Соматикалық фактор

Невропатия - ерте пайда болатын жүйкелік-соматикалық әлсіздік қалпы, ол баланың психофизикалық және эмоционалдық дамуына қатерлер тудырады. Невропатия туа берілетін көпфакторлық бұзылыс болып қарастырылады, яғни бұл бұзылыс құрсақта даму немесе туылу кезеңдерінде пайда болады.

Невропатияның негізгі көрсеткіштері.

Эмоционалдық тұрақсыздық - эмоционалдық мазасыздануға, абыржуға, ашулануға, әлсіздікке бейімділік.

Вегетативтік дистония - ішкі ағзалардың жұмысын реттеуші жүйке жүйесінің бұзылысы, ішкі ағзалар функцияларының түрлі бұзылыстары.

Ұйқының бұзылыстары - қиын ұйқыға кету, қорқыныштар, күндіз ұйықтамау.

Заттардың айырбас бұзулары, тітіркенуге бейімділік - түрлі көріністер мен инфекцияларға аса сезімталдық. Ұл балалардағы тітіркену мен тамаққа тәбеттің жоқтығы анасының жүктілік кезіндегі эмоционалдық қанағаттанбауымен байланысты болуы мүмкін.

Жалпы соматикалық әлсіздік, ағзаның қорғаныс күштерінің төмендеуі -бала жиі өткір респираторлық ауру, вирустық жұқпалы ауру, асқазан-ішек, демалу жүйесінің және т.б. ауруларымен ауырғанда көрініс табады.

Ми әлсіздігінің ең төмен мөлшері - баланың сыртқы әсерлерге аса сезімталдығы: шуға, жарыққа, ауа-райының өзгерістеріне, көлікте жүруге және т.б.

Психомоторлық бұзылыстар /тұтығу, күндізгі және түнгі ұйқы кездерінде ырықсыз зәр шығару/. Бұл бұзылыстар ұқсас, органикалық себептері бар бұзылыстарға қарағанда уақыт өте келе жойылады және мезгілдік түрге айналады, көктем мен күзде асқынады.

Дұрыс ұйымдастырылған денсаулықты жақсарту іс-шаралары, психологиялық ахуалды жақсарту жұмыстары невропатияның көріністерін төмендетуі мүмкін.

Жағымсыз жағдайларда невропатия негізінде созылмалы соматикалық аурулар, психоорганикалық синдром дамиды.

Баланың жекетұлғалық-әлеуметтік дамуына және нәтижелі оқуына әсер ететін денсаулығындағы психофизикалық бұзылыстардың екінші орындағы маңызды себептері - соматикалық аурулар /бас миының органикалық зақымдануларынан соң/.

Психофизикалық және жекетұлғалық-әлеуметтік дамудағы кемістіктердің пайда болуындағы әлеуметтік тәуекел факторлары

Бала дамуындағы пренаталдық және наталдық кезеңдердегі әлеуметтік әсерлердің механизмдері. Алғашқы кезеңде балаға әлеуметтік әсерлерді жеткізетін адам - анасы. Бала анасының құрсағында жатқан кезеңде оған тек патогендік биологиялық факторлар кері әсер бермейді, сонымен қатар анасына әсер еткен жағымсыз әлеуметтік жағдайлар балаға әсер етеді. Құрсақта даму кезеңде балада негізгі эмоционалдық тәжірибенің перинаталдық матрицалары қалыптасады. Жүктілік өтуінің биологиялық және әлеуметтік шарттары баланың қалыпты дамуының негізі болады, бірақ олар оның патогендік негізі болуы да мүмкін.

Ең патогенді болып ананың ұзақ уақыт бойы сезінген уайымдары табылады. Олардың нәтижесінде нәресте төңірегіндегі сұйықтықта уайымдау гормондары пайда болады. Нәтижесінде нәрестенің бас ми жасушаларына ауа қиын жеткізіледі, бала гипоксия жағдайында дамиды, плацента ажырап, алдын ала босану жағдайы туындайды.

Индивидуалды даму кезеңіндегі әлеуметтік әсерлердің механизмдері. Бала дамуындағы кемістіктердің пайда болуын алдын алуда үлкен ролді жанұя ойнайды /баланың жасы неғүрлым кіші болса, соғұрлым жанұяның ролі арта түседі/. Нәрестелік кезеңде баланың толыққанды дамуы оның үлкен адаммен эмоционалдық қарым-қатынасқа түсуімен байланысты. Мұндай жағдайдың жоқ болуы, әдетте, баланың психоэмоционалдық дамуын тежелейді. Мұндай қорытынды аналары түрмеде отырған балалар мен жетімдерді зерттеу нәтижесінде жасалынған. Анасының моральдық бейнесі қандай болса да, баланың одан ажырағанынан гөрі, онымен бірге болғаны дұрыс.

Бірақ баланың әлеуметтік тәуекел ету деңгейі жоғары жанұяда тәрбиеленуі оның педагогикалық және әлеуметтік қараусыз қалуына, физикалық, психикалық денсаулығының нашарлауына соқтырады, сонымен қатар даму кемістіктері де күрделеніп түсуі мүмкін.

Баланың даму ауытқушылықтарының себептерін бағалауда бірбағыттылық бұл процестің шынайы заңдылықтарын анықтауға және сәйкес түзете-дамыту психологиялық-педагогикалық жүйелерді қарастыруға кедергі болады.