курс қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы студенттеріне «Тағам гигиенасы» пәнінен тест сұрақтары

 

~ СЭС қызметкерлері супермаркетке жоспарлы түрде тексеру жүргізіп, бірнеше кемшіліктерді анықтады.

Анықталған кемшіліктер қандай құжатта көрсетілуі тиіс?

|Хаттамада+

|Актіде

|Қаулыда

|Хабарламада

|Қорытындыда

~ Химфарм зауытында жедел тағамдық уланудың соңы өліммен аяқталды. Тексеру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды.

Тексеру комиссиясын кім басқаруы қажет?

|Мемлекеттік санэпид. қадағалау басқармасының бастығы+

|Аудан әкімі

|Зауыттың басшысы

|Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

|Денсаулық сақтау басқармасының кәсіптік патологияны зерттеу маманы

~ Қаладағы асханада тағамдық улану жағдайы тіркелді. Дәрігерлер «стафилакоккты тағамдық интоксикация» диагнозын қойды.

Осы диагнозды қоюға негіз болған белгіні атаңыз.

|Күмәнді азық-түлікті бактериологиялық зерттеу барысында стафилококка қарсы антиденелер титрінің өсуі (гемагглютинация реакциясы)+

|Өзіне тән клиникалық белгілер: кенеттен басталуы, жедел гастроэнтерит белгілері, дене қызуының сәл көтерілуі

|Санитарлық-эпидемиологиялық тексеру мәліметі

|Науқастың шығарындыларын бактериологиялық тексеру нәтижесі: несеп, үлкен дәреті, құсық, қан

|Бактериологиялық тексеру барысында азық-түліктің стафилококктармен залалданғаны және анықталған өсінділердің гемолитикалық қасиетке ие энтеротоксиндер түзу мүмкіндігі

~ Бала бақшада балмұздақты жегеннен соң тағамдық стафилококкты интоксикация орын алды (жеген баланың барлығы ауырған).

Балмұздақтың стафилококкпен залалдануы мүмкін болған жағдайды атаңыз.

|Қолының терісінде немесе денесінің ашық жерлерінде іріңді жарасы бар қызметкер+

|Балмұздақты дайындау барысында технологиялық тәртіптің бұзылуы

|Балмұздақты сату мерзімінің бұзылуы

|Балмұздақты тасымалдау ережесінің бұзылуы

|Басқа азық-түліктермен бірге балмұздақты сақтау (мысалы, ет, балық)

~ Тағамдық уланудың белгілері жұқпалы ауруларға ұқсас болып келеді.

Осы белгілердің біреуін атаңыз.

|Аурудың ағымы қысқа+

|Жұқпалылық

|Иммунитеттің пайда болуы

|«Эпидемиологиялық құйрықтың» болуы

|Тек тағаммен байланысты

~ СЭС-тің тағам гигиенасы бөлімінің қызметкерлері супермаркеттің ет бөлімін тексеру барысында еттің балғындылығы күмәнді екенін анықтады.

Еттің балғындылығы күмәнді екенін қандай белгілеріне қарай анықтауға болады?

|Сыртқы беті қабыршақтанған, құрғақ+

|Қанық қызыл түсті

|Серпімді: саусақпен басқан кезде ойық тез қалпына келеді

|Ет майы қолға жабысады

|Шіріген иіс шығады

~ Тағамдық азық-түліктер сараптамаға сәйкес ... болады.

|стандартты (стандартты емес)+

|калориясы төмен (калориясы жоғары)

|майлылығы жоғары (майлылығы төмен)

|тез бұзылатын (ұзақ уақыт сақталатын)

|сақталу мерзімі өткен

~ МСЭҚБ бастығы тағам гигиенасы бөлімінің дәрігеріне тағамдық азық-түлікке гигиеналық сараптама жүргізуге тапсырма берді.

Тағамдық азық-түлікке гигиеналық сараптама қандай мақсатта жүргізіледі?

|Тағамдық құндылығы мен адам денсаулығына қауіпсіздігін анықтау үшін+

|Тағамға пайдалану мүмкіндігін айқындайтын сақталу мерзімін анықтау үшін

|Азық-түліктің бүлінген белгілерін анықтау мақсатында

|Органолептикалық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында

|Азық-түліктің фальсификациялануын анықтау үшін

~ С дәруменінің жедел жетіспеушілігінен ... ауруы туындайды.

|қырқұлақ+

|бери-бери

|квашиоркор

|дистрофия

|мешел

~ ... В тобы дәрумендерінің негізгі көзі болып табылады.

|Нан+

|Жұмыртқа

|Ет

|Сүт

|Жасыл бұршақ

~ ... адамға сүт арқылы берілуі мүмкін.

|Сарып+

|Лептоспироз

|Тырысқақ

|Аусыл

|Ботулизм

~ Консервіні қолдануға жарамсыз ететін негізгі органолептикалық белгі ... болып табылады.

|қалбырының көтерілуі+

|консервінің стандартқа сәйкес емес болуы

|консервіде терең тот басқан іздің болуы

|штамптың болмауы

|сақталу мерзімінің өтіп кетуі

~ ... ұзақ уақыт тойым сезімін тудырады.

|Ет+

|Балық

|Жеміс-жидек

|Картоп

|Ірімшік

~ Ауру малдың еті арқылы адамға ... берілуі мүмкін.

|финноз+

|сальмонеллез

|аскаридоз

|энтеребиоз

|описторхоз

~ Ішек таяқшасынан уланғандар тағамнан уланудың ... тобына жатады.

|токсикоинфекция+

|токсикоздар

|микстер

|микотоксикоздар

|микотоксикоинфекция

~ Ботулизм қоздырғышы ... тіршілік етеді.

|топырақта+

|суда

|ауру малдың ішегінде

|балық ішегінде

|ауада

~ Асхана жұмысшыларының жеке бас гигиенасы ережесін сақтамуынан ... дамиды.

|шартты патогенді микрофлорадан туындайтын тағамдық токсикоинфекция+

|ботулизм

|сіреспе

|стафилококкты интоксикация

|қантышқақ

~ Адамның тәуліктік энергия шығыны ... тұрады.

|еңбек әрекеті, тағамның арнайы динамикалық әсері және негізгі зат алмасуға жұмсалған энергиядан+

|ой және дене еңбегін орындауға кететін энергия шығынынан

|спортқа, дене шынықтыруға жұмсалған энергиядан

|эндокриндік бездер мен негізгі зат алмасуға жұмсалған энергиядан

|тек қана дене еңбегін атқаруға жұмсалатын энергияның шығынынан

~ Бұл дәрумен жануарлар өнімінде көп кездеседі, ағзада продәруменнен синтезделеді; «түнгі» және «ымырттағы» көруді реттейді; теріні және шырышты қабаттарды қорғайды; сперматозоидтардың түзілуін реттейді; антиоксидант.

