Кіріспе

Мазмұны

1. Кіріспе

2. Тұшпара цехы.Жабдықтар жиынтығы

3. Жартылай фабрикаттарды өндіруде қолданылатын шприцтер мен сораптар

4. Жартылай фабрикаттарды өндіруде қолданылатын араластырғыштар

5. Тұшпара автоматын монтаждау

6. Тұшпара автоматын қалпына келтіру

7. Тұшпара автоматын күрделі жөндеуден өткізу

 

8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

Кіріспе

 

Ет өнеркәсібінде жартылай фабрикаттарды мөлшерлеу және дайындау үшін сағатына 4000 котлет өндіретін АК2М-40 котлет жасайтын автомат, өндірісі 400, 600 кг/сағ тұшпара автоматтары СУБ-2-67 және П6-ФПВ, өндірісі 50кг/сағ столдық тұшпара автоматы П6-НПА, тартылған етті қаптауға арналған АР1М автоматы, өндірісі 120банка/мин металл банкаларды етпен, тұбен, маймен толтыруға арналған В2-ФНА автоматы, шұжық өнімдерін шығаруға арналғанЛ5-ФАЛ автоматы, минутына 95 сарделка шығаратын үшарналы сарделкаларды байлауға арналған жартылай автомат ФВ-2Д, өндірісі 1000-1500кг/сағ мөлшерлегіш қондырғысы баржәне мөлшерлегіш қондырғы жоқ гидравликалық шприц Е8-ФНА, өндірісі 400кг/сағ шприц-мөлшерлегіш И1-ФШИ, өндірісі 1200кг/сағ үздіксіз жұмыс істейтін вакуумдық шприц ФШ2-ПМ, өндірісі 1500кг/сағ бір түсті үздіксіз әрекетті шприц ФШ2-А кеңінен қолданылады.

Қазіргі тамақ өнеркәсібінің машиналарын шығаруда жоғарғы қуаттылықтағы машиналар мен аппараттарды, үздіксіз әрекеттегі агрегаттарды, автоматталған желілерді және т.б. жасау мәселелері шешіледі. Тамақ өндірістеріндегі механиктердің алға қойылған мақсаты, техникалардың жетістіктерін өнеркәсіптерде қолдану, сонымен қатар экологиялық­ нормаларға қатандықты күшейту және қалдықсыз технологияларға ауысу.

Тамақ өндірістерінің машиналары мен аппараттарының бөлшектері мен тораптарын құрастыру мен есептеудің әртүрлі жолдары екі белгі негізінде жіктеледі:

· қозғалмайтын тораптары бар стационарлық жабдық әрекеті, осы берілген жабдықтың құрылмасын білдіреді;

· жұмысшы органдардың қозғалысы, оның ­ конструктивті түрлерін анықтайды.

Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының техникалық даму бағытының негізі - жұмысты өнеркәсіптендіру және механикаландыру, өндірістің экономикалық және прогрессивтік әдістерін енгізу болып табылады.

Технологиялық жабдықтар, көтерме-тасымалдау құралдары мен технологиялық құбыр өткізгіштерді қалпына келтіру, жөндеу және монтаждау жұмыстары жабдықты пайдалану сенімділігі мен жобалық қуатты жылдамырақ меңгеруіне, сонымен қатар өндірілетін өнім сапасы мен кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштеріне байланысты.

Тамақ өндірісіндегі машиналар мен аппараттарды пайдалану спецификасы қосымша қиындықтар тудырады және жабдықтың сенімділігіне жоғары талаптар қояды. Осы талаптарды монтаждау және қалпына келтіру жұмыстарын орындағанда ескеру қажет.

Тамақ өнеркәсіптерінде жабдықты жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын инженер-механиктер, техник-механиктер, сле­сарь-жөндеушілер, қалпына келтірушілер және басқа да мамандар орындайды. Әрбір жұмысшы құрылымды, жұмыс істеу принципін, жөндеудің ережелері мен ерекшеліктерін, машиналар мен аппараттардың негізгі түрлерінің техникалық қызмет етуі мен пайдалануын жетік білуі тиіс.

