Оқытудың міндеттері

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Модуль «Денсаулық сақтау және фармациядағы экономика»

Пән «Экономикалық теория незіздері», ОЕТ 1110

Мамандығы:074800 «Фармацияөндіріс технологиясы»

Оқу формасы: күндізгі

Оқу сағатының көлемі (кредит) - 90 сағат, 2 кредит

Курс-2, Семестр- 1,2

Бақылау нысаны - емтихан

 

 

Алматы, 2014

 

Жұмыс бағдарламасы әль-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің 2013 жылы шыққан типтік оқу бағдарламасының негізінде жасалынған.

 

«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасын074800 – «Фармацияөндіріс технологиясы» мамандығы үшін оқытушы Жұматай Ж.Ж. құрастырды. Денсаулық сақтау және фармациядағы экономика» модулінің мәжілісінде

«__» _________________2014ж., хаттама № ___ қарастырылған.

 

 

Модуль меңгерушісі_____________________ Садыров Г.А.

 

Жұмыс бағдарламасы «Фармация» және «Фармацияөндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары Комитетінде талқыланған

«____» ______________ 2014ж., хаттама № ____

 

ББК төрайымы _______________ Кадырбаева Г.М.

 

Жұмыс бағдарламасы «Менеджмент» мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары Комитетінде талқыланған

«____» ______________ 2014ж., хаттама № ____

 

ББК төрайымы _______________ Рамазанова Р.К.

 

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ОӘК бекітілген

 

ОӘК төрағасы,

ҚазҰМУ проректоры _______________________________ Тулебаев К.А.


1. Жалпы мәлімет:

1.1 Жоғарғы оқу орнының аты: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті

1.2 Модуль«Денсаулық сақтау және фармациядағы экономика»

1.3 Пән«Экономикалық теория негіздері», ЕТ 1110

1.4 Мамандығы: 074800 «Фармация өндіріс технологиясы»

1.5 Оқу сағатының көлемі (кредит) -90 сағат, 2 кредит

1.6 Оқыту курсы және семестрі - 1 курс, 1,2 семестр

2. Бағдарлама:

Кіріспе

Экономикалық теорияның мәні - барлық экономикалық пәндерді танудың теориялық және әдіснамалық негізі болып табылады және экономикалық көзқарасты қалыптастырады. Экономикалық теория теориялық білімді жүйелендіруді қамтамасыз етеді, экономикалық заңдылықтарды дербес талдау дағдысын дамытады, белсенді азаматтық позицияны қалыптастырады.

Экономикалық теория курсы экономиканы жүйе ретінде қарастырады, негізгі катергориялардың мәнін ашып, негізгі түсініктер, экономикалық дамудың заңдылықтары туралы түсініктеме береді. Бұл пәнді оқу адамның табиғаттағы, қоғамдағы, экономикадағы орны мен рөлін ғылыми анықтауға мүмкіндік береді, қазіргі жаһандық құбылыстар жағдайында құбылыстар мен процестер арасындағы диалектикалық байланысты түсінуге мүмкіндік береді.

Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар. Ол классикалық саяси экономия еңбектерінен бастау алады. XIX ғасырдың соңғы ширегінен бастап «саяси экономия» «экономикске» ауыстырылды. Ғылым сол атаумен ағылшын тілді елдерде дами бастады. Қазіргі жағдайда ТМД елдерінде «Экономикалық теория» курсы оқытылады.

Экономикалық теория курсының зерттеу объектісі қоғамның бүкіл экономикалық жүйесі болып табылады.

Экономикалық теорияның әдістері: тарихи және логикалық әдістердің бірлігі, жүйелік тәсіл, графикалық және экономика-математикалық талдауды қолдана отырып экономикалық процестерді моделдеу болып табылады.

2.2 Пәннің мақсаты«Экономикалық теория» курсының мақсаты қоғам дамуының экономикалық заңдылықтары және олардың тиімді қызмет ету мәселелері туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Оқытудың міндеттері

- студенттерге әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік-экономикалық заңдылықтары мен эволюциясы туралы теориялық білімді меңгеру;

- ресурстардың шектеулілігі жағдайында адамдардың экономикалық іс-әрекетінің қағидалары мен мотивтерін түсіндіру;

- қазіргі экономикалық саясатты дербес бағалау дағдысын қалыптастыру.

2.4 Оқудың соңғы нәтижесі:қорытынды емтихан тапсыру

Курсты оқу нәтижесінде студент меңгеруі керек:

1. Когнитивті білім:- экономикалық ілімдердің ұзақ мерзімді эволюциясында қалыптасқан негізгі тұжырымдамаларды білуі;- экономикалық мәселелер бойынша ғылыми мұрада жинақталған негізгі теориялық көзқарастарды білу;- қоғам дамуындағы экономикалық құбылыстардың мәні мен көрініс нысандары туралы білімдерін нығайту;- рыноктың өзін-өзі реттеу механизмінің және мемлекеттің экономикаға араласудың әрекет ету қағидаларын түсіну;- тәжірибе жүзінде экономикалық құбылыстар мен заңдылықтарды тану өдістерін қолдана білу;-әлеуметтік-экономикалық мәселелерді микро, мезо, макро деңгейде шешу жолдарын табу мүмкіндігін қалыптастыратын аналитикалық ойлау қабілетін меңгеруі қажет.

2. Операциональды дағды: алынған білімді қолданудағы икемділік кезінде кейінгі оқу және келесі еңбектікнемесе әлеуметтік негізде: экономикалық білім алудың дағдыларын қалыптастыру, процестер арқылы; өзгермелі нарық кезіндегі нарықтың бағалық жағдайы; Еңбек нарығындығы жағдайларды талдай алу және медициналық қызмет нарығын, өзіндік және қоғамдық пайдаға лайқты іс әрекет жасау, азаматтық және еңбектің қарым қатынастағы этиканы меңгеру.

3. Коммуникативті дағды: қоршаған ортамен қарым қатынастағы әдістерді қолдану: топпен жұмыс кезіндегі дағдылар, коллективпен, әртүрлі әлеуметтік ролдерді меңгеру, тұлғалық компетенцияларды құрастыру.

4.Құқықтық компонент, Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық базасындағы білімді қарастыру:«Қазақстан Республикасының жекешелендіру» заңы, «ҚР еңбек кодексі», «ҚР Жеке кәсіпкерлік» заңы«ҚР Жемқорлық» заңы.

5.Өз білімін жетілдіруөзіндік дамыту және өмір бойы өз бетінше білім алу траекториясын жүргізуге дайындықты білдіреді, сабақта келесі қызмет түрлері: ауызша сұрақ, рольді ойын, ситуациялық есептер шешу, презентация, реферат жазу бойынша бағаланатын портфолио құру.

Реквизитке дейінгі

Қазақстан тарихы

Реквезиттен кейінгі

Денсаулық сақтаудағы экономика және қаржыландыру негіздері

2.7 Тақырыптық жоспар:әрбір сабақтың (дәріс, тәжірибе (семинар), зертханалық, оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмысы, студенттердің өзіндік жұмысы) тақырыбы, өткізу формасы және ұзақтығы.