Іс-әрекеттің жалпы психологиялық сипаттамалары

 

Адам өмірі іс-әрекетсіз болуы мүмкін емес. Іс-әрекет үрдісінде адам қоршаған дүниені, оның заңдылықтарын танып біледі, әртүрлі құбылыстарды қабылдайды. Жануарлар мінез-құлқынан адамның іс-әрекеті қанша күрделі болғанымен ерекше айырмашылығы бар. Адамның іс-әрекеті саналы сипатқа ие болады, ол мақсатқа бағытталған және оған жетудің тәсілдерін түсінеді, іс-әрекеттің кейбір бөлімдерін жоспарлайды, мүмкін болатын қиындықтар мен кедергілерді ескеріп отырады, қажет болған жағдайда іс-әрекетті қайта құрады, нәтижені алдын ала көре біледі.

Адамның іс-әрекеті еңбек құралдарын дайындаумен, пайдаланумен және сақтаумен байланысты. Адамның іс-әрекеті қоғамдық сипатқа ие болады, ол ұжымда және ұжым үшін іскеасады.

Іс-әрекет қоғамдық - тарихи жағдайлармен анықталады. Адам өзінің іс-әрекетін қоршаған өмірден, өзі өмір сүрген қоғамның талаптарынан бөліп қарай алмайды. Барлық уақытта да, барлық кезеңде де адам еңбекпен айналысты, ол қоғамның қажеттілігін немесе жеке қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнім беріп отырды.

Жеке тұлға іс-әрекетте қалыптасады, адам өжет, ержүрек қасиет танытады. Өздеріңізді қоршаған адамдарды бақылай қарасаңыздар мамандық адамның сыртқы келбетін, оның рухани дүниесін өзгертеді. Әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері бар, мысалы әскери адамның психологиясында өзіндік ерекшеліктері кездеседі. Сол сияқты мұғалімдік, дәрігерлік мамандықтардыңөзіндік ерекшеліктері болады.

Іс-әрекет оның қүрылымына қарай қарастырылады. Кез-келгеніс-әрекетте төмендегідей бөліктерді атап көрсетуге болады:мақсат қою кезеңі; жұмысты жоспарлау,әрекеттің тиімді
тәсілдерін таңдау кезеңі; іс-әрекетті орындау, іске асыру кезеңі;одан әрі нәтижелерін тексеру, қатесін түзеу, алынған нәтижелердіжоспарланған нәтижелерменсалыстыру,жұмыстықорытындылау.

Адамда әртүрлі іс-әрекеттің пайда болуы мен дамуы күрделі де ұзақ үрдіс болып табылады. Генетикалық бір-бірін ауыстырып отыратын және барлық өмір жолы барысында ғұмыр кешетін іс-әрекеттің 3 түрі кездеседі: оқу, ойын, еңбек.

Ойын дегеніміз не?Бұл ең алдымен ойдағы іс-әрекет, басқаша айтқанда- түрткілердің бірлігімен ұйымдасқан, ойластырылған әрекеттер жиынтығы. Демек, ойын іс-әрекет ретінде жеке тұлғаның қоршаған ортаға белгілі қатынасының көрінісі болып табылады. Ойын өмірдің өзіндік бейнесі болып табылады. Ойын баланы өмірден, дүниеден алшақ алып кетпейді, керісінше бұл оны өмірге даярлайды, балаға қуаныш, махаббат пен қоршаған дүниеге жан-жақты қызығу сыйлайтын нағыз өмірдің өзі. Ойын - өмірге даярлау мектебі, тәрбие құралы.

Оқу- іс-әрекеттің негізгі түрі. Оқудың негізгі мақсаты - бұл болашақ, өзіндік еңбек іс-әрекетіне даярлау, ал негізгі тәсілі адамдардың бұдан бұрынғы еңбегімен жасалған мұраларыныц жинақталған нәтижесін меңгеру. Оқыту - білімдерді беру мен меңгерудің екі жақты үрдісі, шәкірт пен мұғалімнің өзара байланысты іс-әрекеті. Оқу әрекеті төмендегілерден тұрады: қоршаған заттар мен құбылыстар туралы ақпаратты меңгеру; іс-әрекеттің негізгі түрлерінен құралатын тәсілдер мен дағдылар; іс- әрекеттің мақсаттары мен шарттарына сәйкес тәсілдер мен дағдыларды дұрыс таңдау үшін көрсетілген ақпаратты қолданудың тәсілдерін меңгеру.

Адамзаттың қоғамдық тәжірибесін меңгеруде баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқының бағыттарының белсенді үрдісін оқыту деп атайды. Оқу іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен іске асады және меңгеруге, икемділікті, дағдыны калыптастыруға, ақыл-ой дамуына бағытталған.

Адамзат іс-әрекетінің тарихи алғашқы түрі еңбек болып табылады. Еңбек жалпы алғанда, психологиялық емес, әлеуметтік категория. Еңбек дегеніміз белгілі қоғамдық пайдалы өнімді өндіруге бағытталған іс-әрекет болып табылады.Еңбек іс-әрекеті - адамның негізгі, басты іс-әрекеті. Адам егер еңбек етпесе, өз өмір сүруін тоқтатқан болар еді. Мектепте оқытудың бірінші жылынан бастап, мектеп бітіргенге дейін еңбекке деген кезқарас, сүйіспеншілік, еңбек адамдарына кұрмет қалыптасады.

Еңбектегі табыстар мен нәтижелер адамның дүние танымына, наным-сеніміне, мақсат-мүддесіне, нақты қажетіне сәйкес келу-келмеуіне қарай әртүрлі болады. Не үшін еңбек ететіндігін бар саналылығымен сезіну - еңбек етудің ең басты түрткісі болып табылады. Еңбек үстіндеадам өзіне, қоғамға қажеттіматериалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын біртіндеп қалыптастырып отырады. Еңбек үстінде адамның өзіне-өзі қызмет ете алу қабілеті, тәжірибелік іскерлігі, дербестігі, икем дағдысы, ынтасы мен тапқылығы, белсенділігі шыңдала түседі.

 

 

§5.4 Іс-әрекеттің құрылымдық компоненттері: