ТАС ТҮРМЕНІ ЖАРЫП ШЫҚҚАН ТАРЛАН СӨЗ 2 страница

Өздерінің мүсәпір суық лашығынан бай да, жылы үйлерге кіргендіктеріне қарамай, «әке-шешесін жұтып алған» бұл үш қылмыстының сойқаны тағы түгемепті. Үшеуі үш үйде жылапты. Неден екені белгісіз, бай үйлері өз үйлерінен де кедей, өз үйлерінен де суық, өз лашықтарынан айтуға тіпті тіл жетпестей тар көрініпті. Бірін-бірі іздеп тұра-тұра қашады екен. «Жәкетайымның қасына барып қайтайыншы» деседі екен. «Жәкетайы»: «Нұркештің қасына барайыншы!», «Айкенмен бірге жатайыншы» деп жалбарынады екен. Мұндай күнәлі жалбарынуды кім тындасын. Асырап алған шешелері «жат» деп жұлқып әкеліп, ауыз үйдегі әлде бір малайдың қойнына тыға салады екен.

Жәкең сонан соң сыбырлап қана малайға жалынады екен:

– Ағатай, мен ақырын барып қана көріп келейінші! Сен үндемесең, төр үйдегілер білмейді ғой!

Малай да сыбырлап жұбатады екен:

– Сен қазір барма, ана үйлер жатып қалды, күндіз ойнаған болып барып көр!.. Түнде жүрсең қасқыр жеп қояды. Содан соң кіші әкең мені өлтіреді.

– Ағатай, кішкенемін ғой! Түнде қасқыр мені қайтып көреді. Ал, күндіз болса, мыналар көріп қояды.

– Қасқырдың көзі түнде шам сияқты жарқырап кетеді, битті де көреді.

– Олар бит жей ме?

– Жоқ, қойды бит сияқты сығып жейді.

– Аузы үлкен бола ма?

– Үлкен болады. Әрбір тісі атаңның асасындай болады.

– Кеше кіші апам мені сол асамен бір салды. Қиын қатты екен. Басым ісіп кетті, міне, міне! – Малай оның басын сипап көріп, кеңк ете түсіпті де құшақтап қатты қысып, арқасын сипалай беріпті. Сол түннен бастап Жаппар сол Малайға бауыр басып, сонымен бірге жатып, күндіз де соны маңайлап жүретін болыпты. Бұл малай Жаппардың атасы – Балпаңмен бір туысқан Майлы деген кісінің баласы – Құйқа еді.

Жаппар бір қылмысты Құйқадан үйреніпті: Айсапа мен Нұрсапаны көру үшін Құйқаның үйреткен әдісі бойынша жүретін болыпты. Бірақ, бір-екі реттен кейін бұл қылмысы да әшкере болып қалыпты. Інілерін бірнеше тамдардың сыртынан айналып барып, ұрлап көріп жүреді екен. Бір күні Айсапаның қасына енді жете берген Жаппарды «кіші апасы» аңдып барып шап беріп ұстап алыпты да, құлашын кере-кере бірнеше лақтырып, үйіне жеткізіпті. Іздеп баратын аға да, көре салып ұмтылатын іні де осы қорқынышты жазадан үн қоса бақырып, талай рет жылапты. Ақырғы бір ретте үлкендердің бірі көріп, әйелдерге ұрысқан болса керек, ол лақтыру жазасын тоқтатыпты да, желкеден ғана жітірмелете түйгіштеп, қалтарыстарда бір-екі ғана домалатып, ағаны бауырдан байбаламсыз ғана, шулатпай айырып әкететін болыпты. Мұндай епті таяққа епсіз бақырудың қажеті қанша, еппен ғана жылап айырылысып жүріпті.

Дегенмен, қылмысқа әбден кәніккен сұмдар ересек тартқан сайын көбірек көрісетін болыпты. Сөйтіп қылмысқа көбірек бататын болыпты.

