Александр Сергеевич Петровтан, 18.07.1974 ж.т. 12 страница

Сарапшының қорытындысымен танысып, күдікті былай мәлімдеді:

___ескертулер мен өтініштерім жоқ_______________________________

 

Сарапшының қорытындысымен таныстырылған адамның қолы:

______ И. Иванов

 

Қорғаушы:__________________________________________________

 

Заңды өкілі (куә , жәбірленуші)__________________

 

Құқықтарымен таныстырған және хаттаманы жасаған:

Жамбыл ауданы

ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны(қолы)Ж.Ж.Ташмаханова


Сарапшыдан (маманнан) жауап алу

ХАТТАМАСЫ

 

«01» қаңтар 20__ ж. Пресновка ауылы

 

Жауап алу басталды: 10 сағат 15 минут.

Жауап алу аяқталды: 10 сағат 45 минут.

 

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитан Ж.Ж. Ташмаханова қызметтік кабинетінде ҚР ҚПК-нің79 (80), 210, 212, 285-баптарын басшылыққа алып, сарапшыдан (маманнан)

жауап алды:

 

Тегі, аты әкесінің аты: __Мусин_Жеңіс Берікұлы_____________

Туған күні: __17.09.1961_________________________

Туған жері: __Петропавл қаласы____________________

Ұлты: __қазақ________________________________

Азаматтығы: __ҚР_________________________________

Білімі: __ жоғары_____________________________

Отбасы жағдайы: __ үйленген______________________________

Жұмыс орны, лауазымы _ ҚР Әділет министрлігінің СолтүстікҚазақстанИнститутының сарапшысы

Тұрғылықты жері: __Петропавл қаласы, Мир көш., 156, 36_____

Байланыс телефоны: __46-39-03_____________________________

Паспорты немес басқа құжаттар: _жеке куәлігі №145632 ҚР ІІМ 14.02.2001 жылы берген

 

ҚР ҚПК-нің 79-бабының 7-бөлігіне сәйкес сот сараптамасы органдарының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.

 

Жауапалуды бастаудың алдында маман _____________________ ҚР ҚПК-нің 80-бабының 3,4 және 5-бөліктерінде көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

 

Маманның қолы _______________

 

Бір мезгілде маманға дәлелдi себептерсiз өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн ҚР ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы туралы түсіндірілді.

 

Маманның қолы _______________

Істің белгілі мән-жайлары туралы қойылған сұраққа сарапшы (маман) ___________ келесіні көрсетті

Мәні бойынша келесіні түсіндіремін, 01.01.20__ жылы Сот сапатамасы институтына СҚО Жамбыл ауданының ІІБ-ден И. Ивановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот-фонографиялық сараптаманы тағайындау туралы қаулымен бірге мөрленген конверт түсті.

Түскен пакетті қарап-тексеру кезінде ол тұтас, тергеуші мөрлеген, бүлінген жерлері болмаған, оны цифрлық фотоаппарат арқылы бекітіліп, сарапшының қорытындысына қоса тіркелді. Пакетті ашқан кезде онда жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде алынған Иванов сөз сөйлеуінің еркін үлгілері қамтылған «Гном» маркалы цифрлық диктофон, сондай-ақ Ивановтың дауысы мен сөздерінің эксперименталды үлгілері қамтылған «Олимпус» маркалы цифрлық диктофон болды.

Салыстырып зерттеу барысында «Гном» маркалы цифрлық диктофонға жазылған дауыстың И.И. Ивановқа тиесілі екені анықталды. Осыдан кейін мен Иванов әңгімесі мәтінінің сөзбе-сөз мазмұнын зерттедім, ол 01.01.20__ жылғы №158 сараптама қорытындысында келтірілген.

