Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Тақырыбы:«MS Excel көмегі арқылы медициналық мәліметтерді талдау. Формуламен жұмыс. Функция және диаграмма шеберімен жұмыс»

Мамандығы 5В130100 «Жалпы медицина»

Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

КУРС: І

Құрастырған:аға оқытушы Омарбекова Н.К.

 

 

Қарағанды ,2013


Кафедра отырысында бекітілді

 

№_____ хаттама «____»_______________

 

БЕКІТІЛГЕН

 

Кафедра меңгерушісі ____________________Б.К.Койчубеков.


Тақырыбы:«MS Excel көмегі арқылы медициналық мәліметтерді талдау. Формуламен жұмыс. Функция және диаграмма шеберімен жұмыс»

Сабақ мақсаты: Студенттерді Excel 7.O қолданбалы программалар пакетімен жұмыс істеуді үйрету.

Студент білуі керек:

· Excel программасының тағайындалуын

· Excel программасының мүмкіндіктерін

Студент істеуі керек:

· Excel программасын қосу

· бастапқы мәліметтерді енгізу

· бастапқы мәліметтер кестелерін фоматтау

· жаңа жұмыс кітабын құру

· көшіруді орындау

· беттермен жұмыс істеу

· формулалармен жұмыс істеу

Базистік сұрақтар

1. Windows операциондық жүйесі

2. Терезелермен жұмыс істеу

3. Менюмен жұмыс істеу

4. «Тышқанмен» жұмыс істеу

5. Файлдармен жұмыс істеу (құру, көшіру, атын өзгерту)

6. Word мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.

 

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар

1. Формулалар енгізу

2. Негізгі математикалық және статистикалық функциялар

3. Функциялар мастері және оның тағайындалуы

4. Көшіру операциясы

5. Суммаларды есептеу

6. Салыстырмалы және абсолютті сілтемелер


Формулаларды құрастыру және енгізу

Ұяшықта мәтін мен саннан басқа формула да бола алады, яғни оның ішіндегі мәлімет басқа ұяшықтардағы мәндерді ескере отырып саналады.

Формулаларды енгізу электрондық кестелердің ең маңызды және негізгі операцияларының бірі болып табылады.

ФОРМУЛАЛАРДЫ ЕНГІЗУ кезінде әрқашан =(теңдік) символынан бастау керек. Формулаларды енгізу «Enter» пернесін басумен аяқталады.

Excel программасында көптеген түрлі математикалық, статистикалық, логикалық және басқа функциялар бар. Енді тек қана олардың аргументтерінің мәндерін беру қалады, ол функциялар мастерініңкөмегімен жүзеге асырылады. Функциялар мастерін Стандартная саймандар панелінің ¦x пернесіне шерту арқылы шақыртуға болады. Басқа варианты – Менюдің Вставкапунктінен Функцияопциясын таңдау. Алдын –ала қажетті функциясы бар формула орналасатын ұяшықты белсенді ету керек. Экранда функциялар мастерінің терезесі ашылады. Алдымен (бұл бірінші қадам) Категорияөрісінде қажетті функция жататын топты таңдайды, ал Функцияөрісінде оның атын көрсету керек. Егер функция атынан ештеңе түсініксіз болса, онда терезенің төменгі жағында осы функциямен орындалатын әрекеттер туралы көмекші сөздер шығады (?). Бұл ақпарат жеткіліксіз болса, қосымша Помощникбатырмасын басуға болады. Формула таңдалған соң ОКбасу керек: осылайша келесі қадамға өтуге болады. Функцияны енгізуді болдырмау үшін Отменабатырмасын басқан жеткілікті.

Функциялар мастерінің екінші қадамы аргументтерді беруден тұрады. Ол үшін формулалар палитрасықолданады. Бұл жерде бірнеше әдісті қолдануға болады.

Бірінші әдісі- мәндерді және ұяшықтар адрестерін ашылатын өрістерде енгізуге болады, әрбір жаңа аргументті енгізу Tabнемесе келесі енгізу өрісіне шерту арқылы аяқталады. Барлық аргументтер енгізіліп болған соң, Enterпернесін немесе ОКбатырмасын шерту керек.

Функция аргументтерін берудің екінші әдісі– осы аргументтері бар ұяшықтарды тышқанмен шерту керек (керек болған кезде ұяшықтар тобын да белгілеуге болады). Олардың адрестері формулалар палитрасының ағымдағы енгізу өрістерінде көрініс табады. Егер палитра бөгет жасаса, енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы шертуге болады, сонда ол жинақталады. Оралған палитраны ашу үшін екінші рет енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы шертуге болады.

Функция күрделі формуланың құрама бөлігі ретінде бола алады, және бір формулада бірнеше функциялар қолданыла алады.

Көп жағдайда формулаларда ұяшықтардың салыстырмалы адрестері қолданылады, олар ұяшықтарды формулалармен толтырған кезде автоматты түрде жөнделеді.

Бірақ та кейде формулалармен толтырған кезде кейбір ұяшықтардың адрестерінің өзгеріссіз қалулары қажет. Бұл жағдайда ұяшықтың абсолютті адресі қолдануы керек. Ұяшық адресінің өзгеріссіз қалу қажеттігін көрсету үшін оны доллар ($) символымен бірге көрсету керек:

$А$11 – абсолютті адрескөрсетілген (толтыру кезінде ол өзгеріссіз қалады);

A11 – салыстырмалы адрескөрсетілген (толтыру кезінде ол өзгереді);

$А11 – аралас адрескөрсетілген (толтыру кезінде баған аты өзгермейді, ал жол аты өзгереді);

А$11 - аралас адрес көрсетілген (толтыру кезінде жол аты өзгермейді, ал баған аты өзгереді);

Абсолютті адресті екі әдіспен көрсетуге болады: доллар символын енгізіп немесе Формулалар жолындақажетті ұяшықтың адресінде шертіп, қажетті нәтиже шықпайынша F4 батырмасын бірнеше рет басу.

Бір формулада ұяшықтардыңсалыстырмалыадрестері де, абсолюттіадрестері де қолданыла алады.

Формулаларды алмастыру буфері және тышқан көмегімен жылжытқанда немесе көшіргенде ұяшықтардың абсолютті және салыстырмалы адрестері әртүрлі әрекет етеді.

Салыстырмалы адрестерформуласы орналасқан ұяшыққа қатысты орналасуын сақтайтындай етіп өзгереді, ал абсолютті адрестер өзгеріссіз қалады (яғни сол ұяшықтарға сілтейді).

Көп жағдайда формулаларды жұмыс кітабының басқа беттерінен көшіру керек болады. Ол үшін жұмыс кітабының бетінің атынкөрсету керек, сосын леп белгісінқойып, сосын ғана осы беттегі ұяшық адресін көрсету керек.

Егер жұмыс кітабының бетін формула берілгеннен кейін атын өзгерту керек болса, бұл формула автоматты түрде беттің жаңа атына сәйкес жөнделеді.