Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны

13. Қайталау (8 сағ):бірліктермен және ондықтармен санау. өрнек. Теңдік. Теңсіздік. Теңдеу. екітаңбалы сандарды құру және салыстыру. екітаңбалы санның ондық құрамы және жіктелуі. 11-ден 20-ға дейінгі сандарды құру, оқу және жазу.теңдеу. Есептерді шығару.

14. біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу. Санды өрнек. Сынық сызық жне оның ұзындығы (42 сағ):

11-ден 20-ға дейінгі сандарды салыстыру. Сандардың ондық құрамының негізінде екітаңбалы сандарды қосу және азайту;кестелік қосу және азайту. біртаңбалы сандарды қосу, санды екі біртаңбалы сандардың қосындысы түріне келтіру білімдеріне негізделген; + 2, + 3, + 4, + 5, + 6, + 7, + 8, + 9 түріндегі біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесі;қосу мен азайту – өзара кері амалдар;11– ,12 – ,13 – , 14 – , 15 – , 16 – , 17 – , 18 – түріндегі азайту;20 көлеміндегі қосу мен азайту;санды өрнек және оның мәні. Мәндері бойынша санды өрнектерді салыстыру; жақша. Жақшасы бар және жақшасыз берілген санды өрнектерде қосу және азайту амалдарын орындау реті; қосудың терімділік қасиеті;қосындыдан санды және саннан қосындыны азайту; сантиметр және дециметр арасындағы қатынас. Ұзындығы 1 см дәлдікпен алынған кесіндіні салу,

15. 20-дан 100-ге дейінгі сандар.

16. Масса, ұзындық, сыйымдылық, уақыт бірліктері.Тік бұрыш. Тіктөртбұрыш. Шаршы. Көпбұрыштың периметрі (40 сағ):

1) 100-ге дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру;

2) екітаңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша және жазбаша тәсілдері;

3) санның ондық құрамы негізінде қосу және азайту. 14 + 3, 17 – 3 түріндегі қосу мен азайту. 20 + 18, 38 – 20 түріндегі қосу мен азайту. 36 + 21, 57 – 21 түріндегі қосу мен азайту. 37 + 3, 40 – 3 түріндегі қосу мен азайту. 36 + 24, 60 – 36 түріндегі қосу мен азайту. 27 + 8, 35 – 8 түріндегі қосу мен азайту;

4) масса. Масса бірлігі – килограмм (1 кг);

5) ұзындық. Ұзындық бірлігі – метр (1 м). Сыйымдылық. Сыйымдылық бірлігі – литр (1 л);

6) уақыт аралығы. Уақыт бірліктері – минут (1 мин), секунд (1 с), тәулік (1 тәул), апта, ай, жыл, ғасыр. Ұзындық бірліктері мен уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастар;

7) шамалар. Баға, мөлшер, құн;

8) тікбұрыш. Сүйір және доғал бұрыштар. Тіктөртбұрыш. Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары және олардың қасиеттері;

9) шаршы. Торкөз қағазға тіктөртбұрыш пен шаршыны салу;

10) көпбұрыштың периметрі;

11) 50 + с – 16 түріндегі әріпті өрнек. Бір әрпі бар өрнектің мәні. а + 8 = 6 + 20 түріндегі теңдеу;

12) қалдықты табуға берілген құрама есеп. Азайғышты (азайтқышты) табуға арналған құрама есептер;

13) ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту. 26 + 42, 68 – 42 түріндегі жазбаша қосу мен азайту. 43 + 28, 71 – 43 түріндегі жазбаша қосу мен азайту. 26 + 34, 60 – 26 түріндегі жазбаша қосу мен азайту;

14) қосу және азайту амалдарын тексеру. Есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін салыстыру;

15) тура теңдіктердің қасиеттерінің негізінде қарапайым теңдеулерді шығару және салыстыру;

16) теңдеудің көмегімен есептерді шығару;

17) белгісіз үшінші қосылғышты табуға арналған құрама есептер.

17. 1000-ға дейінгі сандар (14 сағ):

1) жүздік. Жүздіктермен санау;

2) үштаңбалы сан және оның ондық құрамы;

3) 1000 көлеміндегі сандарды оқу және жазу;

4) үштаңбалы сандарды салыстыру;

5) 600 + 300, 900 – 300 (6ж. + 3ж., 9ж. – 6ж.) түріндегі үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдері;

6) 440 + 50, 750 – 90 (44онд. + 5онд., 75онд. – 9онд.)түріндегі үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдері;

7) 120 + 780, 900 – 120 (12онд. + 78онд., 90онд. – 12онд.) түріндегі үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдері;

8) санның ондық құрамы негізінде үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдері;

9) санды бірнеше бірлікке арттыруға (кемітуге) арналған құрама есептер;

10) айырымдылық салыстыруға арналған есептер.;

11) ұзындық бірлігі – километр (1 км). Масса бірліктері – грамм (1 г), центнер (1 ц), тонна (1 т).

18. Көбейту және бөлу.Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі (24 сағ):

1) көбейту. Көбейткіштер. Көбейтінді. Көбейтіндінің мәні;

2) көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Көбейтудің компоненттерінің арасындағы байланыс;

3) бөлу. Бөлінгіш. Бөлгіш. Бөлінді. Бөліндінің мәні;

4) көбейту мен бөлудің байланысы. Көбейту мен бөлу – өзара кері амалдар;

5) 2, 3, 4 сандарына көбейту және бөлудің кестелік жағдайларының негізінде біртаңбалы сандарды көбейту мен бөлу амалдарын түсіну;

6) тіктөртбұрыш және шаршының периметрі.

7) қосу, азайту, көбейту және бөлуге бір-екі амал орындауға берілген есептер (бірдей бөліктерге және мағынасы жағынан бірдей есептер);

8) есептердің шешулерін әртүрлі тәсілдермен (амалдармен арқылы жазу, өрнек құру және оның мәнін табу арқылы) жазу.

19. Қайталау (8 сағ):

1) 100, 1000 көлеміндегі сандар нумерациясы;

2) екітаңбалы және үштаңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындау;

3) шамалар және оларды салыстыру;

4) өрнектер, теңдіктер (оның ішінде теңдеулер), теңсіздіктер;

5) геометриялық фигуралар. Көпбұрыштың периметрі;

6) есептер және оларды шешу тәсілдері.