Тергеушінің сұрағы: 01.01.20__ жылғы №158 қорытындыда Сіз берілген дыбысжазбадағы 7 мин. 30 секундтан бастап 8 мин. 02 секундқа дейінгі кезеңдегі әңгіменің мазмұнын бөтен шуға байланысты анықтау мүмкін болмады деп көрсетісіз. Бұл неге байланысты болуы мүмкін?

Жауап: Стенограмманың мәтіндік мазмұнындағы осы ақау жазып отырған құрылғы микрофонының шу көздеріне жақын орналасуына, сондай-ақ аппаратураның уақытша бұзылып қалуына байланысты туынды мүмкін еді. Бір мезгілде сонымен бірге, жанама белгілер осы кезеңде әңгіменің болмағанын да көрсетеді.

 

 

Жауап алған:

Жамбыл ауданы

ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны(қолы)Ж.Ж.Ташмаханова

 


 

__________

(құпиялық гирфі)

Шымкент қаласы ІІБ ПБ

Әл-Фараби ауданының

КПБ бастығы

А.А. Ахметовке

Орынға жасырын кіруді және тексеруді жүргізу туралы

ТАПСЫРМА

 

"01" қазан 20__ ж. Шымкент қаласы

 

Мен, Шымкент қаласы ІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің тергеушісі полиция капитаны А.А.Аблаев№14777999111 қылмыстық істі тергеудемін.

30.09.20__ жылы полиция бөліміне Шымкент қаласы Байтұрсынов көш., 15-47 мекенжайы бойынша тұратын Д.О. Мырзаев жүгінді, ол 30.09.20__ жылы 02:00 және 05:00 сағат арасында белгісіз адамдап кілті таңдап алып, оның тұрғын үйіне кіріп, оның диагоналі 72 дюйм, сериялық нөмірі №159643879256Сони маркалы теледидарды және сериялық нөмірі №8965412359 екі камералы ақ түсті Самсунг маркалы тоңазытқышты, жалпы сомасы 257 000 теңгені құрайтын мүлікті ұрлап кеткенін айтты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Шымкент қаласы Байтұрсынов көш.,16-89 мекенжайы бойынша «Айдар» мен «Жорик» деген есімді бұрын пайдалануда болған тұрмыстық техниканы сатумен айналысатын және бұрын меншікке қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған ер адамдардың тұратыны туралы айқын ақпарат түсті, сондай-ақ аталған адамдар жәбірленушінің көршісі берген сипаттамаға да дәл келді.

Қылмыстық іс бойынша олардың мүддесін қозғайтын қылмыстық процеске тартылған адамдарға хабарламай, дәлелденуге жататын мән-жайларды, фактілер туралы мәліметтерді анықтау үшін ҚР ҚПК-нің 232, 247-баптарын басшылыққа алып, тапсырамын:

1. «Айдар» мен «Жорик» деген есімді ер адамдарға қатысты «02.10.20__» бастап «06.10.20__» дейін кезеңде Байтұрсынов көш., 16-89 мекенжайы бойынша орналасқан пәтерге жасырын кіріп, оны тексеру жүргізілін.

2. Жасырын тергеу әрекетіның нәтижелері туралы дереу маған 87771112233 телефоны бойынша хабарлансын.

 

Шымкент қаласы ІІБ

Әл-Фараби полиция бөлімінің тергеушісі

полиция капитаны(қолы) А.Аблаев

__________

 

 

«02» қазан 20__ ж. бастап

«06» қазан 20__ ж. дейін5 тәулік мерзімге

БЕКІТЕМІН Әл-Фараби ПБ бастығы Г.Л.Аренов САНКЦИЯ БЕРЕМІН Әл-Фараби ауданының прокуроры Бимен Б.Б.

Орынға жасырын кіруді және(немесе) тексеру туралы

ҚАУЛЫ

"02" қазан 20__ ж. Шымкент қаласы

 

Шымкент қаласы ІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Ж.Е. Байзаков№14777999111 қылмыстық іс бойынша тергеуші А.А.Аблаевтың 20__ж. «02» қазандағы №7 жеке тапсырмасын, сондай-ақ жасырын тергеу әрекетін жүргізудің негізділігін растайтын материалдарды қарап,

 

АНЫҚТАДЫ:

30.09.20__ жылы полиция бөліміне Шымкент қаласы Байтұрсынов көш., 15-47 мекенжайы бойынша тұратын Д.О. Мырзаев жүгінді, ол 30.09.20__ жылы 02:00 және 05:00 сағат арасында белгісіз адамдап кілті таңдап алып, оның тұрғын үйіне кіріп, оның диагоналі 72 дюйм, сериялық нөмірі №159643879256Сони маркалы теледидарды және сериялық нөмірі №8965412359 екі камералы ақ түсті Самсунг маркалы тоңазытқышты, жалпы сомасы 257,000 теңгені құрайтын мүлікті ұрлап кеткенін айтты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Байтұрсынов көш., 16-89 мекенжайы бойынша «Айдар» мен «Жорик» деген есімді бұрын пайдалануда болған тұрмыстық техниканы сатумен айналысатын және бұрын меншікке қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған ер адамдардың тұратыны туралы айқын ақпарат түсті, сондай-ақ аталған адамдар жәбірленушінің көршісі берген сипаттамаға да дәл келді.

Жазылғандардың негізінде, ҚР ҚПК-нің 233 және 247-баптарын басшылыққа алып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Іске қатысты заттар мен нәрселерді табу мақсатында Шымкент қаласы Байтұрсынов көш., №89 үйдегі №16 пәтерге кіру және тексеру жүргізілсін.

2. Осы қаулының орындалуын ҚР ІІМ-нің ОҚО бойынша Жетінші Басқармасына тапсырылсын.

3. Барлық алынған материалдар А.А.Аблаевқа қапталған және мөрленген түрде берілсін.

 

 

Шымкент қаласы ІІБ

Әл-Фараби ПБ жедел уәкілі

полиция капитаны (қолы) Ж.Е.Байзақов

КЕЛІСІЛДІ

ҚР ІІМ-нің ОҚО бойынша

Жетінші Басқармасының бастығы(қолы)Ф.Бекболов

_____________

(құпиялылық белгісі)

Жасырын тергеу әрекетіның нәтижелерін зерттеу

ХАТТАМАСЫ

"03" қазан 20__ ж. Шымкент қаласы

 

Басталды: 10 сағ. 00 мин.

Аяқталды: 11 сағ. 00 мин.

 

Шымкент қаласы ІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің тергеушісі полиция майоры А.А.Аблаев полиция бөлімі әкімшілік ғимаратының №24 қызметтік кабинетінде ҚР ҚПК-нің 47, 124, 199 және 238-баптарының талаптарын сақтай отырып, Шымкент қаласы Байтұрсынов көш., №89 үйдегі №16 пәтерге кіру және тексеру – жасырын тергеу әрекетіның MicroflashSDфлеш-картасы жеткізгішінде қамтылған нәтижелерін зерттеуді жүргізді, ол туралы осы хаттаманы жасады.

Зерттеу объектісі Micro flash SDфлеш-картасы болып табылады, ол дербес қызметтік компьютерде Media Player бағдарламасы арқылы көрсетіледі, цифрлық жазбаның ұзақтығы 12 минутты құрайды.

Бейнежазбада екі бөлмелі пәтерді қарап-тексеру үзінділері бар, онда ас бөлмесіндегі шаруашылық заттар, №1 жатын бөлмедегі төсек пен шкаф, №2 жатын бөлмедегі төсек, сондай-ақ балконда тұрған Самсунг маркалы тоңазытқыш пен Сони маркалы теледидар анық көрінеді.

Қарап-тексеруден кейін бейнежазба жеткізгіші конвертке қапталды, ол желімделді және «пакеттер» үшін мөрімен бекітілді.

Конвертке мынадай жазу жазылды: «14777999111 қі бойынша бейнежазба материалы».

