Александр Сергеевич Петровтан, 18.07.1974 ж.т. 3 страница

12.01.20__ жыл

.

 

Жазбаны алған

Атырау облысының

ЭСЖжҚД ТБ тергеушісі

қаржы полициясының аға лейтенанты(қолы)К.К.Қасымов

 


«ҚОЛДАЙМЫН»

Атырау қаласының

Прокуроры

әділет кеңесшісі

____________С.С. Сұлтанов

20__ жылғы «___» қаңтар

Жақындауға тыйым салуға рұқсат беру туралы өтінішхатты сот

алдында қозғау туралы

ҚАУЛЫ

 

 

20__ ж. 12 қаңтар Атырау қ.

 

Атырау облысының ЭСЖжҚД ТБ тергеушісі, қаржы полициясының аға лейтенанты К.К.Қасымов №15231003100002 қылмыстық істің материалдарын, сондай-ақ жәбірленуші А.Үмбетқалиевтен келіп түскен жазбаша өтінішті қарастырып,

 

АНЫҚТАДЫ:

20__ жылғы 12 қаңтарда сағат 22:00-де «Береке» кафесінде пышақпен қорқыта отырып, А.Умбетқалиевтен «Айфон 6» маркалы ұялы телефонын ашых ұрлап кетті, сол арқылы қылмыстық іс-әрекеттерімен соңғысына 300 000 теңге мөлшерінде материалдық зиын келтірілген, бостандықта жүріп өзінің қылмыстық іс-қмылын жалғастыруы және процестің басқа қатысушыларына қауіп төндіруі мүмкін, сондай-ақ іс-әрекетіне шектеу қозғау қажет.

Жазылғандардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 155, 165-баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

1. Күдіктіге тыйым салуға рұқсат беру туралы Атырау қаласының № 2 сотының алдында өтініш берілсін:

Аты-жөні: Біләлов Серік Сәкенұлы

Туған күні: 01.01.1970 ж.т.

Туған жері: Атырау қ.

Отбасылық жағдайы: бойдақ

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Ұлты: қазақ

Соттылығы: бұрын сотталған

Тұрғылықты мекенжайы: Атырау қ. Азатты көшесі 7-үй, 6-пәтер.

Жеке басын куәландыратын құжат: №001002003007, 2 ай мерзімге, яғни 20__жылғы 12 қаңтардан бастап 20__ жылғы 12 наурызға дейін 09 сағат 00 минуттан 22 сағат 00 минутқа дейінгі уақыт кезеңінде А. Үмбетқалиевке жақындауға.

3. С.С.Біләловтің жақындауға тыйым салуды орындауына бақылау Атырау қаласының ІІБ-ға учаскелік инспектор А.Әбіловке жүктелсін.

4. Осы қаулының көшірмесі Атырау қаласының прокурорына жіберілсін, күдікті С.С.Біләловке, қорғаушы А.Тілешоваға, қорғалатын тұлға А.Үмбетқалиевке және бақылауды жүзеге асыратын орган Атырау қаласының ІІБ-ға полиция учаскелік инспектор А.Әбіловке тапсырылсын.

 

 

Атырау облысының

ЭСЖжҚД ТБ тергеушісі

қаржы полициясының аға лейтенанты(қолы)К.К.Қасымов

 

 

Осы қаулының көшірмесі мыналарға тапсырылды:

 

20__ жылғы «12» қаңтарда 10 сағ.00 мин. (қолы) С.Біләловке

 

Қорғаушыға берілді:

20__ жылғы «12» қаңтарда 10 сағ.00 мин. (қолы) А.Тілешеваға

 

Қорғалатын тұлғаға берілді:

20__ жылғы «12» қаңтарда 11 сағ.00 мин. (қолы) А.Үмбетқалиевке

 

Бақылауды жүзеге асыратын органға берілді:

20__ жылғы «12» қаңтарда 11 сағ.00 мин. (қолы) А.Әбіловке

 

 

Атырау облысының

ЭСЖжҚД ТБ тергеушісі

қаржы полициясының аға лейтенанты(қолы)К.К.Қасымов

 

Адамды күдікті деп тану туралы

ҚАУЛЫ

 

 

20__ жылғы 19 қыркүйек Тараз қ.

