ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

 

САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІЛІМДЕР ТАРИХЫ

 

пәні бойынша

 

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

 

 

050301 – юриспруденция мамандығы үшін

5В030100 – юриспруденция мамандығы үшін

5В030200 – халықаралық құқық мамандығы үшін

 

Қарағанды 2012


Құрастырған: Ахметова Нейля Сейсембековна – заң ғылымдары кандидаты, профессор

Байжанова Гулзира Төлепбергенқызы - доцент

 

«Саяси және құқықтық ілімдер тарихы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенде оқу пәнінің сипаты, бақылау нысандары, дәріс тезистері, семинар сабақтарының жоспары, семинарға дайындық бойынша әдістемелік нұсқаулар, оқытушы басшылығымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысы көлеміндегі сабақтардың жоспары, студенттердің өзіндік жұмыс жоспары, курс бойынша жазба жұмыстардың тақырыптары, өзін - өзі тексеру үшін тест тапсырмалары беріледі.

ҚР МЖМБС 3.08.279-2006. 050301-«Юриспруденция» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес дайындалған типтік оқу бағдарламасының негізінде құрастырылды.

Юриспруденция, халықаралық құқық мамандықтары бойынша білім алатын күндізгі және сыртқы бөлім студенттеріне арналған.

 

«Саяси және құқықтық ілімдер тарихы» пәні бойынша 050301 – юриспруденция, 5В030100 – юриспруденция, 5В030200 – халықаралық құқық мамандықтары студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен\ Дайындағандар: Ахметова Н.С., Байжанова Г.Т. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012. – 144 б.

 

© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2012


ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Байжанова Гулзира Төлепбергенқызы, доцент

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы бас корпустың (Университет көшесі, 28) 324 аудиториясында орналасқан.

Кеңес беру сағаты (Offise-hour): СОӨЖ кеңесі кестесіне сай

Сабақ өткізу уақыты: бекітілген сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі

 

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы, ҚарМУ.

 

Оқу жоспарының көшірмесі:

юриспруденция мамандығы үшін

Оқу түрі Оқу мерзімі Курс Семестр Кредитлер Дәріс Семинар СОӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау түрі
Күнд Емтихан
Күнд Емтихан
Сырт - Емтихан
Сырт - Емтихан
Сырт 9+ - Емтихан

 

халықаралық құқық мамандығы үшін

Оқу түрі Оқу мерзімі Курс Семестр Кредитлер Дәріс Семинар СОӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау түрі
Сырт 9+   Емтихан

1.3 Курстың пререквизиттері:

«Саяси және құқықтық ілімдер тарихы» курсын оқып-зерттеу үшін студенттерде төмендегі пәндер бойынша қажетті білім деңгейі болуы қажет:

1. Мемлекет және құқық теориясы

2. Шетелдердің мемлекеті мен құқығы тарихы

3. Қазақстан Республикасы мемлекеті мен құқығы тарихы

4. Философия

5. Мәдениеттану

6. Саясаттану

7. Әлеуметтану

8. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы

9. Шетелдердің конституциялық құқығы

1.4 Курстың постреквизиттері:

Пәнді оқып-игергеннен кейін төмендегі пәндерді оқып-үйренген абзал:

1. Философия тарихы

2. Құқық философиясы

3. Құқық социологиясы

4. Халықаралық құқық

5. Салыстырмалы құқықтану

 

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы – іргелі теориялық және тарихи заңдық пәндердің бірі. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы құқық пен саяси ойлардың доктриналарын, теорияларын және негізгі бағыттарын, құқық пен мемлекет теориясы мен философиясы аймағындағы көрнекті ойшылдар мен ғалымдардың ілімдерін, құқық пен мемлекеттің жалпы мәселелері бойынша әлемдік ой тарихына маңызды үлес қосқан, сүбелі теориялық шығармаларды, сондай-ақ Қазақстан тарихындағы саяси және құқықтық ойлардың барынша жарқын өкілдерінің ілімдерін оқып-зерттейді.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихын оқып-зерттеу заңгерлер дайындауда үлкен танымдық, мәдени және тәрбиелік маңызға ие. Ол саяси және құқықтық ойлар тарихының теоретикалық мұрасын игеруге көмектеседі, тарих пен қазіргінің байланысын тануға үйретеді.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихын оқып-үйренуші тарихтағы мемлекет пен құқық туралы пікірлер мен идеялардың плюрализмін (көпжақтылығын) жақсы түсінеді, өзге көзқарастарға құрметпен қарауға тәрбиеленеді және өз позициясын, соның ішінде теориялық мәселелер бойынша да, негіздеуге, дұрыс дәлелдеуге үйренеді.

Саяси-құқықтық ілімдер тарихы патриоттық тәрбиеге және әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеуге ықпал етеді, саяси және құқықтық идеялар мен институттардың даму тенденцияларында бағыт алуға көмектеседі.