ГИСТОЛОГИЯНЫҢ ҚЫСКАША ДАМУ ТАРИХЫ

Гистология (грекше һіstоз - ұлпа, 1оgоз - ілім, ғылым) органдардың, ұлпалардың, клеткалардың дамуын, микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылысын, тіршілік әрекетін зерттейтін ғылым.

Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты ойлап тапқанға дейін пайда болған. Организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдамалар Аристотельдің, Галенның, Авиценаның (Абу Али-ль-Хасан ибн Абдаллах ибн Синаның), Везалийдің, Фалопийдың тағы басқалардың еңбектерінде кездеседі. Аристотель өзінің «Жануарлар бөліктері туралы» деген трактатында организмде, кейін ұлпа деп аталған, біртекті бөліктер мен біртекті емес бөліктерді немесе органдарды ажыратқан.

Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптың шығуына байланысты. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар. Бірақ микроскопты жасап шығаруда көзілдірік өндірісінің әсері болғаны күмәнсіз. Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған делінеді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскопты қү-растырған екен деген мәлімет те бар.

Ағылшын математигі, физигі және механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі құрастырған микроскоппен тоз ағашының және басқа да көптеген өсімдіктердің құрылысын зерттеп «ұяшықтардан» тұратынын байқаған. Осы «ұяшықтарды» Р. Гук араның балауыздан түзілетін ұяшықтарына ұқсатып «ұяшық» немесе «клетка» деп атаған (гректің «китос» — қуыс деген сөзі). Қазіргі кезде клетканы иненің жасуына теңеп «жасуша» деп атау ешбір сын көтермейді. Массасы 2000 г. түйеқұстың (страустың) жұмыртқасы да — клетка.

Кейінірек Грю мен Мальпиги микроскоппен өсімдіктердің құрылысын зерттеп, есімдіктердің әртүрлі бөліктерінің құрамында «көпіршіктердің» болатынын анықтаған. Сонымен Гуктың, Мальпигидің, Грюдің зерттеулерінен кейін өсімдіктер ұлпалары клеткадан тұратыны анықталған. Екі жүзден астам микроскоптың түрлерін жасап шығарған Гуктың дарынды замандасы Антони ван Левенгук жануарлар клеткаларында - бірклеткалы жәндіктерді, эритроциттерді, сперматозоидтарды бірінші болып көрген. Бактерияларды да көріп суретін салған. Микроскоп құрылысының жабайы болуына байланысты ХҮІІІ ғасырдын ғалымдары микроскопқа көп көңіл бөлмеген. Осыған байланысты өткен ғасырдағы мәліметтерге елеулі жаңалықтар қосылмаған. Зерттеушілер клетканы байқау әдісімен зерттеп кқрген фактілерін жинап түсініктеме берумен шектелген. ХҮІІ және ХҮІІІ ғасырларда өсімдік клеткасының қабықшасы ғана белгілі болған.

Цитология мен гистологияның дамуындағы жаңа кезең (ХҮІІІ соны, XIX ғасырдың басы) микроскоптың жақсартылуы және микроскопиялық зерттеу әдістері мен техниканың онан әрі жетілуіне байланысты болған. Осы кезенде практикаға микроскоптың көрсету қабілетін арттыратын окулярлар мен иммерсиялық объективтер енген. Сонымен бірге белгілі фиксациялаушы сұйықтармен (спирт, мышьяк ерітіндісі) бірге фиксатор ретінде формалин, осмий мен хром қышқылдары ұсынылған. Я. Пуркиньенің шәкірті А. Ошац клеткалар мен үлпалардың нәзік құрылысын зерттеуге мүмкіншілік беретін микротом деп аталған құралды жасап, гистология тәжірибесіне енуі микроскопиялық зерттеудің жедел дамуына жағдай жасады.

