Парламент 3 страница

 

XX ғасыр соңғы он жылдығында халықаралық ынтымақтастықтағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980 жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық ынтымақтастық эволюциясы екі өзара байланысты процестердің елеулі әсеріне ұшырады, ол – капиталистік сипаттағы әлеуметтік ынтымақтастықтарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану процесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық ынтымақтастардың экономикалық негізі – әлемнің материалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі.

Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық ұстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ Онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бұрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдік экономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда.

Осы кезде аймақтанлырудың қарқынды процесі жүріп жатыр – Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда (АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі құрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бұл аймақтық ұйымдар өз кезегінде халықаралық қатынстар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншыларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның ұстанымдарын білдіретін үкіметтік емес ұйымдар. Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда. (Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)

Түсініктеме!

түбегейлі – негізгі, түпкілікті; жан-жақты, ұқыпты, толық;

қауымдастық – қауымдасқан тірлік;

жіктелу – бөлу, саралау, талдау;

алпауыт – I керемет дәу, орасан зор; II ірі жер иесі, феодал.

2-тапсырма.Сөйлемді мазмұнына қарай жалғастырыңыз.

Халықаралық ынтымақтастардағы жағдай өзгерді, ...

Әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру керек, ...

Жаһандану процесінің қарқынды дамуда, ...

Халықаралық әріптестікті дамытуды талап ету қажет, ...

Экономикалық орталық ұстанымын нығайту үшін, ...

3-тапсырма.Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестерінің тура және ауыспалы мағыналарын түсіндіріңіз.

халықаралық қатынастар сахнасы

экономиканың бас алпауыты

онымен иық теңестіріп

ықпалды ойыншыларына айналу

4-тапсырма.Бүгінгі Қазақстанның халықаралық ынтымақтастары туралы материалды негізгі ала отырып, эссежазыңыз.

 

5-тапсырма.«Халықаралық ұйымдар» мәтінің мазмұндап, аударыңыз.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ізашары – Ұлттар Лигасы болып табылады. Ұлттар Лигасы бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен құрылды. Бастапқыда оған 42 ел мүше болса, кейін олардың саны 57-ге жетті. Лиганың құрылуына Франция, Оңтүстік Америка, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттарының халықаралық бейбітшілікті сақтау мен Еуропада 1914-1918 жылдары болған соғыс сұмдықтарының қайталануынан бүкіл әлемді ұлттар ұйымы қорғай алады деген сенімі негіз болды. Бірақ, екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы – Лиганың негізгі мақсаты – бейбітшілікті сақтауды қамтамасыз ете алмағандығын көрсетті. Соның нәтижесінде Ұлттар Лигасы өз қызметін тоқтатты.

Екінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан кездің өзінде баспасөз бен қоғамдық пікірдің қатты әсерін сезіне отырып Ұлыбритания, Қытай, АҚШ және КСРО соғыстан кейін бүкіләлемдік ұйым құру мәселесін талқылады. Аталған елдің өкілдері халықаралық ұйымның жобасын жасап, соғыстың соңына қарай халықаралық ынтымақтастықтың негізі болатын құжаттың мәтіні жасалып, оған 50 елдің өкілдері қол қойды.

1945 жылдың 24 қазанында БҰҰ-ның Жарғысы бекітіліп, Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Содан бері бұл күн бүкіл әлемде БҰҰ-ның ресми құрылған күні ретінде аталып өтіледі.

1995 жылдың наурызына дейін БҰҰ-на 185 ел мүше болды.

Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды.

БҰҰ-ның орталық мекемелері Нью-Йоркта орналасқан БҰҰ-ның 6 ресми тілі бар. Олар: ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдері.

БҰҰ хатшылығының бас лауазым иесі – Бас хатшы болып табылады. 1997 жылдан бері БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан.

 

6-тапсырма.Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыздар.

 

Ізашар, бірінші дүниежүзілік соғыс, мүше, құрылуы, бейбітшілікті сақтау, бүкіл әлемді, Ұлттар лигасы, баспасөз, қоғамдық пікір, халықаралық ынтымақтастық, мәтін, ресми құрылған күні, орталық мекемелері, ресми тілі, Бас хатшысы.

 

7-тапсырма.Мәтінге сүйеніп, төменде берілген етістіктерді пайдаланып, сөйлем құрыңыздар.

Қабылдану, бекітілу, құрылу, жиналу, аяқталу, талқылау, сақтау, қорғау, бастау, кіру, тоқтату.

 

8-тапсырма.Мәтіннен қысқартылған атаулардың толық нұсқасын жазып, күрделі сөз тіркесіне назар аударыңыздар.