«Тергеушім», менің әкем түрме тәртібін туа сала бұзған қылмыскер екенін осы тараудан көрдіңіз. Әділетті тергеуіңізге өзіңіз адалдық деп сенетін жауап бермесем, адам есебіне қоспай, «жын-шайтан» деп ақыратыныңызды, жендет шақыратыныңызды ұмытпаймын. Жаппарды сол қылмысы үшін кіші апасы өгей болса да өте жеңіл жазалапты. Тіпті жазаламапты деуге де болады. Бұл әділдікті сіздің қамқор түрмеңізден ғана көріп үйрендім. Сіздер аға-бауырларымен көрісіп қоюшыларды қан құстырмай, шонданайын үзіп шоңқайтпай тоқтайсыздар ма?! Неше ретте де жеңіл жазаланған Жаппар, жалпылдай ұшып қылмысын осылай үдете түсіпті. Сіздің әділетті тырнағыңызға түссе ғой, әлдеқашан өлетін еді.

 

 

ІІІ

 

Жаппар Құйқаға ертерек серік болған екен. Отынға бірге бара, су да тасыса жүріп, ақыры он жасқа шыға екі шелек суды дік көтере алатын болыпты. Сөйтіп, қыс күндері өзінің марқұм шешесіндей, сол үйдің суына бүтіндей міндетті болып шыға келіпті. «Кіші апасы» абысыны Мейіз тіріліп келгендей көріп, «әйтеуір құдыққа түсіп кетпесең болды» деп қояды екен. «Аяғыңа қалыңырақ бір шарық тіккізіп берейінші» депті бір күні есіркеп. Ол шарық тігушінің қолына тигенше кідіре тұрмай, «апыл-ғұпыл» қыс та өте шығыпты. Есіркеуді тасбауыр табиғат түсіне ме. Әйтеуір, Жаппар шешесінше құдыққа түсіп кетпей, құлдық міндетін қылмыссыз орындап шығыпты. Сөйтіп күн жылына келе қойға еріп шыға алатын да болыпты.

Құйқа «шүйкебас» алып күркеге ие болған кезде, Жаппар қойшылық міндетті деңгелек айналдыратын болып шыға келіпті.

– Саған да қатын әперемін депті кіші әкесі Бекназар бір күні шай ішіп отырғанда.

– Өр көкірек, аусарау сөйлейтін Жаппар онысына наразылық рай білдіріпті:

– Жоқ, әке, қатын деген немені қоя тұр! Құйқа ағаның қатыны сияқты күс аяқ күңді қайтейін. Көрсем-ақ қорқамын.

– Е, сен өзің де аяғыңа қарасаң болар, осы түріңмен ақ патшаның қызын алармын деп жүрсің бе!

– Ақ патшаның қызы қатын болмай ма екен! – дей салған Жаппардың сөзіне үй іші ду күліпті.

– Пырт, адыра қал! – деп кіші апасы ернін шығарыпты.

«Кіші апасының» аты – Кенжесары еді. Ол қушық бет, істік тұмсық, жыртық көз, қисық ауыз, шикіл сары қатын екен. Кезінде көрікті де ақылды бәйбіше үстіне келген Кенжесары осы өңсіздігінен құлдырап, тоқалдыққа түскені болмаса, аспансыған бай қызы екен.

Інілерін көргісі келіп барғандығы үшін өлімші етіп талай таяқтаған осы Кенжесарыға есейген сайын Жаппардың өштігі қозатын болып қалыпты. Ернін шығарғанына тағы бір қарап қойған Жаппар оның «сүйкімді» бетіне қараудан көрі пайдалырақ пікіріне көшіпті:

– Әке, қатынды қойып, молдаға берші мені.

Нұржанмен бірге біраз оқып алайын!

– Бәрің бірдей молда болсаң, қой арам өледі, балам, сен қойыңды баға бер! «Асық ойнаған азар, дойбы ойнаған тозар, бәрінен де қой жайып, к… жеген озар», түбінде Нұржаннан сен озасың.

