Ылмысқа қатысушының қылмыстан бас тартуы және оның салдары

ҚК бойынша адамның қылмыс істеуге дайындалу әрекетін не әрекетсіздігін тоқтату, егер адам сол қылмысты аяғына дейін жеткізе алатын мүмкіндігі бола тұра қылмысты аяқтаудан өз еркімен бас тартса ол қылмысқа қатысушының қылмыстан бас тартуы болып табылады. Егер адам қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартса, ол осы қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қылмысты ақырына жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Өз еркімен бас тарту болған іс әрекет қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. Қылмыстан өз еркімен бас тарту қылмыстың әр сатысында яғни қылмысқа даярлық, қылмысқа істеуге оқталғандық сатыларының әр қайсысында бола алады. егер қылмыскер алдын ала қылмысқа даярлағанда жүзеге асыру мүмкіндігі болмай қылмыс жасаудан бас тартса, онда бұл қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту болып табылмайды. Бас тарту себептері әр түрлі: заңнан қорқуы, басқа адамдардың үгіттеуі, жәбірленушіні аяуы және тб.

Қылмыс жасаудан бас тартудың екі белгісі:

1. өз еркімен бас тарту керек;

2. біржола бас тарту керек:

Жаңа ҚК бұрынғы кодекске қарағанда қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуы арнайы түрде көрсетілген.

Қылмысқа қатысушылар деп ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші және орындаушыны айтамыз.

Қылмысты ұйымдастырушы мен айдап салушы адамдар мемлекеттік немесе өзге де құқық қорғау органдарына хабарлаумен немесе осындай өзге де іс әрекеттермен орындаушының қылмысты аяғына дейін жеткізуіне жол бермесе қылмыстық жауаптылыққа тартылмауға тиіс делігнен. Сонымен қатар, еген орындаушы қылмысты аяқтағанға дейін оған алдын ала уәде етілген жәрдемнен бас тартса, немесе өзге де көрсетілген көмектін салдарын жойса қылмысқа көмектесуші жауапқа тартылмайды.

Ал егер ұйымдастырушы, айдап салушының іс әрекеттері қылмысты болдырмауға әкелмесе, онда олардың бұл әрекеттері жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән жайлар болады. Алайда оны өкінумен шатастыруға болмайды. Өкіну келтірілген зиянның орнын толтыру, кешірім сұрау, материалдық зиянын өтеу сияқты іс әрекеттерден тұрады.

Орындаушының қылмыс жасаудан өз еркімен бас тартуы дегеніміз оның алдын ала келісілген қылмысты мүлдем істемеуі немесе дайындық барысында бас тартуы болады. Орындаушы дайындық барысында өзге бір қылмыс құрамы бар болған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Ұйымдастыраушы, айдап салушы және көмектесуші бірлесіп қылмыс істеуге көп жағдайда қылмыс істелгенге дейін қатысады және олардың іс әрекеті орындаушыға қылмыс жасауға барлық жағдайларын туғызады. Сондықтан ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесушінің қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуы орындаушының алдын ала келісілген қылмыс істеуіне дейін болуы керек.Олар орныдаушыны қылмыс жасаудан бас тартқызуға, қылмыстың жасалуына барлық жағдайларды жоюға, қылмыс жайлы дер кезінде өкімет орнына, жәбірленушіге, басқа адамдарға хабарлауға және тб сол сияқты әрекеттер жасау керек. Мұндай олардың қылмыс жасаудан бас тартуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатады. Ал егер олардың әрекеттерінен ештене шықпаса, онда жаза тағайындауда бұлар ескеріледі.

46. Қылмысқа қатысушының шектен шығушылығы (эксцесс)

Қылмысқа қатысушының эксцессі деп адамның басқа қытысышуылардың ниетімен қамтылмаған қылмысты жасауын айтамыз. Қылмысқа қатысушылардың біреуі алдын ала істеуге деп келісілген келісімнің шегінен шығып, өз бетінше басқа бір қылмысты қосымша істеуі мүмкін. Мүндай жағдайда қылмысқа қатысушының шегінен шығышулығы үшін басқа қатысушылар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Бұл жағдайда қылмысқа қатысушылардың бірі ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші немесе орындаушы басқа қылмысқа қатысушларымен бірге алдын ала ойластырылған, келісілген қылмыс істеудің орнына мүлдем басқа қылмыс істейді. Мысалы: келісілгендей тонаудың орнына орныдаушы қарақшылық жасайды немесе тонау үстінде біреуі әйел зорлайды.