XIX ғасырдын алғашқы ширегінде зерттеушілер клеткада ядроны (1825) байқаған. Осыдан кейін клетканың қалған құрылымын, тірі субстанциясын атау үшін Я. Пуркинье протаплазма (1830-1840) деген терминді енгізген. Ядроны қоршаушы протаплазманы цитоплазма деп атаған. 1838 және 1839 жылдары немістің екі ғалымы, ботаник М. Шлейден мен зоолог Т. Шванн көптеген деректі материалдарға сүйеніп, клеткалық теорияны қалыптастырған. Клеткалық теория барлық тірі табиғаттың біртұтас екенін көрсетті.

Микроскоппен зерттеу әдістері мен микроскопиялықтехниканың жетілуі XIX ғасырдың екінші жартысында клеткалар мен ұлпалардың нәзік құрылысын зерттеуге мүмкіншілік берді. 1876 жылы клетка ор-талығы, 1894 жылы митохондриялар, 1898 жылы Гольджи кешені ашылды. Осы органеллалардың ашылуы цитоплазмада клетканың тіршілігі мен қызметіне байланысты маңызды процестердің жүретінін көрсетті. Электрондық микроскопты қолдану клетканың құрылысы женіндегі қалыптасқан түсініктерді өзгертіп қана қойған жоқ, соны-мен бірге оның тіршілік әрекетінің көптеген процестерінің өзгеруін де жаңадан түсінуге мүмкіншілік берді. Электрондық микроскопия әдісімен эндоплазмалык, тор, рибосомалар, микрофиламенттер, хромосомалардың микрофибриллалары, микротүтікшелер және синап-стық көпіршіктер, лизосомалар, микроденешіктер және басқа да кұры-лымдар ашылды. Ядро, ядрошық, митохондриялар, Гольджи кешені, клеткалық орталық, плазмалық және ядро кабықшалары сияқты ер-теден мәлім болған құрылымдар электрондық микроскопиялык әдіспен зерттеліп олардың ультракұрылыстары анықталды.

¥лпалар туралы ілімнің негізін салған франциялық анатом Франсуа-Ксавье Биша деп есептеледі. Биша органдар түрлі органдарға ортақ ұлпалардан тұрады деп санап органдар құрылысының теориясын қа-лыптастырған. Биша адам организмі 21 ұлпадан тұрады деп санаған; олардың әрқайсысының құрылыс ерекшеліктерін баяндап жазған. Ұлпалар санының мұншама көп болуы Бишаның зерттеуді мацерация әдісімен жүргізуінің нәтижесі. Кейін ұлпалар санының анағүрлым аз екені анықталды.

XIX ғасырдың ортасынан бастап гистологияның жедел даму кезеңі басталған. Клеткалық теорияның негізінде түрлі органдар мен ұлпалардың құрамы мен олардың гистогенезі зерттелген. Осы кезде Еуропада Келликер (1852) мен Лейдигтің (1857) алғашқы гистология оқулықтары жарық көрген. Осы аталған авторлар жоғарғы сатыдағы жануарлар мен адамның ұлпаларын төрт типке бөлген: дәнекерлеуші заттардың ұлпалары (дәнекер ұлпасы, шеміршек пен сүйек), «клеткалық» ұлпа (эпителий мен бездік эпителий), бұлшық ет пен нерв ұлпа-лары.

Шет елдерде гистологияның өркендеуіне орай, бұл сала Ресейде де дами бастады. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Санкт-Петербург (1864), Мәскеу (1866), Харьков (1867), Қазан (1871), Томск (1883) университеттерінде және Санкт-Петербургтың дәрігерлік-хирургиялық академиясында (1869) гистология кафедралары ашыл-ды. Осы кафедралардың алғашқы меңгерушілері А. И. Бабухин, Ф. В. Овсянников, Н. М. Якубович, Ф. Н. Заварыкин, К. А. Арнш-тейн, П. И. Перемежко, Н. А. Хржонщевский болған еді. 1869 жылдан бастап Мәскеу университетінің гистология кафедрасын А. И. Бабу-хин (1835-1891) басқарды. Оның шеткі нерв талшықтарының нәзік құрылымын анықтаған, балықтардың электр органдарының гистофи-зиологиясын, көз бүршағын және иіс-сезім органын зерттеуге арнал-ған еңбектері осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. А. И. Бабухин

өзінің гистофизиологиялық бағытын онан әрі жалғастырған көптеген шәкірттер (И. Ф. Огнев, А. А. Колосов, Н. А. Арсеньев) тәрбиеледі.

