Вегетативтік жүйке жүйесінің функциялық мәні

ВегетатІІвтік жүйке жүйесі ішкі агзалар қызметін сыртқы және ішкі орта әсеріне бейімдеп, реттеп отырады. Парасимпатикалық жәие симпатикалық жүйкелер ағзалар қызметіне, әдетте қарама-қарсы әсер етеді. Мәселен, симпатикалық жүйке жүректің соғуын жиілетіп, күшейтсе, парасимпатикалық жүйке, керісінше, оны си-ретіп, әлсіретед.і. Бірақ бұл — мызғымас заңдылық емес: вегетатив-тік жүйке жүйесінің екі бөлімі әрдайым қарама-қарсы (антогонис-тік) әсер ете бермейді, кейде антогонизм — абсолюттік емсс. Мәсе-.лен, ішек жнырылуы күшейіп кетсе, симпатикалық жүйке оны әл-сіретеді не тоқтатады, ал ол әлсіреген сәтте әсер етсе, онда ішек қимылы жиілеп күшейе бастайды, басқаша айтқанда жүйке әсері ішектін, бастапқы функциялық жағдайына байланысты. Мұнда аб-•солюттік антогонизм жоқ. Кейде қарама-қарсылық бар сияқты бо-лып көрінеді, бірақ әсер механизмінде бірлік байқалады. Мәселен, снмпатикалық жүйке көздің қарашығын кеңейтеді, ал парасимпа-тикалық жүйке оны тарылтады. Сырттай қарағанда бұл қарама-қарсылық, бірақ парасимпатикалық жүйке де симпатикалық жүй-ке де көз қарашығының диаметрін өзгертетін еттерді жиырылтады. 'Симпатикалық жүйке т.сіііаіаіог риріііае жиырылтып көз қарашы-гыи үлкейтсе, парасимпатикалық жүйке т.зрһіпсіог рпріііае жиы-рылтып көз қарашығын кішірейтеді (тарылтады). СоІІымен көз қа-рашығыпың үлкеюі және кішіреюі осы маңайдағы еттердің жиыры-луынан болатын қүбылыс. Бұл, механизмде антогонизмнін, жоқты-ғын, керісінше, бірлік барын көрсетеді. Тағы да бір мысал. Веге-тативтік жүйке жүйесі бөлімдеріне — синергизм, яғни бірыңғай қи-мыл жасау тән. Сілекей бөлінуін симпатикалық жүйке де, парасим-ІІатІІкалық жүйке де удетеді, екеуі де секр.еторлық жүйке.

Кейде вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдерінің әсері олардан бөліпетін медиаторлар түрі мен медиаторлар әрекеттесетін рецеп-торлар түріпе, сондай-ақ медиаторларды ыдырататын ферменттер-діц әлсіз-күштілігіне байланысты.

Вегетативтік жүйке жүйесі зат алмасуын реттейді. Симпатика-лық жүйке диссимиляция (ыдырау), ал парасимпатикалық жүйке ассимиляция (түзілу) процестерін күшейтеді; симпатикалық жүй-ке зат алмасу қарқынын күшейтсе, парасимпатикалық жүйке, ке-рісінше оны төмендетеді.

Симпатикалық жүйке трофикалық (қоректік) әсер етеді. Мүны бірінші рет тәжірибе жүзінде И. П. Павлов дәлелдеп берді. Жүрек лүпілін күшейтетін жүйкені ол трофикалық жүйке деп атады. Сим-патикалык жүйке жүйесінің трофикалық әсерін кейін Л. А. Орбели, А. Д. Сперанский зерттеді. Жүйке жүйесінің трофикалық әсері әл-сіресе, адам денесінде трофикалық жаралар пайда болуы мүмкін. ВЖЖ функцияларды заттар алмасуы мен қоректенуді өзгерту ар-қылы да реттейді.

Жүлынныц сегізкөз түстас тармақтарында (сегменттерінде) тір-іііілік етуге өте-мөте кажет функцияларды камтамасыз ететін зәр, нлжіс шыгару жоне жыныс қатынасы орталықтары орналасқан.

Вегетативтік жүйке жүйесі орталықтағы баска бөлімдермен бірлесін, адамның көңіл күйін (эмоцпя) қалыптастыруға қатыса-ды. СІІмпатикалық жүйке жүйесі қозса, қанда эмоция гормоны — .адреналин көбейеді.

Вегетативтік жүйкс жүйесі атқаратын кызметтердің бірі — шет-кі рефлекстер тууын қамтамасыз ету.

