КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК. 1. Тек ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз. A) В

 

1. Тек ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз. A) В, й, к, қ. B) Р, у, м, ң. C) Д, у, ц, с. D) Ц, х, т, п. E) З, ж, д, г.
2. «Көгершін» сөзіндегі буын санын анықтаңыз. A) 4. B) 6. C) 2. D) 3. E) 5.
3. Туынды зат есімді табыңыз. A) Тас. B) Жол. C) Қойшы. D) Ұстаз. E) Әже.
4. Жалпы зат есімді көрсетіңіз. A) Өзен. B) Ботагөз. C) Рудный. D) “Қыз Жібек”. E) Алатау.
5. Негізгі сын есімді табыңыз. A) Судай. B) Қызыл. C) Қалалық. D) Білімсіз. E) Жазғы.
6. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз. A) Анау, мынау. B) Ешкім, ештене. C) Ешқашан, ешбір. D) Кім, не. E) Олар, сендер.
7. Қыстырма сөзді табыңыз. A) Алақай, мен бүгін үздік баға алдым! B) Біріншіден, мен бүгін театрға барамын. C) Асан, қуырдақ жейсіз бе? D) Күн жел. E) Отағасы, қай жақтансыз?
8. Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз. A) “Келешек – өткен тарихты қорғау”, - дейді Олжас Сүлейменов. B) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ. C) Балалардың соңғы ермегі–“Ақсүйек”, “Соқыр теке”. D) Сауатты болу дегеніміз - дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу. E) Сен дегенде сөз бар ма?
9. Дина Нұрпейісованың ұстазын белгілеңіз. A) Мұқан. B) Қазанғап. C) Құрманғазы. D) Әміре. E) Дәулеткерей.
10. «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз. A) Қорқақ. B) Әлсіз. C) Салмақты. D) Күшті. E) Батыр.
11. Қатаң дауыссыз дыбысқа жатпайтын қатарды көрсетіңіз. A) Һ, ц, с. B) П, ф, к. C) Р, л, й. D) Ч, х, щ. E) Т, с, ш.
12. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз. A) -мен,-бен. B) -ға, -ге. C) -інші,-нші. D) -тан,-тен. E) -лар,-лер.
13. Негізгі түбірден тұратын сөзді анықтаңыз. A) Кезекші. B) Күзгі. C) Суретші. D) Бас. E) Бұлтты.
14. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз. A) Алтын сағат. B) Күміс қасық. C) Екі жолдас. D) Жібек жолы. E) Ағаш күрек.
15. Не істеді? сұрағына жауап беретін етістікті анықтаңыз. A) Жазады. B) Оқыды. C) Барамын. D) Отырмын. E) Жаздық.
16. Күшейткіш демеулік шылауын табыңыз. A) па B) -мыс C) ғой D) -шық E) -ай
17. Анықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіз. A) Кімге? Неге? B) Қашан? Қайда? C) Кімнен? Неден? D) Кімнің? Ненің? E) Кім үшін? Не үшін?
18. Одағайдан кейін қойылатын тыныс белгісін табыңыз. Ой тісім ауырып тұр. A) Леп белгісі. B) Нүкте. C) Үтір. D) Нүкте-үтір. E) Сұрау белгісі.
19. «Қазaқтың Швейцариясы» атанған өлкені анықтаңыз. A) Марқакөл. B) Баянауыл. C) Алатау. D) Қарқаралы. E) Көкшетау.
20. Достық туралы мақалды табыңыз. A) Отан оттан да ыстық. B) Бейнетсіз рахат жоқ. C) Ырыс алды - ынтымақ. D) Ынтымақ болмай іс оңбас. E) Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.
21. «Бетінен оты шығу» фразеологизмінің синонимін табыңыз. A) Ұялу. B) Қорқақ. C) Жоғалу. D) Жылдам. E) Тез.
22. Дауыстылардың ерін қатысына қарай бөліну түрлерін белгілеңіз. A) Шұғыл, ызың. B) Ашық, қысаң. C) Жуан, жіңішке. D) Тіл алды, тіл арты. E) Еріндік, езулік.
23. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз. A) Әпкем. B) Ағасы. C) Атамның. D) Туыстар. E) Анама.
24. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. A) Олар Асанды күтпестен, ертемен жолға шығып кетті. B) Не ексең, соны орасың. C) Жанат хатты төрт-бес рет оқып шықты. D) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле. E) Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық.
25. Жұмбақтың шешуін табыңыз. Білімнің жолбасшысы, шәкірттің қолбасшысы. A) Ұстаз. B) Сынып. C) Дәрігер. D) Сатушы. E) Асхана.     ТЕСТ ПО ПРЕДМЕТУ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК ЗАВЕРШЕН