Қазан гистологтар мектебін ашқан К. А. Арнштейн (1840-1919). Оның негізгі еңбектері шеткі нерв ұштарын зерттеуге арналған. Қазан нейрогистологтар мектебіне жататындар: А. С. Догель, А. Е. Смир-нов, Д. А. Тимофеев, Б. А. Лаврентьев, А. Н. Миславский тағы басқа көрнекті ғалымдар.

Санкт-Петербург университетінде гистология кафедрасын 1864 жьгл-дан бастап академик Ф. В. Овсянников (1826-1906) басқарды. Ол мор-фологиядағы гистофизиологиялық бағыттың негізін салушылардың бірі болды. Ф. В. Овсянников әр түрлі жануарлардың нерв жүйесі мен сезім мүшелерін зерттеген.

А. С. Догель (1852-1922) Томск, кейіннен Санкт-Петербург гисто-логгар мектебін ашқан ғалым. Ол ез еңбектерінің көпшілігін вегета-тивтік нерв жүйесі мен сезім мүшелеріне арнаған. А. С. Догельдің шәкірттерінің бірі - академик А. А. Заварз Санкт-Петербург гистологтар мектебінің негізін қалаушьшардың бірі М. Д. Лавдовский (1847-1903) куықтың ганглия клеткаларына, нерв талшықтарының регенерациясы мен дегенерациясы жөніндегі еңбек-терімен әйгілі. Ол Ресейдегі салыстырмалы гистология мен микрофи-зиология саласында да танымал.

Орыс гистология ғылымының негізін салушылардың бірі — орта-лық нерв жүйесінің нәзік құрылысын зерттеумен есімі танылған Н. М. Якубович (1817-1879). Киев университетінің гистология, эмб-риология және салыстырмалы анатомия кафедрасын ұйымдастырған П. И. Перемежко (1823-1863). Оның негізгі еңбектері клетканың бөлінуіне арналған. Кеңес өкіметінің гистология мектебі цитология-ның, гистологияның онан әрі дамуына үлкен үлес қосты (Д. А. Тимо-феев, А. Н. Миславский, А. А. Заварзин, Б.ин (1886-1945) болды.

И. Лаврентьев, Н. Г. Хло-пин, А. В. Румянцев және т. б.). Б. И. Лаврентьев пен А. А. Заварзин нерв жүйесінің салыстырмалы морфологиясын, А. В. Немилов пен А. В. Румянцев ішкі секреция мүшелерінің құрылысын, Н. Г. Хлопин ұлпалардың құрылысы мен дамуын, Г. Н. Хрущев лейкоциттер жүйелерінің салыстырмалы гистологиясын зерттеуде үлкен табыс-тарға жетті. А. А. Заварзин ұлпалар эволюциясының негізгі заң-дылықтарын анықтаған. А. А. Заварзин ашқан ұлпалар дамуының зандылықтары параллель қатарлар заңы деп аталады. Бұл заң ұлпалар эволюциясының организмдер эволюциясынан сапалық айырмасы бар екенін көрсетті. Филогенездегі ұлпалардың дамуы А. А. Заварзин аш-қан ұлпалық құрылымдардың параллелизм заңына сәйкес жүреді. Эволюциялық гистологияның дамуына үлкен үлес қосқан Н. Г. Хло-пин. Өзінің зерттеулерімен ол тарихи және жеке даму процесінде ұлпа-лар дамуы дивергентті (белгілердің ажырауы) жүретінін керсетті.

Қазақстан ғалымдары да: академиктер Б. А. Домбровский, Ф. Му-хамедгалиев, Т. Масенов, А. Мурзамедиев, профессорлар И. Чагиров, Ф. Халилов, М. X. Нұрышев т. б. гистология мен

цитологияның дамуына белгілі дәрежеде өздерінің үлестерін қосты.