Тұшпара автоматын күрделі жөндеуден өткізу

Күрделі жөндеуден өткізерде тұшпара автоматын электр жүйесінен ажыратып автоматты бұзады. Станина қалқанын және бункер қақпағын шешеді, шкивтардан-белдіктерді, жұлдызшадан-шынжырды, штамптайтын құралдарды, ұн бункерін, роликтерді, құралған кескіш барабанды, шатун мен піспектен-тартқышты, махавик пен штокты шешеді. Содан кейін автоматтан пішіндейтін құралды шешеді, фарштөткізгішті ротационды сораптан, фарш және қамыр шнектерін, негізгі бункерді, біліктерді, электрқозғалтқышты шкивпен бірге ажыратады.

Конвейер мен автомат станиналарын, қалқандарды, бункер қақпағын және шынжырды жуып тазалайды, буындарды бөлшектерге ажыратады. Қалқандарды, бункер қақпағын, бункер және лоткаларды ысқылайды, қажет болса пісіру арқылы қалыпқа келтіріледі, кейіннен пісірілген жерді тегістейді.

Кергіш және аралық роликтерді жөндегенде оларды бөлшектейді, жуады және ақауын анықтайды. Содан соң картоннан төсеніш дайындайды, тозып кеткен бекітуді ауыстырады, шарикті ұштіректерді, роликтерді жинап, оларды майлап, еркін айналуын тексереді.

Кергіш жұлдызшалы және жұлдызшалы барабандарды жөндегенде оларды бөлшектерге бөліп, тазалап, ақауын анықтайды. Содан соң төсеніштерді, стандарт емес винттарды, болдтарды, гайкаларды дайындайды. Шарикті ұштіректерді, тозған бекітулерді және тозған басқа бөлшектерді айырбастайды, барабанды жинап, оларды майлап, еркін айналуын тексереді.

Штамптайтын құрылғыны жөндегенде оны бөлшектерге бөліп, тазалайды және ақауын анықтайды. Содан соң ось және стандарт емес винттарды, болдтарды дайындайды, щетканы ауыстырады, соңында тозған бөлшектерді және шарикті ұштіректі ауыстырып, штамптайтын құрылғыны жинайды.

Аралық буынды жөндегенде реттелетін және жетектегі білікті бөлшектейді. Тазалайды және ақауын анықтайды. Содан соң төсеніштерді, төлкелерді, саусақтарды, буаттарды, стандарт емес винттар мен болдтарды дайындайды. Ұштіректер мен тозған бөлшектерді ауыстырып, білікті жинайды. Ұштіректі майлап, еркін айналуын тексереді. Содан кейін аралық біліктерге жұлдызша мен піспекті орнатып, ал жетекші білікке шкив пен вариатор белдігін бекітеді.

Ротационды сорапты жөндегенде одан фаршөткізгішті ажыратып, сорапты бөлшектейді. Тазалап, ақауын анықтайды. Содан соң төлкелерді, төсемдерді, шпилькаларды дайындап, тозған бөлшектерін ауыстырып, сорапты қайтадан жинайды. Соңында фаршөткізгіштібекітеді.

Пішіндеуші құрылғыны жөндегенде оны бөлшектерге бөліп, тазалайды және ақауын анықтайды. Реттегіш винттердің клапаны мен ұясын тазарғанша қайрайды, стандарт емес гайкаларды дайындап пішіндеуші құрылғыны жинайды.

Қамыр және фарш шнектерін жөндегенде шнек пен жұлдызшаны ажыратады. Біліктерді бөлшектеп, тазалайды және ақауын анықтайды. Кейін муфтаны, біліктерді, төлкелерді, төсемдерді, буаттарды, стандарт емес болдтарды дайындайды. Тозған бөлшектерін және ұштіректерді ауыстырып білікті жинайды. Жалпы жинау кезінде білікке жұлдызша мен шнекті орнатады.

Тұшпара автоматын жалпы жинау кезінде электрқозғалтқыштың білігіне шкивті орнатып, автомат станинасына электрқозғалтқышты бекітеді. Біліктерді, фарш және қамыр бункерін, шнекті, ротационды сорапты, пішіндеуші құрылғыны да автомат станинасына бекітеді. Конвейер станинасына аралық және кергіш роликтер мен жетекші барабанды орналастырады. Штокты махавикті орнатқан соң, белдіктің артығын кесіп алып тастайды. Бұдан кейін ұн бункері мен штамптайтын құрылғыны орнатып, шатун және кривошипке жалғайды, кергіш жұлдызшаларды реттейді, шынжыр мен белдікті кигізеді, станинаға бункер қақпағы мен қалқанды орнатады.

Электр жүйесіне қосқаннан кейін және жерлендіруге сенімділікке тексергеннен кейін автоматты қосып, ретке келтіре отырып тексереді. Тұшпара автоматын күрделі жөндеуден өткізу автоматты бояумен аяқталады.