Жақсы әдеттерге дағдылану арқылы ерік күшін нығайту

Әр жаста балаларда еріктің мынадай элементтерін байқауға болады, атап айтқанда саналы түрде бір нәрсені істеуге ұмтылу, қажет ету, таңдау, шешімге келу және күш-жігер жұмсау. Балаларда белгілі бір талпыну түрінде сезіммен бірге өте ерте аңғарылады. Бірақ, баланың бұл талпыныстары әлі де саналысипатта болмайды. Мысалы, екі жас шамасында балада тәрбиені және ойын әрекетінің әсерімен белгілі тәжірибе жинақталады, балада елестеулер қалыптасады, қиялдың негіздері пайда болады баланың ой өрісі дами бастайды. Бірақ, бұл талпыныстар көп уақытқа дейін негізінен эмоциялық көңіл-күйдің әсерімен іске асады. Бұл қарапайым еріктік әрекеттер. Бірте-бірте тұрақтыжаттығулардың нәтижесінде болады. Саналы еріктің күш-жігерге; қабілеттілігі дами бастайды. Бұл жаттығулар алғашқы: сатыларында негізінен үлкендердің басшылығымен іске асады.

Шәкірттердің ерік әрекеттерін дамытуда оқу әрекетінің атқаратын рөлі ерекше. Баланың мектепке келуі оның өмірінде ерекше оқиға болып табылады. Егер де мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі іс-әрекеті ойын әрекеті болса, ал мектепке келгеннен кейін, балалардың алдына ерекше міндеттер, жүктеледі. Оның негізгі іс-әрекеті оқу әрекеті болып табылады.

Психикалық зерттеулер көрсеткендей, шәкірттің еріктікәрекеттерін ұйымдастыратын негізгі түрткісі ІІ-ІV; сыныптарының шәкірттерінде айқын байқалатын өзінің оқу ұжымының намысы мен арын қолдауға ұмтылу болып табылады. ¥жым алдындағы жауапкершілік сезімі еріктік әрекеттерден кездесетін қиыншылықтарды жеңуде ерекше қолдау көрсетуі мүмкін.

VІІ-VIII сыныптарда көптеген мектеп шәкірттері көп жағдайда оқу әрекетін болашақтағы жоспарларымен байланыстырады, өздерінің болашақ мамандығы туралы, оқу бітіргеннен кейін қоғамда алатын орны туралы толғаныстарын білдіреді. Мектеп жасында ерікті әрекеттерді меңгеруде жеткіншектер мен жастар кейде іс-әрекетті орындауда кездесетін қиыншылықтарға терең көңіл-күйін білдіреді. Қиындықтарды жеңуде ерікті тәрбиелеуге болады. Ерік пен ерік сапаларын тәрбиелеудің негізгі шарты адамның іс-әрекетке белсенді қатысы болып табылады. Ерікті әртүрлі өсиеттермен тәрбиелеуге болмайды, ерікті дамыту ерікті әрекеттер де жаттығуды қажет етеді.

Ерікті тәрбиелеу еріктің жағымды сапаларын дамыту және бекіту болып табылады. Ерікті тәрбиелеу ойлау мен сезімді тәрбиелеумен тығыз байланысты. Бірақ, ерікті тәрбиелеуді тек қана ойлау мен сезімді дамыту деп түсінбеу керек. Барлық адамгершілік ережелерді жақсы білу және саналы түсіну, өзінің сезімдерінде терең көңіл-күйде болуы мүмкін. Мысалы, көптеген нәзік жанды адамдар ерекше ойлау қабілетімен шынайы да ыстық сезімімен қатар, әрекетсіздігімен және еріктің әлсіздігімен ерекшеленеді. Ерікті тәрбиелеу - бұл жалпы алғанда жеке тұлганы тәрбиелеу.

Ерікті адам бұл шын ақылмен, анық шығармашылық қиялымен, күшті моралдық сезімдерімен ерекшеленеді. Бізге шығармашылықпен ынталы шешімге келе білетін, өз күшіне сенімді, батыл, табанды, ержүрек, тәртіпті - бір сөзбен айтқанда ерік-жігері күшті адамдар қажет.