Кикілжіңнің әлеуметтік табиғаты және оның ерекшеліктері.

 

Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы өзімен күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да жұмсақ түрде жүзеге аспайды, кейде қарама - кайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты. Әрбір адамның, әрбір үжымның немесе ұйымның, әрбір елдің бүкіл ғұмыры қарама-қайшылықтардан құралған. Мұндай қарама-қарсылықтардың табиғатын әртүрлі адамдардың әрқилы позицияларды алуына, әртүрлі қызығушылығы бойынша жетекші болуына, әртүрлі мақсатта талпынуына байланысты өзінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және мақсаттарын жүзеге асыруда бір-бірімен екі немесе одан да көп индивидтердің қарама-қарсы қақтығысқа жиі түсуімен түсіндіруге болады. Кейде бір-бірінің арасында туындаған қақтығыс тек бір ғана адамға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік топқа, кейде мемлекетке де қарсы күреске туындауы мүмкін. Олар өзінің қарсыласының мақсатына жетуіне кедіргі жасау мүмкіндігін белсенді іздейді, қызығушылықтарын қанағаттандырмауын тілейді немесе оның көзқарастарын, өмірдегі бағалаушылығын, алатын орнын өзгертуге тырысады. Дау, қорқыту және қауіп төңдіру аркылы, физикалык күш пен қару қолдану арқылы жүретін қарама-қайшылықтық қақтығысты кикілжің - деп атайды.

Бірақ жоғарыда айтылғандардың барлығында қызығушылықтар мен мақсаттардың қарама-қайшылығы өзара кикілжіңге әкеп соқтыратынын мүлдем білдірмейді. Қарама-қайшылық пен кикілжің - бір нәрсе емес, және қарама-қайшылықтың дамуы әрқашанда кикілжіңге ұласпайды. Кикілжің туындауы үшін қарсыластар, яғни индивидтер немесе олардың әлеуметтік топтары, біріншіден, өздерінің мақсаттары мен кызығушылықтарының қарама-қарсылығын сезінуі қажет, ал екіншіден, өзінің қарсыласына белсенді қарсы әрекеттер жасауы қажет. Екі немесе оданда көп жеке тұлғалардың топтардың, партиялардың, елдердің, т.с.с.-дың бір-біріне белсенді қарама-қарсылық әрекеттер жасайтын болса, тек сонда ғана қарама-қайшылықтар әлеуметтік кикілжіңдердің негізі болып табылады.

Бұл әлеуметтік құбылыстардың немесе процестердің негізін түсіну үшін сөздің этимологиялық мағынасын анықтаған жөн. Латын тілінде қолданатын «conflictus» сөзін құраған лингвистикалык элементтерінің мағынасын анықтасақ бүл сөздің мәні айқын болады. Бүл сөздің түбірін алдына жалғанған «con» буынынан тұрады, ол біреумен бірге, біреуге қарсы, бір уақытта, бірге деген мағынаны білдіреді және «flictus» («flicо») етістігінен құралған. Бұл етістік үру, итеру, құлату деген мағынаны білдіреді.

Сонымен берілген сөздін элементтері оны қақтығыс, дау, күрес, қарсы тұрушылык деп аударуга мүмкіндік береді.

Берілген сөзге мұндай мағына беру бөлек индивидтердің арасындағы, олардың топтарының, мемлекеттердің, тағы басқалардың арасындағы қарама-қайшылық болатындығы туралы шешімге алып келді. Қарама-қайшылықтардың екі негізгі түрін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, әртүрлі әлеуметтік қоғамның позициялары, қызығушылықтары қүрайды (оларға отбасы, ұйым, территориялық қүрылым, қоғамдық қозғалыс, т.б.). ал екіншісі, үкімет құрылымының іс-әрекетінің әртұрлі формасынан немесе экономикалық, үкіметтік, политикалық қарама-қайшылықтар болып табылады. Қарама-қайшылықтардың бұл екі түрі қоғамда кикілжіңнің объективті-реалдық негізін тудырады.

