Александр Сергеевич Петровтан, 18.07.1974 ж.т. 6 страница

 

Мәжбүрлеп жеткізу (күштеп әкелу) туралы

ҚАУЛЫ

15.03.20__ ж. Қорғалжын ауылы

Қорғалжын АІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны А.А.Ахметов
№ 141160003100001 қылмыстық іс материалдарын қарап,

АНЫҚТАДЫ:

15.07.2013 жылы шамамен сағ. 15.00-де Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылында Бутов Николай Александрович, 25.04.1993 жылы туылған, Ә.Молдағұлова көшесі, 38/6 үйде тұратын 10.12.1952 жылы туылған әжесі Нина Николаевна Маурердің үйіне келеді. Әжесі үйінде болмаған және үйге кіретін есік жабық болған. Есіктің ауласынан ол жасыл түсті үш дөңгелекті мотореллердің кузовы тұрғанын көреді, онда бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау пығылы туындайды, ол оның қылмыстық әрекеттерін ешкімнің көріп тұрмағанын пайдаланып, мотороллер кузовына еркін қол жеткізіп, жеке пайдакүнемдік мақсатта аталған мотороллер кузовын ұрлап, оқиға болған жерден жасырынған.

Қылмыс жасады деген күдікті: Бутов Николай Александрович, 25.04.1993 жылы туылған, ҚР азам білімі арнайы орта, үйленбеген, сотталмаған, Қорғалжын ауылы, Күмісбеков, 25-үй мекенжайы бойынша тұрады.

Күдікті Н.А. Бутовтың тергеуден жасырынуы мүмкін екендігін назарға ала отырып, ҚР ҚПК-нің 198 бабы, 157-бабы 1-бөлігінің талаптарын басшылыққа алып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Күзетпен қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасын қолдану туралы мәселені қарау үшін күдікті Бутов Николай АлександровичҚорғалжын ауылы, Болғанбаев көш., 12мекенжайы бойынша Қорғалжын АІІБ полиция бөлімшесіне мәжбүрлеп жеткізілсін.

2. Осы қаулы орындау үшін Қорғалжын АІІБ-нің ӘПБ-ке жіберілсін.

 

 

ҚорғалжынАІІБ ТБ

тергеушісі

полиция капитаны (қолы) А.А.Ахметов

 

Куәдан жауап алу

ХАТТАМАСЫ

 

17.03.20__ ж. Қорғалжын ауылы

 

Жауап алу басталды: 15 сағат 05 минут.

Жауап алу аяқталды: 16 сағат 20 минут.

 

Қорғалжын АІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны А.А.АхметовҚорғалжын ауданы Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көш., 12мекенжайы бойынша орналасқан Қорғалжын АІІБ ғимаратында №210 қызметтік кабинет бөлмесінде ҚР ҚПК-нің 60, 78, 110, 115, 197, 199, 208, 209, 210, 212, 214-баптарын басшылыққа ала отырып, мына төменде көрсетілген адамнан куә ретінде жауап алды:

 

Тегі, аты әкесінің аты: Сатыбаев Сүйіндік Боранбайұлы,

Туған күні: 01.01.1978 ж.т.;

Туған жері: Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылы;

Азаматтығы: ҚР;

Ұлты: қазақ;

Білімі: орта;

Отбасы жағдайы: үйленген;

Тұратын жері: Қорғалжын ауданы Сабынды ауылы,

ұ.т. 8-7751460777;

Жұмыс орны: уақытша жұмыс істемейді;

Жеке басын куәландыратын құжаттар: жеке куәлігі №020723848

ҚР Әділет министрдігі 11.09.2007 жылы берген;

Соттылығы: сотталмаған

Куәның күдіктіге қатынасы: таныс емес

 

ҚР ҚПК-нің 110, 214-баптарына сәйкес куә С.Б. Сатыбаевқа оның ҚР ҚПК-нің 78-бабының талаптарына іс үшiн маңызы бар қандай да бір мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам айғақтар беру үшiн куә ретiнде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн екені түсіндірілді.

