Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.

Инфляция д.з тауар айналымының қажеттігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасына толып кетуі. Оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, ақшаның сатып алу жарамсыздығының төмендеп кетуі, яғни инфляция ақша жүйесі дағдарысының жай күйін білдіреді. Ақша құнсыздануына әсер ететін факторлар: айналысқа артық ақшаның шығуы; қолайсыз төлем балансы; үкіметке сенімнің жоғалуы. Инфляцияның іс әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелді: белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану; инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы; мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері; мемлекеттік берешектің көлемі. Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі тұрпаты бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инф.сы(тұтынушылар) және шығындар инф.сы(өндірушілер). Бірінші жағдайда ол заңи және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтеге сұранымның өсуінің салдары б.т. екінші жағдайда ШЖС/ң еңбекке ақы төлеуге, кредитер б.ша пайыздық мөлшерлемелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтерге тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инф.ны тудырады. Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілеттілігінде ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің арналымын :тауар, төлем айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді.

 


47.Әлеуметтік мақсаттардағы шығыстарды қаржыландыру

Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға- оқу-ағарту, ақпаратты, қызметтер көрсетуге, мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады. Бұл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:білім беру ж/е кадрларды кәсіби даярлау;мәдениет, өнер,спорт ж/е бұқаралық ақпарат құралдары;денсаулық сақтау;мем/к әлеуметтік сақтандыру ж/е әлеуметтік көмек.Білім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға жалпы білім беретін мектептерден тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнаулы білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіби білім беру, орта кәсіби білім беру, жоғары кәсіби білім беру, кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау оқу орындарына бөлінеді. Аталған барлық шығыстар мемлекет кепілдендіретін деңгей бөлігінде бюджет ресурстары есебінен жабылады. Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кітапханаларды, клубтарды, мәдениет үйлерін, мұражайлар мен көрмелерді, театрларды, филармонияларды, сазгерлік ұйымдарды, ансамбльдерді, киностудияларды ұстауды кіріктіреді; олар бюджеттен, сондай-ақ кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебінен қаржыландырады. Бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекет құрылтайшысы болып келетін мем/к радио хабарын таратуды, теледидарды, баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруға бағытталады.Мем/к денсаулық сақтаудың қаражаттары мыналарға бағытталады: азаматтарға медициналық қызмет көрсетуге, денсаулық сақтаудың мақсатты кешенді бағдарламаларына, мем/к денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын дамытуға, медициналық кадрларды даярлауға ж/е олардың біліктілігін арттыруға, медициналық ғылымды дамытуға ж/е енгізуге, жұқпалы аурулар эпидемияларын жоюға.Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар қаржы құжаттарында, жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлеумметтік қамсыздандыру ж/е әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар ретінде бейнелеп көрсетеді. Әлеуметтік сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты жағынан адамның еңбек қызметіен ж/е бұл қызметтің нәтижесіне байланысты болып келетін тиісті төлемақыларға арналған қорларды қалыптастырумен байланыстырылады Тұрмысы төмендерге әлеуметтік көмек негізінен кедейлік шегінен ары халықтық көптеген санаттарына таралады ж/е мемлекет н/е қайырымдылық-қоғамдық, мақсатты, жеке меншік қорлардың есебінен болатын «қайыр көрсету» сипаты болады ж/е мақсаты- «кедейлерге қамқор болу».

 

 


48.Қаржы рыногы, маңызы,ерекшелігі және оның басқа рыноктардан айырмашылығы

Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы.Ал қаржы нарығының маңызы ол бос ақша қаражаттарды жұмылдыру және оларды қайта бөлу жолымен ұдайы өндіріс үдерісіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды.Оның жұмыс істеуі әкімшіл-әміршіл экономикаға тән сатылас әдістің орнына деңгейлес қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субьектілер арасында қаржылық ресурстарды өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс әрекет етеді.Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен обьектілерге жедел аудару есебінен шаруашылық жүргізуші субьектілердің , салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады. Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, нарықта еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.