 

Тараз қаласының ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі полиция лейтенанты Н.Ж.Оразалиев №15311003100001 қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

 

АНЫҚТАДЫ:

 

20__ж. 1 қаңтарда шамамен 06.00-де кәмелеттік толмаған Иван Сергеевич Петров, 25.02.1999 ж.т., Тараз қаласында «Қарасу» шағын ауданының № 17 үйінің жанында 15.05.1998 ж.т. Еркебұлан Асқарұлы Мамыровтың өмірі мен денсаулығына қауіпті зәбір қолдану жолымен ашық түрде одан 21 500 теңге сомасына мүлкін тонаған және қылмыс болған жерден қашып кеткен.

Іс бойынша ҚР ҚК 192-бап. 2-б. 5-т. көзделген – ауырлату жағдайларын кезіндегі қарақшылық қылмысты жасауда И.С.Петровты күдікті деп тану үшін негіз болатын айғақтардың жеткілікті жиналғанын назарға алып, ҚР ҚПК 198, 202, 205-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Кәмелетке толмаған Иван Сергеевич Петров 25.02.1999. ж.т. осы іс бойынша күдікті ретінде танылсын.

2. Осы қаулының көшірмесі Тараз қаласының прокурорына жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы күдіктіні және оның қорғаушысына хабарлансын.

 

 

Тараз қаласының

ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі

полиция лейтенанты(қолы) Н.Ж.Оразәлиев

 

 

Осы қаулымен маған 20__ жылғы 19 қыркүйекте күдік жарияланды және оның мәні түсіндірілді ______________ И.С.Петров

 

ҚР ҚПК-нің 202-бабының талаптарына сәйкес маған ҚР ҚПК-нің 64-бабында көзделген мынадай: ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіме тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алу; өзіме не үшін күдік келтірілгенін білу; өз бетімше немесе өзімнің туыстарым немесе сенім білдірген адамдарым арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы ҚПК-тің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті; іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзімді азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалану; таңдаған немесе тағайындалған қорғаушыммен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесу; күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушым қатысып отырған кезде ғана айғақ беру; күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алу; айғақ беруден бас тарту; дәлелдемелерді ұсыну; өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеу; ана тілінде немесе өзім білетін тілде айғақ беру; аудармашының тегін көмегін пайдалану; өз өтінішхатым бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысу; заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға; тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарымды баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіру және процестік келісімді жасасу; өзімнің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беру; тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіру; өзімнің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғау; сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіме сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде ҚПК-тің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыру; тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысу және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алу, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіру; қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіру; жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзімнің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзімді қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуі, сондай-ақ олардың көшірмелерін алу; өзіме қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзім көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беру
құқықтары түсіндірілді.

 

Күдікті _____________ Қорғаушы _______________

Тараз қаласының

ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі

полиция лейтенанты(қолы) Н.Ж.Оразәлиев

 

Көшірмесін алдым _____________ И.С. Петров

 

 


 

Қылмыстық сот ісінің тілін өзгерту туралы

ҚАУЛЫ

 

 

20__ жылғы 19 қыркүйек Тараз қ.

 

Тараз қаласының ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі полиция лейтенанты Н.Ж.Оразәлиев №15311003100001 қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Қылмыстық істі тергеу кезінде кәмелетке толмаған күдікті И.С.Петров пен оның заңды өкілдеріне ҚР ҚПК-нің 30-бабының талаптары түсіндірілді, оның барысында олардан ана тілі – орыс тілінде еркін сөйлейтіндеріне байланысты, сотқа дейінгі іс жүргізуді орыс тілінде жүргізуді қалайтыны туралы өтініш хаты келіп түсті.