– Нұржан-ақ озсын, әке, көп оқыды ғой, енді қой бақсын да, тағы озсын. Мен біраз оқып алайын!

«Жата-жата жамбасқа, жата келе қойынға», қарай көр мұның құтыруын! – деп кіші әкесі өне бойымен селкілдей күліпті. Шүңіректеу көк сұр көзді, селдір сары сақалды кіші әке, күлімдегендей көрініп отырып-ақ көз ілестірмей қағып жіберетін қатыгез адам екен. Жаппар одан алысырақ, есік жақта болғандықтан батыл сөйлеп отырыпты. – Енді Нұржанмен бәс таласпақпысың? – деп Бекназар тағы күлімдей қарапты.

– Ол менің інім емес пе, бәс талассам несі бар! – дей берген Жаппарды кіші әкесі қолындағы шынымен беріп кеп жібереді. Жәкең де байқап отырған екен, қисая кетіпті, дәл басты көздеп атылған шыны босағаға тиіп быт-шыт болыпты. Бекең асыға ұмтылғанда, Жәкең далаға жалғыз-ақ ытқыпты. Кенжесарыға Нұржан да өгей екен. Ол Бекназардың қайтыс болып кеткен, сол ауылдың ең кеңпейілді қамқоры – Мәрия дейтін бәйбішесінен туыпты. Бекназардан қорқатын Кенжесары Нұржанға «әй» дей алмай күбіжіктейді екен де, ашуын Жаппардан алады екен. Бірақ, Жәкең енді жуыр маңда қолға түсе қоймайтын, ытқи жөнелуге шебер болып алыпты. «Әке» мен «шешеден» кезек-кезек ытқиды екен.

Ытқу жиілей түсіпті, өйтетіні, қылмыс жиілей туылатын болыпты. Жауабы дайын әлгіндей сөздерге жауап қайыра ытқуы керек қой. Ытқыған сайын бірер күн жоғалып, «әке-шешенің» ашуы басылғанда келіп, қой соңына әрең еретін болыпты. Бұл қашағандықтан Бекназар секем ала бастады. Осындай ер жетпей тұрғанында басын байлап, Құйқа сияқты тапжылмайтын құлға айналдырып алмаса, «мына қу ертерек жоғалатындай» көрініпті. Сондықтан, Бекең қасына мықты азаматтардан бірнешеуін ертіп, екі жылдан бері бітпей келе жатқан мал дауын қузап кеп жөнеліпті. Ауылынан жоғалған екі-үш түйенің жаласы көршілес сыбан руының бір кедей ауылында екен. Екі жылдың алдында түйе ізі сол ауылға барып жоғалған сияқты. Кезінде сол рудың «ел адамдарына» айтып, ізін көрсетіп қойған Бекназар, енді сол ауылға бір топ адаммен барып жатып алыпты.

Қазақтың ру-бұтақ қуалап танысатын қарапайым қаншылдық әдеті бар-ау, бірақ. Соны ру төрелері іріткіш уға айналдырғаны қашан. Сол рушылдық у сүйегіне сіңе уланып, өзара ырылдасумен өткен қазақтан көп ұрылған халық жоқ-ақ шығар! Жоңғар хандығынан жүз жылдап жеген ұмытылмас соққылар тек сол рудың, сол рушылдықтың ғана кесірі емес пе. Менің үлкен аталарым да сол руды мәпелеушілер екен.

Қаракерейдің семіз найман аталған бір бұтағы «бес семіз» болып тармақталады. Бес семіздің бірі – Жаңқұлы. Жанқұлыдан таралған Қожан дейтін шағын рудың билерінің бірі – сол кездегі осы Бекназар екен.

