Нормативтік калькуляциялаудың маңызы

Тақырып. Нормативтік калькуляция

Өзіндік құнның нормативтік калькуляциясы - бұл бақылау әдісі, ол нормативтік шығын мен табысты іс-жүзіндегі шығын және табыс пен салыстырады. Бұл калькуляциялаудың әдісі өндірісті бақылауды қамтамасыз ету және басқару қызметінің тиімділігін бағалау, сондай-ақ сметаларды жасау мақсаттары үшін қолданылады.

Нормативті жұмсалымдар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау жүйесін, келесідей ерекшеліктері бар кәсіпорындар қолдана алады:

- өндіріс процесі бірқатар жалпы немесе қайталанып отыратын операциялардан құралатын;

- шығарылатын өнімнің әр бірлігін өндіру үшін ресурстардың қажетті көлемін алдын-ала анықтау мүмкіндігі болатын.

Нормативті жұмсалымдар қайталанатын операциялар үшін құрастырылады. Олар нақты өнімді өндіру үшін, қажетті операция-лардың нормативті жұмсалымдарын қарапайым қиыстыру арқылы анықталады. Бұл процесс 7.1- кестеде көрсетілген.

 

Жауапкершілік орталықтары Операция нөмері және нормативті жұмсалым дар   Өнімдер Жалпы номативті жұмсалым дар Нақты жұмса лымдар
  теңге теңге  
A    
B          
C          
D        
Өнімнің нормативті өзіндік құны, теңге    

Кесте 7.1. Операциялар және өнімдер бойынша талданған нормативті жұмсалымдар

 

1-ден 4-ші операцияға дейін, әрқайсысы үшін нормативті жұмсалымдар тиісінше 20, 30, 40 және 50 теңге болады деп шамаланады. Сондықтан, бұйым-100 үшін нормативті жұмсалымдар 110 теңге болады, оған 1-ші операциядағы 20 теңге қосу 3- және 4- операция-лардың тиісінше 40 және 50 теңгесі енеді. Бұдан басқа, есепті кезең-дегі әр операция бойынша жалпы шығарылым үшін жалпы нормативті жұмсалымдар есептелген. Мысалы, 1-ші операция аяқталғанда, бұл операция бойынша алты бұйымның нормативті жұмсалымдары 120 теңгеге (6 бұйым әрқайсысы 20 теңгеден) тең. 2-ші операциядан соң үш бұйым 90 теңге сомасындағы жалпы нормативті жұмсалымды береді және т.с.с.

7.1-кестенің мәліметтері көрсетіп тұрғандай, әр жеке операция үшін өзінің жауапкершілік орталығы жауапты. Бұл жағдайда басқару мақсаттары үшін 100-бұйымның 110 теңгенормативті жұмсалым-дарын нақты жұмсалымдармен салыстырудың қисыны жоқ, өйткені ауытқу үшін А, С және D жауапкершілік орталықтары жауапты. Шығындарды басқару үшін, әр жауапкершілік орталықтары үшін шығарылған өнімді ескере, нормативті жұмсалымдары анықталуы қажет. Егер А жауапкершілік орталығының нақты жұмсалымдары 6 бұйымды өндіруге 120 теңге нормативті жұмсалымдармен салысты-рылса, онда бұл жауапкершілік орталығының менеджері 1-ші операция бойынша бүкіл ауытқулар шамасына жауапты болады. Кезең ішіндегі жауапкершілік орталығының әр операциясы бойынша жалпы нормативті жұмсалымдарымен нақты жұмсалымдардың жалпы сомасын салыстыра келе, жұмсалымдарды тиімді бақылауға болады. Нормативті жұмсалымдар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау жүйесінің қызмет ету жалпы схемасы 7.1 суретте көрсетілген.