Бұл қай дәрумен?

|А+

~ Адамдарда тағамдық заттарға және энергияға деген қажеттілік ... байланысты.

|атқаратын еңбектің ауырлығына, жасына, жынысына және климаттық жағдайларға +

|тағамдардың дәмдік сапасымен мөлшеріне

|тағамдағы асқорыту ферменттерінің деңгейіне

|дәрумендердің мөлшеріне

|зиянды өндірістік факторлардың әсер ету деңгейіне

~ Суда еритін дәруменге ... жатады.

|С- аскорбин қышқылы+

|Д -кальциферол

|А -ретинол

|К -филлохинон

|Е -токоферол

~ А – дәруменінің жетіспеушілігінен ... .

|көру мүшесінің қызметі нашарлайды+

|сары ауру дамиды

|аңқаның шырышты қабаты қызарады

|диспепсия дамиды

|остеопороз байқалады

~ Д дәруменінің тәуліктік қажеттілігі ... құрайды.

|15мг-ды +

|200мкг-ды

|1000мкг-ды

|100мЕ-ды

|30мкг-ды

~ Ботулизм ауруын ... жиі тудырады.

|консерві өнімдері +

|улы саңырауқұлақтар

|құрамында консерванттары көп азық-түліктер

|сүт өнімдері

|дәнді - дақылдар

~ Егер тәулігіне 4 рет тамақтанса, ... болуы керек.

|таңертеңгі ас 25%, түскі ас 35%, бесіндік ас 15%, кешкі ас 25%+

|таңертеңгі ас 25%, түскі ас 50%, бесіндік ас 10%, кешкі ас 15%

|таңертеңгі ас 15%, түскі ас 40%, бесіндік ас 10%, кешкі ас 35%

| таңертеңгі ас 20%, түскі ас 30%, бесіндік ас 20%, кешкі ас 30%

| таңертеңгі ас 25%, түскі ас 55%, бесіндік ас 10%, кешкі ас 10%

~ Бұл дәрумен қанның ұюы үшін аса қажет, жүректің жұмысын жақсартады; орталық жүйке жүйесін «белгілі бір тәртіпте» ұстап тұруға көмектеседі; жетіспеген жағдайда балалардың сүйек тіндері бұзылып, ересектерде остеомаляция дамиды; әсіресе таза ауаға көп шықпайтындар үшін қажет.

Бұл қай дәрумен?

|Д+

~ В1 дәрумені ... мол.

|сыра ашытқысы, қара нан, сәбіз, алмада+

|балық майы, сары май, жұмыртқаның сары уызында

|орамжапырақ, сәбіз, картоп, шошқаның бауырында

|картоп, күріш, сұлыда

|сары май, сүт, жидекте

~ Бұл дәруменді «жастық және сұлулық дәрумені» деп те атайды, өте күшті антиоксидант; иммундық жүйені зақымданудан қорғайды; жүректің ишемиялық ауруы мен атеросклероз дамуының алдын алады; қалқанша бездің дұрыс жұмысістеуі үшін қажет; әсіресе қартайғысы келмейтіндер үшін аса пайдалы.

Бұл қай дәрумен?

|Е+

|РР

~ Ересектер үшін йодтың тәуліктік қажеттілігі ... құрайды.

|0,15мг-ды+

|0,015мг-ды

|1мг-ды

|10мг-ды

|0,5мг-ды

~ Балықты органолептикалық зерттеу барысында және сапасын бағалауда ... көңіл аударған жөн.

|желбезегіне, көзіне, сыртқы қабатына+

|дәміне және исіне

|ішкі мүшелеріне және етіне

|иісіне және түріне

|көзіне және түріне

~ Студент қыздар үшін тамақтың құрамындағы майдың тәуліктік мөлшері ... құрайды.

|90гр-ды+

|50гр-ды

|200гр-ды

|150гр-ды

|10гр-ды

~ Жеке кәсіпкер жаңа нан зауытына сараптама жүргізу үшін санитарлық дәрігерге құжаттар ұсынды.

Сараптама жүргізу үшін төмендегі құжаттардың қайсысы қажет?

|Типтік жоба+

|Мемлекеттік әкімшіліктің нысанды жобалауға берген тапсырмасы

|Жобаның құны

|Денсаулық сақтау министрлігінің қорытындысы

|Облыстағы ауылшаруашылығы қызметінің қорытындысы

~ ... ағзада пластикалық материал болып табылады.

|Ақуыз+

|Дәрумен

|Микроэлемент

|Макроэлемент

|Ферменттер

~ Реттелетін энергия шығыны ... анықталады.

|физикалық жұмыстың көлемі және сипатымен+

|ағзаның негізгі зат алмасу деңгейімен

|тағамның динамикалық байланысымен

|адамның жасы және жынысымен

|тәулік уақытымен

~ Ақуыздың тағамдық құндылығы ... анықталады.

|алмастыруға болмайтын аминқышқылдарының мөлшерімен+

|олардың қорытылу жылдамдығымен

|май мен көмірсудың трансформациялану мүмкіндігімен

|алмастыруға болатын аминқышқылдарының мөлшерімен

|глобулиндердің мөлшерімен

~ Тәуліктік энергия шығынының ... ақуыз есебінен толтырылады.

|12%+

|5%

|7%

|18%

|20%

~ Көмірсудың негізгі биологиялық маңызы:

|ағза үшін негізгі энергия көзі болып табылады+

|ағзаның негізгі құрылымдық элементі болып табылады

|пластикалық қызмет атқарады

|ағзадағы дәрумендер алмасуының көзі болып табылады

|ағзаның билиарлы жүйесінің негізгі реттеушісі болып табылады

~ Д дәруменінің биологиялық маңызы:

|фосфор – кальций алмасуын реттейді+

|ағзаның арнайы қорғаныштылығын жоғарылатады

|коллаген талшықтарының синтезіне қатысады

|биофлавоноид құрамына кіреді

|ағзада өсу үдерісін реттейді

~ А – дәруменінің жетіспеушілігінен ... .

|ымыртта көздің көру қызметі нашарлайды+

|сары ауру дамиды

|аңқаның шырышты қабатының қызаруы байқалады

|диспепсия байқалады

|остеопороз дамиды

~ Сапасы төмен сүт және сүт өнімдерін қолданудан ... жиі дамиды.

