ФАРМАКОЭПИДЕМИОЛОГИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХЫ

ОҒЫМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КАФЕДРАСЫ

СӨЖ

Тақырыбы: «Фармакоэпидемиология және фармакоэкономика анықтамалары. Даму кезеңдері. Негізгі принциптері. Экономикалық бағалауды қолдану. Медициналық шешім қабылдауда сәйкес элемент»

Орындаған:Муканова Л.Б

ЖМ 315 тобы

Қабылдаған: Алдажарова Г.Ж

Астана 2016 жыл

ЖОСПАР

Ø КІРІСПЕ

Ø НЕГІЗГІ БӨЛІМ

o ФАРМАКОЭПИДЕМИОЛОГИЯ.ДАМУ ТАРИХЫ

o Фармакоэпидемиологияның клиникалық фармакологиямен және эпидемиологиямен өзара байланысы

o Фармакоэпидемиологияда қолданылатын зерттеулердің әдістері мен дизайндары

o Эпидемиологиялық зерттеулердің дизайнын анықтайтын терминдердің сипаттамалары

o ФАРМАКОЭКОНОМИКА: ДӘРІ-ДӘРМЕКТІК ТЕРАПИЯҒА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒА БЕРУ

o Фармакоэпидемиологиялық зерттеулер жҥзінде науқастардың өмір сапасын оқып білу

Ø ҚОРЫТЫНДЫ

Ø ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

КІРІСПЕ.

Дәрілік заттар ұтымды қолданылуы бойынша мәліметтерді жүйелендіру және жалпылау қажеттілігі клиникалық фармакологияның жаңа бағытының популяциялық деңгейде немесе адамдардың үлкен топтарында дәрілік заттардың қолданылуы мен нәтижелерін зерттеуге арналған фармакоэпидемиологияның тууына әкелді. Фармакоэпидемиологияның негізгі мақсаты шынайы клиникалық тәжірибеде дәрілік заттардың қолданылуының нәтижелілігі мен қауіпсіздігін зерттеу болып табылады. Фармакоэпидемиологиялық зерттеулерді өткізу дәрілік заттардың тҥрлі топтарының фармакотерапиясының нәтижелілігін зерттеуінің қажетті шарты болып табылады.

ФАРМАКОЭПИДЕМИОЛОГИЯ- дәрілік нәрселердің әсерін және әр түрлі популяцияда олардың рационалды қолданылуын эпидемиология саласында ғылым мен тәжірибеде қолдану.

ФАРМАКОЭПИДЕМИОЛОГИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХЫ

Дәрілік заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жалғастырылатын дағдарыс фармакоэпидемиология облысында зерттеулер жҥргізу қажеттілігін кӛрсетеді, бұған жетекші шет елдерінің тәжірибесі куә болады. АҚШ-нда дәрілік заттарды реттеу тарихы – бҧл қоғам денсаулығы ҥшін едәуір маңғызға ие әрбір кері реакция саяси қысым арқылы құқықтық қоғамда өзгерістерге әкелген уақытта дәрілік заттардың кері әсерлерінің эпидемиясына деген саяси сарқындардың тарихы, бҧнымен сәйкес ӛндірістік және маркетингтік механизмдерді қолдану арқылы тек қауіпсіз және нәтиже беретін дәрілік заттардың қолжетімділігіне кепілдік беру талпынысында ҥкіметтің ҥдемелі қатысуын кӛрсетті. АҚШ-ның «Қауіпсіз азық-тҥлік және дәрілер туралы акт» атты алғашқы заңы (Pure Food and Drug Act) 1906 жылы қабылданған болатын. Бұл заң сол уақытта қолжетерлік азық-тҥліктер мен дәрілердің шамадан тыс фальсификациясы мен дҧрыс емес маркалауына жауап болып табылған. 1938 жылғы жаңартылған «Азық-тҥліктер, дәрілер мен косметикалық заттар туралы акт» құрамында диэтилгликол бар сульфаниламидтің эликсирін қолданудан пайда болған бҥйрек жеткіліксіздігінің «эпидемиясына» реакция болып табылған. 1950-ші жылдардың басына дейін дәрілік заттардың кері әсерлеріне шамалы көңіл бөлінген еді, бҧл кезде хлорамфениколдың апластикалық анемияны туғызатыны анықталған болатын. 1952 жылы дәрілік заттардың кері әсерлері бойынша алғаш оқулық жарық кӛрген. Сол жылы Американдық Медициналық Ассоциацияның Фармация мен Химия бойынша Кеңесі (АМА Council on Pharmacy and Chemistry) қанның дәрімен индуцирленген аурулардың барлық оқиғалары жинақталған дәрілік заттардың кері әсерлерінің алғашқы ресми реестрін жариялаған. 1960 жылы АҚШ-ның азық- тҥлік өнімдері мен дәрілік заттардың сапасын бақылау бойынша Әкімшілік (FDA - Food and Drug Administration) дәрілік заттардың кері реакциялары туралы есептер жинағын бастаған және клиникаларда дәрілерді бақылау бойынша жаңа бағдарламаларға демеушілік еткен. Джон Хопкинстің ауруханасы және Дәрілерді Бірлесіп Бақылау бойынша Бостондық Бағдарлама (Johns Hopkins Hospital and the Boston Collaborative Drug Surveillance Program) дәрілік заттардың қауіпсіздігін ауруханаішілік 6 бақылауға арналған клиникаларда тағайындалатын дәрілердің қысқа мерзімді нәтижелерді зерттеу мақсатында когорттық зерттеулерді ӛткізу бағдарламасын дайындаған. Кейін әдіс-амал Флорида Университетінің Шанде клиникасымен (University of Florida – Shands Teaching Hospital) бейімделген.