Қоғамдық өмірдің барлық сфералары - экономикалык, политикалық, әлеуметтік рухани жағы -барлығы өзара көптеген дифференциацияларға, қарама-қайшылықтарға, әртүрлі мақсаттар мен қызығулықтарының қақтығыстарына толы. Сондықтан да қоғамда әртүрлі кикілжіңдерге орын бар. Кикілжіңдік индивидтер және олардың топтары немесе әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер, кейде мемлекеттердің коалициялары да түсуі мүмкін. Әртүрлі кикілжің түрлерін тудырушы объектілер және оны шешу тәсілдері бар, сонымен қатар кикілжіңді әрекеттерді тудырушы субъекттердің түрлері аз емес олар тек бөлек ерлер немесе әйелдер, балалар немесе жастар, жүмысшылар немесе студенттер оқымыстылар немесе жазушылар типтес ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл топтары - профессионалдық жағынан, партиялық, ұлттық, рухани және тағы басқа жағынан да болуы мүмкін. Сондықтан өзінің объектісі жэне субъектісі бойынша, қарама-кайшылықтарының әрекетінің мінездемесіне қарай, оның түбірлі негізіндегі себебіне, дамуы мен шешілуіне, терендігі мен өту ұзақтығына байланысты кикілжіңдердің әртүрлі де әрқилы түрлерін ажыратуға болады. Бірақ кикілжіңдердің әрекеттершщ интенсивтілігінің функцияларының, қоғамдаы ролінің әртүрлілігіне қарамастан, дұрыс та терең зейін аударсақ, олардың барлығына ортақ ұқсастықтарды сызып көрсетуге болады.

Кикілжіңнің объектісі болып әлеуметтік ортадағы және қоршаған ортадағы құбылыс немесе процесс, кезкелген зат болып табылады. Мысалы, жер, су ресурстары тарту жекеменшілік, мәдениеттік қүндылықтар немесе авторитет, престиж, бедел, басқару, т.с.с. Ал кикілжіңнің субъектісі болып әрқашанда адамдар – бөлек индивидтер, сонымен қатар олардың ортақ жиылысы - жанұя, ұжым, қызығушылықтары ортақ топтар немесе үлт жэне тағы басқа болып табылады.

Өмірде болатын әртүрлі қилы ситуациялардың арқасында белгілі бір субъектің (индивидтің немесе топтың) мақсаты мен кызығүшылықтары ьасқа бір субъектінің мақсатына сәйкес келмеуі мүмкін. Яғни, субьектінің мақсаты қарсы келген екінші субъектінің мақсаты мен қызығушылықтарын жүзеге асыруын қиындатады. Мүндай ситуацияның қарапайым мысалы спорттық ойын (айталық, футбол немесе волейбол), мүндағы бір карсыластың жеңісі екіншісінің жеңілісіне экеп соқтырады. Бірақ дау-дамайлы ситуацияға түсетін әртүрлі индивидтердің немесе топтардың қызығушылықтары мен мақсаттары диадикалық бөлінумен шектеліп қана қоймайды, мүнда күрделі матрицалык жүйелі көрініс береді. Мысалы, бір топта оқитын студенттер стипендия алған соң, кейбіреулері алынған ақшаға бар өткізуді үсынса, ал басқалары танымалы эншінің концертіне баруларын өтінеді, ал үшіншілері тіпті ақшаларын жүмсағанды қаламайды. Мүндай жағдайда топта кикілжіңдік ситуация туындаиды. Егер де дау нәтижесінде бүкіл бар өткізу деген ортак шешімге келсе, онда берілген ортада кикілжің жоқ деп есептеледі. Ал егер бір студент болса да бұл вариантқакеліспесе, онда мұндаи ситуация кикілжіңге әкеп соқтыруы мүмкін. Ондай болса, әртүрлі қызығушылықтардың қарама-қарсылығы кикілжіңді жагдай тудырады.

Кикілжіңнің туындауындагы себептері өте көп, бірақ оларды үш категорияға бөліп көрсетуге болады:

· Ресурстар. Ресурстар айналасында туындаған кикілжіңдер өте қарапайым болып саналады.Бірақ бұдан өршіген кикілжіңдер өте күрделі болады.

· Психологиялық қажеттіліктер: Достық, басқару, топтың кұрамына кіру, табыс.

· Құндылықтар — біздің сенімдеріміздің жүйесінің негізі.

Бүл себептер кейде аралас кейде бір өзі кикілжің туындатады. Сенімдік құндылықтардан туындаган кикілжіңдерді шешу өте қиын болады, бұл құндылык жеке тұлғаны және оның өмір сүру маңыздылығын кұрайды.

Басқа классификациясы

· Базальді қажеттіліктер (тіршілік үшін қажет);

· Басқа да құндылықтар (дін);

· Шектелген ресурстар (ақша);

· Психологиялық қажеттіліктер (біз өзімізді пайдалы, қажет жэне жақсы сезіну үшін).