БҰҰ ____________________________

АҚШ ____________________________

КСРО ____________________________

ДКҰ ____________________________

ЕҚЫҰ ____________________________

 

9-тапсырма. Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар.

а) БҰҰ-ның тікелей араласуымен қандай әлемдік маңызы бар мәселелердің шешімін тапқанын білесіз?

ә) БҰҰ өзіне мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін толық сақтай ала ма?

б) Жер бетіндегі бейбітшілікті сақтауға БҰҰ-ның мүмкіндігі толық жете ме?

в) Бейбітшілікті сақтау жолында Қазақстан қандай істер мен шараларға үлес қосты?

 

10-тапсырма.Есте сақтаңыздар!

 

БҰҰ-ның мақсаттары:

- Бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау;

- Ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;

- Адам өмірін жақсарту, бірлесіп белсенді әрекет ету, әлемдегі жоқшылықты, ауруды және сауатсыздықты жою, экологиялық бүлінушілікті тоқтату, баршаға ортақ негізгі бостандық – адам құқығын құрметтеуді мадақтау.

- Осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.

 

11-тапсырма.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрыңыздар.

Қатынасу, сайлау, шешім қабылдау, құру, өндіру, кедергі жасау, жауап беру, қол жеткізу, қамтамасыз ету, мәжбүр ету.

 

12-тапсырма.Төменде берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударып, сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.

 

1945 жылы 25 маусымда Сан-Франциско конференциясында қол қойылған БҰҰ-ның Жарғысы 1945 ж. 24 қазанда күшіне енді. Жыл сайын 24 қазан БҰҰ-ның Күні ретінде аталып өтіледі. БҰҰ бейбітшілікті сақтауда, ядролық соғысты болдырмауда, жанталаса қарулануды тоқтатуда және қарусыздандыруда маңызды рөл атқарады.

 

13-тапсырма.«БҰҰ-ның құрылуы және оның бүкіл әлемдік маңызы» деген тақырып бойынша көршіңізбен сұхбаттасыңыздар.

14-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Мәжбүр ету, табанды түрде, жыл сайын, барған сайын, қайта құру, балық аулау, өзін-өзі билеу, қол жеткізу, қамтамасыз ету, отар елдер.

15-тапсырма. Берілген сөздердің қазақша баламаларын орындарына қойыңыздар.

а) шаг компромисс –

конфликт - структура –

недоверие - пространство –

единый - господство –

сообщество - гарантия –

кризис - противоречие

консенсус - беспрекословна –

 

ә) Бір үлгімен жасалған сөздер қатарын толықтырыңыздар.

кепіл-дік ...

біт-ім ...

СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Дүниежүзілік Сауда ұйымы

1–тапсырма. Мәтінді аударыңыз, мазмұндаңыз.

 

Дүниежүзілік Сауда ұйымының басқару құрылымы Женева қаласында. Ұйымға мүше мемлекеттер саны 130-дан асады. Олардың қатарында қуатты мемлекеттерден – АҚШ, Жапония, Албания елдерімен бірге аты-жөні көпшілікке таныс емес, картадан іздеп табудың өзі қиын елдер – Денмарк, Гамоа сияқты республикалар да бар. ТМД елдерінің ішінде Қырғызстан, Грузия, Молдова осы ұйымға мүше. Әзірге ұйымға мүше болуға ойланып отырған мемлекеттер қатарына Әзірбайжан, Белорусь, Қазақстан, Ресей, Украина және Өзбекстан.

Ұйымға мүше болған елдер өндіретін шикізатты, дайын өнімді ұйымға мүше елдерге еш кедергісіз шығаруға мүмкіндік алады. Және олар ДСҰ-ның ережесі бойынша әлемдік сауда аймағындағы ортақ тәртіпке бағынуы керек. Мысалы, кеден және басқа да салықтар көлемі бәріне бірдей болады.

Сонымен, Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіру Қазақстанға тиімді ме?

Сұрақтар:

1. Дүниежүзілік Сауда ұйымының басқару құрылымы қайда орналасқан?

2. Ұйымға мүше мемлекеттер саны қанша?

3. Олар ДСҰ-ның ережесі бойынша әлемдік сауда аймағындағы қандай тәртіпке бағынуы керек? (ортақ)

 

2-тапсырма. Сөздердің мағынасын анықтаңыз, сізге таныс сөздер бар ма?

 

Ұйым АҚШ ДСҰ салық сауда өнеркәсіп сапалы (качественный) кеден бәсекелестік қабілеті арзан

 

3–тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

Қуатты (не?) ...........................................................................,

(қандай?)............................................................ мемлекеттер,

(неге?) ................................................................мүше болу?),

(неге?) .................................................................дайын емес,

салықты (не істеу?) ............................................................... .

