Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары

1 Акционерлік қоғам - заңды тұлға.

2 Мемлекеттік кәсіпорын заңды тұлға ретінде.

3 Өндірістік кооператив заңды тұлға ретінде.

4 Коммерциялық емес заңды тұлғалар.

5 Мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде.

6 Әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде.

7 Азаматтық құқық объектілері ұғымы және түрлері.

8 Заттық құқытар ұғымы және олардың түрлері.

9 Меншік және меншік құқығы.

10 Ақша, бағалы қағаздар мен валюталық қазыналар азаматтық құқықтың объектілері ретінде. Ұғымы, түрлері, сипаттамасы.

11 Мемлекеттік меншік құқығы.

12 Ар-ожданды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау.

13 Мүліктік емес жеке құқықтар ұғымы және түрлері.

14 Мәміле ұғымы және олардың түрлері.

15 Мәмілелердің нысаны.

16 Мәмілелердің жарамдылық жағдайлары.

17 Жарамсыз мәмілелер және жарамсыздықтың салдары.

18 Жалған және қулықпен жасалған мәмілелер.

19 Мәмілелердің жарамсыздық жағдайлары.

20 Азаматтық құқықтағы өкілдік.

21 Коммерциялық өкілдік.

22 Сенімхат ұғымы және түрлері.

23 Сенімхаттың мерзімі. Сенім ауысуы.

24 Сенімхатты тоқтату. Сенімхатты тоқтатудың салдары.

25 Азаматтық құқықтағы мерзімдердің маңыздылығы.

26 Мерзімдерді есептеу.

27 Талап қою мерзімінің ұғымы және мерзімдері.

28 Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру.

29 Талап қою мерзімін өткізіп алудың салдары.

30 Талап мерзімі қолданылмайтын талаптар.

31 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттемелерді орындау ұғымы және әдістері.

32 Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы және әдістері.

33 Азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі.

34 Шарт ұғымы.

35 Шарттың мазмұны мен нысаны.

36 Шарттың түрлері.

37 Шарт жасасу.

38 Шартты өзгерту және бұзу.

Глоссарий

 

Ұғымы Мазмұны
Азаматтық құқық ғылымы азаматтыққұқық және заңдар ұғымына, жүйесіне және олардың қолданылуына қатысты барлық
Азаматтық құқықтың пәні азаматтық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар жиынтығы.  
Азаматтық құқық қатынастары азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар.  
Заңдылық фактілер құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды атайды.  
Заңдылық оқиғалар құқық қатынастарына қатысушы тұлғалардың өздерінің қалауы және ниетінен тыс пайда болатын заңдылық фактілер.  
Жеке тұлға Қазақстан республикасының азаматы, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай – ақ азаматтығы жоқ адамдар.  
Құқық қабілеттілігі азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті.  
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, олрды орындауға қабілеттілігі болып табылады.  
Азаматтық хал актілері адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңдық рәсімделген мән – жайлар.  
Заңды тұлға меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, олрды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.  
Коммерциялық заңды тұлға пайда табуды көздейтін ұйым.(мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін).  
Коммерциялық емес заңды тұлға кіріс табу мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға.(мекеме, қор, діни бірлестіктер және тағы басқа нысанда құрылуы мүмкін.)  
Банкроттық соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі.  
Шаруашылық серіктестік жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым болып табылады.  
Акционерлік қоғам өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға.  
Қоғамдық бірлестік заңдарға қайшы келмейтін, ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым.  
Діни бірлестік рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде заң актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен азаматтардың ерікті бірлестігі.  
Қор азаматтар және заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым.  
Ашық акционерлік қоғам Акционенрлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын қоғам болып табылады.  
Жабық акционерлік қоғам акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын – ала белгіленген өзге адамдар тобы арасында орналатырылған акционерлік қоғам болып табылады.  
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік.  
Азаматтық құқық объектілері азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар.  
Заттар азаматтық құқық тұрғысынан алып қарағанда физикалық дене ретінде және оның адам еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін сыртқы материалдық дүниенің бір бөлігі болып табылады.  
Бөлінетін зат ол бөлуге келгенде, оның әр бөлігі өзінің негізгі маңызынан айырылмайды
Бөлінбейтін зат ол бөлуге келгенде, негізгі маңызынан айырылады.  
Жылжымайтын зат егер ол зат жермен тығыз байланысты болса, оны бір жерден екінші жерге ауыстыру қиынға соғатын болса.  
Жылжитын зат бұл жылжимайтын мүлікке жатпайтын заттар болып табылады.  
Облигация шығару кезінде айналыс мерзімі алдын ала белгіленген, оны шығару шартына сәйкес облигацияны шығарған тұлғаның ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзімінің аяқталуы бойынша облигацияның немесе өзге де мүліктік балама түрдегі нақты құнын алу құқықтарды куәләндыратын бағалы қағаз
Акция акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша девиденд және акционерлік қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алуға құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз.  
Мәміле азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына келтіретін және азаматтық құқықтық қатынастардың қалыптасуына негіз болатын жеке және заңды тұлғалардың әрекеті. 1)
Бір жақты мәміле заңдарға немесе тараптардыңкелісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле.  
Консенсуалды мәміле келісімге келген сәттен бастап, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер.  
Нақты мәміле келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.  
Өкілдік ол бір тұлғаның екінші тұлғаның атынан оның есебінен және оның мүддесі үшін әрекет етуі.  
Өкіл біреудің атынан және оның мүддесі үшін әрекет ететін тұлға.  
Сенімхат бір адамның өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға берген жазбаша уәкілдігі.  
Мерзім азаматтардың құқықтары мен міндеттерін орындауға берілген уақыт мөлшері.  
Талап қою мерзімі адам құқықғының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы.  
Заттық құқық өкілетті жақтың немесе өзге жақтардың заң актілері арқылы танылатын және қорғалатын белгілі жаққа немесе тиесілі заттарға өз қалауынша тікелей үстемдік етуін айтамыз.  
Меншік құқығы субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету.  
Иелену құқығы мүлікті нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай қамтамасыз етуді жүзеге асырады