Мыналар:

1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздерiне белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы – судья, алқаби;

2) аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – аралық судья немесе төрешi;

3) өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – күдіктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның қорғаушысы, сол сияқты олардың заңды өкілдері, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердiң өкiлi, сондай-ақ куәнің адвокаты;

4) тәубаға келу үстінде өзіне белгiлi болған мән-жайлар туралы – дiни қызметшi;

5) өзiнiң жасының толмауына не психикалық немесе дене кемiстiктерiне байланысты іс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға және олар туралы айғақ беруге қабiлетсiз адам;

6) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – медиатор;

7) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы куә ретінде жауап алынуға жатпайды.

Куәнiң:

1) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға;

2) өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге;

3) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;

4) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;

5) жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға;

6) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге құқығы бар.

Куәнің өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілеген уақытта келмеуі куәдан жауап алуды жүргізуге кедергі келтірмейді.

Куәның қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шеккен шығыстарын оған өтеу қамтамасыз етіледі.

Куә:

1) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге;

2) іс бойынша болғанның бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге;

3) егер өзіне бұл туралы анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, іс бойынша өзіне белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге;

4) тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

Куә, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куә, осы Кодекстiң 223 және 271-баптарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға тартылмайды.

 

 

Куә:______________ (Сатыбаев С.Б.)

 

Куә жалған айғақтар бергенi, айғақтар беруден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауаптылықта болады. Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.

 

Куә:______________ (Сатыбаев С.Б.)

 

Бұдан басқа, куә _____________ ҚР ҚК-нің 420, 421-баптары бойынша жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруденжалтару үшін қылмыстық жуаптылық туралы, сондай-ақ келуден немесе өзінің міндеттерін дәлелді себептерсіз орындаудан бас тарту немесе жалтару үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.

 

Куә:______________ (Сатыбаев С.Б.)

 

Құқықтарымен және міндеттерімен танысып, куә ____________ мынаны мәлімдеді: «Жауап беруден бас тартамын/бас тартпаймын, жауапты _________ тілінде беруді қалаймын, ол тілді еркін меңгерменмін, аудармашының және адвокаттың қызметін қажет етемін/қажет етпеймін, бұл менің материалдық жағдайына байланысты емес, _____ қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қажет/қажет емес».

 

Куә:______________ (Сатыбаев С.Б.)

 

Істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы қойылған сұрақтың мәні бойынша куә С.Б. Сатыбаев келесіні көрсетті: мен жоғарыда аталған мекенжайында тұрамын, нарколог және психиатр дәрігерлерінде есепке тұрған жоқпын, менің Қорғалжын ауданыСабынды ауылының жанында мал шаруашылығы базам бар. 27.09.2012 жылы мен Астана қаласында болдым, Сабынды ауылының тұрғыны, менің жақын танысым Саутбеков Байзыхан өзінің «Белорусь ЮМЗ» маркалы тракторында менің мал шаруашылығы базама үш түп пресстелген сабанды тегін әкеліп берген, ол туралы мен кейін ғана білдім. осыдан кейін мен Сабынды ауылына келдім,Байзыхан маған осы сабанды кімнен алғанын айтқан жоқ, мен де ол туралы сұрамадым. Сол кезде мен полиция қызметкерлерінен Байзыханның маған әкеп берген сабаннын ұрланған екенін білдім, бірақ мен ол туралы – сабанның қылмыстық жолмен алынғанан бұрын білмегем, Байзыхан маған ол туралы айтпаған. Мәні бойныша басқа қосарым жоқ.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Куә:____________ (Сатыбаев С.Б.)

 

Жауап алған:

ҚорғалжынАІІБ ТБ

тергеушісі

полиция капитаны (қолы) А.А.Ахметов

 

Куәдан қосымша жауап алу

ХАТТАМАСЫ

 

16.03.20__ ж. Қорғалжын ауылы

 

Жауап алу басталды: 18 сағат 10 минут.

