Жылу реттеу процестері: жылу өндіру, жылу беру, машықтық жылу реттеу, гипо- гипертермия жағдайындағы жылу реттеу

Дене температурасының тұрақтылығы тек жылу түзу және оны бөлу процестері тепе-тең болған жағдайда ғана сақталады. Бұл тепе-теңдік арнаулы физиологиялық тетіктер – химиялық және физикалық жылу реттеу механизмдері,- арқылы реттелінеді. Осы тетіктер арқылы денеде түзілген жылу шығын болған жылудың орнын толтырып отырады.

Химиялық жылу реттеу, немесе жылу өндіру, организмдегі зат алмасу процесін күшейту не бәсендету арқылы жүреді. Жылу қызмет әрекеті күшті органдарда – ет талшығында, бауырда, мида, бүйректе, ішкі секреция бездерінде, жүректе – көбірек түзіледі. Тыныштық жағдайында организмде түзілетін жылудың 25 пайызы бұлшық етте, 20% – бауырда, 13% – мида, 11% жүректе, 7% бүйректе, 5% теріде, ал қалған 19% басқа мүшелерде түзіледі. Дене жұмысы кезінде жылудың 70-75% бұлшық етте түзіледі. Дене еттерінің жәй ширығуының өзі жылу өндіруді 10 пайызға, ал қимыл-қозғалыс – 60-80 пайызға арттырады.

Жылудың түзілуіне қоршаған орта темлературасы зор әсер етеді. Ол жоғарыласа жылу түзу азаяды, ал төмендесе – артады. Суық ауа әсерімең бұлшық еттер еріксіз жиырылып, дене дірілдей бастайды. Осыған байланысты бұлшық еттердегі зат алмасу процесі күшейіп, жылу өндіру артады.

Қазіргі кезде жылу түзуде өкпенің маңызды рөл атқаратыны жайлы пікірлер айтылуда. Өкпенің арнаулы жасушалары – гистиоциттер, Қан құрамынан сүзіп алған майлар осы жерде тотығып, ыдырайды.

Осының нәтижесінде түзілген жылу бір жағынан өкпеге келген ауаны жылытады, екіншіден, қан арқылы бүкіл денеге тарайды. Сондықтан кейбір зерттеушілер өкпені химиялық жылу реттеу тетітінің негізгі мүшесі, ал бұлшық ет бұл процесте тек қосымша қызмет атқарады деген пікір айтуда.

Сыртқы орта температурасының өзгеруіне байланысты денеден жылу бөлу процесі де өзгеріп отырады ауа температурасы төмендесе жылудың сыртқа берілуі азайып, ал ол жоғарыласа – көбейіп отыра-ды. Дене жылуын сыртқа беруді күшейтіп, не азайтып отыратын физиологиялық процестер жиынтығын физикалық жылу реттеу деп атайды. Денеден жылу шығару қарқыны тері тамырларының, тер бездерінің, терінің бірыңғай салалы ет талшықтарының күйіне, дененің кеңістікгегі жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Денеден жылу өткізу, конвекция, радиация (сәуле шашу) және булану сияқты фи-зикалық процестердің арқасында бөлінеді.

Өткізу деп жылудың денемен жанасқан температурасы төмен зат-тарға берілуін айтады (мысалы, құс денесінен жылудың ұяға берілуі). Конвекция деп жылудың денемен жанасқан ауа ағынына берілуін ай-тады. Ауа ағыны жылдамдаса, конвекция күшейеді. Сәуле шашу деп денеден жылудың инфрақызыл сәулелермен таралуын айтады. Булану деп сұйықтың (тердің) газ тәрізді күйге айналуын айтады. Жылудың белгілі бір бөлігі зәр және нәжіс арқылы да бөлінеді. Жалпы денеден бөлінетін жылудың 70 пайызы конвекциялық және радиациялық жолмен шығарылады. Қоршаған орта мен тері температурасының айырмасы неғүрлым көп болса, соғүрлым жылу тез бөлініп шығады. Тері тамырларының кеңеюі жылу шығаруды арттырады. Денеден бөлінген тердің әр грамы 2,42 кДж жылу шығарады. Тері тамырларының тарылуы, тері шелінің қалындауы жылудың бөлінуін азайтады.

Дене температурасын реттейтін орталық аралық мидың гипотала-мус аймағында орналасқан. Гипоталамустың алдыңғы бөлімінің тор-шалары қан температурасының жоғарынауына реакция береді де, жылу бөлу орталығын, ал артқы бөлімінің жасушалары қанның салқындауына реакция беріп, жылу түзу (өндіру) орталығын құрайды. Жылу реттеу орталыгы не рефлекстік жолмен, не гуморальды түрде қозады.

