Эссе. Қазақстандағы ақша - несие саясатының негізгі бағыттары.

ҚР Ұлттық банкі түрлі күрделі операцияларды орындайтын және ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамассыз ететін негізгі буын болғандықтан бірінші деңгейлі банк болып есептеледі. Ұлттық банктің үкіметтен белгілі бір тәуелсіздігі - оның ақша-несиелік және валюталық тұрақтылықты сақтаудағы іс әрекеттеріндегі тиімділігіне қажетті жағдай. Сондықтан Үкіметтің макроэкономикалық бағыты Ұлттық банктің ұзақ мерзімдегі саясатын анықтайды. Сайып келгенде кез келген Ұлттық банкте әрі банктің, әрі мемлекеттік органның белгілері тоғысады. Ақша-несиелік саясат жүргізу үшін Ұлттық банктің заңды бекітілген құралдары мен операциялары бар, олар: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу және т.б.

Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілді қолданады: 1)міндетті резервтер; 2)резервтеудің баламалы тәртібі. Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге асыруға пайдаланылатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып келеді. Сонымен Орталық банк міндетті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді. Практикада міндетті резервтер нормасы қайта қаржыландыруға сирек түседі, өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші мультипликатор арқылы жүргізгенде үлкен болады. Ақша-несие саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін өзгерту. Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын орталық банк коммерциялық банктерге несие береді. Егерде есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда Орталық банктің қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесін өсіреді. Несиенің азаюы және ақшаның қымбаттауы барлық жүйеге таралады. Экономикада ақша ұсынысы төмендейді. Есеп мөлшерлемесінің кемуі керісінше әсер етеді.Әдетте тіркелген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден төмен болады, бірақ Орталық банктен несие алу белгілі әкімшілік қиындықтарға тіреледі.Қысқа мерзімдік несие коммерциялық банктердің резервін толтыру үшін беріледі.

Несиелендіру және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданады. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үіметке несие беру бюджет саясаты аумғында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатыында жүргізіледі. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады. Ақша нарығындағы операциялар – Ұлттық банктің айналыстағы ақша жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын білдіреді.

ҚР-ның 2009-2010 жж ақша-несие саясатының негізгі бағыттары. 2008 жылдың аяғында – 2009 жылдың басында ішкі валюта нарығында теріс девальвациялық күтулердің едәуір өсуі байқалды.

Ақша-кредит саясатын жүргізу кезіндегі тәсілдердің міндетті түрде өзгеруі жағдайында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі назарды баға тұрақтылығын қамтамасыз етуден және инфляциялық таргеттеуге көшу саясатын жалғастырудан валюталық дәлізді белгілеуге қарай ауыстыру жолдарын зерделеді. Әлемдік тәжірибеге жасалған талдау бағамды жаңа деңгейде кейіннен ұстай отырып, ұлттық валютаны бір реттік девальвациялау қалыптасқан жағдайдағы жалғыз дұрыс шешім болып табылатынын көрсетті. Соған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2009 жылғы ақпанда теңгенің айырбастау бағамының бір АҚШ доллары үшін 150 теңге +/-3% деңгейіндегі жаңа дәлізін белгіледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктерге қысқа мерзімді теңге өтімділігін беру жөнінде шаралар қабылдады. Осы бағыт шеңберінде банктерге қайта қаржыландыру заемдары берілді, осы операциялар бойынша кепілдікті қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізбесі түзетілді. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы 10,5%-дан бұрын-соңды болмаған ең төменгі деңгей – 7,0% дейін біртіндеп төмендетілді. 2009 жылғы наурызда банктерге қойылатын ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері ішкі міндеттемелер бойынша 2%-дан 1,5%-ға дейін және өзге міндеттемелер бойынша 3%-дан 2,5% дейін төмендетілді. Борышын қайта құрылымдау үстіндегі банктердің ағымдағы өтімділігіне қолдау көрсету үшін 2009 жылғы қарашада осы банктердің барлық міндеттемелері бойынша 0% мөлшерінде ЕРТ-нің жекелеген нормативтері белгіленді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уақытша ескере отырып қабылдаған шараларының тиімділгі 2010 Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляция көлемін 6-8 пайыз дәлізі деңгейінде ұстап тұруға бағытталатын болады. Сонымен бірге ұлттық валюта курсының күрт толқуларына жол берілмейді. 2010 жылы да теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 150 теңге көлемінде болады. Теңгенің доллармен есептелгендегі жоғары-төмен толқу деңгейі + 15 теңге немесе 10 пайыз және – 22,5 немесе 15 пайыз мөлшерінде болады деп болжануда. Ұлттық банк пен ҚҚА еліміздің қаржы саласын тұрақтандыру мақсатында кешенді шараларды жүзеге асырып, қаржы және банк жүйесінде оң жетістіктерге қол жеткізеді.2010 жылғы бағыттар: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздық саясаты нарық ставкаларын қысқа мерзімді құралдардың ақша нарығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ставкаларының дәлізі шеңберінде ұстап тұруға бағытталған.

