Александр Сергеевич Петровтан, 18.07.1974 ж.т. 5 страница

Жәбірленушінің құқықтары мен міндеттері маған түсіндірілді.

 

Жәбірленуші:(қолы)И. Иванов

Қарағанды қ. ІІБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты(қолы)А.А. Бақытбаев

Жәбірленушіден жауап алу

ХАТТАМАСЫ

 

20__ жылғы 4 қыркүйек Сарань қ.

 

Жауап алу басталды: 9 сағ. 15 минут.

Жауап алу аяқталды: 10 сағ. 15 минут.

 

Қарағанды қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты АА. Бақытбаев мына мекенжай бойынша орналасқан: Қарағанды қ., Ермеков көшесі, 122, Қарағанды қ. ІІБ-де №1 кабинетте ҚПК 115, 199, 214, 71-баптарына сәйкес жәбірленуші ретінде №14357203100555 қылмыстық іс бойынша жауап алды:

 

Тегі, аты, жөні: Иванов Иван Иванович

Туған жылы: 01.09.1979жылы туған

Туған жері: Қарағанды қ., Қарағанды облысы

Ұлты: орыс

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі: жоғары техникалық

Отбасы жағдайы: бойдақ

Жұмыс орны, лауазымы: «Строй ЛТД» ЖШС инженер

Тұратын жері: Қарағанды қ., Жамбыл көш. 9-11

Байланыс телефоны: 87773151515

Паспорт немесе басқа да құжаттар: жеке куәлік №987654321 07.07.2005ж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі берген

Сотталғандығы: сотталмаған

Жәбірленушінің күдіктіге қатысы: бейтарап

 

ҚР ҚПК-ның 110, 210, 214-баптарына сәйкес жәбірленуші И.И. Ивановқа ҚР ҚПК-ның 71-бабының талаптарына сәйкес іс үшін маңызы бар қандай да бір мән-жай белгілі болуы мүмкін кез келген адам айғақтар беру үшін жәбірленуші ретінде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкін екендігі туралы түсіндірілді.

Жәбірленушінің: келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; дәлелдемелерді ұсынуға; өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; өкілінің болуына; қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға; заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға; өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;
өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға; сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға; өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге; өзін жәбірленуші деп тану немесе танудан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға; бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерінде сөйлеуге; айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға; сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио-, бейнетіркеу қолданылған жағдайда – хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы; қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге; соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға; іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге және оларды қарауға қатысуға; өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге құқығы бар.

ҚПК-тің 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, жәбірленушіге заң көмегі тегін көрсетіледі.

Жәбiрленушi: қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша барлық белгiлi мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi.

Жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде ол ҚПК-тің 157-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және оған ҚҚПК-тің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкiн.

 

Жәбірленуші: И.И. Иванов __________________

 

Жәбiрленушi айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергенi үшiн заңға сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.

Қылмыстық құқық бұзушылықпен өзіне мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады.

Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға, оның ішінде қорғалуға құқығы бар жәбірленушіге ҚР ҚПК 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.

 

Жәбірленуші: И.И. Иванов __________________

 

Жәбірленуші И.И. Иванов құқықтарымен және міндеттерімен танысқаннан кейін: «Айғақ беруден бас тартпаймын, оны өзім еркін білетін орыс тілінде беремін, аудармашының және адвокаттың көмегін пайдаланбаймын, бұл менің материалдық жағдайыма байланысты емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына мұқтаж емеспін» деді.

 

 

Жәбірленуші: И.И. Иванов __________________

 

Істің белгілі жағдайлары туралы қойылған сұрақтың мәні бойынша жәбірленуші И.И. Иванов мынаны көрсетті:

Жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша жалғыз тұрамын, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрған жоқпын.

20__ жылғы 1 қыркүйекте шамамен сағат 21:00-де мен өзімнің қызым Ксения Александровна Флиртовамен «Фарт» кафесінде кездестім. Сол кеште мен оған ұсыныс жасағым келген.

Дүйсенбі болғандықтан, мен мекемеде көп адам болмайды деп ойладым.

Сонымен қатар, біз онда кездескен кезде, залдың екінші басында бізден басқа бір нәрсені тойлап жатқан 10-15 адамнан тұратын компания отырды. Сондықтан, мен қызыма кешкі ас ішіп, одан кейін үйіне жеткізіп салатынымды айттым.

Біз бір сағаттай әңгімелесіп отырдық, одан кейін біздің үстелімізге мас күйінде болған жас жігіт келіп, Ксенияны биге шақырды.

