердегі айналу бұрышын азайту есебінде олардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кері күрекпен жабдықталған экскаваторлар өзінің тұрақты орнының деңгейінен топырақты өңдеу үшін пайдаланылады және ұзын орлар мен кіші тайыз қазан шұңқырларды қазуға қолданылады. Топырақ өңдеуі маңдайша немесе бүйірлі өтіспен жүзеге асырылады. Сонымен бірге кері күректі экскаваторлар топырақты өңдегенде қазаншұңқырды бойлай, көлденең және иректеп жүре алады.

Экскаватор-драглайндар жұмсақ және орта жынысты топырақтарды өңдеуге, көбінесе экскаватор тұрағының деңгейінен төмен орналасқан қазаншұңқыр мен ұзын орларды қазғанда, үйінді және ойма жасағанда, тегістеу жұмыстарын орындағанда жүк артушы құрал ретінде және т.б. пайдаланады. Экскаватор-драглайндар үлкен қимыл радиуысына және қазу тереңдігіне ие.

Грейфермен жабдықталған экскаватор жұмсақ және сусымалы топырақтарды үйіндіге және көлік құралдарына, жеке тұрған ұстындарға, сүрлем мұнараларының іргетасына, электр беру жүйелерінің тіректеріне қазаншұңқыр өңдегенде және құдық, терең және тар ұзын ор қазғанда пайдаланады.

Экскаватор-стругтар алаңдарды тегістеуге және тереңдігі 1,5 м артық емес шұңқырлар қазуға пайдаланады. Торырақты үйіндіге де, көлік құралдарына да өңдеуге болады.

Скреперлердіжер жұмыстарын орындау үшін пайдаланады және келесі операцияларды орындайды: топырақты қабаттап өңдеу; алған топырақты тасымалдау; топырақты қабатпен үйіндіге үю. Оларды шұңқыр, қазаншұңқыр және ұзын орлар топырақтарын өңдеуге, қор топырағынан үйінді жасағанда; каналдар салғанда; бөгеттерге топырақ төсегенде; құрылыс және басқа алаңдар, суарылатын жер және ауылшаруашылық жерлерді тегістеуге пайдаланады.

Бульдозерлерментопырақты тілу, тасу түсіру операцияларын орындау үшін арналған және іргетастарға қазаншұңқыр және ор өңдеу; біржақтық немесе екіжақтық қорлардан биіктігі 2 м дейін үйінді жасау; 50-100 м қашықтықтағы үйіндіге тасып ойманың топырағын өңдеу; қуыстарды, қазаншұңқырларды, ұзын орларды және т.б. жабу; алаңдарды және көлік құрылынан түсірілген топырақты тегістеу үшін қолданылады.

Бетон және темір бетон жұмыстары.