Басқаша классификациялау

· Негізгі (базальді) қажеттіліктер - тіршілік ету үшін су, тамақ, ауа жэне т.б.

· Бөлектендіретін құндылықтар - мысалы, әр түрлі дінге сенетін адамдардың құндылықтары мен қызуғушылықтары сәйкес келмейді.

· Әр түрлі қабылдау - адамдар болып жатқан ситуацияны әр түрлі қабылдайды. Мысалы, екі адам досының көйлегінің түсіне дауласуы мүмкін. Себебі, әр адам бір түсті әр түрлі қабылдайды.

· Әр түрлі қызығушылықтар - мысалы, екі оқушы кешке киноға немесе туған күнге баратыны туралы дауласуы мүмкін.

· Шектелген ресурстар өмірде әрқашанда бір нәрсе жётпей тұрады. Мысалы, өмірде барлығы бай емес, себебі ақша шектелген рссурс.

· Психологиялық қажеттіліктер - бүл қажеттілік, бізге өзімізде сенімділік болу үшін өзіміздің қажет екендігімізді және маңыздылығымызды түсіну үшін қажет. Мысалы, бізді жақсы көрубізге өте керек.

Кикілжіңнің дамуын немесе іске асуын формула ретінде көрсетуге болады.

Кикілжіңнің бірінші формуласы

Кикілжіндік жағдай + Инцендент = Кикілжің

Кикілжіңдік жағдай - нагыз себебін құрайтын жиылған қарама - қайшылықтар.

Инцидент - кикілжіңдік сылтауы болып табылатын жағдайлар ағыны.

Кикілжің - қызығушылықтары мен позицияларының қарама - қаишылануына байланысты ашық қарсы тұру.

Формулаға қарайтын болсақ ондағы кикілжіңдік жағдаймен инцидент бір-біріне тәуелсіз, яғни олар бір-бірінің туындауына себепші емес.

 

кикілжіңнің екінші формуласы

Мұндағы кикілжіңдік жағдайлар бір-біріне тәуелсіз және бірінен-бірі туындамаған.

Берілген формула бірінші формуланы толықтырады, сәйкесінше, әр кикілжіңдік жағдай өзінің өршуімен, баска кикілжіңнің инцидентінің туындауына әсер етеді.

Векторлық түрде кикілжіңнің бірінші және екінші формулаларын келесі түрде көрсетуге болады:


2. Жоғары сынып оқушыларының арасындағы кикілжіңдердің түрлері мен туындау себептерін анықтау.

 

Халықтық білім беру сферасындағы іс-әрекеттің төрт субъектілерін бөліп көрсетеді: оқушы, мұгалім, ата- ана және администратор. Субъекттердің өзаралық әртүрлі қарым-қатынасқа түсінуі байланысты кикілжіңдердіңкелесі түрлерш бөліп көрсетуге болады: оқушы - оқушы; оқушы - мұғалім; оқушы - ата-ана; оқушы - администратор; мұғалім - администратор; мүғалім - мұғалім; мүғалім - ата-ана; ата-ана - ата-ана; ата-ана - администратор; администратор - администратор (В.Воронин).

Оқу іс-әрекетінің көп тараған оқушылар арасындағы кикілжіңдерді қарастырайык.

Жасөспірімдік, жеткіншектік ортадағы кикілжің барлық заманға және халыққа тән, ол Р.Киплингтің бейнелеген XIX гасырдағы аристократтық мектебі болсын немесе ағылшын жазушысы У.Голдингтің «Повелитель мух» шығармасындағы ересектердің қарауынсыз, қарт аяғы баспаған аралдар қалып қойған бір топ балалардыц оқиғасы болсын (И.Кон).Мектептегі оқыту барысындағы жетіспеушілікке байланысты туындайтын кикілжіңдерді 1-сызбадакөре аламыз. Жоғары сынып арасындағы болатын кикілжіңдердің бірі лидерлікке ұмтылыс немесе лидерлік кикілжіңі. Мүнда екі-үш лидерлердің жэне олардың топтарының сыныптағы біріншілік беделіне таласуы. Орта сыныптарда қыздардың тобымен ұлдар тобының арасындағы кикілжіңдер жиі болып тұрады. Үш-төрт жасөспірімдердің бүкіл сынып немесе бір оқушының бүкіл сынып оқушыларымен кикілжіңге түсуі мүмкін. Психологтардың бақылауынша (О.Ситковская, О.Михайлова) лидерлікке жол, әсіресе жасөспірімдер ортасында, қатыгездік, мейірімсіздік, өзінің біріншілігін көрсету немесе демонстрациялаумен байланысты. Балалық қатыгездік - барлығына танымды құбылыс. Әлемдік педагогиканың бір парадоксының нәтижесі бойынша бала ересектенде көбірек өзінің қатарластарына қатыгездік көреді.