Қаржы нарығының жұмыс істеуі мағызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін.Функционалдық тұрғыдан алып қарағанда қаржы нарығы арқылы ұлттық экономика ауқымындағы ақша жинақталады,бөлініп,қайта бөлінеді.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы рыногы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың,оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың,ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады. Оның ерекшелігі – ол бағалы қағаздар рыногы,кредит рыногы түрінде де іс-әрекет етуінде.Қаржы рыногының басқа рыноктардан айырмашылығы – оның түрлі ш.ж.с. арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін рыноктық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылатындығында.
Қаржы нарығының функциялары:
1.Реттеушілік- оның көмегімен мемл-к басқару орган-ң және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықтық реттеу жүзеге асады.
2.Ақпараттық- қ.н. қатысуының барлығына ақпараттарға толық және теңдей жетуді қамтамасыз етеді.
3.Бөлу- қ.н. құралдарының айналысы ақша қор-ң құйылымының экономиканың бір саласынан екіншісіне, бір аймағынын 2-не өтуін өамтамасыз ете отырып ,қаржы ресурстарын бөлуге әсер етеді.
4.Коммерциялық- қ. н. жузеге асыратын операциялар, мәмілеге қатысушылардың барлығына кандай да бір табыс әкеледі.
5.Баға белгілеу- қ.құралдарының бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныс нәтижесі әсерінен қалыптасады.

 

 

49.Салықтық бақылау мен жоспарлау.

Салықтық бақылау – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер толық, уақытылы төленуі салық қызмет органдары жүзеге асырады. Оларға: РНН, салық салу объектісін тіркеу есебіне қою(куәлік беру), қосымша құн салығы бойынша салық есебіне қою, ққс есебі бойынша есепке қою, акциздік маркамен таңбалау, камералдық бақылау – салық органдары орналасқан жерде сол мекеменің бухгалтериясының есеп беруі, салықтық тексеру жатады.

Салықтар мен басқа міндетті төлемдерді өндіріп алудың (төлетудің) дұрыстығына бақылаужасаудысалық төлеушілердің орналасқан жері немесе олардың қызмет орны бойынша мемлекеттік салық службасы жүзеге асырады. Салық органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының міндеттері, құзыры, қызметінің тәртібі, салық төлеушілердің құқықтары мен мүдделерін бұзғаны үшін жауапкершілігі мемлекет заңнамасымен айқындалады.

Салық қызметi органдарының мiндеттерi мен құрылымы:

1. Салық қызметi органдарына салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің толық түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының толық және дер кезiнде аударылуын қамтамасыз ету жөнiндегi, сондай-ақ салық төлеушiлердiң салық мiндеттемелерiн орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттер жүктеледi.

2. Салық қызметi органдары уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен салық органдарынан тұрады.

3. Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық салық комитеттерi, аудандар, қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін.

4. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады.

5. Салық органдарының бiрiншi басшыларын қызметке уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы тағайындайды.

Салықтық жоспарлау – салық қызметі органдарының мемлекеттік бюджет кіріс төлемдеріне қатысты жүргізілетін іс – шаралар жиынтығы. Салықтық жоспарлау салық салуды тиімді етуді, салық төлемдерін кемелдендірудің жағдайлы схемаларын әзірлеуді, түрлі басқарушылық шешімдердің салықтық салдарын уақытылы талдау үшін салық салуды ұйымдастыруды білдіреді. Салықтық жоспарлау аясында салық төлемдерін жоспарлау кәсіпорынға қолда бар ресурстарын тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді. Салықтық жоспарлауға негіз болып мемлекеттің салық, бюджет, инвестициялық саясаттарының негізгі даму бағыттарын ескеру; кәсіпорынның есеп саясатын жүргізу; заң бойынша белгіленген барлық салық жеңілдіктерін толық және дұрыс қолдана отырып, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындау; салық төлеу мерзімін ұзарту, салық және инвестициялық жеңілдіктерді алу мүмкіндігін бағалау тәрізді факторлар танылады.

