Басқа мүшелер мен жүйелер жағынан пайда болатын симптомдар

Дәрістің тақырыбы:Қант диабеті.Қант диабетінің асқынулары.Семіздік.

Дәрістің жоспары:

1.Аурудың анықтамасы,этиологиясы,жіктемесі.

2.Клиникалық белгілері.

3.Диагностикасы.

4.Емі.

5.Алдын-алу шаралары.

Қант диабетінің алдын алу мен емделуі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың (Саламатты Қазақстан 2011-2015 ж) арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қант диабеті - ХХІ ғасыр індеті Диабет –гректің сүзгіден өту, яғни сүзілу деген ұғымды білдіреді.

Қант диабеті – ұйқы безінің бетта клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығарумен байланысты зат алмасуының, әсіресе көмірсулардың алмасуының бұзылуымен сипатталатын созылмалы ішкі секреция безінің ауруы. Ішкі секреция бездері гормондарын қанға, лимфаға бөледі. Бүкіл гормондар организмнің калыпты өмір сүруіне қажетті, ал біреуінің жетіспеушілігі немесе көп мөлшерде бөлінуі организмді ауруға ұшыратады. Ұйқы безі аралас бездерге жатады.

Қант диабеті – қандағы қант (глюкоза) деңгейінің созылмалы түрде көтерілуімен сипатталатын ауру.

Қант диабетінің пайда болу себептері:

1.тамақтану салтының өзгеруі, атап айтқанда қантқа тез айналатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану.

Көміртегісі мол жемістерді қауын, інжір, банан, құрма, жүзімді мол пайдалану келеңсіздікке әкеледі. Ақ нан, макарон өнімдері.

Тағамда майдың өте көп болуы да зиян, оның қалыптан артық болуы инсулиннің бөлінуіне кедергі жасайды.Тәулігіне 30гр. артық пайдаланбау керек.

Тұздыда абайлап пайдалану керек,оның молаюы организмде ылғалдың көбеюіне әкеледі.

Дене еңбегімен шұғылданбау

3.семіздік.

4.тұқым қуалаушылықтың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр.

5.экологиялық жағдайдың бұзылуы, химиялық өндірістің (фосфор,қорғасын) зиянды әсері.

Ант диабетінің түрлері

Қант диабеті 2 типке бөлінеді:

І типі: инсулинге тәуелді (ИТД)

ІІ типі: инсулинге тәуелді емес (ИДЕТ)

І типі –бұл аутоиммунды ауру, қоршаған ортаның факторларының әсерінен дамиды. Көбінесе бұл типі жас адамдарда дамиды. Қант диабетінің бұл түрі 30 жасқа дейін дамиды.

ІІ типі –бұл гетерогенді ауру, мұнда инсулиннің секрециясы бұзылып, перифериялық ұлпалардың инсулинге сезімталдығы бұзылады.

Клиникалық белгілері

Жалпы және бұлшық еттерінің әлсіздігі.

• Полидипсия - қатты шөлдеу (тәулігіне 3-5 литрге дейін сұйықтық ішеді) көбінесе түнде, аузы құрғайды.

• Полиурия – жиі және көп мөлшерде зәр бөледі. Зәрі ақшыл түсті, қант араласу салдарынан тығыздығы жоғарылайды

• Полифагия – науқастың тәбеті жоғарылайды, көп тамақ жейді бірақ соған қарамай салмақ қоспайды

• Гипергликемия – қанда қант мөлшерінің көбеюі, қалыпты жағдайда қандағы қанттың мөлшері 3,8-5,5 ммоль/л.

• Глюкозурия – зәрдегі қанттың көбеюі.

Басқа мүшелер мен жүйелер жағынан пайда болатын симптомдар

Тері және бұлшық еттері: терісі құрғақ, жиі фурункулез, гидроаденит, эпидермофития дамиды. Көздерінде ксантелазмалар пайда болады. Тырнақтары сарғыш, сынғыш болады. Бұлшық еттері босайды әлсіз болады. Науқас жүдейді

Ас қорыту жүйесі: науқастарда жиі тісжегісі, пародонтоз, шаштары түскіш, гингивит, стоматит, созылмалы гастрит, диарея, созылмалы холецистит, өтке тас байлану ауруы дамиды.

Жүрек-тамыр жүйесі: бүл науқастарда атеросклероз және жүректін ишемиялық ауруы ерте дамиды. Жүректің ишемиялык ауруы ауыр түрде өтеді және жиі асқынулар болады. 50% науқастарда өліммен аяқталады. Артериальды гипертензия жиі кездеседі (55% науқастарда).

Тыныс алу жүйесі: науқастарда жиі пневмония, туберкулез дамиды. Бұл науқастар жиі жіті бронхитпен ауырады.

Зәр шығару жүйесі: науқастарда цистит, пиелонефрит, бүйрек абсцесі дамуы мүмкін.

Қантты диабетке тәнбалалардағы белгілер:

полидипсия- қатты шөлдеу /тәулігіне 3-4 л дейін сұйықтық ішеді.

полиурия — жиі және көп мөлшерде зәр бөлу /3 л дейін/ зәр ақшыл түсті, қант араласу салдарынан тығыздығы жоғарылайды, полиурияның салдарынан никтурия және энурез байқалады.

полифагия - баланың тәбеті жоғарылап, көп тамақ жейді — бірақ соған қарамай бала салмақ қоспайды. Бұл белгілер негізгі белгілер триадасы, одан басқа белгілер:

Тері қабаты құрғап, қышиды, шаш арасында және бетінің ұшында экссудативті диатез ауруындағыдай өзгерістер пайда болады

Тері қабатының, жалпы организмнің қорғаныш күштері төмендейді. Сондықтан, жиі фурункулез, пиодермия т.б. ұзақ уақыт жазылмай жүретін іріңді аурулармен асқынады. Кішкентай балаларда зәрде қант пайда болуымен байланысты, жөргектерінің крахмалдап қойған сияқты қатаюы байқалады.

Қан тамырларында ерте склероздық өзгерістер анықталады: бас миының қан тамырларының склерозға ұшырауымен байланысты бала тез шаршағыш, ұмытшақ болады. Көз тамырларының склерозы салдарынан — миопия байқалады. Бүйректе — созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, жүректегі өзгерістер - жүрек тондары әлсірейді, жүрек шекарасы ұлғайып, шу естіледі. Қанда қант мөлшері жоғарылайды 16,65 ммоль/л дейін комаларда одан да жоғары, гиперкетонемия, гиперхолестеринемия. Зәрде — глюкозурия, ацетонурия байқалады, зәр тығыздығы 1030 дан жоғарылайды.

“Д” бақылау.Қантты диабетпен ауыратын балалар диспансерлік есепке алынып, эндокринолог және педиатрдың бақылауында болуы керек. Сонымен қатар, жылына 1 рет окулист, невропатолог, дәрігерлердің консультациясынан өтіп тұрады, тексеруден өтіп асқынулардың алдын алып тұру керек.

Алдын алу.Қауіп-қатер тобындағы (семьяда қантты диабетпен ауыратын адам болса) бақылауға алынып, эндокринологтың тексерісінен жылына 2 рет өтіп тұруы қажет. Балаларды жұқпалы вирусты аурулардан сақтандыру, баланың рационында қант мөлшерінің нормадан аспауын қадағалау керек.