|стафилококкты интоксикация+

|сальмонеллез

|ботулизм

|колибактериалды токсикоинфекциялар

|шартты патогенді микрофлорамен улану

~ Ауру малдың еті арқылы адамға ... жұқпалы ауруы беріледі.

|сарып+

|маңқа

|іш сүзегі

|описторхоз

|тырысқақ

~ Тағам өнімдерін қалбырлаудың негізгі маңызы ... болып табылады.

|сақталу мерзімін ұзарту+

|дәмдік сапасын жақсарту

|азық түліктің тағамдық құндылығын жоғарылату

|шартты жарамды азық түліктерді қолдану

|ластанудан жоғары дәрежеде қорғау

~ ... жеңіл сіңірілетін азық – түлікке жатады.

|Сүт+

|Нан

|Ет

|Алма

|Фасоль

~ Балық еті ... глист инвазиясының көзі болуы мүмкін.

|описторхоз+

|финноз

|аскаридоз

|энтеробиоз

|сальмонеллез

~ Тағамдық токсикоздың дамуы ... негізделген.

|ағзаға көп мөлшерде тағаммен қоса экзотоксиннің түсуіне+

|ағзаға көп мөлшерде тірі микроағзалардың тағаммен бірге түсуіне

|ағзада токсикалық заттардың ыдырауына

|тағаммен бірге түскен тірі микроағзалардың ағзада көбеюіне

|бауырда токсикалық заттардың жиналуына

~ Ботулизм қоздырғышы ... төзімсіз.

|қайнатуға+

|маринадқа сірке суын қосуға

|мұздатуға

|тұздауға

|ашытуға

~ Тағамдық уланудың алдын алу үшін жүргізілетін жалпы санитарлық гигиеналық шараға ... жатады.

|тағамды дайындаудағы технологиялық тізбекті сақтау+

|тағамды сақтау барысында микроағзаны жою

|асхана жұмысшыларына кезеңді медициналық тексеру жүргізу

|асханада зарарсыздандыру тәртібін сақтау

|асхана бөлмелерінде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу

~ Тағамдық уланудағы негізгі клиникалық белгіге ... жатады.

|гастроэнтерит+

|іштің қатуы

|метеоризм

|жүйкенің бұзылуы

|бастың ауруы

~ … әйелдердің жыныстық гормондарының синтезі үшін қажет (ерте кезде әйелдер осындай әшекейлі заттар таққан); тироксин синтезіне қатысады; артроз және артриттердің, омыртқа қисаюының алдын алады; қан аздықта, шаш түскенде, созылмалы шаршау мен депрессияда қажет.

Төмендегілердің қайсысы осындай қасиетке ие?

|Мыс+

|Селен

|Алюминий

|Темір

|Йод

~ Ағзада тағам қамтамасыз ететін қызметке ... жатады.

|пластикалық және энергетикалық қызмет+

|тіршілік әрекетіне қажетті дәрумендерді синтездеу

|ағзаны ксенобиотиктермен қамтамасыз ету

|аурулардың алдын алу

|адамдардың рухани дамуын қамтамасыз ету

~ ... сүт арқылы берілетін ауру.

|Сарып+

|Газды гангрена

|Тырысқақ

|Ботулизм

|Стафилококкты интоксикация

~ Майда еритін дәруменге ... жатады.

|кальциферол (Д)+

|аскорбин қышқылы (С)

|пиридоксин (В6)

|никотин қышқылы (РР)

|тиамин (В1)

~ Жобаның басқы жоспарын қарастырғанда гигиеналық тұрғыда нені бағалау қажет?

|учаскенің пішіні мен ұзындығын+

|елді мекендегі емдеу мекемелерінің орналасқан жерін

|учаскедегі жер бедері мен оның айналасын

|топырақтың сипаты мен учаскенің гидрологиялық жағдайын

|жағымсыз әсер ететін өндірістік нысандардың орналасқан жерін

~ А дәруменінің ағзада жеткіліксіздігінен ... туындайды.

|гемералопатия+

|мешел

|остеопороз

|бауыр циррозы

|қырқұлақ

~ Терінің бозаруы және құрғауы, қабыршақтануы, сынуы гемералопатия ... дәруменінің жетіспеушілігіне тән.

|А+

|РР

|В2

~ Тәулігіне 3 рет тамақтанған жағдайда, ... болуы керек.

|таңертеңгі ас 30%, түскі ас 45%, кешкі ас 25%+

| таңертеңгі ас 25%, түскі ас 50%, кешкі ас 25%

| таңертеңгі ас 20%, түскі ас 60%, кешкі ас 20%

| таңертеңгі ас 30%, түскі ас 65%, кешкі ас 5%

| таңертеңгі ас 30%, түскі ас 55%, кешкі ас 15%

~ А дәрумені мол тағамға ... жатады.

|сиырдың, шошқаның бауыры, сары май, жұмыртқаның сары уызы+

|алма, шие, ет, балықтың майы

|сары май, сүт

|орамжапырақ, сәбіз, қызылша

|картоп, күріште

~ Ауруханадан шыққан науқасқа дәрігер қант пен тәттіні шектейтін диета тағайындады. Натрий хлоридін, холестерин мен экстрактивті заттарды шектеуді, липотропты заттарды, дәрумендерді, тағамдық талшықтарды молайтуды ұсынды. Қайнатылған, қызуға піскен тағамдарды көбірек пайдаланып, қуырған, бұқтырылған тағамдарды шектеу қажеттігін айтты. Көмірсуларды бірқалыпты пайдаланып, күніне 5-6 рет тамақтану тәртібін ұсынды.

