ЖАЛПЫ ГИГИЕНА ПӘНІ БОЙЫНША ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

I БЛОК
Гигиена- алдын алу пәні жөнінде анықтама беріңіз
Гигиенаның мақсаты мен міндеттері. Аурудың екіншілік, үшіншілік алдын алу шараларын нұсқаңыз
Гигиенаның әдістерін атаңыз
Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерлерінің алдын алуда күнделікті және алдын алу жөніндегі санитарлық бақылаудың рөлін сипаттаңыз
Гигиенаның қысқаша даму тарихын сипаттаңыз
IXжәне XX ғасырлардың басындағы гигиена ғылымның негізін қалаушылар және көрнекті өкілдері: ЭрисманФ.Ф., ДоброславинА.П., ХлопинГ.В., СысинА.Н., Мольков А.В. және т.б. ғалымдардың еңбектерін атаңыз.
Қазіргі замандағы ҚР-ң және ТМД елдерінің әйгілі ғалым-гигиенистері: СидоренкоГ.И., Буштуева К.А., Измеров Н.Ф., Амрин К.Р., Шарманов Т.Ш., Алтынбеков Б.Е., Неменко Б.А., КенесариевУ.И. және т.б. ғалымдардың еңбек- терін атаңыз
ҚР-ғы әртүрлі саладағы гигиена ғылымның дамуы және мазмұнын сипаттаңыз
Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының санитар дәрігері жұмысын ұйымдастырудың негіздерін түсіндіріңіз
Санитарлық ағарту жұмыстарының формалары мен әдістері. Халық арасында санитарлық-эпидемиологиялық жұмыс өткізу шараларын түсіндіріңіз
Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының қызметтің құрылымы. Санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды нұсқаңыз
Гигиеналық норматив, қағидалары. Нормалаудың басымдылығын көрсетіңіз
Гигиеналық норматив қағидаларын атап көрсетіңіз
Қоршаған орта факторларын бөлу принциптерін атаңыз
Гигиенаның дамуына үлес қосқан клиницисттер–Зыбелин С.Г., МудровМ.Я., ПироговН.И, Боткин С.П. және т.б.ғалымдардың еңбектерін талдаңыз.
II БЛОК
Микроклимат түсінігіне анықтама беріңіз. Микроклимат көрсеткіштеріне мысал келтіріңіз
Ауаның жоғарғы және төменгі температурасының ағзаға әсерін гигиеналық жағынан бағалаңыз
Ылғалдылықтың гигиеналық маңызына түсініктеме беріңіз. Ылғалдылық түрлерін,өлшеу бірлігін түсіндіріңіз
Ауа қозғалысының гигиеналық маңызына түсініктеме беріңіз.
«Жел раушаны» оның қосалқы гигиеналық маңызын гигиеналық ашыңыз
Барометрлік қысымның гигиеналық маңызына түсініктеме беріп өтіңіз. Ағзаға жоғары және төменгі барометрлік қысымның әсерін талдаңыз
Бөлменің оптималды микроклиматын қамтамасыз ету бойынша шаралар негізінде микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау шараларын бағалаңыз
Микроклимат түрлерін атаңыз: комфорттық, дискомфорттық қыздыратын және салқындататын. Олардың айырмашылықтарын анықтап, ағзаға тигізетін әсерлерін табыңыз.
Адам ағзасына қолайсыз микроклиматтық жағдайлардың әсерін сипаттаңыз
Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерін алдын алу бойынша шараларды негіздеңіз
Ауаның температурасын, ылғалдылығын және қозғалу жылдамдығын анықтау бойынша әдістерді атап, олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріңіз
Жылытудың әртүрлі жүйлерінің артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз
Көрінетін жарықтың ағзаға әсерін сипаттаңыз. Бөлмені рационалды жарықтандырудың маңызы.
Бөлменің табиғи жарықтануын анықтайтын факторларды атап көрсетіңіз
Бөлменің табиғи жарықтануының көрсеткіштерін атаңыз.
Инсоляцияның гигиеналық маңызын сипаттаңыз. Инсоляциялық тәртіп түрлерін атаңыз.
Жасанды жарықтандыруға қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды атаңыз
Жасанды жарықтану түрлері мен көздерін атап, оларды сипаттаңыз.
Шамдардың түрлері. Жарықтандыру арматурасына қойылатын гигиеналық талаптарға сипаттама беріңіз
Люксметр аспабының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз
Судың гигиеналық маңызын сипаттаңыз
  Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы су факторының рөлін атаңыз
Судың табиғи химиялық құрамы мен химиялық ластануына байланысты ауруларды жіктеп түсіндіріңіз
Беткей және жер асты су көздеріне сипаттама беріңіз
Шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелері: орталықтандырылған, орталықтандырылмаған су көздерінің айырмашылығын атаңыз
Суды пайдаланумен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар, санитарлық дәрігердің жұмыс істеу тактикасын түсіндіріңіз
Су көздерін санитарлық қорғау шараларына негіздеме беріңіз
Су сапасын жақсартудың негізгі әдістерін сипаттаңыз
Су сапасын жақсартудың арнайы әдістеріне сипаттама беріңіз
Судан сынама алу әдістерін атаңыз

