Фитоем тәсілдері. Ән және өнер арқылы емдеу

Фитолечение - это лечение больного при помощи лекарственных трав, при котором прием внутрь настоев различных трав и растений оказывает положительное действие на работу организма в целом, способствует очищению крови и внутренних органов от шлаков и токсинов, повышаются его защитные функции. При этом фитолечение травами не оказывает побочного влияния на организм, как это нередко случается при терапии химическими препаратами.

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.[1]

Музыкалық емнің шипасы.Адам тәні биоөрісі тепе – теңдігі өзгеріске ұшырағанда, оның денсаулығының күйін ыңғайсыз жағдайларға душар ететіні ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Мұндай жағайлар адамның көңіл - күйінің бір қалыптылығына кері әсер етіп, ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Адамның ой-жүйесінің психологиялық теңдігінің өзгерісі артады. Адамның көңіл-күйінің өзгеріске ұшырауы-нан оның тәндік биоқуатының тұрақтылығы ауытқып, дененің кейбір мүшелерінде сырқат белгісі сезіле бастайды. Осы жағдайдан адамды шығаруда әсерлі емдік шипалық құпиясы бар ерекше музыка, ән – күй және дыбыстар бүгінде әлемдік халық шипагерлігі саласында ғана емес, осы заманғы медицина жүйесінде де арнайы ғылыми анықтамаларға негізделіп пайдаланылуда. Музыка, ән – күй мен дыбыстың да шипалы, шипасыз және кері әсерлісі де барын аныталған. Адамның жан - дүниесі тәтті бір ұйыған, тыныштықта болу үшін жайлы, нәзік музыканы тыңдау пайдалылығы анықталуда.

Халық шипагерлігінде сырқатты түріне қарай анықтаған соң оны емдеп жазуда музыка мен ән-күйдің де көмегін пайдалану тәсілдері де ертеден қалыптасқаны белгілі. Ата – бабаларымыз ертеден–ақ музыка өнерінің тозған, шаршаған жүйке талшықтарына қозғау салып, жан бітіретін күшке ие екендігін білген. Бұл әдісті одан ары дамыту жолдары да бүгінде көптеген елдер мен қазақ елінде де ғалым дәрігерлер мен шипагерлер тарбынан қолданысқа еніп, оң нәтижесін беруде. Кез-келген адамның көңіл-күйін бір қалыпты ұстауына дыбыстық үн әсері зор болып қалмастан, оның психологиялық жақтан ауытқуға ұшырай бастаған жүйке – жұлындарының бір қалыпқа келуіне, тербелістік үндік толқындардың тигізер емдік шипасы да осы заманғы медицинада да пайдалануда.

Адамның психологиясы мен биоқуатының бір қалыптылығы барлық уақытта бір деңгейде бола бермейді. Қаншалықты өнерден хабарсыз, оны онша ынталы түрде жаны сүйіп тыңдай қоймайтын адамның өзіне де ең алдымен ұлттық музыка, кұй, ән бір әсер ететіні анық байқалуда. Музыкатерапевт – емші Рушель Блаво осы музыканың көмегімен сырқаттарды емдеудегі алғашқы кітаптың авторы. Ол өзінің көп жылғы тәжірибесіне сүйеніп, музыканың емдік пайдасы туралы былай дейді: «Музыкамен емдеу жолы жылдар бойы адамның өмірін қинаған, жүйке - жүйелерін тоздырған және өте қауіпті асқынған сырқаттарын емдеуде зор көмегін тигізеді» - деп жүйелейді [95, 35 б.].Музыкалық емдік шипаның жүйкенің ауытқуына, гормондық тепе - теңдіктің бұзылуына, шаршап әлсіреуге емдік әсері жоғары екені дәрігерлік - емшілік саласында да нәтижелі болуда.

Музыка мен ән – күй құрамында химиялық уы болмайтын, адамның тәнін уламайтын, жанына рахат сезімін тудыратын, психологиялық әсері күшті таза мөлдір дәрі деуге болатынын, мен өзімнің жиырма жылға жуық шипагерлік қызметімде тәжірибеден өткізіп, оң әсерін анықтай алдым. Мұндай анықтамаларды шипагерге емде-лушілердің өздері бере отырып, шипагердің пікір мен ұсыныс журналдарына қалдырған ықыласты пікірлерінен байқауға болады. Көптеген сырқат адамдар өздерінің сырқаттарынан музыка мен ән – күйдің әсерінен кейін оңала бастағанын және көңіл – күйлерінің жақсара бастағанын сезген. Ресейлік дәрігер-хилер А. Затеев музыканың емдік сипаты жөнінде: «Музыка бізді қоршаған адамдармен өзара қатынасымызға және байланысымызға жақсы әсер етеді. Тыңдаған музыканың бәрі жағымды бола алмайды. Әр музыканың өз тыңдаушысы болады. Сондықтан да музыканың түрі денсаулыққа емдік пайдасымен ерекшеленеді »,- деген ұғымын білдіреді [96, 48 б. ].

Бірақ, әр адамның өзіндік жеке психологиясына, сырқатына, әлеуметтік жағдайына және қоғамдық ортасы орнына қарай әр түрлі музыканың әсері де өзгеше болатыны анықталуда. Мәселен: біреулердің жүйкесін күй, ән немесе эстрада әндері қозғаса, ал симфония мен баяу әндер көңілді жайландырады немесе, керісінше, әсер ететінін науқастардың өздері байқаған. Жан – дүниені тербейтін өте әсерлі тербелістік ұнамды музыка ғарыштық жүйемен үндесе отырып, адамның және жануарлар мен тірі организмдердің де жүйелі дамуына молдығы барын халықта және ғалымдарда ертеден бақылап біліп отырған.