Дене еңбегі

 

Еңбектің барлық түрі адамның қозғалыс іс-әректеті арқылы атқарылады. Сондықтан адам организмі қоршаған ортаға бейімделеді және оны жете меңгереді.

Дене еңбектерінде ең әуелі бұлшықет жүйесі белсендіріліледң, оны вегетативтік жабдықтау (зат алмасу, қан айналымы, тыныс алу) қамтамасыз етіледі. Негізінен жұмыс әрекетіне тікелей үш әрекеттік жүйе: қозғалыс, талдағышжәне ақыл-ой қатысады. Өйткені сыртқы мәліметтер сезім жүйесі арқылы қабылданады да, мида өңделеді. Сөйтіп жауаптықимыл әсерленісі ұйымдастырылады Жұмыстың барлық түрі қозғалыс аппаратымен атқарылады. Физиологияда қозғалыс аппараты деп кеңістікте тұлға орнын ауыстыруды және сыртқы нәрселерге белсенді қимыл жасауды қамтамасыз етететін мүшелер мен тіндер жиынтығын айтады. Қозғалыс аппаратына бұлшықеттер, оларды жиырлатын мотонестропондар және қаңқа кіреді. Сондықтан өндірістік еңбекті жоғары деңгейде өткізу үшін, еттің маңызды физиологиялық қасиеттерін, оның күні мен жылдамдығын ескеру қажет. Еттердің жиырылуына орташа жүктеме мөлшері тиімді келеді.

Бұлшықеттің ұзақ ұзақ уақыт жиырылу күшін жүзеге асыратын және сақтайтын қабілет оның шыдамдығы деп атайды.

Оны статистикалық жұмысты орындағанда жүкті мығым жағдайда ұстап тұратын немесе тұрақты қысым күшін сақтайтын мерзімі арқылы анықтайды. Ол үшін уақытты күш көрсеткішіне көбейтеді. Егер жұмсалған күш максималды күштің 20% тең болса, тұрақты қалыпты жұмыс ұзақ уақытқа созылады.

Динамикалық (жылжымалы) жұмыстарда шыдамдылық ең ақырғы уақыт және шегіне жеткен қажетті қуатпен бағаланады.

Жылжымалы шыдамдылық орындалған қимылдың ең жоғары мөлшерімен сипатталады. Жылжымалы жұмысты орындау кезіндегі шыдамдылық велоэргометрдіңкөмегімен өлшенеді.

Еңбек физиологиясында жұмысқа қабілеттілік өте маңызды орын алады. Жұмыскерлік деп адамның нақтылы жұмысты белгіленген мерзімде жеткілікті нәтижемен орындай алатын пәрменді мүмкіндіктерін айтады. Өндіріс жағдайында жұмыскерлік әртүрлі түрткілердің ықпалынан смена (ауысым) кезінде жиі өзгереді. Сондықтан жұмыскерлікті бірнеше кезеңге бөледі.

Бірінші кезең – іске қосылу. Бұл кезеңде шартты тітіркенудің әсерінен ОЖЖ-нің белсенділігі артады, зат алмасу деңгейі көбейеді. Сөйтіп жұмыскерлік көтеріледі. Бұл әртүрлі психо-физиологиялық әрекеттердің біртіндеп қосылуынан организмнің көптеген жүйелердің осы реттеуші әрекетінен пайда болады.

Екінші кезең - тиянақты жұмыскерлікті көрсетеді. Бұл кезеңде ОЖЖ қолайлы қызмет атқарады. Ал еңбек нәтижесі өте жоғары болады.

Үшінші – қажу кезеңі – мұнда жұмыскерлік төмендейді. Төртінші кезеңде жұмыскерлік қайта көтеріледі. Оның негізі жұмыс аяқталуымен кезекті демалысқа байланысты шартты рефлекстер жасайды. Жұмыскерлікке жұмыс істейтін ортаның жағдайлары әсер етеді.

Жұмыскерлікті көтері және қозғалыс дағдыларын қалыптастыру үшін үнемі машықтанудың (тренировка) мәні өте зор. Өйткені жаттығулар адам организмі қызметін тереңірек қайта құрады. Машықтану кезінде организам жұмыскерлігінің дамуы және оның жоғары сатыға көтерілуі әртүрлі болады.