 

 

III БЛОК
Топырақтың гигиеналық маңызын ашыңыз
Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштерін сипаттаңыз
Топырақтың табиғи химиялық құрамымен, химиялық және биологиялық ластануымен байланысты болатын аурулардың алдын алу бойынша шараларды негіздеңіз
Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы топырақтың рөлін түсіндіріңіз
Топырақтың санитарлық-гигиеналық, токсикологиялық көрсеткіштерін бағалаңыз
Топырақты санитарлық-гигиеналық жағынан баға бере отырып, Топырақтың қауіптілік дәрежесінің кезеңдерін атаңыз.
Топырақтың санитарлық жағдайына «Хлебниковтың санитарлық саны» арқылы сипаттама беріңіз.
Тұрғындардың тамақтану ерекшеліктерін есепке ала отырып, рационалды тамақтау қағидаларын анықтаңыз
Адамдарда тағамдық заттар мен әнергия қажеттілігін анықтау әдістерін бағалаңыз
Тамақтанудың құндылығын (жеке адамның және ұжымның) анкеталық, сұрау-салмақтық, есептеу, зертханалық, клиникалық, гигиеналық бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз
Тағам статусының тиімділігін негіздеңіз
Еттің, сүттің және банка консервілерінің химиялық құрамы, тағамдық және биологиялық құндылығына гигиеналық бағалау жүргізіңіз
Еттің санитарлық сараптамасының әдістемелері: органолептикалық зерттеу, физико-химиялық сынамалар, бактериологиялық, гельминтологиялық зерттеу жұмыстарын қорытындылаңыз.
Жер учаскесін таңдауға, аурухананың құрылыс жүйелеріне, елді мекендерде ЕПМ орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптарға сипаттама беріңіз
Ауруханалардың ішкі жоспарлануының ерекшеліктеріне гигиеналық баға беріңіз
Ауруханалардағы ауруханаішілік инфекцияның алдын алу шараларын негіздеңіз
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаты мен міндеттерінің мәнін ашыңыз.
Балалар мен жасөспірімдерідің физикалық дамуын гигиеналық бағалау әдістеріне талдау жүргізіңіз
Денсаулық анықтамасына, денсаулық топтарына түсініктеме беріңіз
Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі, дене тәрбиесінің топтарын белгілеңіз.
Еңбек гигиенасы, міндеттері. Кәсіптік аурулардың алдын алудағы шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша санитарлық дәрігердің қолданатын тәсілдері мен амалдарын негіздеңіз
Өндірістік шаң туралы түсінік. Шығу тегі бойынша, түзілу әдісі бойынша, дисперстік құрамы бойынша өндірістік шаңның жіктелуіне анықтама беріңіз
Өндірістік зиянды фактор шуға анықтама беріңіз. Ағзаға шудың әсері. «Шу ауруының» спецификалық және спецификалық емес әсерінің арасындағы өзара байланысты табыңыз.
Жергілікті және жалпы өндірістік дірілге түсініктеме беріңіз, гигиеналық маңызына сипаттама беріңіз
Дірілді өлшеудің қазіргі заманғы аспаптары. Жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
Жеке бас гигиенасы оқыту мақсаты мен міндеттерін негіздеңіз
Жеке бас гигиенасының адам өміріндегі мәнін ашыңыз
Тері гигиенасының адам өміріндегі ерекшелігіне сипаттама беріңіз
Әртүрлі аурулардың алдын алу жөнінегі ауыз қуысы гигиенасының маңызына сипаттама беріп, оны гигиенлық тұрғыдан бағалаңыз.
Киім және аяқ киім гигиенасының адам өмірі үшін маңызы.