Орындаушының эксцессі қылмыс жасауда орын алады. Мысалы:қылмыс жасау барысында бір адамды тек соғамыз деп келіседі. Алайда қылмыс барысында біреуі оны пышақтайды. Кейін жәбірленуші пышақ салғаннан кейін қазаға ұшрайды. Бұл жағдайда орындаушы ғана шектен шығушылық үшін жауапқа тартылады, ал қалған қылмысқа қатысушылар тек алдын ала келісілген қылмысқа жауаптылық тартады.

Сонымен қатар, қылмыс жасаудың алдын ала келісілген кезінде қалай яғни қандай тәсілмен қылмыс жасайтынын уәделеспей, қылмыс істеу барысында мысалы орныдаушы ерекше қаталдықпен кісі өлтірсе, онда тек кісі өлтірудің ерекше қатал тәсілмен өлтіргені үшін орныдаушы жауаптылыққа, ал қалған қылмысқа қатысушылар тек алдын ала келісілген қасақана кісі өлтіруге қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылады.

47.Қылмысқа жанасушылық түрлері. Қылмыстық жанасушылық дегеніміз қылмыс істеуге өздері қатыспаған адамдардың сол істелген қылмысты жасыру, істелгелі жатқан немесе істелгені, анық қылмысты хабарламау туралы қасақана іс әрекеттері немесе заң бойынша қылмысқа қарсы күрес жүргізуге міндетті адамдардың қылмысты әрекет туралы тиісті органдарға хабарламауы я болмаса сол әрекеттерге кедергі келтірмейтін әрекетсіздіктері. Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа жанасушылықтың үш түрлі нысандары бар:күні бұрын уәде бермей жасырушылық, хабарламау, жол берушілік. Қылмысты жасыру үшін жауаптылық кез келген қылмысты жасырғаны үшін емес, тек қана ауыр немесе аса ауыр қылмысты алдын ала уәде бермей жасырғанда ғана жүзеге асырылады. Дайындалып жатқан немесе жасалғаны анық белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарламау қылмысты хабарламау б.т.Қылмыс туралы хабарламау қылмысқа бірге қатысушылыққа жатпайды. Өйткені қылмысты хабарламаған адамның қылмысқа бірге қатысушылармен бірлесіп аса ауыр қылмыс жасауға ешқандай қатысы болмайды. Қылмысқа жол берушілік деп, істегелі жатқан қылмысқа бөгет жасауға міндетті адамның мүмкіндігі бола тұра бөгет жасамаушылығын айтамыз. Қылмыстық заң бойынша мұндай мідет заңның тікелей сол міндетті орындау туралы нұсқауымен немесе қызмет бабын атқарумен байланысты міндеттілігінен туындайды.

48. Қылмыс көптілігінің түсінігі және түрлері.Бір адамның бір (жеке) немесе бірнеше қылмыс істеуі қоғамға қауіптілігі жоғары екенін көрсетеді. Жасағанның қоғамға қауіптілік деңгейі құқық қорғау мүдделеріне аса мәнді залал келтіруі бір қылмысқа қарағанда басқа жағдайларда бірнеше рет жасауы әлеуметтікке қарсы бағытталған қарсы әрекеттерден тұрады. Қылмыстардың көптігі - жалпыланған қылмыстық құқықтық түсінік және ол ҚР-ң қылмыстық заңнамасында тұрмайды, бірақ ол қылмыстық құқық ғылымымен зерттелген. Ол көбінесе құқық қолдану тәжірибесінде тиімді қолданады. Қылмыстардың көптігін заңды белгілері:

1) бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы

2) бірінен соң бірі ретімен жасаған қылмыстар

3) әр қылмыстан кейін қылмыстық құқық зардабының қалуы.

