ФЛАКОННАН ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ СОРЫП АЛУ

Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, флакондағы дәрілік ұнтақты, ерітетін ерітіндіні (0,9%натрий хлорид, 0,5%-0,25% новокоин, 1% лидокоин), мақта шариктері, 70% спиртті немесе ылғалданған арнайы спиртті салфетканы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, процедуралық журналды.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Егу бөлімінің жұмысын ұйымдастырыңыз.

2. Емшараны бастамас бұрын, дәрігер тағайындаған дәрмектерді, дәрігердің ем тағайындаған парағынан іріктеу жасап, процедура журналына жазыңыз.

3. Қажетті дәрмектерді жұмыс столы үстіне жинастырыңыз.

4. Бетперде киіңіз

5. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз

6. Науқастың атын-жөнін сұрап, өзіңізді таныстырыңыз.

7. Науқасқа тағайындалған дәрмекті салыстыра 3 рет дауыстап оқып шығыңыз.

(атын, дозасын, сақталу мерзімін, мөлдірлігін).

8. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

9. Зарарсыздандыру ертіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс

тәрізді) қақпағының ортаңғы бөлігін ашыңыз.

10. Спирттелген мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын сүртіңіз. Спиртті

кептіріңіз.

11. Құрастырылған шприцті оң қолға ұстап, ІІ саусақпен ине канюласынан, I, III, IV саусақпен

цилиндрден ұстаңыз.

12. Ампуладан (флоконнан) ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз).

13. Шприцті 90° бұрышта ұстай отыра, флакон тығынының ортасын инемен тесіп,

флаконға инені 0,5-1,0 мл енгізіңіз.

14. Флаконның түбін жоғары қаратып көтеріңіз. Сол қолдың II және III саусақтары

арасына флаконды, IV саусақ - канюляда, I және V саусақтары шприцтің

цилиндірінде ұстаңыз. Дәрілік ертіндіні қажет мөлшерде сорып алыңыз.

15. Шприцті тік қалыпта алып, (II саусақты иненің канюлясында, I,III және IV саусақтарды – цилиндрде) ұстап отыра, иненің өткізгіштігін тексеріп, ауаны шығарып алыңыз.

16. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, ІІ және ІІІ саусақпен цилиндрден ұстап, 1-2 тамшы дәрілік ерітінді бөлінеді. Қорғаныс қақпақшасы инесінен ажыратылмайды.

17.Дайындалған шприцті және спирттелген мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.

Ескерту: антибиотиктерді езгенде № 1,2,3,4,5 пунктерді қараңыз.

1. Антибиотикті 1 мл 100.000 ЕД есебінен еріткішті шприцке сорып алыңыз. (антибиотиктерді еріту ережесін қараңыз).

2. Сол қолға құрғақ антибиотикті флаконымен, ал оң қолға шприцті еріткішпен алыңыз.

3. Шприцті 90° бұрышпен ұстай отыра, флаконның ортасындағы тығынды тесіңіз.Шприцтегі ерітіндіні флаконға енгізіңіз.

4. Флаконды инесімен бірге шприцтен алып тастаңыз, инесіне жанастырмай флаконды бірнеше рет сілкіңіз, антибиотик толық ерігенше.

5. Бір реттік қолданылатын екінші шприцті орауынан босатып, (инесін орауында қалдырып), антибиотиктің дозасымен бірдей ауа сорып алыңыз, оны флаконға енгізіңіз (ерітінді шприцке жеңіл жиналады) және антибиотикке тағайындалған дозаны сорып алыңыз.

6.Флаконнан шприцті шығарып алыңыз, инені ҚЖАК тастаңыз, шприцті орауда тұрған екінші инемен жалғастырыңыз, шприцтен 1-2 тамшы ерітінді бөлу арқылы қауіпсіз қақпақшасын шешпей иненің өткізгіштігін тексереміз.

7. Шприцті дәрілік ерітіндімен қойыңыз, залалсыздандырылған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне тері антисептигінің ерітіндісінде батырып салыңыз.

8. Келесі іс-әрекеттер манипуляцияларға сәйкес орындалады.

 

АНТИБИОТИКТЕРДІ ЕРІТУ.

Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылады. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісімен ерітеді.

Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады.

Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, Медбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасын енгізеді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енгізеді. Антибиотикті қолдану нұсқауында осы антибиотикті еріту ережесі әдеттегідей көрсетіледі.

Антибиотиктің классикалық ерітіндісі қолданылады: 1мл - 100.000 ЕД және 1мл - 200.000 ЕД.

1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет:

- 500.000 ЕД : 10О.ОООЕД = 5 мл (классикалық еріту кезінде);

- 500.000 ЕД : 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл - 200.000ЕД еріту кезінде).

2. Антибиотик мөлшерін анықтау үшін науқасқа тағайындалған дозаны қажетті мөлшердегі ерідіндімен еріту қажет

- 1 мл - 100.000 ЕД еріту кезінде

науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізу тағайындалған,

ол 500.000 ЕД : 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді;

- 1 мл 200.000 ЕД еріту кезінде

науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізу тағайындалған,

ол 500.000 ЕД : 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді.