ЖҰМЫС БАРЫСЫ

Дістемелік нұсқалар

Зертхана ЗС-1.Микробиологиядағызаласыздандыру әдістердің негізгі түрлері (Ферментацияға дейінгі кезең).

Жумыс мақсаты: Залалсыздандыруға арналған ыдыстарды және қоректік орталарды дайындау, автоклавтың құрылысы және жұмыс жасау тәртібі танысу.

Залалсыздандыру адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі.

Дезинфекция – залалсыздандыру, яғни микроорганизмдердің тек қана жұққыштығын жою. Дезинфекциялаушы заттарды өндiру кезінде, ең алдымен сол қоздырғыштарды зиянсыз ететін немесе тежейтін құралдарды таңдайды.

Залалсыздандырудың әдiстерi.

Залалсыздандыру отқа қыздыру жолымен жүргiзiледi. Бұл әдiс (микробиологиялық тұзақша, пастер пипеткалары т.б.) оттың әсерiнен бүлiнбейтiн заттар үшiн қолданады.

Арнайы ыдыста, астына мата немесе пахта салыпқайнатуарқылы залалсыздандыру (дистилденген сужәне1% гидрокарбонат натрий қосылып). Бұл әдiс (қайшы, шприц, скальпель т.б.) құрал-сайманның ластануының дәрежелерiне байланысты 10- 40 мин. аралығында созылады.

Кептіргіш шкафтарыдыстарды залалсыздандыру үшін өте қолайлы. Егер ыдыс беті мақталы тығынмен жабылған болса, онда мақталы тығын күйіп кетпес үшін көбінесе 170°С температурада 1 сағат немесе 150°С температурада 2 сағат залалсыздандырады.

Автоклавтамақталы тығынмен тығыз жабылған қоректік орталар, қатты қағазға оралған ыдыстар будың қысымымен залалсыздандырылады. Автоклавтар әртүрлі конструкциялы (көлденең, тік) болып келеді, бірақ олардың барлығының құрылысы бірдей.

Жалпы бумен залалсыздандыру өте тиімді және вегетативті және споралы формалар онда бір өңдегенде қырылады. Будың қысымы жоғарлағанда автоклавтағы температура жоғарлайды: 0,5 атм (50,65 кПа) - 110 - 112°С, 1 атм (101,3 кПа) - 120-121°С, 1,5 атм (151,95 кПа) -124 -126 °С, 2 атм (202,6 кПа) - 132-133°С.

Залалсыздандыру ұзақтығы мен температурасы, ең алдымен қоректік ортаның құрамымен анықталады.Яғни қоректік орталар құрамына қарай 0,5—1,0 атм. 20—30 мин залалсыздандырылады.

 

ЖҰМЫС БАРЫСЫ

Колбалар, Петри табақшасы, пипеткалар, пробиркаларды қағазға орау және оларды автоклавқа орналастыру, залалсыздандыру. Пробиркалар үшін мақталы тығындар жасау. Қоректік орталар дайындау (ЕПА, Сабуро). Автоклавтың жұмысымен танысу.

Қайталау сұрақтар:

1. Залалсыздандыру деген не?

2. Шыны ыдыстарды залалсыздандыру үшiн қандай әдiстер қолданады?

3. Қоректік орталарды залалсыздандыру үшiн қандай әдiстер қолданады?

 

 

ЗС-2. Сақтау әдістері (Ферментацияға дейінгі кезең)

 

Мақсаты: Микроорганизмдердің өндірістік штамдарын сақтауға қою.

Микроорганизмдерді қатты коректік ортада минералды май астында сақтау тәсілі белгілі. Тәсіл негізінде микроорганизмдерге атмосфералық оттегінің өтуін тежеу нәтижесінде, зат алмасуын тежеп, микроорганизмдерді ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді. Аталған тәсілдің кемшілігі май астында сақталған микроорганизмдер өсу қабілетінен айырылып, өнімділігі төмендейді.