Анатомия пәнінен «ОСТЕОЛОГИЯ, СИНДЕСМОЛОГИЯ» бөліміне тест сұрақтары

1.VІІ мойын омыртқасының ерекшелігін көрсетіңіз:

  1. тісті өсіндісінің болуы
  2. арқа өсіндісінің болмауы
  3. ұзын арқа өсіндісінің болуы
  4. қысқа арқа өсіндісінің болуы
  5. көлденең өсіндісінің болмауы

 

2.Төстіктің бөлімдерін көрсетіңіз:

  1. денесі, құйрығы, тұтқасы
  2. тұтқасы, денесі, семсер тәріді өсіндісі
  3. денесі, бүйірлі массалары
  4. тұтқасы, денесі, тісті өсіндісі
  5. тұтқасы, денесі, құс тұмсық тәріді өсіндісі.

3.Бұғананың ұштарын көрсетіңіз:

  1. алдыңғы, артқы
  2. төстік, иықтық
  3. төстік, құс тұмсықтық
  4. жоғарғы, төменгі
  5. құс тұмсықтық, иықтық

 

4.Нағыз қабырғаларды көрсетіңіз:

  1. VІІІ – Х
  2. І – ІІ
  3. І – VІІ
  4. ХІ – ХІІ
  5. І – V

 

5.Жалған қабырғаларды көрсетіңіз:

  1. І – VІІ
  2. VІІІ – Х
  3. І – V
  4. ХІ – ХІІ
  5. І – ХІІ

 

6.Толқушы қабырғаларды көрсетіңіз:

  1. І – VІІ
  2. ХІ – ХІІ
  3. І – V
  4. VІІІ – Х
  5. V - VІІІ

 

7.Сегізкөз құлақша тәрізді буын беті арқылы қандай сүйекпен байланысатынын көрсетіңіз:

  1. мықын сүйекпен
  2. ортан жілікпен
  3. отырықша сүйекпен
  4. шат сүйегімен
  5. құйымшақпен

 

8.І мойын омыртқасының бүйір массаларын қандай құрылымдар байланыстыратынын көрсетіңіз:

  1. алдыңғы, артқы доғалар
  2. медиальді доғалар
  3. латеральды доғалар
  4. төменгі доғалар
  5. жоғарғы доғалар

 

9.ІІ мойын омыртқасының басқа мойын омыртқаларынан ерекшелігін көрсетіңіз:

  1. қанатша өсіндісі бар
  2. еміздікше өсіндісі бар
  3. тісті өсіндісі бар
  4. біз тәрізді өсіндісі бар
  5. қосымша өсіндісі бар

 

10.Ортан жіліктің дистальді ұшында орналасқан құрылымдарды көрсетіңіз:

  1. басы
  2. шығыршықтар
  3. тіліктер
  4. төмпешіктер
  5. айдаршықтар

 

11.Ортан жіліктің проксимальді ұшында орналасқан құрылымдарды көрсетіңіз:

  1. айдаршықтар
  2. басы, мойыны, ұршықтар
  3. шығыршық, тіліктер
  4. басы, төмпешіктер
  5. төмпешіктер, ұршықтар
  6. қылқандар

 

12.Аяқ басы қандай бөлімдерден тұрады:

  1. тілерсек, табан, бақайшақтар
  2. білезік, алақан, саусақтар
  3. саусақтар, білезік
  4. саусақтар, алақан
  5. білезік, алақан

 

13.Көз ұясының медиальды қабырғасын құрайтын сүйекті көрсетіңіз:

  1. бет сүйегі
  2. маңдай сүйегі
  3. көз жасы сүйегі
  4. таңдай сүйегі
  5. желбезек

 

14.Көз ұясының төменгі саңылауы көз ұясын немен байланыстыратынын көрсетіңіз:

  1. қанат-таңдай шұңқырымен
  2. мұрын қуысымен
  3. ауыз қуысымен
  4. мұрын көз жасы өзегімен
  5. артқы бассүйек шұңқырымен

 

15.Көру өзегі бассүйек қуысын немен байланыстыратынын көрсетіңіз:

  1. көзұясымен
  2. мұрын қуысымен
  3. ауыз қуысымен
  4. қанат-таңдай шұңқырымен
  5. самай шұңқырымен

 

16.Самай асты шұңқыры қандай шұңқырдың жалғасы болып табылады:

  1. самай
  2. қанат –таңдай
  3. алдыңғы бас сүйек
  4. артқы бас сүйек
  5. ортаңғы бас сүйек

 

17.Қанатша – таңдай шұңқырының неше байланысы бар екендігін көрсетіңіз:

  1. бес
  2. бір
  3. үш
  4. сегіз
  5. төрт

 

18.Қанат-таңдай шұңқыры үлкен таңдай өзегі арқылы немен байланысады:

  1. мұрын қуысымен
  2. көзұясымен
  3. ауыз қуысымен
  4. жыртық тесікпен
  5. бассүйектің ортаңғы шұңқырымен

 

19.Көз ұясы асты саңылауы көзұясын немен байланыстыратынын көрсетіңіз:

  1. мұрын қуысымен
  2. беттің алдыңғы бетімен
  3. ортаңғы шұңқырымен
  4. қанат-таңдай шұңқырымен
  5. самай асты шұңқырымен

 

20.Мұрын қуысы хоаналар арқылы немен байланысатынын көрсетіңіз:

  1. көзұясымен
  2. өңешпен
  3. жұтқыншақпен
  4. көмеймен
  5. ауыз қуысымен

 

21.Төменде аталаған сүйектің қайсысы көзұясының жоғарғы қабырғасын түзуге қатысады:

  1. өре
  2. таңдай
  3. төменгі жақ
  4. сына тәрізді сүйек
  5. бет

 

22.Төменде аталған сүйектің қайсысы көз ұясының төменгі қабырғасын түзуге қатысады:

  1. сына тәрізді
  2. жоғарғы жақ
  3. маңдай
  4. төбе
  5. шүйде

 

23.Қанат-таңдай шұңқыры ауыз қуысымен не арқылы байланысатынын көрсетіңіз:

  1. дөңгелек тесік
  2. сопақша тесік
  3. жоғарғы көз ұясы сауылауы
  4. үлкен таңдай өзегі
  5. жыртық тесік

 

24.Шынтақ буынында қандай қозғалыстар жасалатындығын көрсетіңіз:

  1. бүгу, айналдыру
  2. бүгу, жазу
  3. бүгу, бұру
  4. әкету, әкелу
  5. әкету, бүгу

 

25.Тізе буынының буын қуысы ішінде орналасқан байламдарды көрсетіңіз:

  1. крест тәрізді
  2. қиғаш
  3. доға тәрізді
  4. ұзын
  5. қысқа

 

26.Менисклер қандай буынының қуысында орналасқанын көрсетіңіз:

  1. тізе
  2. жамбас
  3. сирақ – топай
  4. топай асты
  5. мықын – сегізкөз

 

27.Төменде көрсетілген байланыстардың қайсысы үзілісті байланысқа жататынын көрсетіңіз:

  1. диартроздар
  2. симфиздер
  3. синдесмоздар
  4. синостоздар
  5. синхондроздар

 

28.Буынның негізгі элементтерін көрсетіңіз:

  1. буын беттері
  2. буын еріншесі
  3. менисклер
  4. байламдар
  5. буындық дискілер

 

29.Жамбас буыны буын беттерінің санына сәйкес қандай буындар қатарына жататындығын көрсетіңіз:

  1. қарапайым
  2. күрделі
  3. қисындасқан
  4. жинақы
  5. жартылай күрделі

 

30.Тізе буыны буын бетінің санына сәйкес қандай буындар қатарына жататындығын көрсетіңіз:

  1. қарапайым
  2. күрделі
  3. жартылай күрделі
  4. қисындасқан
  5. жинақы

 

31.Төменде көрсетілген буындардың қайсысы көп білікті буын болып табылатындығын көрсетіңіз:

  1. жамбас
  2. тізе
  3. сирақ – топай
  4. шынтақ
  5. кәрі жілік – білезік