Бірінші белгі - көптіктің ең жалын белгісі. Оны сандық жағынан қарайды.Қылмыстардың көптігі болмайдыегер де бүкіл (екі) әрекеттің біреуі кінәлі жасаған кезде қылмыс болып саналмаса.Бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы, яғни олардың әр қайсысы жеке, бірлікті қылмыс болуы керек. Осылар біркелкі нысанда болуы мүмкін, бірақ бір қылмыстың белгілері болуы тиіс.Бірнеше қылмысты жасауды біз көптілік деп санаймыз. Мысалы, кінәлі екі жай қылмыс жасауы мүмкін. Біркелкі қылмыстар өзінің мінездемесі бойынша заңды түрде бірдей немесе бірдей емес болады. Заңды түрде бірдей деп өзінің объективтік және субъективтік белгілері қылмыстық норманың біреуіне сәйкес келсе (жеке санкциясы болса).Ал заңды түрде біртоптық қылмыстарды көбінесе ерекше белгілері бойынша ажыратады, бірақ олар қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетіледі (бап, пункт, бөлік). Орнатылған бір топтылығын басқа қылмыстық қол сұғушылыққа жатқызуға тиісті, оның заңды белгілерінің ұқсастығына байланысты: негізгі объект, кінәнің нысаны, тәртіп ниеті, қылмыс жасау тәсілдері және т.б.Заңды бір топтық емес деп мына қылмыстарды айтуға болады. Олар өзара ұқсас, белгілері жақын және қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетілгендей (бап, бөлік, пункт).Осы қылмыстардың сәйкес келуі көптіліктің нысанын байқауға мүмкіндік береді және соған байланысты қылмыстық заң әр түрлі қылмыстық құқықтық мән береді. Қылмыстардың көптіліктің екінші белгісі - рет-ретімен екі немесе одан да көп қылмыс жасауын айтамыз. Ретімен жасау бұл қылмыстың бірі-бірімен бөлек жүретінін көрсетеді. Яғни әр қылмыс арасында белгілі уақыттың болуы. Уақыттың үзілуі созылмалы болмауы керек, бірақ бұл кезде бір қылмысты екінші қылмыстан ажыратылуы керек. Көптіліктің үшінші белгісі - әр қылмыстан кейін келтірген зардаптың сақталуы. Осының мәні, яғни көптілікті құрайтын тек қылмыстар немесе кінәлінің әрекетіне нақты жаза қолданған кезін жатқызамыз.Көптілікке қатысты жағдайлар бұл бір немесе бірнеше ретімен жасалған кінәлінің әрекетін айтуға болады. Көптіліктің нысанына жатады:

1) қылмыстың жиынтығы (ҚК-ң 12 б).

2) қылмыстың қайталануы (11 б(

3) қылмыстың рецидиві (13 б)

49, 50. Екеуі бір сұрақ. Бірнеше рет жасалған қылмысты әрекеттердің түсінігі және квалификациялау тәртібі. ҚР Қылмыстық кодексiнiң 11-бабына сəйкес «Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп əрекеттi жасау – қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады. Қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы мына жағдайларда туындайды:

1). Бiр субъект екеуден кем емес қылмыс жасайды.

2). Ереже бойынша бiрнеше реттiктi заңдық жағынан бiрдей қылмыстар құрайды. Тек ерекше жағдайларда ол Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң əртүрлi баптарында көзделген қылмыстардан құралады. Мысалы, ҚК-тiң 175-бабының 3-ескертуiнде көрсетiлген жағдай.

3). Бiрнеше рет жасалған қылмыста субъект əрбiреуi жеке қылмыс құрамы болып табылатын екi немесе одан да көп қылмысты жасайды. Бұл жағдайда бiрнеше рет жасалған қылмысты күрделi құрамдағы жеке қылмыстардан ажырату қажет. Ол ең алдымен мына белгiлермен ажыратылады:

а). Бiрнеше реттiкте əрбiр жеке эпизод, соның iшiнде бiрiншiсi қылмыстық жазаланатын болып

табылады жəне жеке қылмыс құрамын құрайды. Сондай-ақ ол тек бiрдей қылмыстардан ғана емес, бiртектi қылмыстардан да құралады.

б). Бiрнеше рет жасалған қылмыс баламалы құрамдағы жеке күрделi қылмыстан ажыратылады. Яғни, баламалы құрамдағы күрделi жеке қылмыста тұлға Қылмыстық кодекстiң бiр бабында немесе бiр бабының

бөлiктерiнде көзделген екi не одан да көп қылмыстарды жасайды;

в). қылмыстардың бiрнеше реттiгiн жалғаспалы жеке қылмыстардан да ажырата бiлу керек. Бұл ең алдымен құқыққолдану қызметiнде қиындық тудырады, өйткенi бұл қылмыстардың объективтiк белгiлерi өте ұқсас болып келедi. Сондықтан оларды субъективтiк жақтың элементтерi бойынша ажырату қажет. Осы жоғарыда аталған жағдайларға байланысты қылмыстар дың бiрнеше рет жасалуын екi түрге бөлiп қарау қарастырылған: алдыңғы соттылығымен байланысты жəне алдыңғы соттылығымен байланысты емес. Қылмыстардың бiрнеше реттiгiнiң заңдық мағынасын мына жағдайлармен түсiндiруге болады:

1). Қылмыстық кодекстiң 54-бабының 1-бөлiгiнiң а-тармағына сəйкес қылмыстарды бiрнеше рет

жасау, егер ҚК Ерекше бөлiм бабының өзiнде қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы қылмыс құрамының сараланған белгiсi ретiнде қарастырылмаса, жаза мен жауаптылықты ауырлататын мəн-жай ретiнде танылады.

2). Қылмыстық кодекстiң 11-бабының 5-тармағына сəйкес қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы Қылмыстық кодексте неғұрлым қатаң жазаға əкеп соғатын мəн-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстарды бiрнеше рет жасағаны үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша сараланады.