Жылуды рефлекстік жолмен реттеуде тері рецепторлары маңызды қызмет атқарады. Терінің жылылықты не суықтықты қабылдайтын рецепторы қозғанда тітіркеніс нерв орталығына беріліп, одан әрі вегетативтік нервтер немесе ішкі секреция бездері арқылы зат алмасу процесінің қарқынын өзгертеді. Сонымен қатар мұндай кезде еттердің әрекеті, тамырлар арнасы, тер бөлу процесі, тынысты реттейтін орта-лық қызметі өзгереді.

Жылуды гуморальды реттеу қан температурасының қан тамырларындағы немесе гипоталамустағы терморецепторларға әсері нәтижесіңде атқарылады.

Жылуды реттеу процесіне үлкен ми жарты шарларының (маңдай бөлігінің) жасушалары да қатысады. Ми қыртысын сылып тастаса, жылуды реттеу процесі нашарлайды. Сыртқы орта температурасының ауытқуларына шартты рефлекстер оңай қалыптасады.

.54. Фитонцидтар туралы түсінік

Фитонцидтер -микроорганизімдерді құртуға ықпал ететін қорғаныш химиялық заттар. Олар химиялық құрамы жағынан әр түрлі, олардың ішінде потогендік микроорганизімдерге қашықтан әсер ететін ұшпа фракциясы және ұласа әсер ететін ұшпайтын ткань шырындары бар. Ұшпа фитопциттерге эфир майлары жатады, олардың бойында кейде күкірт қосындылары (мәселен, желкекте, шомырда) бар эфир майлары немесе ерекшелігі жоқ заттар – альдегиттер, төменгі ұшпа қышқылдар жатады. Көптеген ұшпа фитонцидтер химиялық жағынан әлі зерттелген жок. Ұшпайтын заттар анағұрлым сан алуан, оларды классификациялау қиынға соғады.

Фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктер атам заманнан бері халықтық медицинада кең қолданылып келді. Қазір де көптеген ауруларды: грипп, жоғарғы тыныс жолдарының қатарын, тіс еттері мен тіс ауруларын, терінің іріңді ауруларын емдеуге, профилактика жасауға (ол фитонцидтерапия деп аталады) табысты қолданылып жүр, оның үстіне олар ішек қарынның қозғалыс, секрециялық қызыметін күшейтеді, ішектегі шірумен іру процестерін жойып, ішекті жақсартуға себепші болады. Фитонцидтердің емдік күші бірқатар жүрек, нерв жүйесінің ауруларын емдеген кезде айқын білінеді. Мәселен, сарымсақ пен пияздың фитонцидтік дәрі – дәрмектері гипертония ауруы мен атеросклерозды емдеуге қолданылады.

Өсімдіктердің фитонцидтік қасиеттерді көкөністерді консервілеуге және азық – түлікті сақтауға, сондай –ақ тұқымдарды ауру жұқпайтындай етуге , өсімдіктер ауруына зиянкестеріне қарсы күреске қолданылады. Ұшпа фитонцидтерді мал тұратын қоралардың ауасын тазарту үшін, дезинфекциялау дәруі ретінде ветеринарияда да и қолдануға болады. Фитонцидтердің емдік ролінің де маңызы аз емес, олар бақтағы ауаны жақсартады, оны биологиялық белсенді оттегімен толықтырады, өйткені, егер оттегі аз ионизацияланса, онда оттегі қажетінше болғанның өзінде оттегінің тапшылығы сезіледі. Фитонцидтердің ықпалымен ауаның бактерицидтігі де артады.

Фитонцидтер - бактерияларды, паразиттерді, ұсақ саңырауқұлақтарды өлтіруге қабілетті өсімдіктер (басымырақ жоғарғы сатыдағылары) бөліп шығаратын биологиялық белсенді заттар.

Антибиотиктерді тек микроорганизмдер ғана емес өсімдіктер де бөліп шығара алады. Өсімдіктер антибиотиктерін бірінші болып совет оқымыстысы Б. П. Т о к и н 1928 жылы ашқан болатын. Бұл заттарды ол фитонцидтер деп атады. Фитонцидтер көптеген өсімдіктерде бар екені анықталды. Олар микроорганизмдердің, әсіресе вегетативтік клеткаларына күшті әсер етеді. Сарымсақ, жуа, шомыр, қыша, мойыл, терек, емен жапырақтарында қарағай, шырша және май қарағай кылқандарында фитонцидтік қасиет күшті. Қарағайлы және самырсынды ормандар микрооргаыизмдерге кедей болатыны да мінесондықтан.Фитонцидтік қасиет басқа заттарда да, мәселен эфир майларында, альдегидтерде, алкалоидтарда және фенолда байқалады. Фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктер өскен топырақтар да микроорганизмдерге кедейлеу келеді.