Оқушылардың агрессивтік қылықтарының генезисі олардың жеке тұлғалық әлеуметтенуінің дефектерімен байланысты. Сонымен қатар, баланың және жеткіншектің жеке тұлғасы өзімен-өзі қалыптаспайды, қоршаған ортада, қоғамда қалыптасады. Әсіресе, маңызды болып кіші топтар жатады. Мұнда жеткіншек басқа адамдар мен әрекеттеседі немесе қарым-қатынасқа түседі. Ең алдымен жанұяға қатысты. Әр түрлі авторлар сәтсіз қалыптасқан жанұяларды әр түрлі бөліп көрсетеді.

Л.С. Алексеева сәтсіз қүрылған жанүялардың келесі түрлерін көрсетеді:

1. кикілжіңдік;

2. аморальді;

3. педогогикалық компетентті емес;

4. асоциалды;

Г.П. Бочкарёва келесі жанұяларды бөліп көрсетеді:

1. эмоционалды атмосферасы сәтсіз қүрылған жанұялар, мүнда ата-аналары өз балаларына мейірімсіз, сонымен қатар дөрекі, құрметтемей қарайды.

2. мүшелерінің арасында эмоционалды байланыс жоқ, баланың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарайды.

3. балаға саяси жағымсыз қажеттіліктер мен қызушылықтар ілініп, оларды аморальді өмір сүруіне итеру.

Сонымен, мектепке дейінгі балалардың ата-аналарының жазалауының жиілігі мен балалардың агрессивтік әрекеттерінің жиілігінің арасындағы оңды байланысты табылған (Р.Сирс).

Ата-аналары физикалық күш көрсету арқылы тәрбиеленген балалар көбінесе кикілжіңге түскіш болып келеді (А.Бандура). Сондықтан зерттеушілердің көбісі жазалау жеке тұлға қылықтарының кикілжіңділігінің моделі деп санайды (Л.Джавинен, С.Ларсенс).

Әлеуметтенудің алғашқы сатыларында агрессия қасиеті абайсыздан көрінуі мүмкін. Бірақ агрессиялық әрекет арқылы көздеген мақсатына жеткен соң, әртүрлі қиын ситуациялардан шығу үшін мұндай тәсілді қайтадан қолдануға ұмтылуы мүмкін. Ол үшін агрессия - қол жеткізу тәсілі емес, агрессия - өзіндік мақсаты болып саналады. Бұл агрессия қылығының өзіндік мотивіне айналып, өзін-өзі басқаруының төменгі деңгейінде баскаларға деген қарсыластық сезімін тудырады.

Бұдан басқа жасөспірімдердің өздерінің сыныптастарымен кикілжіңге түсуі, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Яғни өзімен жастылардың оны моральды этикалық критериймен бағалауы және т.с.с. (В.Лозоцева).

Сынып ішіндегі жеке тұлғалар арасындағы кикілжіңдер түрлері өте көп.

Оқушылар тобы ішіндегі өзаралық кикілжіңдер топтағы жеке тұлғалық қарым-қатынастардың дисгармонизациялануынан және топтың құрылымының тепе-теңдігінің бұзылуынан (статустық, рольдік, коммуникативтік, басқармалық) көрініс табады.

Топ әртүрлі күрделі де көп деңгейлі және көп функциональды көріністі болғандықтан, онда әр түрлі кикілжіңдердё дамиды.

Сол топ ішіндегі болатын кикілжіңдердің мінездемелеріне тоқтап өтсек:

1. Берілген топтағы микро-топтардың өзара әрекеттесуі барысында кикілжіңдер туындауы мүмкін. Мұндай топтар әр түрлі кіші әлеуметтік топтарда кездеседі, және оларды саны 6-8 адамнан аспайды, сонымен қатар 3 адамнан тұратын микро-топтар да бар. Көпсанды топтар тұрақсыз болып келеді. Топ мүшелерінің жас деңгейінің өсуіне және олардың әлеуметтік статусына байланысты топтардың саны азаяды. Топтың өмірінде мини-топтар үлкен роль ойнайды. Олардың өзара әрекеттесуі толығымен топтың климатының өзгеруіне, іс-әрекетінің нәтижелігіне әсер етеді. Кіші топтардың ішінде топтық өмірдің ережелері мен нормаларынан озу байқалады, дәлірек айтқанла мини-топ осы ережелердің өзгеруіне инициатор болып табылады. Бірінші топтағы мини-топты таңдау мәселе алдында тұрады. Ол топ оны өзіне қабылдап, оның мінезін мақұлдайды.