Салықтық жоспарлаудың негізгі элементтері:

- кәсіпорынды тиімді басқару стратегиясын жасау және іске асыру;

- есеп саясаты;

- есеп беру мен бухгалтерлік есептің дұрыс жасалуы;

- салықтық жоспарлау сызбасы;

- салықтық күнтізбе;

- міндеттемелердің нақты орындалуы.

 

Салықтық болжау – экономикалық, математикалық, статистикалық әдістер негізінде салық төлемдеріне қатысты жүргізілетін іс – шаралар жиынтығы.

Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

1) салық төлеушілерді тіркеу есебіне алу;

2) салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;

3) бюджетке түскен түсімдерді есепке алу;

4) қосылған құн салығын төлеушілерді есепке алу;

5) салықтық тексерулер;

6) камеральдық бақылаулар;

7) салық төлеушілердің қаржылық-шаруашылық қызметтеріне мониторинг жүргізу;

8) фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану;

9) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу;

10)мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және оны сату тәртібін сақтауды тексеру;

11) уәкілетті органдарға бақылау жасау.

 

 

50. Мемлекеттік қаржылық реттеудің мазмұны және міндеттері.

Мемлекет тарапынан экономикалық үдерістерді реттеу кез келген коғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын калыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде каржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары катысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика ара катынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, өңірлік жэне т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу - бұл макроэкономикалык тепе-тендікке жэне экоңомиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін камтамасыз ету үшін шаруашылык жүргізуші субъектіге мемлекеттін қаржылық ыкпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде си­патталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттігінің сұранымына, қорланудын қарқынына, тауарлар мен кызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.

Міндеттері:

1)материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржылық ресурстардың жалпы деңгейін реттеу;

2)өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық щектеу;

3)кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;

4)кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;

5)кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкі өндірістік ара қатысын реттеу;

6)ел, өңір, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық үдерістерді реттеп отыру.

Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының үрдісіне қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.

 

 

51.Салық жүйесі бойынша Лаффер қисығы.

Мемлекеттік бюджет пен салық қойылымдар арасындағы тәуелділіктің графикалық бейнесі « Лаффер қисық сызығы » деп аталады.Лафферқисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділігі төмендейді.

 

 
 


Б Бюджетке салық түсімі

М

LN

Егерде салық өсімі О –ден 0100% -ке көтерілсе, онда салық бболмайды. Салық түсімі ммаксималды деңгейге 50% (М-ннүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге ддейін төмендейді. Салық түсімі LN ашартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің төмен дейгейін ққұптауға болады, ал N-нүктесіндегі ттүсім жайсыз жағдайдың көрінісі.

 

52. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымы.

 

Мемлекеттік бюджеттің кірістері – экономикалық қатынастар жүйесін айтады, бұл қатынастар процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекет меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығын құрайды. Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.

Салықтықтүсімдер - cалықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады.

Салықтықеместүсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.

Негізгікапиталдысатудантүсетінтүсімдер - мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.

Трансферттердіңтүсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері.

Құрамы: Меншік нысандарын ұйымдық –құқықтық рәсімдеуге қарай:

1. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан;

2. Жеке кәсіпкерлік сектордың салықтық түсімі;

3. Қоғамдық,кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;

4. Халықтың салықтық түсімдерінен;

Жасалу сферасына байланысты:

1. Материалдық өндіріс сферасында қалыптасқан кірістер;

2. Өндірістік емес сферада жасалынған кірістер;

Қаржылық мазмұны бойынша:

1. Салықтық

2. Салықтық емес

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік қаражаттар.Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады. Бюджеттің шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.

Бюджеттіккредиттер - қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде

бюджеттен бөлінетін ақшалар.

Қаржылықактивтердісатыпалу - заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы кағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджеттік қаражаттар.
Қарыздардыөтеу - Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық келісімшарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджеттік қаражаттар.

Құрамы:

1. Экономиканықаржыландыру – бұл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған ақша қаражаттары. Оларға: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар, негізгі капиталға жөндеу жатады.