Жауап алу аяқталды: 20 сағат 00 минут.

 

Қорғалжын АІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны А.А.АхметовҚорғалжын ауданы Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көш., 12мекенжайы бойынша орналасқан Қорғалжын АІІБ ғимаратында №210 қызметтік кабинет бөлмесінде ҚР ҚПК-нің 60, 78, 110, 115, 197, 199, 208, 209, 210, 211, 212, 214-баптарын басшылыққа ала отырып, мына төменде көрсетілген адамнан куәден ретінде қосымша жауап алды:

 

Тегі, аты әкесінің аты : Борзов Виталий Игоревич,

Туған күні: 02.01.1995 ж.т.,

Туған жері: ҚорғалжынауданыҚорғалжын аулы,

Ұлты: орыс

Азаматтығы: ҚР азаматы

Білімі: орта,

Отбасы жағдайы: үйленбеген,

Жұмыс, оқу орны: уақытша жұмыс істемейді,

Жеке басын куәландыратын құжаттар: өзінде құжат болмаған,

Соттылығы: бұрын сотталмаған,

Тұратын жері, байланыс телефондары: Қорғалжын ауылы

Карл Маркса көш., 1-үй, 3-пәтер, ү.т. 22199, ұ.т. 87781564439.

 

ҚР ҚПК-нің 110, 214-баптарына сәйкес куә В.И. Борзовқа оның ҚР ҚПК-нің 78-бабының талаптарына іс үшiн маңызы бар қандай да бір мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам айғақтар беру үшiн куә ретiнде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн екені түсіндірілді.

Мыналар:

1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздерiне белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы – судья, алқаби;

2) аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – аралық судья немесе төрешi;

3) өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – күдіктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның қорғаушысы, сол сияқты олардың заңды өкілдері, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердiң өкiлi, сондай-ақ куәнің адвокаты;

4) тәубаға келу үстінде өзіне белгiлi болған мән-жайлар туралы – дiни қызметшi;

5) өзiнiң жасының толмауына не психикалық немесе дене кемiстiктерiне байланысты іс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға және олар туралы айғақ беруге қабiлетсiз адам;

6) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – медиатор;

7) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы куә ретінде жауап алынуға жатпайды.

Куәнiң:

1) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға;

2) өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге;

3) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;

4) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;

5) жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға;

6) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге құқығы бар.

Куәнің өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілеген уақытта келмеуі куәдан жауап алуды жүргізуге кедергі келтірмейді.

Куәның қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шеккен шығыстарын оған өтеу қамтамасыз етіледі.

Куә:

1) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге;

2) іс бойынша болғанның бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге;

3) егер өзіне бұл туралы анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, іс бойынша өзіне белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге;

4) тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

Куә, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куә, осы Кодекстiң 223 және 271-баптарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға тартылмайды.

 

Куә:______________ (Борзов В.И.)

 

Куә жалған айғақтар бергенi, айғақтар беруден бас тартқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауаптылықта болады. Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәға ҚР ҚПК-нің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.

 

Куә:______________ (Борзов В.И.)

 

Бұдан басқа, куә _____________ ҚР ҚК-нің 420, 421-баптары бойынша жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтару үшін қылмыстық жуаптылық туралы, сондай-ақ келуден немесе өзінің міндеттерін дәлелді себептерсіз орындаудан бас тарту немесе жалтару үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.

 

Куә:______________ (Борзов В.И.)

 

Құқықтарымен және міндеттерімен танысып, куә ____________ мынаны мәлімдеді: «Жауап беруден бас тартамын/бас тартпаймын, жауапты _________ тілінде беруді қалаймын, ол тілді еркін меңгерменмін, аудармашының және адвокаттың қызметін қажет етемін/қажет етпеймін, бұл менің материалдық жағдайына байланысты емес, _____ қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қажет/қажет емес».