Түзілу деңгейінде және оқушылардың өзара бейімделу деңгейінен өткен мектеп сыныбы, ереже бойынша осындай бірнеше микро-топтардан түруы мүмкін. Олардың бұлай түзілуінің принципі болып, қатысушылардың статусына байланысты: «жұлдызы» бар немесе лидері бар жоғары статустық топтар, орта және төменгі статустық топтар, жиірек топ қабылдамаған жеке тұлғалардың (изгои) өзара қарым-қатынас құрған топтар болып бөлінеді.

Сыныптағы балалардың жынысы мен жасына байланысты кіші топтарға бөлінуі де әр түрлі өтеді. Бастауыш мектепте мектеп үлгерімі принципына байланысты кіші топтар түзіледі, және бір топтың өзіне сол және басқа жыныс мүшелерінің оқушылары түседі. Ал жеткіншектердегі балалар мен қыздар топтары көбінесе автономды болады. Мұнда балалар саны көп болса, онда топтың құрылымы бұтақталып, бір топқа жиналады. Ал егер қыз саны көп болса, ұлдар көбінесе қыздардың лидерлеріне бағытталып, бағынады.

Бір сыныптағы кіші топтар арасында әр түрлі қарым-қатынастар түзіледі. Ереже бойынша топтар арасында оң байланыс немесе барлық төменгі және орта статустық топтар жоғары статустық топқа бағытталуы мүмкін. Кейде топ ішінде топ аралық кикілжіңдер тудыратын бір адам немесе тұрақты жүк болады, олар басқа кіші топтың лидерімен кикілжің қарым-қатынас құруы мүмкін.

2. Кикілжіңдер жоғары статустық топтардын. сыртқы референтті топтың ортақ мақсатына және кұндылықтарына қарсы тұруына сәйкес келмеуіне байланысты туындайды.

3. Басқару стилімен келіспеген формальді емес сыртқы топтың басқарушысымен әрекеттесу барысында туындайтын кикілжіңдік жағдайлар. Мұндағы кикілжің топтық болып басталмайды. Бұл жердегі кикілжіңге қатысушылар басқарушы және топтың жеке онда тарқаған топтың мүшелеоі өз орнынан басқа қоғам - достықтан табады .

4. Лидерлер арасындағы кикілжіңдер. Бір жағдайда кикілжің күштері тең екі микро-топтың лидерлерінің арасында болса, екінші жағдайда кикілжің тұрақталған лидермен оның қолдаған, күшейіп келе жатқан адамының арасында туындайды. Бұдан басқа сынып үшін әр түрлі бағыттағы лидерлер кикілжіңдері дәстүрлі болып табылады. Мұндай қарсы күрестердің қажеті де жоқ, сонымен қатар үлкендердің дұрыс басқара алмауынан туындайды. Олар оқушыларға сыныпты «әсер ету сфераларына» бөлуге, өзінің лидерлік басшылығы тән спецификалық зоналарын әр лидерлерге табуға көмек бермейді.

5. Сонымен қатар, формальді емес лидермен топтың басқарушысының арасындағы көп таралған кикілжің. Лидермен басқарушысының қызығушылықтары мен мәселелері бағыттас болса да, олар үнемі қақтығысуы мүмкін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Е.М. Бабосов « Конфликтология» Минск Тетра системс 2000 г

2. О.Н. Громова « Конфликтология» Москва,2000 г.

3. Борокин Ф.И., Коряк Н.М. Внимание: Конфликт! – Новосибирск: Наука , 1989г.

4. Арымбаева А. Шиеленістану. –Шымкент, 2007 ж.

5. И.Е.Ворожейкин, А.Я.Кабанов, О.К.Захаров. Конфликтология. –Москва, 2000.

6. Сауранбаев Н.Т 70 000 сөз Орысша – қазақша сөздік Алматы, Дайк – Пресс 2005.

7. Анцупов А.Я., А.И. Шипилов. Конфиктология. М.,2001.

8. Уткин Э.А. Конфиктология. М., 2000.

9. Бороздина Г.В. Психология делового общение. Москва ,1999г.

10. Лавриненко В.Н. Психология и этика делового общение. -Москва, 2000г.