 

 


63. Эссе. Қаржылық дағдарыстың себеп - салдары .

2007 ж АҚШ-тан басталған қаржы дағдарысы Еуродақ,Оңт-Шығыс Азия елдерінің қаржы рыногын тұралатып тастады. Дағдарыс, әсіресе, көптеген елдердің банк секторы мен қор рыногына мықтап соққы болып тиді. Банк активтерінің, жылжымайтын мүлік құнының төмендеуі барлық елдерде дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар кешенін қабылдауды талап етуде. Жаһандық қаржы жүйесімен тығыз байланысты болғандықтан бұл дағдарыс Қазақстанды да айналып өте алмайды.

Бүкіләлемдік дағдарыс 2007 ж тамыз айында АҚШ-та бастау алды. Басты себебі ретінде – ипотекалық несиелеуді алады. Инвесторлардың жауапкерсіз қылығы, яғни ипотека және бағалы қағаздар арқылы жоғары табысқа жету мақсатында өздеріне үлкен мөлшерде несиелік қарыздарды алуы, несиелік кепілдің төмен сапалы болуы-әлемдік дағдарыстың себебі болды және әлемдік экономика үшін еш жақсылығы болмайтыны түсінікті.

Әлемдік экономикадағы, әсіресе қаржылық жүйедегі мәселенің ушығуы көптен бері күтіліп келген болатын.Бірақ, мұндай масштабқа дейін жетіп, бүкіләлемдік дағдарысқа айналуы болжанбаған еді. 2006 жылдан бері американдық ипотекада қиындықтар басталды. АҚШ-тағы ипотекалық дағдарысының алғашқы белгілері – тұрғын үй несиелерінің қайтарылмау көлемінің ұлғаюы болды. Бұл Америкадағы ипотекалық сектордың күйреуіне әкелді, ал бұл өз алдына өтімділіктің әлемдік дағдарысын тудырды.

АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс салдары әлемдік нарыққа және экономикаға, соның ішінде халықаралық нарыққа терең интеграцияланған біздің елімізге де теріс әсерін тигізбей қоймады. Қаржылық дағдарыстың алғашқы толқынымен Қазақстан 2007 жылдың күзінде беттесті.

Еліміздің экономикасы АҚШ-та басталған ипотекалық дағдарыс салдарынан 2007 жылдың соңында-ақ (“бірінші толқын”) қиыншылықтарға душар бола бастады. Әлемдік қаржы рыноктарындағы ахуалдың шиеленісуі нәтижесінде, дәлірек айтқанда, жаһандық дағдарыстың 2008 жылғы “екінші толқынында” қиыншылық жағдайларына тап болды.

Әлемдік рыноктардағы капитал өтімділігі дағдарысы нәтижесінде Үкімет 2008 жыл бойына бүтіндей алғанда елдің қаржы жүйесінің, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің тұрақтылығын арттыру жөнінен бірқатар шаралар қабылдады. Бұл жұмыста негізгі салмақ елдегі жүйе құраушы банктерге түсірілді.

Қазақстанға да бұл дағдарыстың әсер етпей қоймағаны анық. ҚРда дағдарыстың пайда болу себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

- Қазақстан экономикасының әлемдік экономикаға интеграциялануы;

- Экономиканың шикізаттық мамандану, сол себептен елде өндірілген шикізаттың әлемдік бағасы тәуелділігі;

- Бос ақшалай қаражаттарының көптігі және оларды инвестициялау мүмкіншіліктің аздығы;

- Көптеген ЕДБ-дің агрессивті несиелік саясаты, қысқа мерзім ішінде сыртқы қарыздың күрт өсуі;

- Ел үкіметінің тез арада және тиімді дағдарысқа қарсы шаралардың орындалмауы.