Мұндай диетаны қандай ауруда тағайындайды?

|қант диабетінде+

|жедел нефритте

|асқазан жарасында

|қантқа аллергиясы болған кезде

|созылмалы гастритте

~ Ересектер үшін Са-дің тәуліктік қажеттілігі ... құрайды.

|800-1200мг-ды+

|1500-2000мг-ды

|100-200мг-ды

|550-600мг-ды

|400-450мг-ды

~ Студент ер балалар үшін тамақтың құрамындағы ақуыздың тәуліктік мөлшері... құрайды.

|113гр-ды+

|200гр-ды

|500гр-ды

|150гр-ды

|50гр-ды

~ Студент қыздар үшін тамақтың құрамындағы көмірсудың тәуліктік мөлшері ... құрайды.

|383гр-ды+

|250гр-ды

|400гр-ды

|50гр-ды

|100гр-ды

~ Негізгі зат алмасуда биологиялық катализатордың ролін ... атқарады.

|тағамдық фермент+

|көмірсу

|ақуыз

|май

|микроэлемент

~ Тағамның сапалық құндылығы дегеніміз- ... .

|тағамның құрамында барлық қажетті қоректік заттардың болуы+

|тағамның жасын, жынысына байланысты ағзаның энергетикалық қажеттілігін қанағаттандыруы

|тағамдық заттардың тағам, құрамында белгілі бір қатынаста болуы

|тағамның ұлттық ерекшелігіне сай тағаммен қамтамасыз етілуі

|тағамды қабылдаудың адамның биологиялық ырғағына байланыстылығы

~ ... алмастыруға болмайтын аминқышқылдарына жатады.

|Триптофан+

|Аргинин

|Валин

|Лейцин

|Изолейцин

~ Майдың негізгі биологиялық ролі ... .

|ағза үшін энергия көзі болып табылады+

|майда еритін дәрумендер синтезіне қатысады

|ферменттік алмасуға қатысады

|ағзаның маңызды құрылымдық элементі болып табылады

|пластикалық қызмет атқарады

~ ... жартылай қанықпаған май қышқылының бай көзі болып табылады.

|Өсімдік майы+

|Борсық майы

|Қойдың майы

|Шошқаның майы

|Сары май

~ Тәуліктік энергия шығынының ... көмірсу құрайды.

|55%-н+

|10%-н

|15%-н

|25%-н

|70%-н

~ А дәруменінің биологиялық маңызы:

|көру ұлпасының түзілуін реттейді+

|ағзаның арнайы тұрақтылығын жоғарылатады

|ағзадан холестериннің шығарылуына қатысады

|асқорыту үдерісін реттейді

|биофлавоноид құрамына кіреді

~ Д дәруменінің жетіспеушілігінен ... .

|мешел дамиды+

|кешке қарай көздің көру қызметі төмендейді

|остеопороз дамиды

|бауыр циррозы дамиды

|қырқұлақ ауруы дамиды

~ Тұрып қалған еттің органолептикалық белгілеріне ... жатады.

|сыртқы көрінісінің қаязуы+

|еттің серпімділігінің жоғарылауы

|түсінің ашық қызыл болуы

|бұлшық ет талшықтарының іріленуі

|ет майының қатты болуы

~ ... тағамда ақуыз жетіспеушілігі нәтижесінде туындайды.

|Квашиоркор+

|Мешел

|Бери-бери

|Микроцитарлық анемия

|Сіреспе

~ Қоғамдық тамақтану орындарында тағамдық токсикоинфекцияны ... тудырады.

|флот макароны+

|торт

|винегрет салаты

|қолдан жасалған салқын сусындар

|тауық аяғынан дайындалған тағам

~ Ботулизмнің дамуын ... қамтамасыз етеді.

|анаэробты орта+

|мал сою технологиясының бұзылуынан етте ботулизм клостридиясының көбеюі

|оттегінің жеткілікті мөлшерде болуы

|азық-түлікте сапрофиттердің көбеюі

|консервіленген тағамдардың сақталу мерзімін және жағдайын қадағаламалау

~ Тағамдық улануға күдік туғанда ең алдымен ... қажет.

|санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жедел хабарлама жіберу+

|дәрігерді шақыру

|антибиотиктер салу

|улануға күдік тудырған тағамның қалдығын алу

|науқастың асқазанын шаю

~ Дұрыс тамақтанбау нәтижесінде ... туындайды.

|квашиоркор+

|фузариоз

|эрготизм

|пеллагра

|биссиниоз

~ Ой еңбегі үшін ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың қатынасы ... құрайды.

|1:0,8:3+

|1:1,1:8

|1:2:6

|0,5:1,4:5

|0,5:1,5:4

~ Майлардың физиологиялық роліне ... жатады.

|ағзаны А, Д, Е, К дәрумендерімен қамтамасыз ету+

|эндогенді суды синтездеу

|осмостық қысымды реттеу

|ағзаны дезинтоксикациялау

|ішектің перистальтикасын жақсарту

~ Алиментарлық аурулар дегеніміз- ... байланысты туындайтын аурулар.

|дұрыс тамақтанбауға+

|судың сапасына

|ауаның сапасына

|ағзаға ішек құрттары жұмыртқаларының түсуіне

|аурухана ішілік инфекцияларға

~ Инфаркт миокардымен ауырған науқасқа кешенді еммен қоса атеросклерозға қарсы диета тағайындалды.

Төмендегілердің қайсысы осы жағдайға сәйкес келеді?

|пектин+

|клетчатка

|крахмал

|көмірсулар

|майлар

~ Брок индексінің формуласы:

|дене салмағы: бойы – 100+

|дене салмағы – бойының ұзындығы

|дене салмағы + бойының ұзындығы

|энергия шығыны - 100

|бойы+дене салмағы:100

~ К дәрумені ... мол.

|орамжапырақ, сәбіз, картоп, шошқаның бауырында+

|сиырдың, шошқаның бауыры, сары май, жұмыртқаның сары уызында

|сары май, сүт, жидекте

|картоп пен күріште

|алма, шие, ет, балықтың майында

~ Ауданның санитарлық дәрігерлері бала бақшадағы балалардың тамақтануын зерттеді. Ас мәзірі келесі тағамдарды құрады: тұздықты көже (рассольник), сүтке пісірілген қарақұмық ботқасы, флот макароны, балғын қияр мен қызанақтан дайындалған салат, кисель, сұлы наны.

Төмендегі тағамдардың қайсысы гигиеналық талаптарға сай емес?

|флот макароны+

|сүтке пісірілген қарақұмық ботқасы

|тұздықты көже

|кисель

| сұлы наны

~ Ересектер үшін Мg-дің тәуліктік қажеттілігі ... құрайды.

|400мг-ды+

|800мг-ды

|750мг-ды

|550мг-ды

|1200мг-ды

~ Сүттің құрамында ... ақуызы көп кездеседі.

|казеин+

|глобулин

|тирозил

|серин

|валин

~ Студент қыздар үшін тамақтың құрамындағы ақуыздың тәуліктік мөлшері ... құрайды.

|90гр-ды+

|50гр-ды

|25гр-ды

|150гр-ды

|100гр-ды

~ Студент ер балалар үшін тамақтың құрамындағы майдың тәуліктік мөлшері ... құрайды.

|106гр-ды+

|100гр-ды

|50гр-ды

|150гр-ды

|200гр-ды

~ Тағам гигиенасы кафедрасының қызметрерлері балалар үйініндігі азық-түліктерді талдау барысында ас мәзірі айран, сары май, ет, саңырауқұлақ, балықтан тұратынын анықтады.