 

4-тапсырма. Төмендегі айтылған пікірмен келісесіз бе?

Топ болып талқылаңыздар.

 

Тиімді жағы Тиімсіз жағы
1.Ұйымға мүше болу – біз үшін әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндігін ашады. 1. Қазіргі күні Қазақстан өзіне күшті бәсекелес болатын елдерге өз нарығын толық ашуға әлі дайын емес.
2. ДСҰ-ға мүше болу арқылы Қазақстан әлемдік нарыққа шыға алады. 2. Ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіптің бәсекелестік қабілеті төмен.
3. _____________________ 4. _____________________ 3.__________________ 4.__________________  

5-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.

 

басқару- управлять, возглавлять, руководить бағынуы- покоряться, подчиняться, сдаваться, покориться бойынша-согласно, оброзно, на основании, по кедергісіз- беспрепятственный қуатты- мощный, сильный салық- налог, обложение тәртіпке-к порядку мүмкіндік- возможность, шанс, мүмкіндікке қарай-по мере возможности, мүмкіндік туғызу-способствовать ортақ- общий өнім- рост, произростание шикізат- сырье

 

6 – тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Дүниежүзілік Сауда ұйымы дегеніміз не?

2. ДСҰ-ның басқару құрылымы қай қалада орналасқан?

3. Ұйымға қандай мемлекеттер мүше бола алады?

4. ДСҰ-ға мүше болудың тиімді жақтары қандай?

5. ДСҰ-ға мүше болудың тиімсіз жақтары қандай?

6. Қандай халықаралық ұйымдарды білесіз?

 

7–тапсырма. Сөздікті пайдаланып, сөйлемдерді орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз.

1. Вступая в ВТО Казахстану необходимо развивать селькохозяйственное производство.

2. Сельское хозяйство страны находится в кризисном (дағдарыс) состоянии.

 

8–тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. Дүниежүзілік Сауда ұйымы....... басқару құрылым.... Женева қаласында.

2. ДСҰ-ға мүше елдер әлемдік сауда аймағы........ ортақ тәртіпке бағыну..... керек.

3. Ұйым..... мүше мемлекеттер саны 130-дан асады.

 

9–тапсырма. Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай дұрыс топтастырыңыз.

 

Ұйымға мүше болу – біз үшін Женева қаласында
ДСҰ-ның басқару құрылымы Әлемдік рыноққа шығудың жаңа мүмкіндігін ашады.
Әзірге ұйымға мүше болуға ойланып отырған мемлекеттер Қырғызстан, АҚШ, Жапония, т.б.
Ұйымға мүше мемлекеттер Әзірбайжан, Ресей, Украина, т.б.

10-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестеріне керекті жалғауларды жалғаңыз. Сөйлем құрастырыңыз.

 

өндіретін шикізат...., дайын өнім...., ДСҰ-....., кеден...., салық......

11–тапсырма. Керекті сөздерді, сөз тіркестерін тауып, орнына қойыңдар. Мақал – мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер.

1. Еңбек етсең, ... .

2. ...көз жоқ.

3. ... табады,

Сұраған ....

4. Теңгелі жерде ......

5. ...сорпасы татымас.

6. Көре-көре ...боларсың,

Сөйлей-сөйлей ...боларсың.

Керекті сөздер:шешен, теңдік жоқ, емерсің, арзанның, іздеген, көсем, ақшада, алады.


СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Еуропалық одақ

 

1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз.

 

Еуропалық одақ – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік.

Еуропалық одақ комиссиясының штаб-пәтері Брюссельде орналасқан. Еуропалық одақ 1993 жылы Еуропа елдерінің қатысуымен құрылған.

1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Еуропа елдерінде есеп айырысу операциялары үшін бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. Еуропалық одақтың жалпы органдары мен институттарының қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық қауымдастықтардың комиссары, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, сондай-ақ, экономикалық және әлеуметтік комитет, Аймақтар жөніндегі комитет жатады.

Еуропалық одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік және ынтымақтастық туралы келімісге қол қойылды.

Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропалық одақ ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда. («Қазақстан» энциклопедиясы, Алматы. 2001. 458-бет).

 

Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.

айқындау – выяснить, уточнить, определить айналым– оборот бірлестік– объединения бағыттар– направления бағдарлама шеңберінде– в рамках программы енгізу– включить, внедрить есеп айырысу– рассчет (расчитываться) қатысуымен– с присутствием, с участием қауымдастық– ассоциация қорыту – заключение, ынтымақтастық– сотрудничество, содружество серіктестік– товарищество мақсат– цель негіз– основание, основа, фундамент төлем– платеж теңдік– равенство, равноправие. одақ– союз орындау– выполнить өрістету– расширять қарым-қатынастар– отношения құқын қорғау– защищать право

2-тапсырма.Сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.