2. ҒТПқаржыландыру – ғылыми техникалық зерттеулерге байланысты соның ішінде іргелі және қолданбалы зерттеулер, жобалау зерттемелері, жаңа техника мен технологияны, өндірісті, еңбекті басқаруды, ұйымдастырудың әдістерін енгізу.

3. Әлеуметтікмәдениісшаралардықаржыландыру – оқу ағарту, ақпаратты, қызметтер көрсетуге, мәдениетке, денсаулық сақтауға жұмсалатын шығын.

4. Қорғанысқажұмсалғаншығын – қарулы күштерге, басқа әскерлер мен әскери құрамаларға қаржы материалдық-техникалық және өзге ресурстарды бөлу, ҚР-ң қорғанысы кепілін қамтамасыз ету. Қорғанысты қаржымен қамтамасыз етуге кіреді: а)қарулы күштерді қаржыландыру; б)ғылыми зерттеулер мен қорғаныс сипатындағы зерттемелер; в) ақпаратты жүйені жасау және дамыту; г) әскери объектінің күрделі құрылымы.

 

 

53. Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы.

Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады.

Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.Бюджет тапшылығы инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші проблемалары бола бастайды. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Жалпы түсінікте кірістердің шығыстардан асып түсуі бюджет артығын - профицитті, ал шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын құрайды. Қазақстанда Бюджеттік кодекске сәйкес, бұл ұғымдарға нактыланған түсінік берілген: бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасынан шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең. Бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы (профициті), Ұлттық қордың түсімдерінен басқа республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең. Бесжылдық кезеңде республикалық бюджеттің тапшылығы кепілдік берілген трансферт мөлшерін алып тастап, Ұлттық қорға түсетін жалпы түсімдер ретінде есептелетін Ұлттық қордың орташа жылдық өсімінен аспауға тиіс. Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін бейнелеп көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі; айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы; «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.Ақша эмиссиясы есебінен бюджет тапшылығын жабуға болмайды. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады: мемлекеттік қарыздар шығару; кредиттік ресурстарды пайдалану. Тапшылықты азайту немесе оны жою мақсатымен секвестр - ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді қысқарту пайдаланыладыБюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады: шығыстар тұрақты, кірістер өседі; кірістер тұрақты, шығыстар азаяды; кірістер өседі, шығыстар азаяды Тапшылықты қаржыландыру - оны жабу үшін қосымша ақшалай қаражаттарды іздестіру.Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:

Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлеуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді.Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы кағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың аркасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.

Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақшалай қаражаттары бар компаниялар, банктер қатысады.

Шетелдікқарыздар.Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.

Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл ретте мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.

 

54. Мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыз, мемлекеттік борыш.

Мемлекеттік несие-бос ақша қаражаттарын мемлекеттік билік органдарының қарамағына жұмылдырып және оны мемлекеттік шығындарын қаржыландыру барысында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын катынастар.Мемлекеттікнесиеніңерекшелігі - қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында,мерзімділігінде,ақылығында.

Жекеше несие Мемлекеттік несие

1.Өндірістік мұқтаждықтар 1.Өндірістік және өндірістік емес мұқтаждар

үшін жұмылдырылады. үшін жұмылдырылады.

2.Несие капиталы жұмыл/ды 2.Төлем және сатып алу қаражаттары жұмыл\д

3.Капиталдың қолдану 3.Өтеу бюджет кірістерінен жүргізіледі.

сферасын жұмылдырады. 4.Капиталдың қолдану сферасын тарылтады.

4.Өтеу қосымша өнім немесе

өндіріс процесінде пайдала-

нылатын құннан жүргізіледі.

Мемл несиенің рөлі: халықтың кәсіпорынның, ұйымдардың бос ақша қаражаттарын шоғырландыру жәнее оны мемлекеттің бірінші кезекті қажеттіліктерін қаржыландыруға жұмсалатындығымен анықталады. Мемл-к несие 2 түрлі қызмет атқарады:

1)мемл-к несиенің қайта бөлу қызметі - белгілі бір несие беріп, пайда алғанда ссудалық пайыз көлемін реттеп, ақша ағымдарының бөлінуімен реттеледі.

2)мемл несиенің реттеуші қызметібірінші кезекте мемлекет несиелік пайызының мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағымдарын реттейді:несие капиталының рыногында қаржыгер бола отырып бұл капиталға деген сұранымды арттырады, нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Сөйтіп,мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады,одан жеке инвесторларды ығыстырады.Бұл олардың бизнесінің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады.

Мемл.несие келесідей жіктеледі:

1)ішкі несиеде мемлеттік несие қатары жан-жақты тұрғыда:қарызгер кезінде де ,несиегер кезінде де елдегі үкіметтің,биліктің, жергілікті органдардың,кәсіпорындардың,ұйымдардың және халықтың арасласпауы. Ішкі мемлекеттік несиенің нысандары:а)мемлекеттік қарыздарды шығару;б)коммерциялық банктердегі халықтардың салымдарының 1бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру; в)қазынашылық несиелер. 2)сыртқы(халықаралық) несиеде қатынастар бір жағынан үкімет,биліктің, жергілікті органдардың,екінші жағынан басқа мемлекеттің үкіметтері,банктері,компаниялары,халықтық қаржы-банк ұйымдары араласады.Несие беруші тарап мемлекет-донор,кредит алушы ел-реципиент-ел деп аталады

3)шартты мем.несие отандық қарызгерлер:кәсіпорындар,ұйымдар,жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер б/ша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады.

Мемекеттік несиелендірудің негізгі сферасы - күрделі жұмсалымдар:басым өндірістерді қаржыландыру;экономикалық ж/е әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржыландыру.

Мемл.несие ресурстарын: 1)бюджет тапшылығын қарж/у; 2)ұлттандырылған ж/е аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қарж/у;3)биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қарж/у;4)елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланылады.

Мемл.несиенің негізгі нысаны несие қатынастары болып көрінетін мемл.қарыздар болып табылады, бұл қатарда мемлекет қарызгер ретінде болады.

Мемл-к қарыздар -нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге ж/е белгілі ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пен заңи ж/е жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.

Қарыздар Салықтар

1.Ерікті сипаты 1.Мәжбүрлеме сипаты

2.Мәжбүрлеудің 2.Мәжбүрлеудің анық сипаты

бүркемелі нысаны

Қарыздар өтеу мезгілі б/ша: қысқа мерзімді(1жылға дейін);орта мерзімді(1-5жылға дейін);ұзақ мерзімді(5жылдан жоғары).

Орналастыру орны б/ша: ішкі(қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары сатып ала алады),сыртқы.

Орналастыру әдістері б/ша: еркін айналатын,жазу б/ша орналастырылатын,мәжбүрлеме болып ажыратылады.

Мемлекеттік борыш -белгілі бір күнде немесе белгілі бір мерзімнен кейін пайызбен бірге өтелуі тиіс,бірақ өтелмеген,шығарылмаған мемлекеттік займдар сомасы. Мемл борыш-мемлекеттің өтелмеген қарыздары, міндеттемелері,несиелері ж/е оларға байланысты төленбеген пайыздары б/ша берешегінің жалпы сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті ж/е қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемл.борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді.

Орналастыру рыногына,қарыз валютасына,басқа сипаттамаларына қарай:

1)Мемл.ішкі борыш-әрбір елдің ішінде экономиканың түрлі секторларының өзара берешегінің сомасы ретінде құралатын борыш.Ол:мемл ішкі борыштан,корпоративтік сектор борышынан,халық борышынан қалыптасады.

2)Мемл.сыртқы борыш-мемл/ң шетелдік валюталық қаржы ұйымдарына,ресми мемл/к институттарға,жеке меншік банктерге берешегінің сомасы.

Мерзіміне қарай: қысқа мерзімді(1жылға дейін), орта мерзімді(1-10жылға дейін), ұзақ мерзімді(10-∞)бөлінеді. Сондай-ақ күрделі(мемлекеттің шығарылған ж/е өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасы); ағымдағы(мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері б/ша несиегерлерге табыс төлеу ж/е мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар). Мемл.борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады.