 

Куә:______________ (Борзов В.И. )

 

 

Істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы қойылған сұрақтың мәні бойынша куә В.И. Борзов келесіні көрсетті: 27.02.2013 жылы шамамен 21.30 сағатта мен көшеде қыдырайық деп, Қорғалжын ауылы Шабатов көшесінде тұратын өзімнің жолдасым Василий Осипкинге бардым. В. Осипкиннің үйіне барғанда, мен онымен кездестім, біз екеуіміз ортақ танысымыз
А. Молдағұлова көшесінде тұратын Владимир Конекке бардық, біз бұған дейін де В. Осипкин екеуіміз кешкі уақытта оның үйіне барып, сол жақтан әртүрлі көшелерге барып, қыдырып жүретінбіз. В. Конектің үйіне барғаннан кейін біз В. Осипкин екеуіміз В. Конек үйінің ауласында В. Конектің өзі мен біздің ортақ танысымыз Сункар Тулепбековті кездестік, осыдан кейін
В. Конектің ауласына біздің ортақ танысымыз Александр Андреев келді, біз бесеуіміз, яғни мен, В. Осипкин, Сункар Тулепбеков, А. Андреев және В. Конектің өзі В. Конектің ауласында әңгімелесіп кеттік. Әңгіме барысында Сункар Тулепбеков бізге оның інісі Султан Тулепбековті «Сұңқар» мектеп-интернатында ренжіткенін айтып, бізге «Сұңқар» мектеп-интернатына бірге барып, інісі үшін кек алуды, яғни оны ренжіткенді ұрып-соғуды сұрады, бұған В. Конектен басқа барлығымыз келістік. Осыдан кейін, мен,
А. Андреев, В. Осипкин Сункар Тулепбековпен бірге А. Андреевтің «Урал» маркалы мотоцикліндее «Сұңқар» мектеп-интернатына кеттік. «Сұңқар» мектеп-интернатына келіп, біз төртеуіміз оның аумағына кірдік, сол кезде шамамен 21.45 сағат болған, дала қараңғы еді. Осыдан кейін біз «Сұңқар» мектеп-интернаты ғимаратының есігіне жақындадық, Сункар бізді – маған, А. Андреев пен В. Осипкинге мектеп-интернаты ғимараты есігінен 10-15 метр жерде күтуді сұрады, біз сол жерде күтіп қалдық, ал Сункардың өзі ғимараттың есігіне қарай барды, оны інісі Султан Тулепбеков қарсы алды, олар екеуі ғимараттың ішіне кірді, одан әрі есіктің сыртынан шу естілді, барлығысы жүгіріп жүрді, есіктен ағайынды Сункар ме Султан шықты, өздерімен маған таныс емес пішіні азиаттық типтегі мектеп-интернатының оқушысын киімінен жұлып, алып шықты. Одан әрі қарай, Сункар мен Султан ол жігітті жерге қарға құлатты, бұл есіктен сол жақта 2 метр жерде болды. Сункар маған және А. Андреев пен В. Осипкинге осы баланы бірге ұрып-соғуға шақырды, бірақ біз оған тақамадық. Бұдан кейін Сункар мен Султан жерге жатқан баланы бүкіл денесі бойынша қолдарымен және аяқтарымен ұрды. Осы уақытта мектеп-интернат ғимаратының ішінен 2-3 оқушы жігіттер шықты, Сункар бізге оларды өздеріне, яғни сол жігітті ұрып жатқан Сункар мен Султанға жақындатпау туралы айғайлап айтты. Біз – мен, А. Андреев пен В. Осипкин сол жігіттерге қарай жақындай бастадық, осы кезде, олардың біреуі өзігің белбеуін алып бізге қарай сермеді, біз қорқып қалып, орнымызда тұра бердік, оларға жақындамадық. Осыдан кейін мектеп-интернат ғимаратынан оның қызметкері Валерий Григорьевич Криминский шықты, ол бірдене деп айқай салды, біз барлығымыз – мен, А. Андреев, В. Осипкин және Сункар сыртқа қарай, яғни мектеп-интернат қоршауы қақпасына қарай жүгірдік, біз В. Осипкин екеуіміз В. Осипкиннің үйіне қарай жүгірдік, сол жерде шамалы тұра түрғаннан кейін мен өзімнің үйіме қайттым. Ал Сункар Тулепбеков пен А. Андреев бірге қашты, оларды сол күні мен басқа көрген жоқпын. Өзімнің үйіме шамамен 23.00 сағатта келдім, түнгі асты ішіп, компьютерде отырдым, шамамен түнгі 01.00 сағатта мен анамның ұялы телефоны арқылы өзімнің «vagabond_2@mail.ru» логинім бойынша агентке кірдім, онда «sunkar_1993@mail.ru» логины бойынша Сункар Тулепбековпен СМС хабарламаларымен алмастым, ол маған агентте СМС арқылы бізден кейін тағы да мектеп-интернатқа барғанын, барлық оқушыларды ұрып-соққанын, кейін көріскенде барлығысын айтатынын жазды, мен одан егжей-тегжей ештеңе сұраиадым. Бұдан кейін мен агенттен шығып, кино көрдім де ұйықтауға жатып қалдым. Сункар Тулепбековті өте ашушаң, дөрекі, агрессивті жігіт ретінде білемін. Ол жақсы төбелеседі, одан көбі, тіпті жақын достары да қауіптенеді, ол менің жақын танысым. Балалар арасында өте беделді, біз барлығымыз одан қорқақтаймыз.

