Тексеру сұрақтары

1) Абрис дегеніміз не?

2) Тахеометриялық планды құру (дайындау) реті.

3) Горизонтальдар қалай жүргізіледі?

Зертханалық жұмыс

ЖЕР БЕТIНДЕГI НҮКТЕЛЕРДIҢ БИІКАЙЫРЫМДАРЫН АНЫҚТАУ

7.1. Жұмыстың мақсаты: нивелирмен танысу, нивелирлеу және трассаның профилiн сызу.

7.2. Аспаптар және жабдықтар: 3Н–5Л нивелирi, нивелирлiк рейкалар–2, ағаш қазықшалар, техникалық нивелирлеудiң журналы.

Жұмыстың мазмұны және орындау тәртiбi

1) Нивелирдi штативке орнатып жұмысқа дайындау.

2) Нивелирдiң құрылысымен танысу және рейкадан есептеу алу.

3) “Ортадан нивелирлеу” тәсiлiмен биiкайырымдарды анықтау.

4) Нивелирлік түсірістің нәтижесін камералдық өңдеу.

Нивелир екі нүктенің биікайырымын анықтайтын аспап.

Екi нүкте арасындағы биікайырымды көбiнесе “ортадан” нивелирлеу тәсiлiмен анықтайды. “Ортадан” нивелирлеуде нивелир екi нүктенiң аралығына орнатылып, биiкайырым (7.1-сурет) мына формуладан анықталады

 

h=a-b, (7.1)

 

мұндағы a, b-артқы және алдыңғы рейкадан алынған есептеулер.

 

 

7.1-сурет

 

Станцияда нивелирлеу былайша жүргізіледі.

Артқы а және алдыңғы в рейкалардан аЧ, вЧ, аК, вк есептеулерін алу. Мұндағы ч және к индекстері рейканың қара және қызыл жақтары.

Алынған есептеулер нивелирлеу журналына жазылады (7.1-кесте).


7.2 – суретте 3Н-5Л нивелирінің негізгі бөліктері көрсетілген.

7.2-сурет. 3Н-5Л нивелирі

1- бітеуіш, 2- айна, 3- түзету гайкасы, 4- ақ экран, 5- дөңгелек деңгейдің түзету бұрандалары, 6- дөңгелек деңгей, 7- көтеру бұрандалары, 8- тұғырық, 9-көздеу бұрандасы, 10 - астының корпусы, 11 – объектив, 12 - корпус, А- механикалық көдеуіш

 

Нивелирлеу журналын өңдеу әр беттiк тексеру бойынша жүргiзiледi.

. (7.2)

Нивелирлiк жүрiс екi репер арасында жүргiзiлсе, онда жүрiстiң биiктiк үйлеспеушілігі мына формула арқылы анықталады

fh= S hopт. -(Hсоң-Hбас.),(7.3)

мұндағы орт. - екi репер арасындағы өлшенген орташа биiкайырымдар қосындысы.

Техникалық нивелирлеудегi биiктiк үйлеспеушілігі fh мына формула арқылы анықталатын шектен аспау керек

fh шек=50мм , (7.4)

мұндағы L-жүрiстiң ұзындығы, км.

Егер fh<fhшек. болса, онда биiктiк үйлеспеушілік биікайырымдардың барлығына керi таңбамен бөлiнедi де, жүрiс теңестiрiледi. Пикеттер мен аралық нүктелердiң биiктiктерi мына формулалармен анықталады

Hn=Hn-1+hтүз.;(7.5)

Hapaл.=AГ-с,(7.6)

мұндағы АГ- аспап горизонты; С -аралық нүктеден алынған есептеу.

Аспап горизонты АГ мына формула арқылы анықталады

АГ=Hарт.+aқар.(7.7)

мұндағы Hарт. - артқы нүктенiң абсолют биiктiгi; ақар.- сол нүктеде орнатылған рейканың қара жағынан алынған есептеу.