Мемл.борыштың салдары: үлкен көлемдегі мемлекеттік борыш мемлекетті банкротқа ұшыратпайды,өйткені үкіметтің келесідей іс-қимылдары қолданылуы мүмкін: 1)қайта қаржыландыру: төлеу мерзімі жеткен облигацияларды өтеу үшін практикада өкімет шығыстарды қысқартпайды ж/е салықтарды көтермейді. 2)салық салу: үкіметтің салық салуға және оларды жинауға құқығы бар.Қаржы дағдарысы кезінде жеке шаруашылықтар мен корпорациялар салық жинау есебінен кірістер ала алмайды,ал үкімет алады. 3)ақша жасау: борыштың негізгі сомасын ж/е пайыздарды төлеу үшін үкіметтің ақша эмиссиялауға мүмкіндігі бар.

 

Р салық ставкасы

С.ст – бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Түрлері: 1. Пайыздық– салық салу мөлшерін пайыздық түрде есептеу. Оның 3 түрі бар: 1)үйлесімді – ол салық объектісіне (оның мөлшерін саралаудың мөлшерін есепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді. 2) пргрес. – табыстың артуына қарай мөлшерлеменің өсуін қажетсінеді. Прогрессивті ставкалар ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді. 3) регрес – табыстың кемуіне қарай мөлшерлеменің төмендеуін қажетсінеді, табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдарға тиімсіз. 2.Тұрақты салық ставкасы – табыс көлеміне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мұнайдың 1 тоннасына, газдың 1 текше метріне)Салық ставкасы рыноктық экономика жағдайында салық төлеушілердің төлем қабілеттілігі мен және жалпы мемл. қажеттіліктерді қамт. ету ескеріле отырып пайдаланылады. Ставка мөлшері заңнамалық жолмаен белг. Және тиісті жылға арналған мемл. бюджетті бекіту кезінде түзетілуі мүмкін.

Еліміздегі салық ставкалары:1)Жеке табыс салығы - 10%;2)Корпоративті табыс салығы - 20%;3)Қосылған құн салығы – 12%;4)Әлеуметтік салықтар – 11%;5)Акциз ставкалары тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді;6)Рента салығының мөлшерлемелері бұл өнімнің әлемдік бағасына қарай 0%-дан (бір баррель үшін 20 АҚШ долларынан төмен баға кезінде) 32%-ға дейін (бір баррель үшін 200 және одан жоғары баға кезінде) белгіленеді: барлығы 19 сараланған мөлшерлемелер. Көмірді экспорттау кезінде экспортқа рента салығы 2,1 проценттік ставка бойынша есептеледі.;7)Көлік құралдар салығы есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі (АЕК). Мысалы; жеңіл автокөліктерге 4-тен 117 АЕК дейін, ал ауыр автомобильдер мен арнаулы автомобильдер 6-дан 15 АЕК дейін;8)Жер салығы:5000 шаршы метрге дейін - әрбір шаршы метр үшін 0,20 теңге;-5000шаршы метрден жоғарғы –әрбір шаршы метр үшін 1,00теңге9)Жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің құнына қарай (1млн. Теңгеден 120млн. Теңгеге және жоғары)жыл сайын 0,05% 1,5%-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша төленеді.;10)Құмар ойын бизнес салығы: Ойын үстеліне-айына тиісті қаржы жылына арналған рес-қ бюджет туралы заң белгілеген айлық есептік көрсеткіш-830. Ойын автоматына -30,тотализатор кассасына -125,тотализатордың электрондық кассасына -125. Букмекер кеңесінің кассасына-75, букмекер кеңесінің электрондық кассасына-75 еселенген мөошерін құрайды;11)Тіркелген салық: Салық төлеу 1-83 АЕКға дейін жүргізіледі;12)Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 20 процент ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады;13)Жер қойнауын пайдаланушылар үшін салық: 1 млрд.текше метр-0,5%; 2 млрд.текше метр – 1%; 2 млрд.текше метрден жоғары – 1,5 %.