«Қожанды сойыл беріп жауға ғой» деген мәтелге айналған жауынгер Қожанның мықты бір тобы әлгі момын, кедей ауылды жеңбей қойсын ба! Малға даумен жығып, жеңістің соңын түлкі еппен құдалыққа айналдыра қойыпты: сол ауылдағы Смайыл дейтін ең момын біреудің Күмісжан атты он екі жасар қызын Жаппарға атастырыпты. Қалың малы – сол жоғалған үш түйе ғана. Қасқыр боп келіп түлкіге, түлкі боп келіп қасқырға айнала қоятын құбылмалы жау – ең қиын жау ғой. Момын ауылдың аузына тәтті салып, «құда түстік» дегенімен, шын мәні барымта еді. Және бұл құдалық үстінде Жаппардың «Бекназардың баласы» болып аталуы да ауызға тәтті салу екенін аңқау байғұстар түсіне қоймапты. Келесі жылы жазда құл байлайтын «қазық» болып Күмісжан ұзатылып келіпті. Байекең ауылынан жоғалған үш түйеден басқа еш нәрсе ауыспапты. Ол үш түйенің біреуі ғана Бекназардың өзінікі екен. Демек, Бекең бұл жорықта жоғалған бір түйе арқылы он бес жасар құлдың «басын байлап», он үш жасар күңге де ие болыпты.

Құрметті «тергеушім», бұл жәйттерден менің әкемнің де үлкен қылмысты екенін түсінген боларсыз. Бір момын кедейдің кішкене қызын бір тиын шығармай айттырыпты да, күңге айналдырыпты. Бұдан үлкен қылмыс сирек кездесер.

 

 

ІV

 

Жасынан тұрмыстың ауырын көріп, азаптың сойқанын тартқан Күмісжан еңбекқұмар, пысық келіншек болыпты. Кенжесарыға жағу сол ауылдағы әйел біткеннің қолынан келмей жүргенде, сол машақат түйіншекті жас Күмісжан ғана шеше алыпты. Тапжылдырмай Кенжесарының да үй жұмысын тындырып, өз күркесін де тап-тұйнақтай үйі іспетті ұстапты. Бұл кезде бүтіндей бөлек ауыл болып кеткен Құлназар үйіндегі қайнын – Айсапаны да есті Күмісжан тартып, баурап әкетіпті. Өз күркесіне келтіріп алыпты. Бірақ, бекер жүрген жетім «жын қуып кетеді ғой». Оқыса Нұржанмен «бәс таласуы да, молда көбейсе қойдың арам өлуі» де мүмкін. Сондықтан, бұл ауылға келгеннен кейін, оған түйе қайыру міндеті тапсырылыпты. Тым аусар болғанымен қорқақтау өскен Айсапа «басын байлауға» тым ерте – он екі жасында көнген екен. Сондықтан өте мықты «қазыққа» байланып қалыпты. Бұл ауылға кірме малай болып жүрген Рақым дейтіннің толық бойжетсе де дәупірім долылығынан ешбір жігіттің алуға батылы жетпей қойған Гүлжан атты қызына байланыпты.

Бекназардың мұны әперудегі көздегені – бірінші, қалың мал кетпейтін «арзан қыз», екінші, қаншалық дәуперім болғанымен Кенжесарыдан аса ала ма. Айбатынан ай жасырынған Бекназар тұрғанда, моп-момын келін, қайратты күң бола қалмай ма. Әсіресе, аусар Айсапаны құлағынан басып, тапжылдырмай ұстауы үшін Гүлжан табылмайтын келін ғой.

Гүлжан қайын атасы ойлаған жерден-ақ шығыпты: Айсапа жуасып сала беріпті. Ол уақытында малға шықпай, домбыра шертіп отырып алған кезінде, үлкен үйдің әмірі Гүлжанға түседі екен. Өзінен әлдеқайда үлкен келіншек қойсын ба, күйеуін күзеннің айғырынша күркеден шақылдап қуып шығатын болыпты. Шақылдағанға көне қоймағанда, аюдың тырнағына түскендей талай жұлмаланған Айсапа, ол қуғанда домбырасын ала сала қашады екен. Сөйтіп қашып шығып, әудем жерге бара, өшін өлеңмен алатынды шығарыпты:

«Домбырам менің қайың-ды,

Білемін Гүлжан жайыңды.