Қай тағамды кафедра қызметкерлері ас мәзірінен алып тастауды ұсынды?

|саңырауқұлақты+

|айранды

|балықты

|етті

|сары майды

~ №11 диета ... ауруында тағайындалады.

|туберкулез+

|қант диабеті

|токсикоинфекция

|гепатит

|жүрек қан - тамыр

~ Тағамдық улануды ... зерттейді.

|санитарлық дәрігер+

|учаскелік дәрігер

|диетолог дәрігер

|дәрігер

|жедел жәрдем дәрігері

~ Тамақтану нормасы бірінші кезекте ... байланысты.

|зат алмасу үдерістерінің қарқындылығына+

|тұрмыстық жағдайға

|тамақтану жағдайына

|ауа - райына

|ұлтына

~ Зат алмасу деңгейі ... өте жоғары.

|балаларда+

|ересек адамдарда

| барлық адамдарда

|ер адамдарда

|әйел адамдарда

~ ... ақуыздың биологиялық құнды көзі болып табылады.

|Ет, балық+

|Картоп, орамжапырақ

|Жеміс-жидек

|Пияз, сарымсақ

|Сәбіз, шалқан

~ Майдың тағамдық құндылығы ... анықталады.

| жартылай қанықпаған май қышқылының болуымен+

| қаныққан май қышқылының болуымен

| фосфатиттің болуымен

| стеариннің болуымен

| ароматтық заттардың болуымен

~ Майдың энергетикалық құндылығы ... құрайды.

|9,3 ккал+

|4,1 ккал

|5,6 ккал

|7,4 ккал

|15,1 ккал

~ ... дәрумені суда еритіндер дәрумендер тобына жатады.

|С+

|F

~ ... мезгілінде С – гиподәруменділігінің белгілері жиі және айқын байқалады.

|Көктем- жаз+

|Жаз

|Қыс-көктем

|Жаз-күз

|Қыс-күз

~ ... кальцийге бай.

|Сүт өнімдері+

|Жеміс жидек

|Ет, балық

|Ұн және нан өнімдері

|Дәнді, бұршақты өнімдер

~ ... тағамдық қасиеті жағынан жоғары ұн болып саналады.

|Ірі кебекті ұн+

|Жоғары сортты ұн

|Құймаққа арналған ұн

|Бірінші сортты ұн

|Екінші сортты ұн

~ ... еті – трихинеллез ауруының көзі.

|Шошқаның+

|Ұсақ малдың

|Жылқының

|Жабайы жануардың

|Ірі қара малдың

~ Тағамнан улану дегеніміз- ... ауру.

|микроағзалардың белгілі бір түрімен ластанған тағамды қолдану нәтижесінде пайда болатын жедел+

|сапасы төмен тағамды қабылдауға байланысты туындайтын

|тағаммен бірге гельминт жұмыртқасының түсуінен туындайтын

|көп мөлшерде тағам қабылданғанда асқазан ішек трактісі қызметінің бұзылуынан туындайтын

|сапасы төмен алкогольді сусындарды қолданғанда туындайтын

~ Асхана жұмысшыларының қолдарындағы іріңді тері аурулары ... дамуына себепкер.

|стафилококкты интоксикацияның+

|ботулизмнің

|сальмонеллездің

|тағамдық токсикоинфекциясының

|алиментарлы дистрофияның

~ Ет тағамдарын ... көзі ретінде қарастыруға болады.

|калийдің+

|мыстың

|кальцийдің

|фтордың

|магнийдің

~ Негізгі тағамдық заттарға ... жатады.

|ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттар+

|ақуыздар, майлар, көмірсулар, тағамдық қоспалар

|ақуыздар, майлар, көмірсулар, ферменттер, органикалық қышқылдар

|амин қышқылдары, нитрозаминдер

|эссенциалды амин қышқылдары, көмірсулар, ксенобиотиктер

~ Ауыр дене еңбегі кезінде ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың ара қатынасы ... болғаны жөн.

|1:1,5:5+

|1:1,3:4,95

|1:0,2:6

|0,5:1,5:4

|1:1,4:3,5

~ Минералды заттардың жетіспеушілігінен ағзада ... дамиды.

|кальциноз+

|мешел

|флюороз

|бери-бери

|қырқұлақ

~ Гипердәруменділік дегеніміз- ... .

|ағзаға дәрумендердің артық түсуінен болатын жағдай+

|ағзаға дәрумендердің жеткіліксіз түсуінен болатын жағдай

|ағзада дәрумендердің болмауы

|су-тұз алмасуының бұзылуы

|дәрумендер сіңірілуінің бұзылуы

~ А дәруменінің тәуліктік қажеттілігі ... құрайды.

|1000 мкг+

|80мг

|19мг

|2 мг

|100 мЕ

~ Итмұрын тұнбасы ... дәруменінің көзі ретінде қолданылады.

|С+

|В6

|В1

~ Ақуыз, май, көмірсудың ара қатынасы ... болғаны жөн.

|1:1:4+

|1:2:5

|0,5:3,3:1

|1:0,8:5

|1:2:4

~ Суда еритін дәрумендер қатарына ... жатпайды.

| Е+

| С

| В1

| В6

| РР

~ Д дәрумені ... мол.

| балық майы, сары май, жұмыртқаның сары уызында+

| сары май, сүт, жидекте

| орамжапырақ, сәбіз, картоп, шошқаның бауырында

| картоп пен күріште

| алма, шие, ет, балықтың майында

~ Рибофлавин ... дәрумені болып табылады.

|В2+

|В1

~ Темір жетіспеушілігі ... әкеліп соғады.

|қан аздыққа+

|асқазан-ішек трактысының ауруына

|семіздікке

|қан қысымының жоғарылауына

|аллергиялық реакцияға

~ Сүт арқылы ... беріледі.

|сарып+

|тұмау

|ішек құрттары

|тырысқақ

|ботулизм

~ Студент ер балалар үшін тамақтың құрамындағы көмірсудың тәуліктік мөлшері ... құрайды.

|451 гр+

|500 гр

|100 гр

|80 гр

|1000 гр

~ Қазіргі кезде ... диеталық стол белгіленген.

|15+

|12

|6

|11

|4

~ Жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларында № ... диета тағайындалады.

|10+

|9

|11

|15

|1

~ Гигиена - ... ғылым.

