Ресурстардың шектеулі және бірін-бірі алмастырушылығы

Ресурстар сатылатын және сатып алынатын болғандықтан олардың бағалары да болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының болашақ нәтижесінде баға ресурстар нарығы ерекшеліктерінің жалпы барлық түрлері, олардың әрбір айрықшаларын қалай болса солай қамтиды.

Ресуртар нарқының ерекшеліктері – ең алдымен олардың шектелуіне қарай өндіріс көлемінің өзінің де және ресурстар ұсынысында да шектелуінің қорытындысы болып табылады. Қоғам өндіруде мүмкіндігі болмаған жағдайда, тауарлар мен қызмет көрсету мөлшері тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыра алмайды. Соған байланысты ресурстар нарығын шоғырландыру қажеттілігі туады.

Экономикалық ресурстардың бағасы әр түрлі басқа рыноктарда ұсыныс пен сұраныстың ықпалымен сәйкестендіріп үйлестіріледі. Ресурстар ұсынысы олардың тікелей баға арасындағы байланысы мен нақтылы бар мөлшерін, ресурстарды иеленушілердің мүдделеріне сәйкес олардың бағаларын жоғары қоюын көрсетеді. Ал рессурстар сұранысы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы қарама –қарсы байланысты көрсетеді: егер де баға көтерілсе, онда кәсіпорын ресурстарды аз сатып алады нмесе оларды арзандай басқалармен алмастырады.

Ресурстарға сұраныстың ерекшелігіне қысқаша тоқталайық:

1. Ол дайын өнімнің сұранысқа деген туындысы (тәуелділігі) болып табылады. Демек, біріншінің өзгеруі ең алдымен екіншісінің өзгеруіне байланысты болады;

2. Ресурстарға сұраныс еңбек өнімділігіне: оның дамуы экономикалық ресурстарға деген сұраныстың серпініне байланысты, яғни орнындағы ресурстар мен қосымша ресурстар бағаларының өзгеруі;

3. Ресурстардың туынды сұранысы көбейеді, егер де өнімге сұраныс көбейтсе, дайын өнімді шығаруда еңбек өнімділігі артса, арасындағы ресурстардың бағасы төмендесе немесе көтерілсе, қосымша ресурстардың бағасы төмендейді. Бұдан туындайтыны, сұраныстың икемділігі мына төмендегі нысандарға байланысты.

- дайын өнімге сұраныстың икемділігі:ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ресурстардың икемділігі де жоғары болады;

- ресурстардың алмастырылуы:оларға сұраныстың икемділігі жоғары болса, егер де баға өскен жағдайда оларды басқа ресурстармен алмастыруға артығырақ кәміл технологияны өндіріске енгізуге мүмкіндігі туады;

- жалпы шығындарда ресурстардың үлесі:егер де жалпы шығында ресурстардың үлесі жоғары болса, ал ресурстарға баға өссе, онда бұл оларға деген сұраныстың төмендеуіне әке соғады. Демек, жалпы шығында ресурстардың үлесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сұраныс икемділігі де жоғары болады.

Ресурстардың шектелуіне қарамастан, олар адамдардың ықпал жасауының арқасында алмасып отырады. Мысалы, мелиорация жұмыстары жүргізілетін жерге ұсынысты арттыруға болады. Сонымен ресурстар ұсыныс заң сиректілігіне, ресурстардың шектелуіне байланысты.