__________________________________________________________________

 

Куә:______________ (Борзов В.И.)

Жауап алған:

ҚорғалжынАІІБ ТБ

тергеушісі

полиция капитаны (қолы) А.А.Ахметов

 


Қорғануға құқығы бар куәдан жауап алу

ХАТТАМАСЫ

 

17.05.20__ ж. Қорғалжын ауылы

Жауап алу басталды: 17 сағат 20 минут.

Жауап алу аяқталды: 19 сағат 20 минут.

 

Қорғалжын АІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны А.А.АхметовҚорғалжын ауданы Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көш., 12мекенжайы бойынша орналасқан Қорғалжын АІІБ ғимаратында №210 қызметтік кабинет бөлмесінде ҚР ҚПК-нің 60, 66 ч.3, 68, 78, 110, 115, 197, 199, 208, 209, 210, 212, 214-баптарын басшылыққа ала отырып, қорғаушы _______________ қатысуымен, мына төменде көрсетілген қорғануға құқығы бар адамнан куә ретінде жауап алды:

 

Тегі, аты әкесінің аты: Сәрсенов Асхат Амантаевич,

Туған күні: 15.01.1980 ж.т.;

Туған жері: Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылы;

Азаматтығы: ҚР;

Ұлты: қазақ;

Білімі: жоғары

Отбасы жағдайы: үйленген;

Тұратын жері: Қорғалжын ауданы Сабынды ауылы,

ұ.т. 8-7751460777;

Жұмыс орны: уақытша жұмыс істемейді;

Жеке басын куәландыратын құжаттар: жеке куәлік №020723848 ҚР Әділет министрлігі 12.09.2009 жылы берген;

Соттылығы: сотталмаған.

 

ҚР ҚПК-нің 110, 214-баптарына сәйкес А.А. Сәрсеновке оның ҚР ҚПК-нің 78-бабының талаптарына іс үшiн маңызы бар қандай да бір мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам айғақтар беру үшiн қорғануға құқығы бар куә ретiнде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн екені түсіндірілді.

Қорғалуға құқығы бар куәнің:

1) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соқтыратын айғақтар беруден бас тартуға;

2) өз бетінше немесе үшінші тұлғалар арқылы адвокат шақыртуға;