1970-ші жылдары беноксапрофен, тикринафен туғызған бауыр аурулары, клиоквинол туғызған жеделдеу миелооптикалық нейропатия, супрофен туғызған жедел ауырсыну және бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы, зомепирак туғызған анафилактикалық реакциялары жатқызылған дәрілік заттардың қауіпті кері әсерлері оқиғаларының тіркелуі жалғастырылды. 80- ші жылдары астемизон мен терфенадинді қолдану нәтижесінде аритмиялардың даму оқиғалары, бромокриптинді постнаталдық қолданудан кейінгі гипертензия, эпилепсиялық талмалар және инсульттар, фенотерол туғызған ӛлім, флюокситинді қабылдау фонындағы суицидтік талпыныстар, адам инсулинін қолдану нәтижесіндегі гипогликемия, депо- медроксипрогестероннан дамыған обыр, сҥт бездерінің силикондық имплантаттарға жауап ретінде көптеген аурулар, триазоламның әсері нәтижесіндегі есте сақтау қабілетінің бҧзылыстары және орталық жҥйке жҥйесінің басқа аурулары, темофлоксациннен дамыған гемолитикалық анемия және тағы басқа кері реакциялар тіркелген болатын. 90-шы жылдары амоксициллин-клавулан қышқылынан, бромфенактан дамыған бауырдың уытты зақымдалуы, кальций ӛзекшелерінің блокаторларынан онкологиялық ауруларының және миокард инфарктісінің дамуы, цизапридтің әсерінен дамыған аритмиялар, дексфенфлюрамин мен фенфлюраминнен жҥрек қақпақшаларының зақымдалуы, кеторолакты қолданумен байланысты гастроинтестиналдық қан кетулер, операциядан кейінгі қан кетулер, ӛлім және т.б. кері реакциялар, жаңа пероралдық контрацептивтерді қабылдау нәтижесінде тромбоздардың пайда болуы, сильденафилден миокард инфарктісінің дамуы, трамадолдан дамыған эпилепсиялық талмалар, триптофанды қабылдаудан кейінгі эозинофилді миалгия, К дәрумені туғызған анафилаксиялық реакциялар туралы мәліметтер пайда болған. Алозетронды тағайындаумен байланысты ишемиялық колит, целекоксиб, напроксеннен миокард инфарктісі, церивастатиннен қаңқа бҧлшықеттерінің жедел некрозы, грепафлоксиннен жҥрек аритмиясы, рофекоксибті қабылдау нәтижесінде инсульттің оқиғалары тіркелген. Осындай кӛптеген тіркелген оқиғалар кейбір дәрілік заттарды алып тастау және қолданылуға тыйым салынуға әкелген.

Фармакоэпидемиологияның Халықаралық Қоғамы АҚШ-тағы Дәрiлік Заттар, Әдiстер және Вакциналарды зерттеу бойынша Тиiстi Эпидемиологиялық Тәжiрибе бойынша Нұсқауды 1996 жылы жариялаған және 2000 жылы жаңартқан. Негiзгi халықаралық фармацевтикалық серiктестiктердiң кӛпшiлiгi фармакоэпидемиологиялық және фармакоэкономикалық зерттеулерді, науқастардың ӛмір сапасын зерттеуге арналған зерттеулерді жҥргізуде кҥш салуды ҧйымдастыруға арналған арнайы бӛлiмшелердiң негізін салған. Шетел медициналық, фармацевтикалық мектептердің бірқатары, қоғамдық денсаулық сақтау мектептері фармакоэпидемиология бойынша зерттеулердiң бағдарламаларын және фармакоэпидемиологиялық анализдің қағидалары мен әдістерін оқыту бойынша бағдарламаларды дайындайды және енгізеді.