Төсекке кешке кіргенде,

Құшақтайсың байыңды», –

деп шырқатады екен. Өлеңге қару ретінде адуын келіншек қуып кеп береді екен. Талай жерге шейін қуса да жете алмаған келіншек қайтуға бұрыла бергенде, тағы шырқалады екен әлгі өлең. Келіншегі қуаламаса «әнші» күйеу отырып алып шырқамасы бар ма. Айсапа осылай үшінші, иә төртінші рет қуалағанда ғана түйесіне жетіп алып жүріпті. Алда-жалда бесінші рет қуаланса, батырың күндізгі өлеңнің есесіне түні бойы өңірейтін жазаға ұшырайды екен: кейде шымшумен, кейде шапалақпен аралас: «Енді айтамысың!.. Енді қалжақтаймысың маған!» – деген зейіл үн естіліп қалып жатады екен.

«Тергеушім», тым ерте үйленіп, кексе қатыннан таяқ жеу де жігітке жеңіл қылмыс емес қой. Бұл феодализмнің қара батпағына белшеден емес, тіпті кеңірдектен батқандық болмай ма?

 

V

 

Нұрсапа – сол дәуірдегі ауылымыздың ең зор қылмыстысы. Бірақ, ол кенже әкесі – Байназардың қолында оншалық ауыр жаза көрмепті. Себебі ол үйдегі «тергеуші» мен «соттардың» «әлсіздігінде» болса керек. Уақытында жазалауды білмейтін «надан» сияқты және Байназар Балпаңның кенжесі болғандықтан кіші әже сол үйде тұрады екен де, кішкене жетім немересіне қормалдау болыпты. Нұрсапаны Байназардың жалғыз ұлы Қуандықпен тең көруді келініне қадағалап бұйырып отырады екен. Бірақ, сол әже қартайып, қолынан билік кете бастаған кезде Нұрсапа да жетімдігін байқай бастапты. Сонда да Құрманның басқа жетімдерінше көз ашпай жатып «қазыққа» байлана салмай, ұзынырақ арқандаулы күйінде өскен екен,.

Нұрсапа енді ғана жігіттікке іліне бергенінде оған ақ патшаның ноқтасы ілініпті. Қазақтан әскер алу жарлығы шыға қалыпты. Байлар өз балаларын абын-күбін тыққыштап, ұлықтарды барлап жүргенде, Нұрсапа сойдиып, алаң-ашықта қалып қойыпты. Ақ патшаның қазақ арасындағы «жаналарлары қорғансыз жетімді қағып әкетпесін бе! Жаппардың сөзімен айтқанда: Нұрсапаны «баберкеге» әкетіпті.(«Баберке» дегені – «проверка» болса керек).

«Жабайы» да жау қазаққа патша мылтық ұстатсын ба! Дүниежүзілік бipiнші соғыста Шарруссия Германиямен соғысқанда қазақтан әскер жиямыз деп келіп, ақшалы байлардан бала емес, алтын-күміс жиған ғой. «Әскердің» eceбiн пара бере алмайтын кедей-кепшіктен, қорғансыз жетімнен толтырған. Патшаға анығында қазақтан әскер емес, окоп қазатын қарулы құлдар керек еді. Сондықтан Нұрсапа дәлдің өзі болып суырыла жөнеліпті.

Нұрсапа сол кеткеннен үш жылда оралған екен. Ол окоп қазып қайтты ма, иә, патшаның көpiн қазып қайтты ма, онысын Жаппар толық білмейді.Әйтеуір үш жыл жер қазғанын ғана ecтіпті. «Жетімдік қылмысын» өтеп қайтты дейді.

