Түйсіктер (сезіну) анықтамасы, оның қалыптасу механизмдері және түйсіктің түрлері

 

Бізді қоршаған және әсер ететін заттар мен құбылыстар әртүрлі қасиеттерге ие болады. Бұл қасиеттер сезім мүшелері - көру, есту, дәм және т.б арқылы біздің санамызда бейнеленеді.

Түйсіктердегеніміз дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету арқылы пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің миымызда бейнеленуі.

Біз қызыл, көк, тәтті, ащы, ауыр, жеңіл, жылы, салқын және т.б түйсінеміз. Мысалы: бір шоқ гүлді түйсінетін болсақ, оның түсі (қызыл, сары), хош иісі, дәмі, көлемі және т.б жекелегенқасиеттерін түйсінеміз.

Түйсіктер - бұл алғашкы психикалық таным үрдісінің бірі, олар көп жағдайда затты қабылдаудың құрамына кіреді. Түйсіктердің пайда болуы үшін төмендегі жағдайларқажет:

Қандай да болсын сезім оргаңдарына әсер ететін зат немесе құбылыс қажет. Демек, заттың немесе құбылыстың сезім органдарына әсері негізінен сезімдік жүйкенін аяқталған тармақтарының тітіркендіргіштеріндеанғарылады, осы зат, құбылыс тітіркендіргішдеп аталады.

Түйсінуші құрал қажет. Бұл құрал 3 бөліктен тұрады:

а. Сезім мүшелерінен(рецептордан), оңда сезгіштік жүйкенің соған сәйкес перифериялық тармақтары орналасқан. Сезім мүшелері дегенді басқаша түйсік мүшелері деп атаған дүрыс болареді.Сезім оргаңдары деп ауызекі сөйлеу тілінде айтылғанымен, түйсік мүшелері деп айтқан дүрыс болады. Сезім – бұл өз аддына дербес психикалық үрдіс.

б. Өткізгіш жолдан, демек сезгіштік жүйкенің сол бөліктерінің, ол арқылы қозу перифериялық аяқталған жүйкеден ми орталығына жеткізу.

в. Бас ми қыртысындағысәйкесті ортадан (жасушылар жүйесі), онда жүйкелік қозу психикалық құбылысқа - түйсінуге өтеді.

Жоғарыда көрсетілген үш бөлік қабылдау аппаратын құрайдыды, оны И.П.Павлов анализатордеп атады. Егер де анализатордың көрсетілген бөліктерінің қандай да болмасын бірі бұзылса, түйсіктер жұмыс істемейді.

Түйсіктер - бұл бізді қоршаған дүниені танудың алғашқы түрі. Ол заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейді. Субъективтік идеализм теориясы сыртқы дүниені объективтік бейнелеудің мүмкіншіліктері туралы материалистік түсініктерге толықтай қарама-қарсы болып табылады. Адам өзін қоршаған ортаны танып біледі. Сезім мүшелері адамға қоршаған жағдайларды бағдарлауға мүмкіндік береді, өзінің әрекетін соған бейімдейді. Егер адам барлық сезім мүшелерінен айырылған жағдайда, ол өзінің айналасында не болып жатқандығы туралы ешқандай да мәліметтер ала алмас еді. Көру, есту, иіс, дәм сезу сезімдерінің бағынатын зандарын білу әртүрлі мамандық иелеріне қажет. Көру қабылдауын алғашқы зерттеушілердің бірі Италияның ұлы суретшісі Леонардо да Винчидің болуыкездейсоқ емес. Сонымен қатар орыстың ұлы ғалымы, әрі ақын, суретші М.ВЛомоносов түстерді көру заңдылығын зерттегеніңбілеміз. Сезім мүшелері жұмысының бағынатын заңдылықтарынбілу дәрігерге қажет, сезім мүшелерінің бұзылуы неде екеніңанықтайды және оның бірқалыпты қызметін қалпына келтіреді,соқырлар үшін оқу машинасын және саңыраулар үшін жасандықүлақ жасайтын инженерлерге қажет.