Энергия алмасуы

Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

 

Арағанды мемлекеттік медицина академиясы

Физиология кафедрасы

 

ДӘРІС

Тақырып: «Энергетикалық алмасу»

 

«Физиология-1» пәні

051301 «Жалпы медицина» мамандығы

2 курс

Уақыты 1 сағат

 

 

Қарағанды 2008 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

 

Хаттама _____________ 2008 ж.

 

Кафедра меңгерушісі ______________ Ф.А. Миндубаева


· Дәрістің тақырыбы: «Энергетикалық алмасу»

· Дәрістің мақсаты: клиникалық медицина үшін негізгі алмасу туралы білімнің маңыздылығын ашу; ас үлесі мен тамақтану нормаларының физиологиялық негізімен таныстыру; түрлі еңбек ету кезінде энергия шығынын көрсету.

 

· Дәрістің жоспары:

1. Организмдегі энергиялық теңгерім:

А) Негізгі алмасу мен оны анықтайтын факторлар, оны анықтаудың клиника үшін маңызы;

Б) Қоректік заттардың калориялылығы. Калориялық коэффициент. Энергиялық теңгерім. Жұмыс алмасу. Түрлі еңбек ету кезінде энергия шығыны.

2. Энергияның келуі мен шығындалуын есептеу.

3. Тамақтанудың физиологиялық маңызы.

4. Тамақтану нормасы мен ас үлесін жасаудың физиологиялық негізі.

5. Тамақтың өзіне тән динамикалық әсері.

 


Энергия алмасуы.

Энергия алмасуы әр кезде жылу алмасумен бірге жүреді. Қоректік заттардан потенциальдық энергия бөлінеді, атап айтқанда, жылу, яғни ағзаның барлык жүйелерінің қызмет еткен белгісі, ағза үшін энергия көзі тағам. Диссимиляция процессі энергия бөлумен жүреді, яғни химиялық энергия кинетикалық энергияға айналады. Бүл энергияның көп бөлігі жылуға айналады, 20-25%-механикалық энергияға айналады. Электрлік энергияға өте аз мөлшерге айналады. Энергия айналуының соңғы өнімі жылу пайда болу, ол жылу адам денесімен қоршаған ортаға ауысады. Барлық организмде клеткалық метаболизм 4 негізге арнайы қызмет атқарады.

-қоршаған ортадан энергия алу және оны күрделі қүрлысты қосылыстар энергиясына ауыстыру, клеткалардың энергетикалық мүқтаждылығын қамтамасыз ететін мөлшерде. -аралық қосылыстардың пайда болуы. -алдыңғы өнімдерден заттардың синтезделуі.

-арнайы қызметтердің орындалуы үшін арнайы биомолекулалардың синтезі және ыдырауы.

Клетканың барлық бөлімі бірдей 1-ға не, яғни клетка изотермиялы.Оның әр бөлімі қысымы жағынан шамалы ғана бірдей емес.Яғни, клеткалар энергия көзі ретінде жылуды пайдалана алмайды, себебі энергия (жұмыс) тұрақты қысымда қатты жылыған алаңнан аз жылитын алаңға жылу өткенде ғана орындалады.Тірі клетка және организмді тұтас изотермиялық машина деп қарастыруға болады.

Термодинамика тұрғысынан қарастырғанда тірі организм ашық жүйе, қоршаған ортамен энергия мен де, затпен де алмасады, нәтежесінде энергия және зат пайда болады. Бірақ олар қоршаған ортамен тепе-теңдікте болмайды, сондықтан олар тепе-теңдіксіз ашық жүйе деп аталады. Организмде химиялық заттар жеткілікті және жеткілікті қарқында жаңартылып отырады. Химиялық құрамның түрақты болып көрінуі стационарлық жағдай деген ұғыммен түсіндіріледі. Яғни қоршаған ортадан жүйеге келетін энергия мен заттардың жылдамдығы жүйелерден ортаға заттардың өту жылдамдығымен тең болады, яғни организм тепе-теңдіксіз ашық стационарлық жүйе. Организм тіршілігі үшін көмірсулардың күрделі органикалық қосылыстарының мысалы глюкозаның, түсуі энергия көзі болып табылады. Адам организмі гетеротрофты болып табылады, яғни СО2 сіңіре алмайды. Метаболизм кезінде глюкоза мен оттегін қолдана отырып, зат алмасудың соңғы өнімі ретінде атмосфераға СО2 бөліп шығарады. Тірі организм үшін маңызды зат бұл азот болып табылады. Организмге азот дайын күйінде белок түрінде түседі. Зат және энергия алмасу белгіленген тепе-теңдікпен анықталады, яғни, организмге түсетін заттар мен энергияның мөлшері мен одан шығатын зат алмасудың соңғы өнімі жылудың мөлшерімен анықталады. Зат және энергия алмасудың арасында бір мағыналы айырмашылық бар. Биосферада заттар тұтас цикл бойымен алмасады, ол бірнеше рет қолданылады. Ал, энергия тұтас жабық цикл бойымен алмаспайды, ол аздап сыртқы кеңістікте тарайды.

