Ндірістік шығындардың жіктемесіне талдау жасау және оларды төмендету жолдарын анықтау

Өндіріс шығындарын топқа және типке бөліп қарастыруға болады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорындық болып бөлінеді. Қоғамдық шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және заттүрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындарына кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал – жабдықтары мен жалақы шығындары жатады, және өндіріс шығындары өз алдына айқын және айқын емес болып бөлінеді.

Айқын шығындар (expliсit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Мысалға жалақы төлеуді, көлік шығындарын, коммуналдық төлемдерді жатқызуға болады.

Айқын емес шығындар(implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығының) атайды және өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда пайда ала алатын немесе «айырылып қалған мүмкіндіктерінің» (алынбай қалған пайдасының) ақшалай төлемі. Мысалға ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Айырылып қалған мүмкіндіктерді есепке алу – нарықтық экономиканың маңызды ерекшелігі.

Айқын (бухгалтерлік) шығындар плюс айқын емес шығындар – бұл экономикалық шығындар.

Барлық экономикалық шығындар екі үлкен топқа бөлінеді: тұрақты және айнымалы.

Тұрақты шығындар (fixed costs FC) – осы мерзімде өндіріс пен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар. Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міндеттемелеріне сәйкес төлемдер, үй-жайды жалға беру, әкімшілік шығындар, жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтар, т.б.

Айнымалы шығындарға өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Бұған жұмыскерлердің еңбекақысы, шикізатқа, қуатқа, көлік шығындарына жұмсалған шағындар және т.б. жатады. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындардың өтелуі тиіс, ал айнымалы шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып басқара алады.

Өндірістің тұрақты және айнымалы шығындардың қосындысы «өндірістік шығындардың жиынтығын» құрайды.

Әрбір кәсіпорын өз қызметін жүргізу барысыныда үлкен пайда алу мүмкіндігін көздейді. Осыған орай, әрбір кәсіпорын алдында өндірістің өнім көлемін ұлғайту факторларымен қатар, өндіріс шығындарын үнемдеу проблемасы туындайды.Шығындарды үнемдеудің маңызды жолдары еңбек және материалдық өндірісте тұтынылатын ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу болып табылады. Өндіріс шығындарының құрылымының маңызды бөлігін еңбек өтемақысы алады. Сол себепті шығарылатын өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету, еңбек өнімділігінің өсуін, әкімшілік-қызмет көрсететін персоналдың санын төмендету сияқты міндеттер өзекті болып табылады.

Өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендетуге, еңбек өнімділігін өсуіруге әр түрлі тәсілдермен қол жеткізуге болады. Солардың ішіндегі ең маңыздылары - өндірісті механизациялау мен автоматтандыру, прогрессивті, жоғары өндірістік технологияларды құру және қолдану, ескірген құрал-жабдықтарды ауыстыру және модернизациялау. Бірақ, еңбек және өндірісті ұйымдастыруды жақсартусыз қолданылатын техника мен технологияларды жетілдіру шараларын жүргізу қажетті нәтиже бермейді.Еңбек өнімділігін жоғарылату үшін маңызды жағдай оны ұйымдастыру, яғни жұмыс орынын дайындау, алдынғы қатарлы әдістерді қолдану және жұмысты қабылдау б.т.

Өндірісті ұйымдастыруға аутсорсингті мысалға келтіруге болады. Аутсорсинг деп өндірістің негізгі процесіне көңіл бөле отырып, жанама өндірістік процестерді басқа арнайы маманданған компанияларға тапсыруын айтамыз. Яғни, жанама өндірісті басқа компанияларға бере отырып, кәсіпорын өзінің еңбек сыйымдылығын азайтады және еңбек өнімділігін көбейтеді. Осы жанама өндіріске кететін шығындарды азайтады. Бұл әдісті пайда болғанына аз уақыт болса да кеңінен қолданыла бастады әсіресе жақында болған дағдарыс кезінде байқауға болады.

Осы жұмыстар жүргізілгесін біршама шығындар азайған оны 2008 – 2010 жылдардағы персонал санының азайғанынан білуге болады [2]Яғни, 2008 жылы жұмыскер саны 30400 адамды құраса, 2009 жылы 29227 адамды құраған ал, 2010 жылы бұл көрсеткіш 26375 адамға азайған . Жұмыскердің азаюы персоналдарға кететін шығындың азаюына әкеледі.Енді еңбек сыйымдылығына келетін болсақ.Өнім өндірісінде шығындар құрылымында материалдық ресурстар 3/5 бөлігін құрайды. Бұл жерде ресурс жинақтаушы технологиялық прооцестерді қолдану мәселесі орын алады. Жеткізіп берушілерден келіп түсетін шикізат пен материалдардың, бұйымдардың сапасын бақылау және талаптарды күшейту де маңызды мәселелер болып отыр.