Ші сурет. Жаңалықтар мен инновациалық процесстердің сыныптамасы


Жоғарыда айтылғандардың негізінде инновациялық менеджменттің негізгі ұғымдары мен мәніне анықтама берейік. Инновациялық менеджмент – бұл шығарылатын өнімдердің (тауарлардың, қызметтердің) номенклатурасын кеңейту және жаңарту, оларды өндіру технологияларын жетілдіру үшін жаңалықтарды, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін және құрастырылымдарды пайдалану және коммерцияландыруға бағытталған іс-әрекет.

Инновация саласына капитал салуға байланысты шаралардың жиынтығын инновациалық-инвестициалық әрекетдеп атауға болады.

Инновациалық-инвестициалық әрекеттің түрлері келесідей болуы мүмкін: а) өндірістік жабдық пен құралдарды сатып алуды, олардағы, сонымен қатар жаңа технологиялық процессті құруға қажетті өндіріс пен сапаны бақылаудағы әдістер мен стандарттардағы өзгерістерді қамтитын, өндірісті дайындау және ұйымдастыру; б) өнім мен технологиялық процессті жетілдіруді, жаңа технологиялар мен жабдықтарды қолдануға персоналды дайындауды қамтитын алдын-ала өндірістік құрастырылымдар; в) нарыққа жаңа өнім шығаруға байланысты әрекет түрлерін қарастыратын, жаңа өнім маркетингі; г) сырттан патент, лицензия, ноу-хау ашу, сауда маркалары, конструкциялар, модельдер және технологиялық мағынадағы қызметтер формасындағы заттық емес технологияларды сатып алу; д) заттық технологияларды сатып алу - өзінің технологиялық мазмұны бойынша инновациялық жобаларда өнімдік немесе процесстік инновацияларды енгізумен байланысты, машиналар мен жабдықтар; е) өндірістік процедураларды, техникалық арналымдарды анықтау үшін жоспарлар мен сызбаларды дайындауды қарастыратын, өндірістік жобалау.

Инновациалық-инвестициалық әрекеттің объектілері - ұйымдастырушылық-құқықтық формасы мен меншік формасына қарамастан заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, шетелдік мекемелер мен азаматтар, сонымен қатар инновациялық әрекетке қатысушы азаматығы жоқ тұлғалар. Субъекттердің құқығына ҚР Конституциясы кепілдік береді. Инновациялық әрекет субъекттерін келесі топтарға бөлуге болады: жаңашылдар; ерте рецепиенттер; ерте көпшілік және артта қалушылыр. Біріншіден басқа топтардың барлығы имитаторларға жатады. Жаңашыл - инновацияның авторы.

Жаңалықтар нарығын, таза бәсекелестік нарығын және капитал (инвестициялар) нарығын қарастырғаннан кейін «инновациялық сала» ұғымына анықтама берейік. Ол, инноваторлар, инвесторлар, бәсекеге қабілетті тауар өндірушілер мен жалпы ұйымның өзара қатынастар жүйесі түріндегі, қоғамдық еңбек бөлінісінің формасы.

Сонымен, инновациялық менеджмент, жиынтығы инновацияларға әкеліп жеткізетін, ғылыми, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық шаралардың кешенін қарастырады деген қорытынды жасауға болады.


Каптиал нарығының даму факторлары
 
Макроэкономикалық орта
 
Жекешелендіру көлемі
 
Салықтық саясат
 
Қаржылық саланың дамуы
 
Нарықтық баға түзу
 
Ақпараттық технологиялар
 
Кәсіптік стандарттар
 
Заң
Капиталдың функциялары  
   
Капиталды жұмылдыру  
   
Капиталды орналастыру