Егер есептеулердiң аяғында соңғы репердiң биiктiгi шықса, онда абсолют биіктіктердің дұрыс анықталғандығы.

Профиль мөлшерi 20-30 см миллиметрлiк қағазда 7.3-суреттегi үлгiге сәйкес тушьпен сызылады.

Шартты горизонттың ШГ төменгi жағына суретте көрсетiлген мөлшерлер арқылы профильдiң торы сызылады.

7.1-кесте

Нивелирлеу журналы

 

  Стан ция   Пикеттер Рейкадан алынған есептер Биікайырым h Орташа h   Аспап гори-зонты   Биiктiк, Н
Арт-қы Алдың-ғы Ара-лық + - + -
    ПК-0                   850,000     850,339
ПК-0   ПК-1                     850,889 850,339   849,474 849,021 848,476

 

Профиль торының әр графаларына профильдiң нақтылы және жобадағы мәлiметтерi жазылады.

ШГ сызығына пикеттер мен полюстiк нүктелердi белгiлеп, олардан перпендикулярлар тұрғызады. Перпендикулярларға вертикаль масштабта нүктелердiң биiктiктерi салынып, трассаның нақтылы профилi анықталады

; (7.8)

H nж=H жбас.+idn ; (7.9)

 

h жүм.=H жi — H нi,(7.10)

мұндағы Н жс және Н жб жоба сызығының басы мен соңының биiктiктерi; H нi - нүктенiң нақтылы биiктiгi.

Жобаға сәйкес қазу және толтыру (үйме) жұмыстарының шекаралары (нөлдiк жұмыстардың нүктелерi) профильде пунктир сызықпен көрсетiледi. Келешекте қазу және толтыру жұмыстарының көлемiн есептеу үшiн олардың орындарын бiлу қажет. Олардың орындары белгiлi нүктелерден келесi формуламен есептеледi (7.4-сурет)

мұндағы h1 , h2 - жұмыс биiктiктерi; d - нүктелердiң арақашықтықтары.

 

       
 
   
 

Нөлдiк жұмыстардың НО биiктiктерi жоба сызығының көлбеулiгi арқылы анықталады

НО = НБ + iX, (7.12)

мұндағы i- бойлық профильдiң көлбеулiгi.

7.3 -сурет

 

 
 

 

 

 


7.4-сурет

 

Зертханалық жұмыс бойынша студент: өлшеу нәтижелері бойынша есептелген техникалық нивелирлеу журналын, дайындалған трасса профилін тапсырады.

Жұмысқа қажет деректердi 7.2-кестеден алу керек.

Бастапқы (Rp1) және соңғы (RP) реперлердiң биiктiктерi студенттiң журналдағы реттiк нөмiрiне сәйкес төмендегi 7.3 - және 7.4 - кестелерiнен алынады

 

 

7.2-кесте

Күнi ________________ Жұмыс орны ___________
Басталуы_____________ Күнрайы _______________
Аяқталуы ____________ Орындаушы ____________
    Станция №№       Пикеттер №№   Рейкадан алынған есептеулер   Биiкайырымы, h, мм   Орташа биiкайырымы, h,мм     Ас- пап гори- зонты     Биiк- тiгi, Н м
Артқы Алдыңғы Аралық + - + -
  I RpI                
+30                  
+40                  
               
    II                
+60                  
               
  III                
+70                  
+80                  
               
    IV                
+80                  
               
    V                  
+30                  
+50                  
               
  VI                
               
    VII                
+80                  
               
VIII                
               
IX                
               
X                
               
XI                
               
XII                
+15                  
RP                

 

Кесте

Rp1 810,00 797,00 790,00 803,00 809,00 840,00 831,00

 

851,00 847,00 839,00 823,00 826,00 901,00 915,00 921,00

 

Кесте

RP 817,00 804,00 797,00 810,00 816,00 847,00 838,00