«Технологиялық машинаны жөндеу» пәнін оқыған студенттер жөндеу және қалпына келтіру жұмысын жүргізудің негізгі ережелері мен ерекшеліктерін білуі қажет; жабдықтың негізгі түрлерінің жұмыс ақауының себептерін тауып, оны жоя білуі тиіс; бөлшектерді пайдаланудың дұрыс әдісін анықтап, жабдықты қалпына келтіру үшін тиімді әдіс таңдауы керек; жабдықты жөндеу және қалпына келтіруді жүргізгендігі туралы қажетті құжаттамаларды жасай білуі тиіс.

 

Жөндеу деп дайын бөлшектерден құралдар мен оның тораптарын, машиналар, агрегаттар, технологиялық жабдықтар, құрылымдар, қондырғыларды жөндеу процесін айтамыз.

Жаңадан құрылған кәсіпорында жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру штаттық график құрудан басталады. Қазіргі таңдағы жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындар штаттық графиктің төмендегідей типтік сұлбасынан тұрады:

- директор,

- бас механик,

- құрылысты техникалық бақылау бойынша инженер,

- хатшы.

Олардың міндеттеріне жөндеу және құрылыс жұмыстарын орындау үшін мамандандырылған мекемелермен келісім жасасу, келісілген міндеттемелердің орындалуын, сонымен қатар жөндеу жұмысына қатысатын барлық мекемелер арасындағы өзара байланысты бақылау.

Тамақ өндірісі жаңа кәсіпорындарының жабдықтары мен құрылысына, сонымен қатар бұрыннан бар кәсіпорындарды қайта құру, кеңейту мен техникалық қайта жабдықтандыруға жұмсалатын шығындар күрделі салымдар деп аталады. Олар инструмент пен жиһаздар, жабдық алу, күрделі салымдардың жалпы сомасының 60-65% құрайтын жөндеу жұмыстарын орындау және басқа да күрделі салымдардың шығындарынан құралады. Технологиялық жабдықтар, құбыр өткізгіштерді жөндеу және металлды құрылым құрылыс-жөндеу жұмыстарына кіреді. Ол күрделі салымдардың жалпы сомасының 7-17% құрайды.

Қыс кезінде құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу механикалық жөндеу жұмысының технологиялық процесін күрделендіреді және СН мен Е сәйкес шығындар тұрғызылатын объектінің орналасуының географиялық ерекшеліктеріне байланысты 30%-ке дейін өседі.

 

Құрылыс-жөндеу жұмыстары үшін техникалық құжаттама келесілерден тұрады:

- жобалау-техникалық,

- жөндеу-технологиялық,

- аралас құжаттама.

Жобалау-техникалық құжаттама келесі құжаттардан тұрады:

- сызба тізімі көрсетілген бет;

- жобаланған ғимараттар мен алаңдардың бас жоспарының сызбасы;

- құрылыс кәсіпорынының жобасы;

- цехтар мен бөлімшелердің қималары, жобаларынан тұратын технологиялық, тоңазытқыш және жылу техникалық бөліктердің жобасы;

- технологиялық жабдықты таңдауға негізделген және есептері бар түсіндірме хат;

- технологиялық құбыр өткізгіш элементтері, типсіз металл құрылымдардың құрастырма бірліктері мен жалпы түрінің сызбалары, сонымен қатар стандартты емес жабдықтар, құбыр өткізгіштің секциялары мен блоктары, элементтері мен металл құрылымдар дайындау үшін бөлшекті сызбаларын жетілдіру;

- қолданылған стандарттар, нормалар мен типтік сызбалардың құрылымдары, құрастырма бірліктер мен бөлшектердің тізімі; технологиялық жабдықты жасаған зауыттың техникалық құжаттамасы.

Жөндеу-технологиялық құжаттама келесілерден:

- өндірістік жұмыс жобасы;

- жинақталмаған күйде түскен жабдықты монтаждау және стандартты емес жабдықты жасаудың технологиялық картасы.

Аралас құжаттама келесілерден:

- кәсіпорын құрылысының жалпы құнын анықтайтын смета;

- тұрғызылатын кәсіпорын кешеніне кіретін жеке объектілерге смета;

- әрбір объектіге жабдық алуға және оны жөндеу жұмысы құнының шығын мөлшерін анықтайтын смета;

- жобалық жұмыстарға смета.