Оқу сағат саны: 2

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ

ДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Тақырып: Эпид. процесс туралы ұғым. Эпид. процестің түрлері мен құрылысы.

 


1. Тақырып: Эпид. процесс туралы ұғым. Эпид. процестің түрлері мен құрылысы.

 

Оқу сағат саны: 2

 

3. Тақырыптың өзектілігі (оқу дәлелдемесі)

Инфекциялық аурулардың эпидемиологиясы ғылым ретінде халықтардың қажетті бағытталған жұмыстарын ұйымдастыру, адамдарды кең таралған және ауыр өтетін аурулардан қорғау. Ғасырлар бойы жалпы эпидемиялар, "жаппай аурулар", "індеттер" адамзаттың соңынан еріп, олардың көптеген өмірлерін алып кеткен. Микрбиология, вирусология, иммунологияның дамуы көптеген әр түрлі аурулардың оқытылуын кеңейтіп және профилактикалық шаралар мен оларға қарсы күресуді дамытты.

Қазіргі кезде инфекциялық аурулардың эпидемиологиясын ғылым ретінде, эпидемиялық процестің заңдылығын анықтайды. Ол адамдар арасындағы инфекциялық аурулардың даму себептері мен таралуын оқытады, күрес шараларын жүргізеді, аурулардың алдын-алу мен таралуын зерттейді.

Эпидемиялық ошақта жұқпалы аурулармен жұмысты емдеу дәрігерлері бастайды. Олар науқасты анықтауды, жұқпалы ауруларға күдіктенеді немесе диагноз қояды. Олар жүргізген алғашқы эпидемияға қарсы шаралар көбінесе СЭС мамандарының жұмыстарының уақытылы орындалуын және тиімділігін анықтайды. Сондықтан емдеу, педиатрия факультеттерінің студенттері эпидемиялық процестің дамуын, себебіне байланысты түсіндіре алуы қажет, олардың механизмдері мен даму жағдайын, нақты эпидемиялық ошақта алғашқы эпидемияға қарсы шараларды жүргізді және ұйымдастыруды білуі қажет.

 

4. Оқу мақсаты:Эпидемиологияның теориялвқ негіздерін меңгеру.

Жұқпалы аурулардың белгілі бір нозологиялық формалары кезіндегі эпидемиялық процестің спецификасын сипаттайтын, паразитарлық жүйенің белгілерін зерделеу; эпидемиялық процестің әлеуметтік және табиғи жағдайда дамуын негіздеу және реттеу ролдерінің мазмұны мен маңызы.

 

Студент білуге тиіс :

· эпидемиологияның жалпы медициналық ғылым ретіндегі анықтамасы және эпидемиялық процесс туралы ғылым ретінде;

· тұрғындар арасындағы жұқпалы (паразитарлық) аурулардың таралуы мен пайда болу заңдылықтарын; әр түрлі инфекциялық (паразитарлық) аурулар топтарының эпидемиялық процесінің себебі мен жағдайын, даму механизмін және білінуін;

· Эпидемиялық процестің білінуін бағалауға қазіргі уақыттағы жақындаулар.

 

Студент істей алуға тиіс:

· Жұқпалы аурулардың нақты нозологиялық формалары кезінде профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізгенде эпидемиялық процесс туралы жалпы білімдерін қолдана білу.

 

5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:

негізгі білім бойынша:

· "паразит", "паразитизм", "паразитарлық жүйе" ұғымдарына анықтама (Ярыгина В.Н.- М.: Высшая школа. 1999. -800 с, Слюсарев А.А., Жукова М.Н. Биология с общей генетикой. К.:- Высшая школа. 1987. - 415 с.).

· популяция эволюциялық процесстің қарапайым ұяшығы ретінде (Ярыгина В.Н.- М.: Высшая школа. 1999. -800 с, Слюсарев А.А., Жукова М.Н. Биология с общей генетикой. К.:- Высшая школа. 1987. - 415 с.).

· облигатты және факультативті паразиттер (сапрофиттер) жұқпалы аурулардың қоздырғыштары ретінде (Коротяев А.И., Бабичев С.А., Медицинская микробиология, иммунология и вирусология.: Специальная литература. 1998. - 580 с.).

· паразит және иесі популяциясының генотиптік және фенотиптік біркелкі еместігі (Коротяев А.И., Бабичев С.А., Медицинская микробиология, иммунология и вирусология.: Специальная литература. 1998. - 580 с.).

 

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

· Эпидемиялық процесс жөніндегі ғылым ретінде эпидемиологияның анықтамасы

· Эпидемиялық процесстің анықтамасы (Громашевский Л.В., Елкин И.И., Беляков В.Д. бойынша)

· Эпидемиялық процесс туралы ілімнің тараулары

· Биологиялық фактор эпидемиялық процесстің пайда болуының ішкі себептері ретінде

· Паразит популяциясының эпидемиологиялық белгілері

· Иесі популяциясының эпидемиологиялық белгілері

· Эпид. процесс дамуындағы табиғи және әлеуметтік факторлардың маңызы

· Инфекция көзі ұғымына анықтама, инфекция көздерінің түрлері мен категориялары

· Инфекцияның әртүрлі формада білінуі кезіндегі ауру адамдардың эпидемиологиялық маңызы

· Инфекция тасымалдаушылардың эпидемиологиялық маңызы, олардың жіктелуі

· Қоздырғыштың берілу механизміне анықтама және оның түрлері

· Инфекцияның берілу жолдары мен факторлары

· Е.Н. Павловскийдің табиғи ошақтық теориясы

· В.Д. Беляковтың эпид. процесстің өздігінен реттелу теориясы

· Эпидемиялық процестің деңгейі, аймағы, уақыты, тұрғындар топтары бойынша білінулері.

 

6. Ақпараттық-дидактикалық блок:

мәліметті жақсы меңгеру үшін 3 қосымшадағы материалды қолданыңыз.