Менің қызым бас тартты, бір мезгілде мен де оның жалғыз емес екенін және одан аулақ жүруін ескерттім.

Алайда ол жігіт тұрып алды. Одан кейін мен оны өз компаниясына апарсам, олар оған қарайды деп ойладым. Өйткені жігіттің мас екені анық көрініп тұрды.

Мен оны қолынан ұстап «Жүр достарыңа апарайын» деп айтқанымда ол қымбат шарапты алып үстелге ұрып сындырып, үшкір жағымен менің қолымды және ішімді жарақаттады. Қанды көргенде есімнен танып қалдым.

Есімді жинаған кезде қасымда менің қызымнан басқа ешкім болған жоқ.

Күзетшілер жаңағы жігітті ұстап алыпты, ал оның қасындағы адамдар әкімшімен бірнәрсе туралы келіскілері келді.

_________________

 

Сұрақ: Сіз бұрын күдікті Н.Қ. Қазтаевты білетін бе едіңіз? Оны жақтырмайтындай жағдайдасыз ба?

Жауап: Жоқ. Н.Қ. Қазтаевты бұрын білген жоқпын. Оны жақтырмайтындай жағдайда емеспін, өйткені ол менің халімді білуге емханаға келіп, кешірім сұрады және есінде ештене жоқ екенін айтып, алкогольді көтере алмайтынын, ал оның әріптестері ішуге мәжбүрлегендерін түсіндірді. Бұдан басқа, ол менің емделуімді төлейтінін және келтірілген залалдың орнын толтыратынын айтты.

_________________

 

Сұрақ: Сіз Н.Қ. Қазтаевтың қылмыстық жауапкершілікке тартылуын қалайсыз ба?

Жауап: Жоқ, қаламаймын. Маған келтірілген залал өтелгеннен кейін онымен татуласқым келеді.

_________________

 

Сұрақ: Өзіңізге келтірілген залалды қаншаға бағалайсыз?

Жауап: Емделуді есепке ала отырып, келтірілген залалды 227 000 теңгеге бағалаймын.

_________________

 

Жәбірленуші: И.И. Иванов _________________

 

Жауап алған, хаттама жасаған:

Қарағанды қ. ІІБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты(қолы) А.А. Бақытбаев


Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің өкілінесотқа дейінгі іс жүргізуге қатысуға рұқсат беру туралы

ҚАУЛЫ

 

20__ жылғы 4 қыркүйек Қарағанды қ.

 

Қарағанды қ. ІІБ тергеушісі аға лейтенант А.А. Бақытбаев№14357203100555 қылмыстық істің метриалдарын қарастырып,

 

АНЫҚТАЛДЫ:

20__жылғы 1 қыркүйектешамамен сағат 22:00-деН.Қ. Қазтаев, мына мекенжай бойынша:Қарағанды қ.,Мангитогорская көшесіндегі 8-үйде орналасқан «Фарт» кафесінде, алкогольдік мас күйінде, маңызы жағынан болмашы, бұзақылық ниетпен денсаулыққа зиян келтіру үшін лайықталған заттарды пайдалана отырып, өзiнiң әрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiгiн ұғынып, қоғамға қауіпті зардаптардың туындауын алдын ала болжай отырып, қасақана И.И. Ивановқа ауырлық дәрежесінің жеңіл түріне жататын дене жарақатын салды, сондай-ақ 20 000 теңге сомасына «Фарт» ЖШС-нің мүлкін қиратты.

Мүлікті бұзу бөлігінде іс бойынша жәбірленуші болып заңды тұлға – «Фарт» ЖШС танылды, оған 20 000 теңге сомасында мүліктік залал келтірілді.

ҚПК-нің 71-бабының 12-бөлігіне сәйкес, егер жәбірленуші болып заңды тұлға танылса, онда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады.

20__жылғы 2 қыркүйектегі № 1111 сенімхатқа сәйкес «Фарт» ЖШС-нің мүддесін қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында Иван Иванович Петров жүзеге асырады.

Жазылғаннның негізінде ҚПК-нің 71, 76, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

Ивана Иванович Петровқа жәбірленушінің, азаматтық талапкер өкілі ретінде сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысуға рұқсат берілсін.

Шешім қабылдау туралы мүдделі тараптарға хабарлансын.

 

Қарағанды қ. ІІБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты(қолы)Н.Қ. Қазтаев

Таныстым:

Жәбірленушінің өкілі(қолы)И.И. Петров

 

Азаматтық жауапкер өкілінесотқа дейінгі іс жүргізуге

қатысуға рұқсат беру туралы

ҚАУЛЫ

20__ жылғы 20 қыркүйектегі Қостанай қ.