Конверт куәгерлер мен тергеушінің қолтаңбаларымен бекітілді.

Осымен тергеу әрекеті аяқталды.

Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды, дұрыс жазылды, тергеу әрекетін жүргізу бойынша және хаттаманың мазмұны бойынша ескертулер мен толықтырулар

_________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Хаттаманы жасаған:

 

Шымкент қаласы ІІБ

Әл-Фараби полиция бөлімінің тергеушісі

полиция майоры(қолы) А.Аблаев

Әл-Фараби ауданының

Прокуроры

әділет кеңесшісі

Б.Б. Бименге

 

Санкция берілген жасырын тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы

Хабарландыру

 

 

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 234-бабының 3-бөлігіне сәйкес №14777999111 сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша 30.09.20__ жылы
Д.О.Мырзаевтан ұрлау фактісі бойынша қылмыстық оқиғаны тергеу барысында Шымкент қаласы Байтұрсынов көш., №89 үйдегі №16 пәтерге кіру және тексеру – жасырын тергеу әрекеті жүргізілгенін, оның барысында қылмыстық іс үшін маңызы бар заттай дәлелдемелер туралы мәліметтердің анықталғанын хабарлаймын.

Шымкент қаласы ІІБ

Әл-Фараби полиция бөлімінің тергеушісі

полиция майоры(қолы) А.Аблаев

 


«Айдар» мен «Жорик» есімді ер адамдарды ҚР ҚК-нің 188-бабы
2-бөлігінің 3-тармағымен көзделген қылмыс жасады деген күдік бойынша №14777999111 қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі 3 айға дейін, яғни 20__ жылғы «30» желтоқсанға дейін

 

«ҰЗАРТАМЫН»

Әл-Фараби ауданының

прокуроры

әділет кеңесшісі

_______________ Б.Б.Бимен

«30» қараша 20__ жыл

Бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне № 14777999111 енгізілген

сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін ұзарту туралы

ӨТІНІШ

 

"30" қараша 20__ ж. Шымкент қаласы

 

Шымкент қаласы ІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің тергеушісі полиция майоры А.А.Аблаев№ 14777999111 қылмыстық іс материалдарын қарап,

 

АНЫҚТАДЫ:

 

30.09.20__ жылы полиция бөліміне Шымкент қаласы Байтұрсынов көш., 15-47 мекенжайы бойынша тұратын Д.О. Мырзаев жүгінді, ол 30.09.20__ жылы 02:00 және 05:00 сағат арасында белгісіз адамдап кілті таңдап алып, оның тұрғын үйіне кіріп, оның диагоналі 72 дюйм, сериялық нөмірі №159643879256Сони маркалы теледидарды және сериялық нөмірі №8965412359 екі камералы ақ түсті Самсунг маркалы тоңазытқышты, жалпы сомасы 257,000 теңгені құрайтын мүлікті ұрлап кеткенін айтты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Байтұрсынов көш., 16-89 мекенжайы бойынша «Айдар» мен «Жорик» деген есімді бұрын пайдалануда болған тұрмыстық техниканы сатумен айналысатын және бұрын меншікке қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған ер адамдардың тұратыны туралы айқын ақпарат түсті, сондай-ақ аталған адамдар жәбірленушінің көршісі берген сипаттамаға да дәл келді.

Осы факт бойынша Шымкент қаласы Байтұрсынов көш., №89 үйдегі №16 пәтерге кіру және қарап-тексеру – жасырын тергеу әрекеті жүргізілгенін, алайда бұл тергеу әрекеті нәтиже бермеді.

Осыған байланысты, пайдалануда болған тұрмыстық техниканы қабылдау пункттері мен сату нүктелерінде сұраулар мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қажет.

Жасырын тергеу әрекеттері белгілі бір адамдарды бақылауға байланысты болады.

