БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАРТЫЛЫС ЗАҢЫ

IV НҰСҚА

 

1. Бір – бірінен r=10-16 м аралықта орналасқан екі протонның гравитациялық әрекеттесу күші қандай? Протонның массасы 1,67•10-27 кг.

 

 

2. Жер бетінде өндірілген баллық алтыннан диаметрі 22 м шар жасауға болады. Алтынның тығыздығы 19,3•103 кг/м3. Егер сен алтын шарға жанаса тұрған болсаң, ол өзіне сені қандай күшпен тартар еді?

 

 

3. Тығыздығы 2,0•103 кг/м3 шексіз ортада көлемдері 30 см3 және 40 см3 екі шар центрлерінен есептегенде 20 см қашықтықта орналасқан. Шаолардың тығыздығы 2,0•103 кг/м3. олардың өзара әрекеттесу күші қандай?

 

 

4. Жер бетінен Жер радиусының үштен біріндей биіктіктегі денеге қандай тарту күші әрекет етеді? Дененің массасы 9 кг.

 

 

5. Жер бетінен h биіктікте дөңгелек орбита бойымен айналатын жасанды серіктің айналу периоды оның Жерге жақын ( hо=0) орбитадағы айналу периодынан неше есе үлкен?

 

 

6. Бір планетаның белдеуіндегі дене салмағы оның полюсіне қарағанда екі есе жеңіл. Егер планетаның өз өсінен айналу периоды 1 сағ 27,5 мин болса, онда оның орташа тығыздығы қандай?

 

БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАРТЫЛЫС ЗАҢЫ

V НҰСҚА

 

1. Еркін түсу үдеуінің орташа мәні бойынша Жердің массасын анықтаңдар.

 

 

2. 1) Жер серігі оның төңірегінде шеңбер бойымен 1 км/с жылдамдықпен айнала ала ма? Қандай жағдайда ол мүмкін болады? 2) Жер серігі оның төңірегінде шеңбер бойымен тәулігіне 18 рет айнала ала ма?

 

 

3. Жер ( R=6400 км, go=9,8 м/с2), Марс ( R=3400 км, go=3,6 м/с2), Шолпан ( R=6000 км, go=8,4 м/с2), Ай ( R=1760 км, go=1,7 м/с2) үшін бірінші ғарыш жылдамдығы қандай?

 

 

4. Жасанды серік А планетасының төңірегінде Т периодпен айналады. Егер серік тығыздығы А планетасының тығыздығындай болатын Впланетасының төңірегінде радиусы бұрынғыға қарағанда екі есе үлкен болатын орбитада айналса, онда период қалай өзгереді? (Екі жағдайда да орбиталар шеңбер болып табылады).

 

 

5. Жер серігіне айналу үшін дененің алатын бірінші ғарыш жылдамдығы қандай болу керек? Rж=6,4•106 , g=10 м/с2.

 

 

6. Дененің тік шахтада h тереңдікке құлағандағы еркін түсу үдеуінің өзгерісі қандай? Қандай тереңдікте еркін түсу үдеуі жер бетіндегі еркін түсу үдеуінің 0,25 бөлігін құрайды? Жер тығыздығын тұрақты деп есептеңдер.

 

БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАРТЫЛЫС ЗАҢЫ

VI НҰСҚА

 

 

1. Массасы 4,9•1024 кг, радиусы 6100 км Шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуі қандай?

 

 

2. Жер мен Күннің аралығы 1,5•108 км болса, Күн массасы қандай?

 

 

3. Әрқайсысының массасы 100 кг тыныштықта тұрған шарлар бір – біріне 0,1 Н күшпен тартылса, онда олар қандай қашықтықта орналасқан?

 

 

4. Бір планетаның белдеуіндегі дененің салмағы оның полюсына қарағанда екі есе жеңіл. Планета тығыздығы 3000 кг/с3. планетаның өз осінің төңірегінде айналу периоды қандай?

 

 

5. Ай бетіндегі массасы 1 кг кіртас оған қандай күшпен тартылады? Жердің радиусы 6400 км.

 

 

6. Бір планетаның белдеуіндегі дене салмағы оның полюсіне қарағанда екі есе жеңіл. Егер планетаның өз өсінен айналу периоды 1 сағ 27,5 мин болса, онда оның орташа тығыздығы қандай?

 

 

БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАРТЫЛЫС ЗАҢЫ