Жұмыс барысы 4 сатыдан тұрады

1- саты. Егу үшін Петри табақшаларындағы агарланған орталар қолданылады. Бұл тәсіл белгілі неміс микробиологы Кохпен енгізілген. Тәсілдің негізгі мақсаты зерттелетін материалға микроорганизм концентрациясын бөлу болып табылады.

Зерттелетін материалды сұйылтудың 2 тәсілі бар:

1) қатты коректік орта бетіне «сиретілген егу тәсілі»

2) зерттелетін материалды залалсызданған суға сұйылту және дайын сұйылтуды қатты коректік орта бетіне егу.

Екінші тәсілді қолданамыз.

1) Агарланған Сабуро ортасы.

2) Зерттелетін материалды залалсызданған суға (физиологиялық ерітіндіге) сұйылту.

Табақшаға 103 (сұйылтымнан) суспензиядан егу жүргізіп, егілген табақшаларды 300С термостатқа орналастырамыз.

Егерде зерттелетін материалдың сұйылтуы дұрыс жасалса, орта бетіне көзбен көруге болатын оқшауланған микроорганизм колониялары түзіледі, бірақта таза культура бөліп алу үшін, колонияны бөлек ортаға бөліп егу керек.

 

2 – саты. Белгісіз түр микроорганизмдерінің таза культураларын бөліп алып, оның тазалығын тексеру. Таза культуралардың түрлік қасиеттерін анықтау үшін, морфологиялық, культуральды және физиологиялық қасиеттерін зерттеу арқылы анықталады.

- Морфологиялық қасиеттерін анықтау: тірі және бекітілген препараттарды микроскоптау арқылы анықтайды (клетка формасы және мөлшерін бақылау).

 

- Микроағзалардың культуральды қасиеттерін анықтау: ортада өсу ерекшелігі бойынша анықтайды.

Тығыз коректік ортада колония қасиеттерін сипаттайды: формасы, профиль, блеск түсі және т.б.

Край (қыры), құрлымы – микроскоптың аз ұлғайтумен зерттейді.

Консистенция (жұмсақ шырышты ) бетіне тұзақпен жанау арқылы анықтайды.

3-4 сатылары бөлініп алынған таза дақылдарының ашыту энергиясын анықтау.

 

Тапсырма:

1. Ашыған тосаптан, жүзімнен (қара және жасыл), мейізден таза ашытқы дақылын бөліп алу.

2. Петри табақшаларындағы колонияларды қарау, оқшауланған колонииялардан препарат жасау.

3. Бөлінген ашытқылардан таза дақылдар алу.

Сұрақтар:

1. Ашытқылардың негізгі морфологиялық және физиолого– биохимиялық қасиеттерін атаңыз.

2. Ашытқылардың тіршілік ету ортасы

3. Табиғи көздерден ашытқыларды бөліпалу үшін қандай тәсілдер қолданылады?

4. Saccharomyces және Candida туысы ашытқыларының практикалық мәні.

 

 

ЗС-6.Сірке қышқылын өндіру.

 

Жұмыс жолы

Сірке қышқылымен сәл қышқылдандырылған пастерленбеген сыраны (сыраға өзінің көлемінен 10 немесе 20%, күштілігі 6%-дық асханалық сірке қышқылы), сіркеқышқылды бактериялардың жинақтаушы дақылдарын алу үшін қоректік орта ретінде пайдаланады. Көлемі 100-150 мл конусты колбаларға қоректік ортаның 30-50 мл құяды. 30-50 мл қышқылданбаған сыра бақылау ретінде алынады. Пастерленгбеген сыра ортаны сіркеқышқылды бактериялармен зақымдауға мүмкіндік туғызады.

Субстраты бар колбаны 25-30оС термостатқа қояды. Сіркеқышқылды бактериялардың жинақтаушы дақылын алу кезінде температураны ескеру керек. 15-25оС-та Acetobacter aceti, ал 25-35оС-та Acetobacter pasteurianum дамиды.

Бірнеше күн дақылдаудан кейін сіркеқышқылды бактериялардың сұрлау-ақ түсті қабықшасы пайда болады. Осы кезде колбаның ішіндегісін сараптауға салады: сіркеқышқылды бактериялардың йодты бояумен байланысын анықтайды; үрдісті тудырушылармен танысады; сіркеқышқылына сапалық реакция жүргізеді.

Йодпен байланысын анықтау үшін қабықшының кішкене бір бөлігін заттық шыныға орналастырады да оған бір тамшы йод тамызып, үстін жабындық шынымен жабады. Йод тамызған кезде клетка қабықшасының көгеруі Acetobacter pasteurianum болуын дәлелдейді. Ал егер клеткалар сарғаятын болса, бұл Acetobacter aceti клеткаларының болатынын білдіреді.

Үрдістісті тудырушылармен танысу барысында қабықшадан боялған препарат дайындап, объективтің иммерлік жүйесімен қарайды. Басым болатын бактериялардың клетка формаларын, қазғалғыштығын және споралардың бар – жоғын анықтайды.

Ашытқылардың болуы мен олардың санының қаншалықты көп екенін анықтайды. Екі колбадағы сыра препаратының микроскопиялық зерттеу нәтижесін салыстырып, басым болатын микроорганизмдерді суретке түсіріп алады.

Ашу нәтижесінде пайда болған сірке қышқылын анықтау үшін сапалық реакция жүргізеді.

Ол үшін, пробиркаға колбадан тәжірибе барысында сірке қышқылымен қышқылдамаған сырадан 2 мл құйып, үстіне 4 мл дистилденген су мен 0,5 мл 10%-дық сода ерітіндісін және 1-2 мл хлорлы темір ерітіндісін құйып, қоспаны қыздырады. Сұйықтықтың қою қызыл түске боялуы сіркеқышқылды темірдің пайда болуының нәтижесі.