Кәмелетке толмаған күдікті И.С.Петровтың Тараз қаласындағы № 49 орыс орта мектебінде оқитындығын есепке ала отырып, қылмыстық іс жүргізу тілін өзгертудің қажеттілігі туындады.

Жазылғандардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 30, 64, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

1. Осы қылмыстық іс бойынша қылмыстық іс жүргізу тілін орыс тіліне ауыстырылсын.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын, бұл туралы оларға осы қаулыны қолхат арқылы жариялансын.

3. Қаулы жобасын Тараз қаласының прокурорына мәлімет үшін жіберілсін.

Тараз қаласының

ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі

полиция лейтенанты(қолы) Н.Ж.Оразәлиев

 

Қаулымен таныстым: ________________ И.С.Петров

 

20___ж. «____»____________

 

Тараз қаласының

ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі

полиция лейтенанты(қолы) Н.Ж.Оразәлиев

 

 

Аудармашыны тағайындау туралы

ҚАУЛЫ

 

20__ жылғы 19 қыркүйек Тараз қ.

 

Тараз қаласының ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі полиция лейтенанты Н.Ж.Оразәлиев №15311003100001 қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Қылмыстық істі тергеу барысында ҚР ҚПК-нің 30-бабына сәйкес іс бойынша сот ісін жүргізу тілі орыс тілі таңдап алынғанымен, кәмелетке толмаған жәбірленуші Е.А.Мамыров заң өкілінің қатысуымен ана тілі – қазақ тілінде баяндайтыны анықталды.

Істегі барлық жағдайларды зерттеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге байланысты және жәбірленуші мен күдіктінің қатысуымен бірқатар тергеу амалдарын өткізу мақсатында осы іс бойынша орыс және қазақ тілдерін еркін меңгерген аудармашы – білімі аударма үшін қажет Тараз Мемлекеттік заң университетінің қазақ тілінің оқытушысы Айгүл Амангелдіқызы Жұмабаеваны, 29.09.1973ж.т. тағайындау қажеттілігі туындайды.

Жазылғандардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 81, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Айгүл Амангелдіқызы Жұмабаева, 29.09.1973ж.т. №15311003100001 қылмыстық іс бойынша аудармашы етіп тағайындалсын, бұл туралы оған осы қаулыда қолхат арқылы хабарласын.

 

Тараз қаласының

ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі

полиция лейтенанты(қолы) Н.Ж.Оразәлиев

 

 

Маған ҚР ҚПК-нің 81-бабының 3-бөлігінде көзделген аудармашының мынадай, атап айтқанда: 1) аударманы жүзеге асыру кезiнде қатысатын адамдарға аударманы нақтылау үшiн сұрақтар қою; 2) жүргiзуiне өзiм қатысқан тергеу әрекеттерінің немесе өзге де процестік әрекеттердiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығы мен дұрыстығына қатысты, хаттамаға енгiзілуге жататын ескертулер жасау; 3) егер оның аудару үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тарту; 4) қылмыстық процестi жүргізетін органның әрекеттерiне шағым келтіру; 5) егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысу оның лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, өзімнің тергеу әрекеттеріне және өзге де процестік әрекеттерге қатысуына байланысты шеккен шығыстарына өтем және орындаған жұмысы үшiн сыйақы алу; 6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеу құқығы түсіндірілді.


Аудармашы: ___________________Д.Смағұлова

 

 

Тараз қаласының

ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі

полиция лейтенанты(қолы) Н.Ж.Оразәлиев

 

Осы қаулыны маған хабарлады

20__ ж. «___»__________ ___________________

(аудармашының қолы)


Көрінеу дұрыс аудармағаны үшін қылмыстық

жауапкершілік туралы аудармашыны

ЕСКЕРТУ ТУРАЛЫ ҚОЛХАТ

 

 

20__ жылғы 19 қыркүйек Тараз қ.