Организм ағзалары қимыл рефлекстері арқылы әрбір әсерленіске қатысады. Мұнда кері байланыстар қозғалыс түйесінің вегетативтік әсерленістеріне ерекше ықпалын айқындайды. Жұмыс туралы алдын ала ойлаудың өзі вегетативтік өзгерістер тудырады. Ол еңбек әрекетінің ми қыртысы арқылы ұйымдастырылатынын көрсетеді.\Дене еңбегі қан айналысын қатты өзгертеді. Ет жиырылуы әуелі қан ағысының жылдамдығы арқылы қамтамасыз етіледі.

Еңбектену кезінде организмнің газ алмасуын қамтамасыз ететін тынысалу жүйесі де өзгереді. Жұмысқа сәйкес өкпенің желдетілуі және оттегін пайдалану арта түседі. Қалыпты жағдай өкпенің 5-8 минут желдетілуі көлемінен 3-4% оттегі пайдаланылады. Ал жұмыс істеу кезінде өкпенің желдетілісі минутына ондаған литрге көбейеді, оттегін пайдалану 4-8-ге тең болады. Өкпенің желдетуі тыныстың тереңдеуі мен жиіленуі арқылы көбейеді. Жұмыс істегенде тынысс тереңдігі осы адамға тән өкпенің тіршілік сыйымдылығының 30-40 пайызынан тұрады. Тыныс жиілігі жұмыс кезінде тыныштық кезімен салыстырғанда 2-3 есе өседі.

Еңбектену кезінде қанда тироксиннің мөлшері көбейеді. Ұзақ жұмыс істеудің салдарынан қанда инсулиннің мөлшері азаяды және оның ыдырауы күшейеді. Еңбектену кезінде жұмыскерлікті қамтамасыз ету үшін энергия қорын іске тартатын эндокриндік жүйенің белсенділігі артады.

Сонымен эндокриндік жүйенің аталған өзгерістері жоғарыда келтірілген бейімделу әсерленістерін көрсетеді. Егер жұмыс істеген жерде температура жоғары болса дене температурасы онан сайын өседі. Ауыр дене жұмысында температура 1,0-1,50С жоғарлайды.

Қазіргі кезде адам өзінің еңбек және тұрмыс қажетіне бұлшықет жұмысын аз пайдаланады. Сондықтан оның тіршілігінде ерекше жағдай гиподинамия(аз күш салу) мен гипокинезия(аз қозғалыс) жиі кездеседі.

Гиподинамиядеп адам организмінде өзгерістер тудыратын қимыл әрекеті қарқынының шектелуін айтады. Бұл кейбір ауруларда, ғарышкерлерде байқалады. Өйткені олар ұзақ уақыт шағын кабинада және салмақсыздық жағдайда, тірек-қимыл аппаратына гравитация әсері жойылғанда жұмыс істейді.

Ал гипокинезия бұлшықеттің аз энергия шығыны, амалсыз ұзақ тұлға қалпын сақтау, біркелкі, қимыл, үйлесімді қозғалыс әрекетінің жеткіліксіздігі сияқты себептерден туады. Бұл ұшқыштардың, сүңгезір қайықтың бөлек орындарында, үйектік қыстауларда жұмыс істегенде пайда болады. Ол өндірістік механизацияланған жұмыстарда да байқалады.

Гиподинамия адинамия күйін бұлшықет іс-әрекетін жоятын миорелаксант дәрісін егіп жасауға болады. Гиподинамия мен гипокинезия адам организміне қауіпті жағдай туғызады. Сондықтан дәрігерлер оның организмге әсерін толық білуі қажет.

Гиподинамия зат алмасудың төмендеуіне мүмкіндік туғызады. Энергия шығыны азайып, тотығу әсерленісінің қарқыны мен ферменттер белсенділігі төмендейді, газ алмасуы өзгереді.

 

 

Иллюстрациялық материал:

 

1. Кестелер

2. Кодокарталар

3. Слайдтар

 

 

Әдебиеттер:

 

1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.

2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.

3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет

4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.

5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет

6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студент тер үшін. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет.

 

Бақылау сұрақтар:

 

1. Еңбек физиологиясының мақсаты және есептері ?

2. Еңбектің қандай түрлерін ажыратады?

3. Жұмыс әрекетіне қандай әрекеттік жүйелер қатысады?

4. Жұмыскерліктің қандай кезеңдері бар?

5. Дене еңбегі ағзаға қандай әрекетті етеді?