 

Әр жауапкершілік орталықтары бойынша тіркелген өнімді нақты шығару кезіндегі нормативті жұмсалымдар
Әр жауапкершілік орталық тарына жатқызылған нақты жұмсалымдар

 

 
 

 


Нормативті және нақты жұмсалымдарды салыстыру, ауытқуларды талдау және алынған нәтижелерді есептемеге енгізу

 

 

Ауытқуларың пайда болу себебін зерттеу және түзетушілік шараларды жүзеге асыру

 

Нормативтерді бақылау және ресурстарды тұтынудың немесе оның бағасының өзгеруін есепке алу үшін, оларға түзету жасау

 

Сурет 7.1. Нормативті жұмсалымдар негізінде өзіндік құнды калькуляциялау жүйесі қызмет етуінің жалпы схемасы

 

Көрініп тұрғандай, белгілі кезеңде нақты шығарылған өнімдердің нормативті жұмсалымдары, түрлі операцияларға жауапты жауапкер-шілік орталықтарымен және олардың менеджерлерімен бақыланады. Жауапкершілік орталықтарына сол кезеңнің нақты жұмсалымдары да үлестіріледі. Сосын нақты және нормативті жұмсалымдар салысты-рылып, ауытқу анықталады.

Түрлі бұйымдар шығаратын не түрлі операциялармен айналысатын бөлімше үшін, өнімнің шығуын бірлікпен өлшеу мүмкін болмайды. Мысалы, егер цех X өнімінен 100 бірлік, Y өнімінен 200 бірлік және Z өнімінен 300 бірлік өндірсе, онда бұл шамаларды қосуға болмайды, өйткені олар біртекті емес. Бұл қиыншылық, өндірістің нормативті уақыты секілді көрсеткішті қолдану арқылы шешіледі. Нормативті уақыт - бұл түрлі бұйымдарды өндіру нәтижелерін есептеу кезінде жалпы деноминатор қызметін атқара алатын өнімді шығару көрсеткіші.

Әр бұйымның бір данасын өндіру үшін нормативті уақыт келесідей бекітілген деп шамаласақ:

бұйым X - 5 нормативтік сағат,

бұйым Y - 2 нормативтік сағат,

бұйым Z - 3 нормативтік сағат.

Бұл тиімді өндіріс жағдайында, бұйым X данасын жасау үшін 5 сағат жұмсау қажеттігін көрсетеді. Цех үшін өнімді шығару нормативті уақыт бірлігімен (сағатпен) келесідей есептелуі мүмкін:

 

 

Бұйым Өнім бірлігін шығару үшін нормативті уақыт, сағ Нақты шығарылған өнім, бірл. Барлық өнімдерді шығару үшін нормативті уақыт, сағ.
X
Y
Z 900
      1800

 

Әдетте жұмсалымдар нормативтері үш ірі категорияға жіктеледі:

1) негізгі нормативті жұмсалымдар;

2) өте жақсы нормативтер;

3) қазіргі кезде қол жететін нормативтер.

Негізгі нормативті жұмсалымдарға ұзақ мерзім ішінде өзгеріссіз қалатын тұрақты нормативтер кіреді. Негізгі нормативті жұмсалым-дардың басты артықшылығы – олардың бірнеше жылдар ішіндегі нақты жұмсалымдарды, дәл осы уақыттағы нормативтермен салыстыру үшін тұрақты негізді қамтамасыз етуінде. Осының нәтижесінде бүкіл талдау мерзімі үшін тиімділік тенденциясы анықталуы мүмкін. Өндіріс тәсілдері, бағалар деңгейі не басқа да релевантты факторлар өзгерген кезде, негізгі нормативтер ағымдағы мақсатты шығындарды көрсетуді тоқтата, пайдасыз бола бастайды. Осы себептен негізгі нормативті жұмсалымдар сирек қолданылады.

Өте жақсы (идеалды) нормативтер қалыпты жағдайдағы қызметті көрсетеді. Идеалды нормативтік жұмсалымдар - бұл өте тиімді қызмет жағдайында мүмкін болатын ең төменгі жұмсалымдар. Идеалды нормативтерді тәжірибеде қолдану екіталай, өйткені олардың жұмысшыларды ынталандыруға теріс ықпалы болар еді. Мұндай нормативтер, қазіргі кезде өндірісте жетуге тиісті нәтижені емес, бағдар тұтуға арналған мақсаттарға көбірек ұқсайды.