Қостанай қаласы ІІБ ПЗБ ТБ-нің тергеушісі полицияның аға лейтенанты У.К. Әбдібеков №143911031001396 қылмыстық істің материалдарын қарастырып,

 

АНЫҚТАЛДЫ:

20__жылғы 30 мамырда сағат 23.00 шамасында В.В. Найденко
Л.А. Губановпен және В.В. Соколовпен алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында пайдакүнемдік ниетпен, бөтен мүлікті иемденіп алу мақсатында, заңсыз, ілініп тұрған құлыпты жұлып алып, мына мекенжайы бойынша орналасқан: Қостанай қаласы Абай даңғылы, 75-үйге кіріп келіп, қабырғалардан батериялар мен құбырларды жұлып алып, жасырып алып, «БК Құрылыс» ЖШС-ге жалпы сомасы 150 290 теңгеге елеулі материалдық залал келтірді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында «БК Құрылыс» ЖШС-нің сенімхаты бойынша өкілі С.В. Жадькодан жалпы сомасы 150 290 теңге материалдық залалды күдіктілерден өндіріп алу туралы талап-арыз келіп түсті.

Алдын ала тергеу барысында күдікті В.В. Соколовтың қорғаушысы оның әкесі А.В. Соколов танылды, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қорғаушы А.В. Соколовтан сотқа дейінгі іс жүргізуге оның азаматтық жауапкер өкілінің қатысуын тану туралы өтінім келіп түсті.

Жазылғаннның негізінде ҚПК-нің 75, 77, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Азаматтық талапкердің өкілі А.В. Соколовқа сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысуға рұқсат берілсін, ол туралы оған хабарлансын.

Қостанай қаласы ІІБ ПЗБ ТБ-нің

тергеушісі полицияның

аға лейтенанты(қолы) У.К. Әбдібеков

 

Қаулы маған 20__жылғы 20 қыркүйекте хабарландырылды, ҚР ҚПК-нің 77-бабында көзделген құқықтар азаматтық жауапкердің өкілі
А.В. Соколовқа түсіндірілді.

Азаматтық жауапкер өкілі ____________ А.В.Соколов

 

Қостанай қаласының

№2 сотының төрағасы

А.К. Қалмұхамбетовке

 

Азаматтық талапкер:

А.А.Иванов

20.01.1975 жылы туған

Қостанай қ., Абай к., 200

Жауапкер:

В.В.Сидоров

15.05.1988 жылы туған

Қостанай қ., Толстой к., 99

 

 

ТАЛАП АРЫЗ

 

20__жылғы 20 тамызда сағат 20.00 шамасында В.В. Сидоров пайдакүнемдік ниетпен, бөтен мүлікті құпия иемденіп алу мақсатында, мына мекенжайы бойынша орналасқан: Қостанай қаласы Абай көшесі, 200-үйде бола отырып, маған тиесілі, маркасы «IPhoneS5» ұялы телефонды құпия жасырып әкетіп, маған жалпы сомасы 150 000 теңгеге елеулі материалдық залал келтірді.

Жазылғанның негізінде ҚПК-нің 38-42, 167-баптарын, ҚР ҚПК-нің 150-бабын басшылыққа ала отырып,

 

 

МЫНАЛАРДЫ:

1.Мені азаматтық талапкер деп тануды.

2.В.В. Сидоров тигізген 150 000 (жүз елу мың) теңге сомасында материалдық залалды менің пайдама өндіріп алуды.

3.Осы талап арызды қамтамасыз етуге шаралар қабылдауды өтінемін.

 

 

Талапкер: А.А.Иванов ________________

(қолы)

20__ жылғы 20 қыркүйек

 

Өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту (ішінара бас тарту) туралыҚАУЛЫ

 

 

20__ жылғы 10 қаңтар Қостанай қ.

 

Қостанай қаласы ІІБ-нің тергеушісі полицияның аға лейтенанты
П.А. Иванов №143911031001396 қылмыстық іс бойынша А.Ю. Петровтың өтінішхатын қарастырып,

 

АНЫҚТАЛДЫ:

Күдікті А.Ю. Петров 20__ жылғы 10 қаңтарда, құрамында қылмыстық құқық бұзушылықтардың болмауына байланысты оған қатысты қылмыстық істі тоқтата тұру туралы №15391003100010 қылмыстық іске өтінім ұсынды, өйткені осы қылмыстық құқық бұзушылықты ол жасамаған болатын.