Алмасудың қарқыны, жалпы энергия шығынымен анықталатын, көптеген жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін ең алдымен атқаратын жұмысына байланысты. Зат алмасумен энергия алмасуға әсер ететін бірден-бір фактор бұл тағамның арнайы динамикалық әсері. Организм тағамдық заттарды қабылдағанда ,жылу беру қабылданған тағамда болатын калориядан басым болады. Ең жоғары арнайы динамикалық әсер (АДӘ) белоктық заттарда (30 % дейін).

Аралық зат алмасу. Қорытылған тағамдық заттардың қанға түсуінен бастап және зат алмасудың соңғы өнімдерінің организмнен шығарыла бастауына дейінгі аралықта организмде өтетін химиялық өзгерістердің барлығын аралық алмасу деп атайды. Олар екі кезеңге бөлінеді.

-катаболизм (диссимиляция) - тотығу жолымен ірі органикалық молекулалардың ферменттік ыдырауы. Бүл энергия бөле жүреді.

-анаболизм (ассимиляция) - ферменттер қатысуымен ірі молекулалы клеткалық компоненттердің пайда болуы. Анаболизм және катаболизм процесстері клеткаларда орналасуымен ерекшеленеді.

Негізгі алмасу.Тыныштық жағдайда да зат және энергия алмасу тоқтамайды, ішкі ағзалардың үзіліссіз қызмет етуін, і, еттер тонусын сақтап түру үшін белгілі мөлшерде энергия жүмсалады. Негізгі алмасу -бүл организмнің тыныштық жағдайында тіршілік етуін қамтамасыз ету үшін жүмсалатын энергияның ең тік мөлшері. Негізгі алмасу организмдегі зат алмасу процестерінің қарқынын көрсетеді. Бүл энергияның көп бөлігі жүрек, қан тамырлар жүйесі, бүйрек, бауыр, асқазан -ішек қызметін қамтамасыз ету үшін жүмсалады және басқа мүшелердің, і түрақтылығын үстап түру үшін. Тыныш жағдайда түрған адамның негізгі алмасуын белгілі стандартты жағдайларда, таңертеңгі уақытта, аш қарында, 2-Зтәулік бұрын белокты тағамдарды қабылдамаған жағдайларда анықталады. Негізгі алмасу көрсетілген жағдайларда организмнен бөлінген энергия мөлшерімен анықталады.ім кв дене аумағына немесе Ікг салмаққа 1 сағат ішінде. Тыныш жағдайдағы тканьдерде ететін тотығу процестері қарқынының көрсеткіші бола отырып, негізгі алмасу белгілі бір жағдайда организмнің жүйке жүйесінің және ішкі секреция бөлу бездерінің қызметтік жағдайына байланысты болады, ішкі мүшелердің қызметтік жағдайына байланыста болады. Негізгі алмасу деңгейі өзгеруі мүмкін:1)жеткіліксіз немесе артық тамақтанғанда 2)ұзақ уақытқа жүмыстың ауырлауы немесе жеңілдеуі, әр адамда негізгі зат алмасу оның жасына, бойына, салмағына, жынысына байланысты болады. Ортта есеппен, ересек адамда негізгі алмасу деңгейі -1600-1700 ккал тәулігіне, ал әйелдерде 10-15% төмен болады, ерлерге қарағанда жас балаларда, өмір сүруінің алғашқы айларында жылу өндіру жоғары және ол 2 жасқа толғанда шыңына жетеді. Балаларда негізгі алмасудың жоғары деңгейі протоплазмалық массаның көп мөлшері болуымен, зат алмасудың жоғарғы белсенділігімен, үлпалардың қарқынды өсуімен түсіндіріледі. Қартайған шақта клеткалар белсенділігі төмендеуімен бірге бүлшық еттер белсенділігі төмендейді,бүл әрине зат алмасу деңгейіне әсер етеді. Әртүрлі жануарларда негізгі алмасу қарқыны 1 кг салмаққа шаққанда әртүрлі болады, сонымен бірге, егер жануар неғүрлым кіші болса, соғүрлым Ікг салмаққа негізгі алмасу жоғары болады. Ал 1м кв ауданға шаққанда бүл шама аздап қана өзгереді. М.Рубнер (1883)-дене беткейінің заңын шығарады. Бүл заң бойынша, зат алмасу қарқыны дене бетінің мөлшеріне пропорциональды. Дегенмен бүл заң өзінің салыстырмалы маңызына ие, сондықтан организмнен бөлінетін энергияны жобалап есептеуге көмектеседі. Адамдарда негізгі алмасудың тәулік бойында өзгеріп түрады, күндерде, жылдың әр мезгілінде өзгеріп түрады. Негізгі алмасудың маусымдық өзгерулері қозғалыс белсенділігінің өзгеруімен байланысты, организмнің гормональдық іс-әрекетінің тербелістерімен байланысты.