Хаттама _____________ 2008 ж. МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

 

Арағанды мемлекеттік медицина академиясы

 

Физиология кафедрасы

 

Д Ә Р І С

Тақырып: «Гормондардың жалпы қасиеттері мен қызметтері»

 

«Физиология-1» пәні

051301 «Жалпы медицина» мамандығы

2 курс

Уақыты 1 сағат

 

Қарағанды 2008 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

 

Хаттама _____________ 2008 ж.

 

Кафедра меңгерушісі ______________ Ф.А. Миндубаева


· Дәрістің тақырыбы: «Гормондардың жалпы қасиеттері мен қызметтері»

· Дәрістің мақсаты:Гормондар, олардың химиялық қызметтік жіктелуі, гормондардың тасымалдық жүйесі, гормондардың әсер ету механизмі, гормондардың өзара әрекеттесу түрлері туралы түсінік беру.

· Дәрістің жоспары:

1. Гормондар туралы түсінік.

2. Гормондардың жалпы биологиялық қасиеттері.

3. Гормондардың физиологиялық әсерлерінің негізгі типтері.

4. «Мүше-нысана», «жасуша-нысана»және «субстрат-нысана» туралы түсініктер.

5. Гормондардың әсер ету механизмі.

6. Гормондардың жіктелуі.

7. Гормондардың өзара әрекеттесу түрлері.


Адам денесіндегі бездерді сыртқы және ішкі бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық бездерге секреттерін шығару үшін түтікшелері бар бездер жатады. Сол түтікшелері арқылы секретін арнайы мүшелер қуысына, кілегей қабықша бетіне бөліп отырады.

Екінші топтың бездерінің сыртқы секрециялы бездерден айырмашылығы, олардың бөлінген сұйықтарды шығаратын түтікшелері болмайды, сондықтансұйықтығын тікелей ішкі ортаға қанға, лимфаға бөліп шығарады. Бұл бездерді ішкі секреция бездер деп немесе эндокринді бездер деп атайды.

Ішкі секреция бездері деген түсінікті алғаш рет ашып берген 1855 ж. Клод Бернар ғалымы. Осы түсінігі бойынша оларға физиологиялық активті заттарды тікелей қанға бөліп шығаратын бездерді жатқызады.

Ішкі секреция бездерінің өнімдерін- гормондар деп атайды. ( грек тілінде «гормас» – қозғаймын, қоздырамын деген сөз.) ағылшын физиологтары Бейлис және Старлинг 1905 ж.( секретті) 12- елі ішектің секретін бөліп алған, бұл себептен осы заттарды гормондар деген атауын ұсынады. Бұл эндокриндік бездердің жалпы атқаратын қызметі организмдегі ішкі ортаның тұрақтылығын сақтап тұрады да тіршілік процесстеріне (зат алмасу, даму, өсу, жыныстық жетіліуне т.б.) өте қатты әсер етеді. Оларды не жоғарлатып, не төмендетіп отырады. Осы гормондар арқылы организмге, мүшелерге тигізетін химиялық әсерін гуморальдық реттеу жолы деп атайды. Химиялық заттардың әсерімен өтетін гуморальды реттелу нерв импульсінің әсерімен өтеді. Қорытып айтқанда, бұл екі процесс ( гуморальды және нерв процесстері) бір-бірімен өте тығыз байланысты. Сондықтан осы ұғымдарды пайдалана отырып эндокриндік жүйекні нейронэндокриндік жүйе немесе нейроэндокриндік реттелу деп атасақ та дұрыс болады.

 

Организмнің эндокриндік қызметіне бірнеше жүйелер қатысады:

І. Эндокриндік бездер, гормондарды бөліп шығаратын.

ІІ. Гормондардың өзі және олардың әрбір мүшелерге тасымалдау жолдары.

ІІІ. Қабылдап алатын белгілі бір мүшелер, ұлпалар гормондардың әсері (ұлпа-мишень).

Ең басты ішкі сереция бездерге –гипофиз, ұйқы безі, қалқанша безі, бүйрек үсті бездері, жыныс бездері, эпифиз, тимус бездері жатады.

Ұйқы безі мен жыныс бездері әрі ішкі секреция қызметін, әрі сыртқы секреция қызметін атқарады.

Ішкі секреция бездерінің жіктелуі:

І. Химиялық табиғатына қарағанда 3 топқа бөлінеді:

а) белокты гормондар, олар гидрофильдік және бос түрінде қанмен тасымалданады. ( мысалы: АКТГ, СТГ, пролактин, инсулин т.б.).

б) стероидты гормондар (липидтік). Мысалы: кортикостеран кортизол, альдестерон, тестостерон, прогестерон т.б. Жалпы оларға бүйрек үсті бездеріжәне жыныс бездері жатады.

в) аминоқышқылдың туындыларынан пайда болатын гормондар.

ІІ. Жұмыс атқаратын қызметіне қарай гормондар 3 топқа бөлінеді:

а) эффекторлық гормондар – оларға жататын гормондар белгілі бір мүшелердің қызметін өзгертеді. Мысалы: адреналин жүрек соғуының жиілігін күшейтіп, қан қысымын жоғарлатады.

б) Троптық гормондар – оларға гипофиздің алдыңғы бөлімінен шығып, басқа бірнеше ішкі секреция бездерінің қызметін ( олардың гормондарының синтезіне және шығуына) басқаруға қатысатын гормондарды атайды. Мысалы: тиреотропты гормон ол қалқан әсер етіп атқаратын қызметін өзгертеді.

Қалқан безінің гормондарының (тироксин, трийодтироның) синтезін және шығуын жоғарлатады. Тиреотроптық гормон аденгиопофизденбөлінбесе, онда қалқанша бездіңгормондары түзілмейді.

 

ІІІ. Рилизинг (нейросеккреттер)- гормондар, оларға гипоталамустың нерв клеткаларынан түзілетін және аденогипофизға әсер етіп, оның гормондарының бөлініп шығуына қамтамасыз ететін химиялық заттар.