|профилактикалық бағыттағы+

|емдеу жолдарын айқындайтын

|өсімдіктер дүниесінің ағзаға әсерін зерттейтін

|аурушаңдықты зерттейтін

|жұқпалы аурулардың таралу деңгейін зерттейтін

~ Гигиенаның зерттеу нысандарына ... жатады.

|қоршаған орта және адам денсаулығы+

|өсімдік және жануар дүниесі

|ресурстары

|қоршаған ортадағы ғимараттар

|табиғаттағы құбылыстар

~ Санитарлық бақылаудың ... түрлері белгілі.

|алдын ала, ағымдағы+

|айлық, жылдық

|маусымдық, жылдық

|ағымдағы, маусымдық

|маусымдық, күнделікті

~ Тағам гигиенасы ... зерттейді.

|тағамдық заттардың ағзаға әсерін+

|табиғи және әлеуметтік факторлардың ағзаға әсерін

|баланың физикалық дамуын

|өндіріс ортасы факторларының ағзаға әсерін

|тұрмыс жағдайын

~ «Гигиена» термині ежелгі гректің «...» деген сөзінен шыққан.

|денсаулықты алып келетін+

|аурудың алдын алатын

|тазалық

|қоршаған орта

|қадағалау

~ Гигиена- ... ғылым.

|қоршаған орта факторларының адам денсаулығына, еңбек етуіне, өмір сүру ұзақтығына әсерін зерттейтін +

|қоршаған ортаның ластануын зерттейтін

|микроағзалардың дамуын зерттейтін

|аурудың даму тарихын зертейтін

|қоршаған орта тазалығын қадағалайтын

~ Гигиенаның негізгі міндетіне ... жатады.

|табиғи және антропогендік факторларды зерттеу+

|аурулардың даму тарихын зерттеу

|жұқпалы ауруларды зерттеу

|қоршаған ортаның тазалығын қадағалау

|тұрмыс жағдайын зерттеу

~ Химиялық факторлар үшін ... белгіленеді.

|шектеулі рұқсат етілген концентрация+

|шектеулі рұқсат етілген деңгей

|мемлекеттік стандарт

|санитарлық норма мен ереже

|құрылыстық норма мен ереже

~ Микроб текті тағамдық улануға ... жатады.

|тағамдық токсикоинфекция+

|саңырауқұлақтармен улану

|уровтық улану

|гафф ауруы

|химиялық заттармен улану

~ Тағамдық токсикоинфекцияға ... жатады.

|спора түзетін бактериялардан улану+

|ботулизм

|стафилококты интоксикация

|эрготизм

|фузариоздар

~ Тағамдық интоксикацияға ... жатады.

|ботулизм+

|эрготизм

|фузариоздар

|гафф ауруы

|уровтық улану

~ Микотоксикоздарға ... жатады.

|эрготизм+

|ботулизм

|стафилококты интоксикация

|гафф ауруы

|уровтық улану

~ Микроб тексіз тағамдық улануға ... жатады.

|улы саңырауқұлақтармен улану+

|афлотоксикоздар

|ботулизм

|эрготизм

|фузариоздар

~ Ботулизм қоздырғышының негізгі қасиетіне …болуы жатады.

|қышқылға төзімділігі

|жоғарғы температураға төзімді

|төменгі температураға төзімді

|қоршаған ортаға төзімді+

|ауа райының өзгерісіне сезімтал

~ Ботулизмнің алғашқы клиникалық белгісіне ... жатады.

|офтальмоплегия+

|дене қызуының жоғарылауы

|дене қызуының төмендеуі

|іштің өтуі

|асқазан-ішек трактысындағы ауырсыну

~ Азық-түліктердегі тағамдық токсикоинфекция қоздырғыштары ... болып табылады.

|эндотоксин+

|токсикалық

|энтеротоксин

|гемотоксин

| гетеротоксин

~ Тағамдық токсикоинфекцияның алдын-алу шараларына ... жатады.

|тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқыштарда сақтау+

| тез бұзылатын өнімдерді ас үйде сақтау

|тұрғындардың санитарлық мәдениетін арттыру

|бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлар тарату

|тағамдық өнімдерді қалбырлау

~ Ботулизмнің алдын-алу шараларына ... жатады.

|тағамды қалбырлауда залалсыздандыру тәртібін қатаң сақтау+

|тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқыштарда сақтау

|тез бұзылатын өнімдерді ас үйде сақтау

|тұрғындардың санитарлық мәдениетін арттыру

|БАҚ арқылы хабарлар тарату

~ Микотоксикоздардың алдын-алу шараларына ... жатады.

|бидайдың ылғалдануы мен көгеруіне жол бермеу+

|ұнның ылғалдануы мен көгеруіне жол бермеу

|тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқыштарда сақтау

|тез бұзылатын өнімдерді ас үйде сақтау

|тағамдық өнімдерді қалбырлау

~ Тағамдық улануды тіркеген дәрігер міндетті түрде ... хабарлама жіберуі керек.

|санитарлық-эпидемиологиялық станцияға+

|жұқпалы аурулар ауруханасына

|ба дәрігерге

|учаскелік дәрігерге

|емханаға

~ Ағымдағы санитарлық қадағалауда жүргізілетін іс-шараларға ... жатады.

|азық-түліктерді санитарлық сараптау+

| азық-түліктерге санитарлық норма мен ережелерді белгілеу

|тағам өндіретін нысандарды салу барысын қадағалау

|азық-түліктерге стандарттар белгілеу

|қоғамдық тамақтану мекемелері салынатын жер телімдеріне сараптама жүргізу

~ Ағымдағы санитарлық қадағалауда жүргізілетін іс-шараларға ... жатады.

|қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық норма мен ережелердің сақталуын қадағалау+

|азық-түліктерге санитарлық норма мен ережелерді белгілеу

|тағам өндіретін нысандарды салу барысын қадағалау

|азық-түліктерге стандарттар белгілеу

|қоғамдық тамақтану мекемелері салынатын жер телімдеріне сараптама жүргізу

~ Алдын-ала (сақтық) санитарлық қадағалауда жүргізілетін іс-шараларға ... жатады.

|санитарлық норма мен ережелерді белгілеу+

|балаларға арналған мекемелерде санитарлық норма мен ереженің сақталуын қадағалау

|емдеу-профилактикалық мекемелерде тазалық жағдайын қадағалау

|азық-түліктерге сараптама жүргізу

|тағамдық улануды сараптау

~ Ақуызға деген қажеттіліктің ... %-ы жануарлар өнімінен алынған ақуыз болуы тиіс.