 

Маған, Айгүл Амангелдіқызы Жұмабаеваға 9.09.1973 ж.т. №15311003100001 қылмыстық іс бойынша Тараз қаласының ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі полиция лейтенанты Н.Ж.Оразәлиев ҚР ҚК-нің 420, 123-баптары бойынша көрнеу дұрыс аударма жасағаным үшін және сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария еткенім үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілдім.

а) Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініш;

ә) іс жүргізуде қылмыстық істі қабылдау туралы қаулы;

б) Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағанына күдіктену бойынша ұсталған тұлғаны босату туралы қаулы.

 

 

Аудармашы: _______________

 

Қолхатты алдым:

 

Тараз қаласының

ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі

полиция лейтенанты(қолы) Н.Ж.Оразәлиев

 

 


Қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы

ҚАУЛЫ

20__ жылғы 19 қыркүйек Тараз қ.

 

Тараз қаласының ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі полиция лейтенанты Н.Ж.Оразәлиев №15311003100001 қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

20__ж. 1 қаңтарда шамамен 06.00-де кәмелеттік толмаған Иван Сергеевич Петров, 25.02.1999 ж.т., Тараз қаласында «Қарасу» шағын ауданының № 17 үйінің жанында 15.05.1998 ж.т. Еркебұлан Асқарұлы Мамыровтың өмірі мен денсаулығына қауіпті зәбір қолдану жолымен ашық түрде одан 21 500 теңге сомасына мүлкін тонаған және қылмыс болған жерден қашып кеткен.

Күдікті И.С.Петровтың кәмелеттік жасқа толмағандығын, ал ҚР ҚПК-нің 67-б. 1-б. 2-т. талаптарына сәйкес қылмыстық іс бойынша іс жүргізуде қорғаушының қатысуы міндетті екендігін назарға ала отырып, кәмелетке толмаған күдікті И.С.Петровқа білікті заң көмегін ұсынудың қажеттілігі туындады.

Қылмыстық істі тергеу кезінде кәмелетке толмаған күдіктінің заңды өкілдерінен №1 Алматы заң консультациясынан адвокатты – Николай Иванович Аюповты тағайындау туралы өтініш хаты келіп түсті.

Жазылғандардың негізінде ҚР ҚПК 67, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. №15311003100001 қылмыстық іс бойынша №1 Алматы заң консультациясынан адвокат Николай Иванович Аюпов, 25.03.1962т.ж. қорғаушы ретінде тартылсын.

2. Николай Иванович Аюповқа қорғаушының құқықтары мен міндеттері түсіндірілсін.

3. Қабылданған шешімдер туралы барлық мүдделі тұлғаларға хабарласын

4. Осы қаулының көшірмесі Тараз қаласының прокурорына жіберілсін.

 

Тараз қаласының

ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі

полиция лейтенанты(қолы) Н.Ж.Оразәлиев

 

Қаулы маған 20___ «___»__________ жарияланды және ҚР ҚПК-нің 66, 67, 68-баптарында көзделген құқықтар мен міндеттер бір уақытта түсіндірілді.

Қорғаушы: ________________Н.И.Аюпов

 

Тараз қаласының

ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі

полиция лейтенанты(қолы) Н.Ж.Оразәлиев

 


Қорғаушыны ауыстыру туралы

ҚАУЛЫ

 

20__ жылғы 19 қыркүйек Тараз қ.

 

Тараз қаласының ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі полиция лейтенанты Н.Ж.Оразәлиев №15311003100001 қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

20__ж. 1 қаңтарда шамамен 06.00-де кәмелетке толмаған Иван Сергеевич Петров, 25.02.1999 ж.т., Тараз қаласында «Қарасу» шағын ауданының № 17 үйінің жанында 15.05.1998 ж.т. Еркебұлан Асқарұлы Мамыровтың өмірі мен денсаулығына қауіпті зәбір қолдану жолымен ашық түрде одан 21 500 теңге сомасына мүлкін тонаған және қылмыс болған жерден қашып кеткен.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдіктіге қатысты кәмелет жасқа толмағанды қарауға берутүрінде бұлтартпау шарасын қолдану қажеттілігі туындады, алайда күдікті таңдап алған қорғаушы жиырма төрт сағат ішінде белгіленген уақытта келмеді.