Қазіргі кезде қол жетімді нормативтерді идеалдыға қарағанда орындау оңай, өйткені қол жетімді нормативтерді бекіткен кезде жіберілуі мүмкін ауытқулар кәдімгі ресурстардың бүлінуі, жабдықтың бұзылуы мен жұмыссыз тұру уақыттарын ескере анықталады. Мұндай нормативтер өндірістің тиімді жағдайында қол жеткізілетін мақсатты көрсеткіштерді құрайды. Басқа тілмен, бұл бір жағынан жетуге қиын, екінші жағынан жетуге мүмкін болатын нормативтер, сондықтан да дәл осылар нақты жұмсалымдармен салыстыру келісті болатын ең үздік таңдау болып табылады.

Нормативті жұмсалымдар негізінде калькуляциялау жүйесін кеңінен қолдану, олардың келесідей түрлі мақсаттарға жету үшін шығындар туралы ақпараты болуымен байланысты:

1) шешім қабылдау үшін қолданылуы мүмкін, болашақ шығын-дардың болжамдық шамаларын ұсыну. Нормативті жұмсалымдар - негізін тиімсіз учаскелерді жою принципі қаланған, болашақ мақсатты шығындар болып табылады. Сондықтан, олар құрамында тиімсіз учаскелер бар түзетілген, бұрынғы шығындардың бағалау нәтижелерін алу үшін тартымды болады;

2) қиын, әйтседе талпыну үшін мақсаттарды ұсыну менеджерлер үшін жақсы ынталандыруды қамтамасыз етеді. Мысалы, жүргізіл-ген зерттеулер, мақсат не міндет қойылмаған жағдайларға қарағанда, нақты бекітілген мақсат пен қойылған міндеттің болуы менеджер-лерді жоғары ықтималдылықпен қызмет ету көрсеткіштерінің ең жоғары деңгейлеріне жетуге ынталандыратынын куәландырады;

3) сметаны құрау мен менеджерлер жұмыстарын бағалауда көмектесу. Нормативті жұмсалымдар, кез-келген сметалық өндіріс көлемін оны шығаруға қажетті, физикалық және ақшалай бірлік секілді бастапқы ресурстарды өзара оңай байланыстыруға мүмкіндік береді;

4) жоспардағы көрсеткіштерге сәйкес келмейтін орындалған қызмет түрлерін анықтауға мүмкіндік беретін, бақылауды орындау үшін механизм ретінде қарастыру, сонымен бірге менеджерлердің назарын, бақылаудан шығып қалатын және тиісті түзетуші шаралар қабылдауды талап ететін жағдайларға аудару. Менеджерде ауытқулар туындайтын учаскелерді уақтылы анықтауға көмектесетін, кері байланыс пайда болады.

Шығындар есебінің нормативтік әдісінде орталық элементі ретінде өнім бірлігінің өзіндік құн карточкасы болып табылады. Әдеттегідей ол 3 негізгі өзіндік құн элементтерден тұрады: негізгі материалдар, тікелей еңбек шығындары және өндірістік үстеме шығындар. Бұл карточканың шығындары іс-жүзіндегі шығындармен салыстырылады. Нормативтік шығындардан ауытқу - бұл жоспарланған немесе нормативтік шығындарды іс-жүзіндегі шығындармен салыстыруда туындаған айырмашылық. Нормативтік калькуляциялаудағы ауытқулардың талдауы Бас кітап шоттарында екі жақты есеп жүйесін қолданумен жүргізіледі. Ол үшін бухгалтерлік регистрлерде көрініс табатындар:

(1) кіріс мәліметтері ретінде іс-жүзіндегі шығындар;

(2) шығыс мәліметтері ретінде стандартты (нормативтік) шығындар;

(3) айырмашылық ауытқу ретінде.