Аталған тергеу әрекеттерін жүргізу үшін бір айдан кем емес мерзім қажет.

Жазылғандардың негізінде ҚР ҚПК-нің 192,198-баптарын басшылыққа алып,

 

1. 20__ жылы «30» қыркүйектеБірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде № 14777999111 енгізілген материал бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі 3 айға дейін, яғни 20__ жылғы 30 желтоқсанда дейін ұзартудыСҰРАЙМЫН.

2. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы барлық мүдделі адамдарға хабарлансын.

Шымкент қаласы ІІБ

Әл-Фараби полиция бөлімінің тергеушісі

полиция майоры(қолы) А.Аблаев


Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы

ҚАУЛЫ

"30" желтоқсан 20__ ж. Шымкент қаласы

 

Шымкент қаласы ІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің тергеушісі полиция капитаны А.А.Аблаев№ 14777999111 қылмыстық іс материалдарын қарап,

АНЫҚТАДЫ :

 

30.09.20__ жылы полиция бөліміне Шымкент қаласы Байтұрсынов көш., 15-47 мекенжайы бойынша тұратын Д.О. Мырзаев жүгінді, ол 30.09.20__ жылы 02:00 және 05:00 сағат арасында белгісіз адамдап кілті таңдап алып, оның тұрғын үйіне кіріп, оның диагоналі 72 дюйм, сериялық нөмірі №159643879256 Сони маркалы теледидарды және сериялық нөмірі №8965412359 екі камералы ақ түсті Самсунг маркалы тоңазытқышты, жалпы сомасы 257,000 теңгені құрайтын мүлікті ұрлап кеткенін айтты.

Осы іс бойынша бір қатар тергеу әрекеттері жүргізілді, алайда олар тиісті нәтиже бермеді, қазіргі уақытта қылмыс жасаған адам анықталмады.

Жазылғандардың негізінде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімінің өтіп кетуін назарға алып, ҚР ҚПК-нің 198-бабын, 45-бабы 7-бөлігінің 1-тармағын басшылыққа алып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Адамдардың анықталмауына байланысты №1477799911 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілсін.

2. Қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

3. Қаулыға прокурорға шағымдану құқықтары бір мезгілде түсіндіріліп, қабылданған шешім туралы барлық мүдделі адамдарға хабарлансын.

 

 

Шымкент қаласы ІІБ

Әл-Фараби полиция бөлімінің тергеушісі

полиция капитаны(қолы) А.Аблаев

 

 


 

Күдіктіге іздеу жариялау туралы

ҚАУЛЫ

 

 

"24" маусым 20__ ж. Өскемен қ.

 

 

Өскемен қаласы ІІБ ТБ тергеушісі, полиция капитаны А.Б. Қуанбаевтың №14631003101152 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын қарай отырып,

 

 

АНЫҚТАҒАНЫ:

 

09.04.20__ жылы сағат 19:30 шамасында, Н.К. Қанжекенов және Б.Т. Күшқаев М.Горький көшесі, 56 мекенжайы бойынша орналасқан «Пицца-Блюз» кофеханасында болып, қоғамды ашықтан-ашық сыйламаудың негізінде, азамат Д.А. Әбдрахмановқа бұзақылық ниетпен, қасақана дене жарақатын салды.

Сонымен бірге, осы істегенімен қоймай, Н.К. Қанжекенов үстел үстінде жатқан пышақты алып, азамат Д.А. Әбдрахмановтың ішінен екі рет ұрған, сот-медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес осының салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген.

09.04.20__ жылы осы дерек ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлімі 2 тармағыбойынша Өскемен қаласы ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

10.04.20__ жылы осы дерек ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлімінің 7-тармағы бойынша Өскемен қаласы ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

10.06.20__ жылы Б.Т. Күшқаевқа қатысты ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлімінің 2-тармағы бойынша күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылды, алайда оның күдіктінің қайда екенін анықтау мүмкін болмады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша Б.Т. Кушкаевтың кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтардың жиналғанын ескере отырып, оған іздеу жариялау қажеттілігі туындады.