Нұрсапа ауылына қайтып келгенде «орысша» жүріпті.Жанқалтасы көп, шолақ-шолақ киімдері бар екен. Қылаяғы тымақты да тастап, «маңдайындақалқайған бірдемесі бар, сырылмаған жепек» киіп келіпті. Мұнысы шапка болуы керек. Біздің ауылға тұңғыш пайда болған «орыс та, патша әскері де» әкемнің осы iнici екен. Өзi де маңдайы шодырайған, алпамсадай жігітболып өсіпті. «Жетім орыс» болып аталғаны – ақсақалдардың енді оны тiптi жек көретін болғаны ғой. «Орыста» шоқынып қайтқандай көрініпті. Намаздыталкуайттағыш болып келген сияқты. Өзі ораза ұстамай, ораза ұстағандарды шойын сағатына бағындырып, ашықтырыпойнайды екен. Ауылдағыларға бұлтты күндері cәpeciн ерте ішкізгенімен қоймай, ауызашарда «әлі күн батпады», деп ымырт үйірілгенде ішкізетін болыпты. Тіпті Бекназар биді де ауыз ашқызбай, аштықтан шиқылдатып ойнапты. Қатты жүдеген би шорт бұзылыпты ақырында:

– Ей, шоқыншық, жоғал көзімнен! – деп қуып шығып, күн батпағаны рас болса да, сенбей тамағын жей беретін болыпты.

– Қазақты былай қойып, орысқа бағынбай келгенімде, енді сенің осы алақандай шойыныңа бағынайын ба! – деп кіжіне "ашады" екен аузын.

Ақсақалдар жағынан Нұрсапаға тағылған кінәнің тағы бipi – «кішілікті» ұмытқандығы екен. Ақсақалдардың «кішілік» деп білетіні, сәлем ғана емес. Сәлемді, басқа да жәй әдет-
әдептерді Нұрсапа толық орындайды екен. Оларша «кішілік» деген сөз тұп-тура құлдық. Әдеттегі иба – далаға шығарда үлкендердің кебісін қойып беру, құманын ала шығып, дәретке отырған ақсақалдың артында қыдиып тұру, атын әкеп ерттеу, оларды қолтығынан көтеріп аттандыру, келгенде түсіріп алып атын байлау, ат суығанда шідерлеп қоя беру, тамақта қолына су құю бұл салттарды кездесе қалғанда Нұрсапа да орындай салады екен.

Ал, құлдық дейтініміз – мұндай бүгежектеушілікті әмсе міндетім деп тану, іздеп жүріп icтey. Нұрсапа бұл «кішілікті» істемейтін болыпты. «Ақсақалдарда да құдай берген қол бар, олардың қолдары біздің қолымыздан әлдеқайда ұзын да. Ұpa қалғанда тіпті қатты ғой. «Біз жоқта өздері істей салса нeci кетеді!» дейді екен. Ал, ақсақалдар Нұрсападан бұл «кішілікті» қатты іздейтін болыпты, бірнеше рет шақырып алып зекіпті де. Ондайда: «не бола қалды» дейді екен Нұрсапа. Себебін ұққан соң жаймашуақтап сөйлеп, жақсылап қана шенейтін болыпты.

Бұл – үй арасындағы ұсақ-түйек «қылмыс» қой. Нұрсападан көп өтпей ipi қылмыс та туылыпты:

Әскерден қайтқан соң Байназардың Қуандығы бip жақсы ат сыйлаған екен. Сонысын мініп, ауыл ақсақалдарына ілескен топпен бipгe бip тойға сол «орыс» та бара қалыпты. Ол кездегі ас-тойларда ақсақалдар ру тартысына түспей, шайқаспай, мүйіздеспей қалған ба. Кекетісіп-мұқатысып, мақалдасып-мақамдасып, қорласып-қомсынысып отырып, артынан қызыса кетеді екен. Сөйтіп, әрқайсысы өз руының ұранын шақырып кеп қалғанда, тап-тату ойнап-күлісіп отырған азаматтар дүр eтiп бөлінісіп, аттарына мінеқамшыласып, сойылдасып ала жөнеледі екен.