Шеткі рефлекстердің төмендегідей үш түрі бар:

1) ВІІсцеро-висцеральдык (ішкі ағза-ішкі ағза) рефлекстер. Бел-гілі бір пнтерорецепторды тітіркендірсе, екінші бір ағзаның ҚЫЗМР-ті рефлекстік жолмен өзгереді. Мәселен, қуықтың кілегейлі қабы-ғын тітіркендірсе жүрек соғуы рефлекстік жолмен өзгеруі мүмкін.

2) Висцеро-дермалық (ішкі ағза-тері) рефлекстер. Белгілі бір ішкі ағза рецепторын тітіркендірсе, терінін, белгілі бір нүктесініц •созімталдығы шектен тыс күчиейеді. Мәселен, қарынның кілегейлі «.абығында жара болса, адамның 12-ші кеуде омыртқасыныц арт- , қы өскіні түсындары тері өте сезімтал болады да басқап кезде қат-Іы ауырадьі. Ауруды анықтауд.а мүндай рефлекстердің үлкен маңызы бар.

3) Дермо-висиеральдық (тері-ішкі ағза) рефлекстер. Әрбір іиікі ағзаныц тері бетімен байлаиысқан жері бар. Сол жерге әсер етсе, онымен байланыскан ағзаның қызметі өзгереді. Мәселен, жы-лытса, мүз қойса, ол ағзаның қызметі рефлекстік жолмен өзгереді. Жатырдыц жиырылуын күшейтіп, оның қан тамырларын тарылту үшін құрсақтың (іштің) төменгі жағына мұз қояды.

Вегетативтік шеткі рефлекстер жануардын, жүлынын алып тас-тағаида да сақталады. Сондықтан бұл рефлекстер вегетативтік ган-глийлер нейрондарыньщ катысымен орындалуы мүмкін. Кейбіреу-лэрдің пікірі бойынша Іпеткі рефлекстер нейрондардың қаты-сынсыз те?; аксон тармақтары аркылы да орындаладьь.

Вегетативтік жүйке жүйесі бір кезде автономиялық жүйе деп аталатын. Өйткені ішкі ағзалардын. қызметін адам ез сркімеи (қал.ауынша) өзгерте алмайды. Адамның еркі (қалауьі)—ми кыр-тысыньщ қызметі, сондықтан ми қыртысы вегетативтік функция-ларға әсер етпейді деп есептелетін.

И. П. Павлов лабораториясында акад. Қ. М. Быков басқарған Іалымдар ми қыртысынын, адам денесіндегі барлык ағзаларға, олардагы проііестерсе әсер ете алатынын шартты рефлекс әдісімен және гипноз қолдаиа отырып, ;;әлелдеп берді.

Вегетативтік жүйке жүйесінің қызметін гипоталамус, ескі және жаңа ми қыртысының нейрондары бақылайды.

Вегетативтік жү'йке жүйесі шеткі ағзалар қызметіне, зат алма-суына ішкі секрециялық (эндокриндік) бездер аркылы да әсер ете алады.

Ішкі агзалардары вегетативтік ганглийлерді олардың орталык симпатикалық бөлім деп атайды да ВЖЖ симпатикалык, парасимпатикалық және метасимпатикалык деп үш бөлімге бөледі.


· Иллюстрациялық материал:

Кестелер:

Кесте 1. Вегетативті рефлекс доғасының сызбасы.

Кесте 2. Вегетативті жүйке жүйесі мен мидың өткізгіш жолдары.

Кесте 3. Симпатикалық жүйке жүйесінің сызбасы.

Кесте 4. Парасимпатикалық жүйке жүйесі.

 

· Әдебиеттер:

1. Адам физиологиясы – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – А.: «Білім», 2005 ж.

2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – А.: Қазақ университеті, 2006. – 140 б.

3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - А.: «Білім», 200. – 400 б.

4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – А.: «Эверо», 2007. – 904 б.

5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – А.: Қазақстан, 1992. – 280 б.

6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 б.

 

· Бақылау сұрақтар (кері байланыс):

1. Вегетативті жүйке жүйесінің құрылымы.

2. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімдерінің орталықтары.

3. Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімдерінің орталықтары.

4. Вегетативті жүйке жүйесінің метасимпатикалық бөлімдері қайда орналасқан?

5. Вегетативті рефлекстер доғасының құрылымының ерекшеліктері.

6. Вегетативті синапстар, олардың медиаторы, циторецепторлар мен блокаторлар.

7. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімдерінің медиаторлары.

8. Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімдерінің медиаторлары.

9. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімдерінің маңызы.

10. Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімдерінің ролі.