Аталған өтінімхат мынадай негіздемелер бойынша қанағаттандыруға жатпайды: А.Ю. Петровтың қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі, атап айтқанда И.А. Марков мырзадан маркасы «Нокиа Х7» ұялы телефонын ашық ұрлағаны қылмыстық іс материалдарымен, бейнебақылау камерасының жазбаларымен, куәгерлер Р.А. Сериков пен В.К. Кравченконың айғақтары толық көлемде дәлелденді.

ҚР ҚПК-нің 99-бабының 3-бөліктерін, 198-бапты және 297-баптың
6-бөлігін басшылыққа ала отырып, -

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

1. № 15391003100010 іс бойынша күдікті А.Ю. Петровтың 20__ жылғы
10 қаңтардағы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартылсын.

2. Қаулының көшірмесі А.Ю. Петровқа берілсін және осы шешім
ҚР ҚПК-нің 297-бабының 6-бөлігіне сәйкес, қаулы көшірмесін алған сәттен бастап үш тәулік ішінде прокурорға немесе төрешіге шағым жасауға болатындығы түсіндірілсін.

 

Қостанай қ. ІІБ-нің

тергеушісі

полицияның аға лейтенанты(қолы) П.А.Иванов

Қаулымен таныстым, қаулы көшірмесін алдым, оған шағым жасау құқығы маған түсіндірілді:

20__ жылғы 10 қаңтар _____________ А.Ю.Петров

 

Қостанай қ. прокуроры

аға әділеткеңесшісі

А.И. Ерекешев

__________________________

(қолы)

20__ жылғы 20 қыркүйек

Куәландыруды жүргізу туралы

ҚАУЛЫ

20__ жылғы 20 қыркүйек Қостанай қ.

Қостанай облысының ІІД ҚҚБ-нің тергеушісі полиция капитаны
Г.Р. Ибраев №14391003100075қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

 

АНЫҚТАЛДЫ:

20__ жылғы 26 тамызда облыстың ІІД ҚҚБ-ге А.А. Альбрандт Әулиекөл АІІБ қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтінішпен жүгінді, олар 20__ жылғы 23 тамызда Әулиекөл ауданының Күшмұрын ауылында оған себепсіз дене жарақаттарын келтірді.

Жазылғанның негізінде және ҚР ҚПК-нің 198, 223-баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1.Өтініш беруші А.А. Альбрандтқа куәландыру жүргізілсін

2.Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

3. Қаулы көшірмесі прокурорға жіберілсін.

Қостанай облысының

ІІД ҚҚБ-нің тергеушісі

полиция капитаны(қолы) Г. Ибраев

 

Қаулымен таныстым, құқықтарым мен міндеттерім маған түсіндірілді:

 

20__ жылғы 20 қыркүйек____________________ А.А. Альбрандт

 


Адамдарды куәландыру

ХАТТАМАСЫ

 

 

20__ жылғы 20 қыркүйек Қостанай қ.

 

Қостанай облысы ІІД ҚҚБ тергеушісі Г.Р. Ибраев №14391003100075 қылмыстық істі тергеуге байланысты жылғы 20 қыркүйектегі Қостанай қ. Прокуроры рұқсат еткен куәландыруды жүргізу туралы қаулысының негізінде, ҚР ҚПК-нің 223, 224-баптарның талаптарына сәйкес, маман – соттық-медициналық сарапшы (дәрігер) Д.В. Каменскийдің, сондай-ақ қатысушы куәгерлер Қостанай қ. тұратын, 8-7-15, А.А. Ивановтың қатысуымен, Қостанай қ. тұратын, 9-15-37, В.В. Сидоровтың қатысуымен:

куәландыру жүргізді: А.А. Альбрандт, ол туралы ҚР ҚПК-нің 199 және 224-баптарына сәйкес осы хаттама жасалды.

Тексеру барысында барлық қатысушыларға тексеру процесінде жүргізілетін барлық іс-қимылдар кезінде олардың болу, хаттамаға енгізуге жататын ескертулер жасау құқығы туралы түсіндірілді. Тексеру жүргізуге қатысатын адамдарға да ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптары: олардың жүргізілген процестік әрекеттері туралы мәліметті таратпау міндеттері туралы, сондай-ақ тіркеудің техникалық құралдарын, оларды пайдалану шарттары мен тәртіптерін қолдану туралы түсіндірілді:

«Панасоник» маркалы бейнекамера

Куәгер: ________________ А.А.Иванов

(қолы)

Куәгер: ________________ В.В.Сидоров

(қолы)

 

Тергеуші Қостанай қ. прокуроры рұқсат берген А.А. Альбрандтқа куәландыруды жүргізу және оның өз еркімен куәландырудан өтуді ұсынғандығы туралы қаулыны ұсынды.