Осы айтылғандардың негізінде, ҚР ҚПК 198-бабын және 45-бабы 7-бөлімінің 3-тармағын басшылыққа ала отырып,

 

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1.1986 жылы 3 наурызда дүниеге келген, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының тумасы, Өскемен қаласы, Новаторов, 12-78 мекенжайында тұратын күдікті Күшқаев Бақытбек Назарбекұлына іздеу жариялансын.

2.Іздеу Өскемен қаласы ІІБ КПБ қызметкерлеріне тапсырылсын.

3.Осы қаулының көшірмесі Өскемен қаласы ІІБ КПБ-ға орындау үшін жіберілсін, Өскемен қаласының прокурорына мәлімет үшін жіберілсін.

 

 

Өскемен қаласы

ІІБ ТБ тергеушісі,

полиция капитаны(қолы)А. Қуанбаев

 


 

Материалдарды жеке іс жүргізуге бөлу туралы

ҚАУЛЫ

"24" маусым 20__ ж. Өскемен қ.

 

Өскемен қаласы ІІБ ТБ тергеушісі, полиция капитаны А.Б. Қуанбаевтың №14631003101152 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын қарай отырып,

АНЫҚТАҒАНЫ:

09.04.20__ жылы сағат 19:30 шамасында, Н.К. Қанжекенов және Б.Т. Күшқаев М.Горький көшесі, 56 мекенжайы бойынша орналасқан «Пицца-Блюз» кофеханасында болып, қоғамды ашықтан-ашық сыйламаудың негізінде, азамат Д.А. Әбдрахмановқа бұзақылық ниетпен, қасақана дене жарақатын салды.

Сонымен бірге, осы істегенімен қоймай, Н.К. Қанжекенов үстел үстінде жатқан пышақты алып, азамат Д.А. Әбдрахмановтың ішінен екі рет ұрған, сот-медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес осының салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген.

09.04.20__ жылы осы дерек ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлімі 2 тармағы бойынша Өскемен қаласы ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

10.04.20__ жылы осы дерек ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлімінің 7-тармағы бойынша Өскемен қаласы ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

10.06.20__ жылы Б.Т. Күшқаевқа қатысты ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлімінің 2-тармағы бойынша күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылды, алайда оның күдіктінің қайда екенін анықтау мүмкін болмады.

 

Б.Н. Күшқаевтың күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын бөлу сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жан-жақтылығына, толықтығына және істің шешілуіне әсер етпейтіндігін назарға ала отырып, ҚР ҚПК 44 және 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

1.№14631003101152сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары Б.Н.Кушкаевқа қатысты материалдардың көшірмелерінде жеке іс жүргізуге бөлінсін.

2.Қаулының көшірмесі Өскемен қаласының прокурорына жіберілсін.

3.Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

Өскемен қаласы

ІІБ ТБ тергеушісі,

полиция капитаны(қолы)А. Қуанбаев

 

Қылмыстық істерді біріктіру туралы

ҚАУЛЫ

 

"10" сәуір 20__ ж. Өскемен қ.

 

 

Өскемен қаласы ІІБ ТБ тергеушісі, полиция капитаны А.Б. Қуанбаевтың №14631003101152 және №14631003101155 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын қарай отырып,

АНЫҚТАҒАНЫ:

09.04.20__ жылы сағат 19:30 шамасында, белгісіз тұлғалар М.Горький көшесі, 56 мекенжайы бойынша орналасқан «Пицца-Блюз» кофеханасында болып, азамат Д.А. Әбдрахмановқа бұзақылық ниетпен, пышақты қасақана қолдана отырып, дене жарақатын салды.

09.04.20__ жылы осы дерек ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлімі 2 тармағы бойыншаӨскемен қаласы ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.