Осыған байланысты кәмелетке толмаған күдіктіге басқа қорғаушыны шақыру ұсынылды, ол бұрын тағайындалған қорғаушы Н.И.Аюпов келгенге дейін адвокаттардың кәсіби ұйымы арқылы қорғаушы ұсынуға тілегін білдірді.

Жазылғандардың негізінде ҚР ҚПК 6-бабының4-бөлігін басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Сотқа дейінгі тергеулердің Бірыңғай тізілімінде 01.01.20__ж. №15311003100001 енгізілген, сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің қорғаушысы ретінде шақырылған Николай Иванович Аюпов Тараз қаласының заң конторының адвокатына ауыстырылсын.

2. Қабылданған шешімдер туралы барлық мүдделі тұлғаларға хабарласын.

3. Осы қаулының көшірмесі Тараз қаласының прокурорына жіберілсін.

 

Тараз қаласының

ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі

полиция лейтенанты(қолы) Н.Ж.Оразәлиев

Қаулымен таныстым, құқықтар мен міндеттерім маған түсіндірілді:

 

20__ жылғы «___» _______ ____________ (Қорғаушының аты-жөні, қолы)

 


 

Кәмелетке толмаған күдіктінің заңды өкілі деп тану туралы

ҚАУЛЫ

 

 

20__ жылғы 19 қыркүйек Тараз қ.

 

Тараз қаласының ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі полиция лейтенанты Н.Ж.Оразәлиев №15311003100001 қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

 

АНЫҚТАДЫ:

 

 

20__ж. 1 қаңтарда шамамен 06.00-де кәмелетке толмаған Иван Сергеевич Петров, 25.02.1999 ж.т., Тараз қаласында «Қарасу» шағын ауданының № 17 үйінің жанында 15.05.1998 ж.т. Еркебұлан Асқарұлы Мамыровтың өмірі мен денсаулығына қауіпті зәбір қолдану жолымен ашық түрде одан 21 500 теңге сомасына мүлкін тонаған және қылмыс болған жерден қашып кеткен.

Осы факті бойынша кәмелетке толмаған Иван Сергеевич Петровтың іс-қимылы ҚР ҚПК 192-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша жіктелді - қарақшылық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолданумен ұласқан шабуыл.

ҚР ҚПК-нің 537-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмаған күдіктінің ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдері бар болған кезде олардың іске қатысуы міндетті.

Кәмелетке толмаған күдікті И.С. Петровтың қылмыстық қудалау органдарының алдында кәмелетке толмаған ұлы И.С.Петровтың заңды өкілі ретінде қатысуға өтініш беретін жақын туысы ретінде әкесі – Сергей Владимирович Петров, 13.02.1975ж.т. және анасы Антонина Анатольевна Петрова, 27.04.1977ж.т. бар.

Кәмелетке толмаған И.С. Петровтың жасаған қылмыстық құқықбұзушылығы бойынша іске оның заңды өкілдері тартылатындығын назарға ала отырып, ҚР ҚПК 75, 537, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Сергей Владимирович Петров, 13.02.1975ж.т. және Антонина Анатольевна Петрова, 27.04.1977ж.т. сотқа дейінгі іс жүргізу материалдары бойынша кәмелетке толмаған күдікті И.С. Петровтың заңды өкілдері деп танылсын, бұл туралы оларға қолхат арқылы хабарлансын.

2. Қаулының көшірмесі Тараз қаласының прокурорына жіберілсін.

 

Тараз қаласының

ІІБ ПБ-1 ТБ-ның тергеушісі

полиция лейтенанты(қолы) Н.Ж.Оразәлиев