|50-60+

|10-20

|30-40

|70-80

|80-100

~ Тағамдағы кальций мен магнийдің тиімді арақатынасы … болғаны жөн.

|1:0,5+

|1:1

|0,5:1

| 0,5:0,5

|1:3

~ Ассимиляция дегеніміз- ... .

|ағзаға қажетті қоректік заттардың синтезделуі+

|заттардың ыдырауы

|минералды заттардың жинақталуы

|ағзаның сусыздануы

|қоршаған ортаға бейімделу

~ Диссимиляция дегеніміз- ... .

|заттардың ыдырауы+

|ағзаға қажетті қоректік заттардың синтезделуі

|минералды заттардың жинақталуы

|ағзаның сусыздануы

|қоршаған ортаға бейімделу

~ Энергияның өлшем бірлігі ... болып табылады.

|калория немесе джоуль+

|кг

|%

|м/сек

~ Негізгі зат алмасу дегеніміз- ... .

|ішкі мүшелер мен жүйелердің жұмысына жұмсалатын энергия+

|ағзаның тотығу үдерісінің күшеюіне байланысты энергияны жоғалтуы

|ағзадағы зат алмасу үдерісінің қарқынды жүруі

|ағзадан энергияның шығарылуы

|ағзаға қажетті энергия мөлшері

~ Адамның энергия шығынын ... әдіс арқылы анықтайды.

|калориметрлік+

|гигиеналық

|эпидемиологиялық

|бактериологиялық

|калорографиялық

~ Тағамдық заттарға ... жатады.

|ақуыздар, майлар, көмірсулар+

|ферменттер, көмірсулар

|альбуминдер, фосфолипидтер

|нуклеин қышқылдары, майлар

|қаныққан және қанықпаған май қышқылдары

~ Барлық ақуыздарды ... топқа бөледі.

|2+

|3

|4

|5

|6

~ Жай ақуыздарға ... жатады.

|альбумин+

|нуклеопротеид

|липид

|стеарин

|фруктоза

~ Күрделі ақуыздарға ... жатады.

|нуклеопротеид+

|альбумин

|липид

|стеарин

|фруктоза

~ Амин қышқылдары ... болып бөлінеді.

| алмастырылатын және алмастырылмайтын+

| майда және суда еритін

| жәй және күрделі

| теңдестірілетін және теңдестірілмейтін

| ұсақ және ірі

~ Қаныққан май қышқылдары ... көп кездеседі.

|жануар майында+

|өсімдік майында

|маргаринде

|тәтті тағамдарда

|нанда

~ Қанықпаған май қышқылдары ... көп кездеседі.

|өсімдік майында+

|жануар майында

|маргаринде

| тәтті тағамдарда

| нанда

~ Холестериннің ағзада көп жинақталуынан ... дамиды.

|атеросклероз+

|сары ауру

|қант диабеті

|маразм

|тіс жегісі

~ Жай көмірсуларға ... жатады.

|глюкоза, фруктоза+

|крахмал, клетчатка

|сахароза, мальтоза

|гликоген, пектинді заттар

|лактоза, галактоза

~ Күрделі көмірсуларға ... жатады.

| крахмал, гликоген+

| глюкоза, фруктоза

|мальтоза, галактоза

|пектинді және пептинді заттар

|глюкоза, клетчатка

~ Темір ... .

|қанның құрамында болады+

|сүйектің пайда болуына септігін тигізеді

|май алмасу үдерісіне қатысады

|мешел ауруының дамуына әсерін тигізеді

|қышқылдық тепе-теңдіктің сақталуына әсер етеді

~ Асқазан ауруында ... диета тағайындалады.

|№1+

|№2

|№3

|№4

|№5

~ Гепатитте ... диета тағайындалады.

|№5+

|№6

|№7

|№1

|№3

~ Бүйрек ауруларында ... диета тағайындалады.

|№7+

|№1

|№3

|№4

|№5

~ Семіздікке қарсы ... диета тағайындалады.

|№8+

|№7

|№10

|№15

|№2

~ Тағамды гигиеналық сараптаудың негізгі мақсаты оның ... анықтау.

|адам денсаулығына қауіпсіз емес екендігін+

|құрамындағы негізгі қоректік заттардың мөлшерін

|тағамның органолептикалық қасиетін

|тағамның сату мерзімін

|тағамның сақтау мерзімін

~ Тағамға гигиеналық сараптама жүргізген кезде ... анықталады.

|тағамның химиялық құрамы мен оның ауытқулары+

|тағамның температурасы мен ылғалдылығы

|тағамның сорты

|көкөністердің мөлшері

|тағамның пішіні

~ Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тағамға гигиеналық сараптаманы ... жүргізбейді.

|тағам партиясының құжаты жоқ болғанда+

|қойма меңгерушісі болмаған жағдайда

|тағам салынған ыдыс бүлінген жағдайда

|тағамның органолептикалық қасиеті өзгергенде

|бактериалды ластануға күдік туғанда

~ Тағамның түсін, дәмін, иісін ... әдіс арқылы анықтайды.

|органолептикалық+

|биологиялық

|физикалық

|микробиологиялық

|химиялық

~ Тағамға гигиеналық сараптама жүргізудің бірінші сатысына ... жатады.

|тағам партиясының құжаттарымен танысу+

|тағамның сыртқы көрінісін қарау

|қораптарды ашып көру

|органолептикалық зерттеу жүргізу

|сараптама туралы акт жазу

~ Бактериологиялық әдіс арқылы ... анықталады.

|тағамдағы патогенді микроағзалардың мөлшері+

|тағамның консистенциясы

|тағамның құндылығы

|ақуыз, көмірсу, майлардың мөлшері

|жеуге жарамды немесе жарамсыз екендігі

~ Тағамның консистенциясы ... зерттеу арқылы анықталады.

|органолептикалық+

|зертханалық

|бактериологиялық

|биологиялық

|физикалық-химиялық

~ Гигиеналық сараптама ... анықтауға жүргізілмейді.

|спиртті өнімдердің күштілігін (градусін)+

|тағамның дәмін, түсін

|тағамның түрін

|тағамның құрамындағы биоқоспаларды

|тағамның құрамындағы бояғыш заттарды

~ Жоспардан тыс гигиеналық сараптама ... жүргізіледі.

|сот және тергеу орындарының талабымен+

|санэпидқадағалау мекемесінің жоспарына сай

|тағамның сортын анықтау үшін

|көкөністердің бұзылу дәрежесін анықтау үшін

|нанның пішіні бұзылған жағдайда

~ Жоспарлы санитарлық гигиеналық сараптама ... жүргізіледі.