Жүргізілген куәландырумен мыналар белгіленді:

А.А. Альбрандттаекі жоғарғы қол ұштарының, денесінің, сол жақ санының қанталауы, басының оң жақ бөлігінде қара жарақат, екі құлақ қалқаны, беті, сол жақ тізе буыны жарақаттары түрінде дене зақымдары белгіленді.

Анықталған іздер немесе ерекше белгілері фотосуретке түсірілді (бейнетүсіру пайдаланылды) одан кейін тергеу әрекеті бейнежазбасы бар СД-дискі № 1 конвертке салынып, оған сүргі соғылды.

Хаттамамен таныстым: А.А. Альбрандт пен Д.В. Каменскийдің жеке оқуы арқылы

 

Қатысушылар:

1. А.А.Альбрандт________________ / ________________ /

(қолы)

2. Д.В.Каменский________________ / ________________ /

(қолы)

 

Куәгерлер:

1. А.А. Иванов ____________________ / ________________ /

(қолы)

2. В.В.Сидоров____________________ / ________________ /

(қолы)

 

Қостанай облысының

ІІД ҚҚБ-нің тергеушісі

полиция капитаны(қолы) Г. Ибраев

 

 


ШАҚЫРУ ҚАҒАЗЫ

ШАҚЫРУ ҚАҒАЗЫНЫҢ ТҮБІРТЕГІ Азаматша __________ Н.Н. Маурердің_______ атына 20__ жылғы «_15_»_03_ сағат «__15:00____» № 1400116000001 қылмыстық іске__________ ( нөмір) _____ жәбірленуші ретінде жауап алу ____________ (іс жүргізу әрекетінің атауы) қатысуды қамтамасыз ету үшін Қорғалжын ауданының АІІБ-нің (сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының мекенжайы) № _____210_________ кабинетіне, _______келуге шақыру қағазы. АЛДЫМ _________________________________ (шақыру қағазын алу және ҚР ҚПК-нің _________________________________ 157, 421-баптарының мазмұнымен танысу туралы тұлғаның қолы) _________________________________ (қолға беру немесе танысу фактісін растайтын басқа да деректер)   Шақыру қағазын берді_________ Тергеуші А.А.Ахметов _________________________________ (шақыру қағазын берген тұлғаның қолы)   20__жылғы«_14___» ___03_____ ШАҚЫРУ ҚАҒАЗЫ Қорғалжын ауылы Молдағұлова көшесі 38/6 мекенжайы бойынша тұратын азаматша __Маурер Нина Николаевна, (тегі, аты, әкесінің аты) ҚР ҚПК-нің 208-бабының талаптарына сәйкес Сізге20__ жылғы «_15_»_03_ сағат «__15:00____» _____ жәбірленуші__________ ретінде__________ (шақыртылған тұлға бар іс жүргізу мәртебесі) № 1400116000001 қылмыстық іске ( нөмір) _____ жәбірленуші ретінде жауап алу ____________ (іс жүргізу әрекетінің атауы) қатысуды қамтамасыз ету үшін Қорғалжын ауданының Болғанбаев көшесі 12 Қорғалжын АО АІІБ-нің (сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының аату мен мекенжайы, байланыс құралы) № _____210_________ кабинетінекелу қажет.   ҚР ҚПК-нің 157-бабы. Шақыруға келмеу салдарлары: Күдікті, сотталушы, сондай-ақ куәгер, жәбірленуші дәлелдi себептерсiз келмей қалған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғаның, соттың уәждемелі қаулысы бойынша келуден бас тартқан куәгерге, жәбірленушіге қатысты ҚР ҚК-нің 421-бабында көзделген шараларды бір уақытта қабылдай отырып, мәжбүрлеп әкелуге (мәжбүрлеп жеткізуге) ұшырауы мүмкін. Тұлғаның шақыруға келмеудің дәлелді себептері: Шақыру туралы хабарлама тиесілі тұлғаның келмеуінің дәлелді себептері мыналар болып танылады: 1) тұлғаның келу мүмкіндігінен айыратын ауыруы; 2) жақын туыстарының қайтыс болуы; 3) апаттық жағдайлар; 4) белгіленген мерзімде тұлғаның келу мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер.   Тергеуші А.А.Ахметов м.о. 20__ жылғы «_15_» ___05__