Әлгі «жетім орыс» төбелес шыққанда «ұялмай-қызармай» атын жетелеп, жеке барып отырып алыпты. «Қожан атаның» Шымырбай ұраны әлдеқашан шақырылса да, желп еткен ол болмапты. Жап-жаңа құлын-тайдай айқасып жүрген жігіттеренді әп-сәтте айғыр болып шайнасып та, тебісіп те жатыр, қызылшеке бipiн-бipi шықпыртып жүр, қамшылар ысқырып, оқжыландай ыршиды ту талақай.

– Ей орыс, аттанға шықпасаң, атыңды бер! – депті бip қожан тепсініп келіп.

– Мұндай қанішерліккеат бермеймін! – депті «жетім орыс».

– Ей шоқыншық, қан жоқ па сенде!

– Қан жоқ болса, қан ішкізейін деп пе едің?!. Алжыған
шалдар айқасты деп тап-тату дос-туыстармен қырылысайық
па!.. Бет алды жінікпей отыр былай! Есіңдұрыс па, не бола қалды!

– Қап, сені! – деп әлгі қожан жерді бip тeyiптi де,өзінің жауырына жүгіріпті.

Бірнеше адамды соққыға жығып, шер-құмардан шығысқанқожандар тобымен ауылына қарай беттегенде, Нұрсапа да арттарынан ілесеқайтыпты. Әлгіқожан жалт қарапты да, жауырын тебініп қалып, алдағыақсақалды қуып жетіпті. Өзін Бекназарға шағыстырыпбара жатқанын сезгенНұрсапа тізгінін тарта беріпті. Бекназар артына жалт бұрылып:

– Ей,сен бepiкелші, ей! – депті Нұрсапаға. Нүкең де жалт бұрылып тұра кеп қашыпты. – Қуыңдар, ананы! Ұрып-жығып, байлап әкеліңдер! – деп зіркілдепті шал.

Бірнешeyi тұра кеп қуыпты,«Қуандық-Қоңыр» шалдыра қоймапты да, қуғыншының көбі тізгінін тартып артынақайырылыпты. Қара үзіпкеткен Нұрсапа артынақараса, екі қуғыншы қалмайқуып келеді екен. Артына қайырылашауып,өздерін қуып кеп бepiптi.

– Мен сендерге не ғыппын! – деп екеуінқамшысымсн екі осып қайырыпты да, аяңдап нағашысы жаққа тартыпты...

Содан бepi ай өткенде, шалдар оның жақсы көретін Жаппарымен Қуандығын жіберіп, қайтарып алдырған екен. Бұл қылмысына ақсақалдаркешірім еткен бейне көрсетіпті де, абын-күбін«басын байлауды» ойластырыпты. Байлағанда да бұл «қашаған қансызды» өздерінің ықпалынан шыға алмайтын, шырма–шату, мықты байланған әйелге қосақтауды ойластырыпты:Бұл ауылға ең алал күң бола алған Құйқаның әйелінің монтанақтай «сіңлісі» бар екен.Оның әкeci – «қой аузынаншөп алмас момын шал» аталас ауылға жасынан малай болып келген, ұя бұзбас бағынышты шал, қызына қалың мал кетпейді, бұл қыз да әпкесі тәріздес, «аузыңқайсы десе танауын көрсететін бip байғұшым».Оның үстіне әпкесінен гөpi өңдірек. «Жетіморыстың» көзін тарта алады. «Жаңа келінге» әпкесі – «көне келін» қазық болады да, «жаңакелін» қайсар тұлға қазық болады. Мұнымен үйленсе, бұл «қансызға» қан бітіп, ауылдан қия басып кете алмайтын болады.

– Осылайтұжырымдалыпты да, осылай құпталыпты.

«Жетім орыстың»құптау-құптамауына қарасын ба,шалдар дереу құда түciп, қойға бата қылысыпты да, «қазір үйленбеймін»деген «орысқа» ақырысыпты: «Ақ батаны бұзу – Хақ тағалаға да, аруаққада ауыр қылмыс» дейтінүкімге қарсы үн шығарушының аузын қарымай ма!