|тағамдардың сапасын қадағалау мақсатында+

|сот және тергеу орындарының тапсырмасымен

|тағаммен уланған жағдайда

|тағамның сортын анықтауда

|көкөністердің бұзылу дәрежесін анықтауда

~ Қан қысымы жоғары адамдарға құрамында ... көп диета ұсынылады.

|магнийі+

|натрийі

|фосфоры

|калийі

|хлоры

~ Жүрек жұмысының жетіспеушілігінде құрамында ... көп диета ұсынылады.

| калийі+

| магнийі

| натрийі

| фосфоры

| хлоры

~ ... қанның түзілуіне қатысатын биомикроэлемент болып табылады.

|Мыс+

|Стронций

|Кальций

|Калий

|Натрий

~ Энергетикалық баланс дегеніміз- ... .

|тағам арқылы түскен энергия мен ағзадан шыққан энергиясының арасындағы қатынас+

|ағзаға қажетті энергия мөлшері

|бір тәулікте ағзадан бөлінетін энергия мөлшері

|майдың ыдырауы нәтижесінде пайда болатын энергия

|күн сәулесінің энергиясы

~ Тамақтанудың физиологиялық нормасында еңбекке қабілетті ересек адамдарды жас санаттарына байланысты ... топқа бөледі.

| 3+

| 2

| 4

| 5

| 6

~ Ересек адамдардың тамақтануында жалпы ақуыздардың ... жануарлар ақуызының үлесіне тиеді.

| 55%+

| 20%

| 35%

| 10%

| 70%

~ Бір жылдағы ұйымдастырылған тамақтанудың нақты мөлшерін зерттеу үшін ... ас-мәзірі алынады.

| 72-80+

| 24-30

| 50-60

| 100-120

| 200-300

~ Адам ағзасындағы коллаген синтезінің бұзылуы ... дәруменінің жетіспеушілігінен туындайды.

| С+

| А

| Е

| Д

| К

~ Жасуша мембраналарындағы қанықпаған май қышқылының тотығуы ... дәруменінің жеткіліксіздігінен күшейе түседі.

| Е+

| С

| А

| Д

| Ғ

~ Ағзаға кальций мен фосфор алмасуының бұзылуы ... дәрумені жетіспегенде байқалады.

| Д+

| С

| Е

| А

| В

~ «...» дәрумені көмірсулар алмасуына қатысады.

| В1+

| С

| А

| Е

| Д

~ Е дәрумені ... қатысады.

| оксиданттарға қарсы қорғанысқа

| сүйек тіндерін қалыптастыруға

| гемопоэзге

| зат алмасуға

| жүйке жүйесін реттеуге

~ ... дәруменінің жеткіліксіздігінен остеопороз дамиды.

| Д+

| В1

| С

| А

| Е

~ Е дәрумені ... мол.

| өсімдік майында+

| сүт өнімдерінде

| жемістерде

| ет өнімдерінде

| балықтарда

~ Тағамдағы С және Р дәрумендерінің көздеріне ... жатады.

| өсімдік өнімдері+

| жануар өнімдері

| жемістер

| ет өнімдері

| балық.

~ ... дәрумені сүйек тіндерін қалыптастыруға қатысады.

| Д+

| В

| С

| А

| Е

~ ... дәрумені кулинарлық өңдеуде жылуға төзімсіз.

| С+

| В2

| А

| Д

| К

~ Ауруханада диеталық тамақтың ұйымдастырылуына ... жауапты.

| диетолог-дәрігер+

| диеталық тамақтану бойынша медбике

| медициналық бөлім бойынша бас дәрігердің орынбасары

| бас дәрігер

| емдеуші дәрігер

~ Науқастарға дайын тағамды берер алдында сынаманы ... алады.

| кезекші дәрігер+

| емдеуші дәрігер

| диеталық тамақтану бойынша медбике

| диетолог –дәрігер

| бекеттегі медбике

~ Өндірістік мекемелерде диеталық тамақтануға мұқтаж адамдарды ... анықтайды.

| цех терапевті+

| дәрігер -диетолог

| мекеме әкімшілігі

| асхана әкімшілігі

| бригадир

~ Ұйымдастырылған тамақтануды зерттеудің негізгі әдісіне ... әдіс жатады.

| статистикалық+

| зертханалық

| гигиеналық

| физиологиялық

| санитарлық

~ Ұйымдастырылған тамақтануды зерттеу үшін дайын тағамдарды зертханада зерттеу кем дегенде ... жүргізіледі.

| айына бір рет+

| айына екі рет

| апта сайын

| маусымда бір рет

| жылына бір рет

~ Тағамның шығымы дегеніміз- ... .

| бір кісілік тамақтың мөлшері+

| азық-түлікті брутто-граммен жіктегенде көрсетілген сома

| азық-түлікті нетто-граммен жіктегенде көрсетілген сома

| 1 кг азық-түліктен дайындалған тағамның мөлшері

| 1 ауысымда дайындалған тағамның мөлшері

~ Ағзада энергетикалық қызметті негізінен ... атқарады.

| көмірсулар+

| дәрумендер

| ақуыздар

| макроэлементтер

| микроэлементтер

~ Екінші тағамдағы минералды заттардың мөлшері ... құрауы тиіс.

| 1%+

| 2,5%

| 10%

| 5%

| 50%

~ Өндірістік кәсіпорындарының асханаларында тағамға С-дәруменін ... қосады.

| қыс-көктем маусымында+

| жыл бойы

| күн сайын

| айына бір рет

| аптасына бір рет

~ С-дәруменінің тағамға қосылуын зертханалық зерттеу кем дегенде ... 1 рет жүргізіледі.

| 3 айда+

| айына

| аптасына

| жарты жылда

| жылына

~ Тағамның (рационның) құрғақ қалдығының құрамына ... кіреді.

| ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар+

| ақуыз, май, көмірсу

| ақуыз, май

| ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар, дәрумендер

| тағамның қатты қалдығы

~ Өндірістік кәсіпорындарында диеталық тамақтануды ... белгілейді.

| медициналық санитарлық бөлімнің дәрігері+

| дәрігер-диетолог

| мекеме директоры

| кәсіподақ комитеті

| бригадир

~ Емдік-профилактикалық тағам ретінде ұйытылған сүт өнімдері ... беріледі.

| антибиотик өндірісіндегілерге+

| фенол өндірісіндегілерге

| кессондық жағдайда жұмыс атқарушыларға

| радионуклидтермен жанасушыларға

| жанар-жағар май стансасы жұмысшыларына