Темекіге тәуелділіктің клиникалық формалары

(Смирнов В.К. )

Темекіге тәуелділік формалары Клиникалық көріністері
  Идеаторлы Темекіге тәуелділіктің25 % жағдайында диагностикаланады. Алғаш дәмін татудың ерте жастан басталуы (11,5 жас), темекі тарту қарқынының баяу өсуі, эпизодты тартудың болмауы және темекі тартуға патологиялық әуестіктің кезеңдік типінің дамуы тән. Клиникасы ойда, ойлы-бейнелік түрде темекі тарту жөніндегі естеліктермен, өзінің темекі тартуға әуестігін түсінумен, идеаторлы және вегето-қантамырлық компоненттер белгілерінің болуымен сипатталады. Темекіге тәуелділіктің бұл түрінде өздігімен 1-2 айдан 12 айға дейін ремиссиямен темекі тартуды тоқтатуы мүмкін.  
Диссоциирленген Темекі тартатындардың65 %-да диагностикаланады. Тартуды бастау ерте жастан (5-9 жас). Темекіге эпизодты тартудың қысқа сатысымен патологиялық әуестіктің кезеңдік тип ағымы, аш қарынға тарту, максимальды толеранттылықтың тез түзілуі және темекіге әуестікті кеш түсіну тән. Темекіге патологиялық әуестік синдромы интрацептивті сезімдер түрінде көрініс береді (мүшелік деңгейде – өкпе, трахея, тіл, ауыз қуысы, іш және т.б.). көп жағдайда невротикалық компонент белгілері бақыланады.  
Психосоматикалық Салыстырмалы түрде сирегірек кездеседі, 10 % жағдайда. Тарту кешірек басталады. Бұл түріне эпизодты тартудың қысқа сатысы, толеранттылықтың тез өсуі, көп мөлшерде шылым тарту, аш қарынға тарту, темекіге әуестіктің үнемі типі, темекіге тәуелділікті кеш түсіну тән. Психосоматикалық формасының клиникасында идеаторлы, вегето-қантамырлық және невротикалық компоненттердің белгілері болады. Темекіні өз күшімен тастау мүмкін емес.  

 

ҰШҚЫШ ЕРІТКІШТЕРДІ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР (ИНГАЛЯНТТАРДЫ –F 18)

Ұшқыш еріткіштерді қолдануға байланысты туындаған токсикомания (ҰЕ), басымырақ балалар мен жасөспірімдер арасында кең таралған, әсіресе 12-15 жас аралығында. Токсикомания ҰЕ-ң дәмін татқан адамдардың аз бөлігінде дамиды. Бұл заттарды үнемі қабылдау ҰЕ-тер рахат сезімін шақырған жағдайда басталады. Жүйелі қабылдауға ауысу ҰЕ-мен 4-5 рет қайталамалы дем алғаннан кейін бақыланады. Тәуелділік синдромы наркотизацияға айқын әуестікпен көрінеді.

Ұшқыш еріткіштермен (ҰЕ) улану кезіндегі клиникалық көріністер мен фазалылық

(И.Н.Пятницкая, 1994)

 

Фаза Клинические проявления
Бірінші фаза Алкогольды мастануға ұқсас мастану сезімі пайда болады: бас ішіндегі жанға жайлы шуыл, алда болатын әсерлерге дәмеленумен көңіл-күйдің көтерілуі, денедегі жағымды жылу сезімі, аяқ-қолдардың босаңсуы. Бұл фазада наркоманды ояту қиынға соқпайды. Сана тарылған, бар ой-санасы күйзелістеріне жинақталған.
Екінші фаза Қайталап дем алу кезінде дамиды. Кеңпейілділік, көңілділік, бейғамдылық сезімімен бірге жүреді. Көпшілігі күле бастайды, ән салады. Сана ашықтығы жоғалады, шынайы қоршаған орта иллюзорлы қабылданады. Заттар өздерінің қалыбын, кеңістіктегі арақашықтығын өзгертеді, түстер ашық, қаныққан болып көрінеді. Дыбыстар бұрмаланып, ерекшеленеді. Проприорецепция бұзылады – дене жеңіл тәрізденіп, оның бөлшектері ұлғайғандай немесе қысқарғандай болады. Қозғалысқа қажеттілік сақталады, бірақ координация бұзылған, мастанғандар құлайды, тепе-теңдікті жоғалтады, бірін-бірі кекетеді, олар үшін барлығы өте қызықты болып көрінеді. Алаңғасарлық пайда болады. Агрессия жағдайлары сирек. Қимылдары әлсіз координирленген, сөздері түсініксіз.
Үшінші фаза Бірнеше рет қолданған адамдарда ҰЕ дозасын көтерген кезде пайда болады. Галлюцинаторлы көру бейнелерінің ағыны пайда болады. Галлюцинациялар ашық, қозғалмалы, жиі майда өлшемді, сырттан, экрандағы тәрізді көрінеді. Оларды ең басында күшейтуге немесе тоқтатуға болады. Ары қарай олар «мультиктер көрсеткен» тәрізді өздігімен қозғалады. Алдамшы естулер жиі акоазмдар түрінде пайда болады: шуыл, қоңыраулар үні, гуілдеу. Дыбыстардың табиғи қабылдануының өзгерісі, олардың түсініксіз сипаты бақыланады. өзін және өз денесін қабылдау бұзылады. Мастану жағдайындағылар «ішкі көзқарасымен» ішкі жақтан өз денелерін көреді. Психосенсорлы бұзылыстар әрқилы. Қабырғалар қозғалғандай, бөлменің төбесі құлап бара жатқандай, еден түсіп кеткендей сезім пайда болады, кейде тек ұшу емес, құлап бара жатқандай сезім де басынан өтеді. Сананың онейроидты бұзылуы кезіндегідей ғарышта, фантастикалық әлемдерде орын алмастырғандай сезім пайда болуы мүмкін.

 

Абстинентті синдром ҰЕ-ді жүйелі қолданудың 3-6 айларында түзіледі.