1. Еуропалық одақ қандай бірлестік?

2. Ол қай елдердің қатысуымен құрылған?

3. Еуро валютасы қай жылы айналымға енгізілді?

4. Еуропалық одақ қандай сауда қауымдастығы?

Еуропалық одақ бағдарламасы қай жылдан бастап орындалуда?

 

3-тапсырма.Керекті сөздерді тауып жазыңыз.

1. Соңғы … Еуропалық одақ мынадай бағыттарда жұмыс істейді.

2. Әлеуметтік саладағы … одан әрі арттырады.

3. Азия, Латын Америкасы, Африка құрылымындағы … саясатты жандандырады.

4. Құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне … байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді.

 

Керекті сөздер: әріптестік, жылдары, үйлесімділікті, аймақтық.

4-тапсырма. Сөз, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Экономикалық бірлестік, экономикалық қауымдастық, қолма-қол төлем, қауіпсіздік саласы, келісімшарт, Еуропалық қауымдастық, валюталық одақ.

5-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.

 

1) саясат 2) сақтау 3) өрістету 4) ынтымақтастық 5) аудиторлар 6) есеп 7) құқық (право) а) тәртіпті ә) байланыстарды б) сыртқы в) палатасы г) интеграциялық (интеграционный) ғ) қорғау д) айырысу

 

6-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

Еуропа елдері, орталық рынок, интеграциялық, ынтымақтастық, басты мақсаттары, банкноттар айналымы, есеп айырысу операциялары.

 

7-сабақ

Лексикалық тақырып:

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары.

Меншік мәнді сөйлем.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз және аударыңыз.

 

Азаматтардың құқықтары мен бостандыктарына ең негізгі кепілдік - оның құқықтары мен бостандықтарына шек қоюшылықты болдырмау. Құқық пен бостандыққа шек қою немесе олардан айыру жағдайлары тек қана конституцияда көрсетіледі. Конституция бойынша адамды құқығы мен бостандығынан айыру немесе шектеу төтенше жағдайда және уақытша ғана қолданылады.

Азаматтардың құқығы мен бостандығына негізгі кепілдік беретіндер - өздеріне осындай міндеттер жүктелген және оны іс жүзіне асыратын мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар болып табылады. Барлық мемлекеттік органдар азаматтардың құқығы мен бостандығын пайдалануына жағдай жасау үшін құрылған. Олардың негізгі мұратының өзі сол - азаматтардың заңды құқыктарын қорғау үшін қызмет ету.

1966 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы экономикалық, саяси және мәдени құқықтар туралы шарттар қабылдады. Бұл шарттар «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының» ережелері негізінде қабылданды. Оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін қарастыратын, адам құқықтарының сақталуын бақылап отыратын арнайы комитет құрылды. Бұл комитетке шартқа қосылған мемлекеттердің өкілдері сайланатын болды. Оған қатысушылар мемлекет ішінде адам құқықтарының қорғалуы жайында комитетке ұдайы баяндап отырады. Сонымен бірге комитет шартқа қосылған мемлекеттердегі адам құқығының қорғалу жайын өз тарапынан тексеріп отырады.

2- тапсырма.Сөздер мен сөз тіркестерің дәптерге жазып, жаттап алыңыздар.

 

Азаматтардың құқықтары мен бостандыктары - Права и свобода граждан
Міндеттер - обязанности
Лауазым - должность
Кепілдік - гарантия
Өкіл - представитель

3-тапсырма.Мәтін бойынша 10 сұраулы сөйлем құрастырыңыз.

4-тапсырма.Мына сұрақтарға жауап іздеңіз. Жауаптарды дәптерлеріңізге жазыңыз.

1. Қандай халықаралық құқық қорғау ұйымдарын білесіздер?

2. Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалу тетіктерін қалай жетілдіруге болады?

3. Қазақстанда адам құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін органдарды атаңыздар.

5-тапсырма.Мына сөздермен сөз тіркестерін аударыңыздар.

Азамат- Азаматтық- Құқық- Құқылы- Заң- Заңды- Бап- Бөлім-   Кеңес- Қабылдау- Қабылданды- Айыру- Аластау- Қорғау- Сақтау-   Төлем- Кепілдік- Міндет- Міндетті- Салық-налог Алым-сборы Сәйкес-   Әскери қызмет- Қызмет ету- Тыс жерлер- Шет ел- Жағдай- Қамқорлық жасау-

6-тапсырма.Берілген сөйлемдерді аударыңыздар.

1-бап. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделетін өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ, мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес, жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары: азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады.

 

7-тапсырма.Мәтіңді оқыңыз және қазақ тіліне аударыңыз.